Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы



Дата25.02.2016
өлшемі40.76 Kb.
#23707



Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына сәйкес экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ETEMIH:

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып құрылсын.

  2. Мыналар:

  1. Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы):

сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері - жаңадан құрылған Агенттікке;

экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне;

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері жаңадан құрылған Агенттікке беріле отырып, таратылсын.

3. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат, 2011 ж., № 10-11, 125-құжат; № 52, 710-құжат; 2012 ж., № 43, 569-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі»;

«Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)» деген жолы алып тасталсын.


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі бір ай мерзімде:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасымен бірлесіп жаңадан құрылған Агенттік туралы ереженің жобасын енгізсін;

Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп, таратылатын Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің штат санын қайта бөлу жөнінде ұсыныс енгізсін;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде:

1) осы Жарлықтан туындайтын, оның ішінде:

Агенттіктің – сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі өкілеттіктерін жүзеге асыратын;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің - экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі өкілеттіктерін жүзеге асыратын тиісті құрылымдық бөлімшелеріне құқық қорғау органы мәртебесін беретін заң жобаларын әзірлеп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін.

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 6 тамыз


№ 883



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет