Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы №1127 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi: «Орта мерзімді кезеңге арналған



Дата23.02.2016
өлшемі40.36 Kb.
#4315



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы № 1127 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. «Орта мерзімді кезеңге арналған (2007–2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қантардағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ–ы, 2006 ж., № 42, 471–құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген орта мерзімді кезеңге арналған (2007–2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесінде:

«Жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері» деген 1–бөлім алынып тасталсын;

«Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттарының негізінде жүзеге асырылатын объектілер» деген 2–бөлiмде:

тақырыптағы «2» саны алынып тасталсын;

реттік нөмірлері 2, 3, 4, 5, 6, 14, 15–жолдар алынып тасталсын;

реттік нөмірі 9–жолдың 2–бағанындағы «Қорғас – Сарыөзек» деген сөздер «Қорғас – Жетіген» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 18–жолдың 3–бағанындағы «Алматы қаласының әкімдігі» деген сөздер «ККМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 19, 20–жолдармен толықтырылсын:


«19.

Атырау облысындағы шоғырландырылған мұнай-химия кешенінінің инфрақұрылымдық қамтамасыз ету объектілері

ЭМРМ

20.


Ақтау халықаралық әуежайының жолаушылар терминалы

Маңғыстау облысының әкімдігі».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа  енгiзiледi.


Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі К. Мәсімов



«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 28 қарашадағы

1127 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына



ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА




Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік

органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

2007-2009 жылдарға арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін

«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келтіру



3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік – экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Жобаны қабылдау әлеуметтік – экономикалық салдарларға соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

2007-2009 жылдарға арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесінен төрт автожол учаскесін, Атырау қаласы әуежайының жаңа терминалы құрылысын және Ақтау портын солтүстік және оңтүстік бағыттарда кеңейтуді шығару.

Жоба атауларын өзгерту:

- «Маңғыстау облысы әкімдігінің «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ, оның ішінде көліктік–логистикалық орталық» атауын «Ақтау халықаралық әуежайының жолаушылар терминалы» деп өзгерту

- «Қорғас – Сарыөзек» темір жол учаскесін салу жобасының атауын «Қорғас – Жетіген» деп өзгерту



Жоғарыда аталған тізбеге Атырау облысында шоғырландырылған мұнай–химия кешенінің инфрақұрылымдық қамтамасыз ету объектілерін салу жобасын енгізу

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Концессиялар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне концессия мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоқ


8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ


9.

Өзге мәліметтер

Жоқ



Қазақстан Республикасының

Экономика және бюджеттік

жоспарлау вице-министрі В. Супрун



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет