Қазақстан Республикасы кеден органдарының
қалыптасу шежіресі
Республиканың кеден жүйесінің қалыптасуы нақты тарихи: бір жағынан – Одақ мемлекеттерінің ыдырауы, экономикалық дағдарыс, екінші жағынан – егемендік алу және тәуелсіз мемлекеттің пайда болу жағдайларында жүзеге асырылды.
1991 жылы біздің мемлекет заманауи кеден қызметін құруға кірісті. «Қазақстан Республикасының Кеден комитетін құру туралы» 1991 жылғы 12 желтоқсандағы №539 Жарлық Президенттің алғашқы жарлықтарының бірі болды.
Осы уақытқа дейін республикада КСРО Министрлері Кеңесі (Мәскеу қаласы)жанындағы Мемлекеттік кедендік бақылаудың бас басқармасына тікелей бағынған Қазақ республикалық кедені, Қорғас кедені, Гурьев кедені болды.
1991 жылғы республика кеден органдарының санын неғұрлым 150 адам ғана құрады. Егемен мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы құрылғаннан беріұзындығы 13 мың км-ді құрайтын «тұнық шекара» аталатын бұрынғы КСРО мемлекеттерімен, одан басқа бір жарым мың километрді құрайтын Қытаймен шекарада кедендік бақылау қажеттілігі тұрды. Қазақстан Республикасы кедендік шекарасының барлық периметрі бойыншакедендік және шекаралық нысандылықты орындау үшін бір де бір жайластырылған кедендік өткел болған жоқ. Сынама және жеке қателік жолымен «жорықта» кеден ісін басынан бастап меңгеруге мәжбүр болған әр саланың мамандары кеден қызметіне келіп жатты.
Ел экономикасы қиын жағдайда тұрды, қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық қатынастардың өзгерістеріменқатар елдің мемлекеттік басқару жүйесіндегікеден қызметінің орны мен рөлін айқындауға тура келді.
Егемендік алған сәттен бастап кеден қызметінің дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады.
1991 жылдан 1995 жылға дейінгі бастапқы кезең де кеден қызметінің проблемаларын елеулі шиеленістірген қажетті заңнамалық базаның, дайындалған кадр құрамының, қаржыландырудың болмауы жағдайында жүзеге асырылды. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы (1995 жылғы маусым) қабылданғанға дейін республиканың кеден ісі көп жағдайда бір-біріне қарама-қарсы болатын 200-ден астам әртүрлі құжаттармен реттелді. Оның ішінде, кеден органдарында кадр және тәрбиелеу жұмыстарының көптеген мәселелері реттелмеді.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден қызметі туралы» ҚР Министрлер кабинетінің 1992 жылғы 19 ақпандағы №127 қаулысы Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметін регламенттейтін алғашқы нормвтивтік актілердің бірі болып табылды. Кеден қызметі бірінші басшысының мәртебесі айқындалған, лауазымдық жалақылар мен дербес атақтары үшін үстемақы мөлшері бекітілген. Сондай-ақ, аталған қаулымен Қазақстан Республикасының Кеден кодексі қабылданғанға дейін Бас кедендік басқарма кедендік табыстардың 10 пайызға дейінгі көлемін материалдықкөтермелеулер мен әлеуметтік-мәдени іс-шаралар құруға қолдана алатынын белгілеген.
Кеден органдары қалыптасуының бастапқы кезеңінде басшылық қызметтік қамтамасыз ету мәселесімен қоса, кадрларды тәрбиелеуге аса көңіл бөлді. Осындай алғашқы құралдардың бірі ҚР Қаржы министрі Е.Ж. Дербісов 1993 жылғы 26 шілдедегі бекіткен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кедендік бақылау қызметкерлерінің тәртібі туралы жарғы» болып табылады. Егемен еліміздің басқа мемлекеттік органдары арасында бұл Жарғы алғашқылар қатарында танылды. Бұл, ел басшылығының кеден органына, оның жеке құрамына ынталы көңіл бөлгендігімен түсіндірілді.
Кеден қызметінің одан әрі даму кезеңі«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 маусымдағы№2368 Заң күші бар жарлығының қабылдануы болып табылды. Оның негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысымен Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды тұлғаларының қызмет өткеруі туралы ереже және Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды тұлғалары Антының мәтіні бекітілді. Аталған Ережені қабылдаумен қызмет өткеру, дербес атақтарды беру тәртібі, кандидаттарға қойылатын қатаңшарттар белгіленді, қызметтік тәртіпті сақтауға талаптаркөтерілуі регламенттенді.
1995 – 1998 жыл кезеңінде кеден органдарында кадрлармен жұмыстың болашақтағы саясатын айқындайтын кадрлық-тәрбиелеу жұмыстарының басты бағыттары бойынша бірқатар нормативтік актілер қабылданды. Ең алдымен, негіз ретінде құқық қорғау органдарында қолданылатын кадр жұмысының жүйесі қабылданды, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың оң тәжірибесі алынды.
Сыбайлас жемқорлық көріністерді заңды түрде шектеуге, кеден органдары лауазымды тұлғаларының арасында қызметтік тәртіпті күшейтуге мүмкіндік берген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Заңы Кеден органдарының одан әрі сапалы дамуына әсер етті.
Кәсіби және тиімді кеден қызметінің жүйесі мен бірыңғай кадр саясатын қалыптастырған өзекті қажеттіліктерге жауап беретін жаңа көзқарастарды айқындаған1999 жылғы қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Кеден үшін елеулі рөл атқарған келесі кезеңі болды.
2000 – 2002 жыл кезеңі кеден органдарын реформалаумен ерекшеленді, ол «Қазақстан Республикасының кеден қызметін реформалау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қарашадағы № 1746 қаулысымен бекітілді. Осы бағдарламаның басты мақсаттарының қатарында кеден органдары қызметінің материалды-техникалық базасын нығайту, заңнамалық және құқықтық базасын жетілдіруден басқа, аталған бағдарламаның басты мақсаттарының бірі кадр саясатын одан әрі жетілдіру, құрылымы мен штат санын оңтайландыру болды. Реформалау нәтижесінде кеден органдары басшылық құрамының лауазымдарына орналасудың конкурстық жүйесінің механизмі әзірленді және енгізілді. Кеден органының қолданыстағы құрылымына талдау жүргізілді, қайталау функциялары алып тасталды, басқару деңгейлері арасындағы өкілдіктерді бөлу жүзеге асырылды.
Кеден қызметінің қазіргі заманғы даму кезеңі «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыруға бағытталған. Кеден органдарының кәсіби өзегін қалыптастыруға және сақтауға, кәсіби даярлығы мен біліктілігін одан әрі көтеруге, кадрларды сапалы іріктеуге және орналастыруға, кеден органдары жүйесінде қызметтік тәтіпті және сыбайлас жемқорлық қөріністерге қарсы күресті нығайтуға бағытталған кадр мәселелері жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Лауазымды тұлғаларға талаптар жыл сайын артуда. Кадрларды сапалы жинақтау бойынша жүзеге асырылған шаралардың нәтижесінде кадр құрамының білім деңгейі артты. Бүгінде, жоғарғы білімді қызметкерлер саны 90%-ға жуықты құрайды.
Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлерді үнемі оқыту және біліктілігін арттыру туралы қойған талаптарын орындау барысындаРеспубликамыздың Үкіметі Астана және Атырау қалаларында Оқу-әдістемелік орталықтарын құрды. Оқу семинарлары мен біліктілікті арттыру курстары шеңберінде лауазымды тұлғаларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін қажетті әдістемелік және оқу базалары ұйымдастырылды.
Астана қаласындағы Оқу-әдістемелік орталығына Дүниежүзілік кеден ұйымының өңірлік орталығы мәртебесі берілді.
Оқу-әдістемелік орталықтарының барлық жұмыс істеу уақытында олардың базаларында кеден органдарының бес мыңнан астам лауазымды тұлғалары біліктілігін арттыру және алғашқы даярлау курстарынан өтті.
Алғашқы нәтижесі 2011 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикалары арасында кедендік бақылауды алып тастау болған Республикамыздың кеден одағына кіруі Кеден қызметін дамытудың жаңа белесі болды.Осыған байланысты, 2011 жылғы шілдеде кеден шекарасы қазақстан-ресейучаскесінде кеден одағының сыртқы периметріне көшірілген 580 штат бірлігін босатудықұраған 32 кеден бекеті таратылды.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін оңтайлы жағдайлар жасалды, кеден одағы шекарасының сыртқы периметріне өткізу мүмкіндіктері артты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту мақсатында, барынша бейімсыбайлас жемқорлық көріністерге негізгі сегменттері белгіленген Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлықты төмендету жөніндегі2010-2011 жылдарға арналғаніс-шаралар жоспарын іске асыру барысында ҚР ҚМ КБК-нің 2010 жылғы 24 қыркүйекте № 301 бұйрығы бекітілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысымен бекітілген 2011 – 2015 жылдарға Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша салалық Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Комитет төрағасының 2011 жылғы № 407 бұйрығымен жоғарыда аталған Жоспар мен Бағдарламаны орындау жөніндегі Комитеттің іс-шаралар жоспары бекітілді. Қызметтік-әскери тәртіп күшейтілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, қылмыстар үшін тәртіптік тәжірибе жөніндегі жеке құрам бойынша барлық бұйрықтар кеден органының жедел отырысында қаралады және лауазымды тұлғаның қол қоюымен әр қашық бекеттерге жеткізіледі.
Кеден органдарының басшылығы қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде. Мысалы, Қазақстан Республикасының Үкіметі кеден органдары құрылуының 20 жылдығы күніне лауазымды тұлғалардың жалақысын көтерді, қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері жоспарлы негізде шешілуде.
Бүгін, Кедендік бақылау комитетінің төрағасы кеден органдарының лауазымды тұлғаларына ең басты – өздерінің қызметтік міндіеттерін мінсіз және жоғарғы кәсіби деңгейде орындау, азаматтардың құқығын қадағалау, мемлекеттің беделді өкілі болу міндетінқойды.
Егемен еліміздің өткен жиырма жылына қарасақ, тарихи жағынаносындай қысқа мерзімдеҚазақстанның кеден органдары өзінің қалыптасуында дамыған, озатты елдердің деңгейімен қатар үлкен қадам жасады. Нағыз қазақстандық кеден қазіргі заманғы техникалық құралдарменжабдықталған, ең жаңа кеден технологиясын игерген кеденді білдіреді.
Кеденшілер ел басымыз Н.Ә. Назарбаевтың тарапынан қолдау мен түсіністікті жыл сайын сезініп,өзінің жауапкершілігімен және сенімділігімен біздің республикамыздың экономикалық қауіпсіздігін қорғауға дайын.
Достарыңызбен бөлісу: |