Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 сәуірдегі №392 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»



бет1/6
Дата21.06.2016
өлшемі0.53 Mb.
#152641
  1   2   3   4   5   6
«Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне

қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 сәуірдегі № 392 Қаулысы

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2008 жылғы 26 сәуірдегі

392 қаулысымен



бекітілген

 

 

«Ұн тартатын-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар

және крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын

талаптар» техникалық регламенті

 

1. Жалпы ережелері

 

1. Осы «Ұн тартатын-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар және крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) ұн тартатын-жарма өнеркәсібі өнімдеріне, крахмалдар және крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне және өмір сүру циклінің процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Техникалық регламенттің талаптары Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша «Ұн тарту-жарма өнеркәсібінің өнімдері; крахмал; инулин; бидай дәнінің маңызы» 11 тобына жататын ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдеріне, крахмалдар мен крахмал өнімдеріне қолданылады.

Техникалық регламент осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген өнімдерге міндетті қауіпсіздік талаптарын белгілейді.

3. Техникалық регламент балалар және емдеу-алдын алу тағамдарына арналған ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдеріне, крахмалдар мен крахмал өнімдеріне, сондай-ақ жем-шөптік өнімдерге қолданылмайды.

4. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдар тарапынан талаптар белгіленетін ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің Қазақстан Республикасының аумағында адам өміріне, денсаулығына, тұтынушылардың мүдделері мен қоршаған ортаны қорғауға әсерінен туындайтын тәуекелдерге мыналар жатады:

1) ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдеріндегі улы элементтердің, микотоксиндердің, пестицидтердің, радионуклидтер мен металлмагнитті қоспалардың болуы;

2) ұн-тарту және жарма өнімдерінің астық қорларының зиянкестермен ластануы мен жұқтыруы;

3) бидай ұны нанының «картоп ауруының» қоздырғыштарымен зақымдануы;

4) ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдеріндегі микробиологиялық көрсеткіштер;

5) ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдеріндегі тағамдық қоспалардың болуы.

5. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін өндіру кезінде мынадай жағдайларда туындайтын барлық ықтимал тәуекелдер ескерілуі тиіс:



1) шикізатты қабылдау және қайта өңдеуге дайындау;

2) жабдықтарды, өндірістік және қойма үй-жайларын дайындау;

3) ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар мен крахмал өнімдерін өндіру (шығару), сақтау, тасымалдау және өткізу процестері (сатылары);

4) кәдеге жарату және жою процестері (сатылары).

6. Осы Техникалық регламентті қолдану мақсатында ұн тарту-жарма, өнеркәсібінің өнімдерін, крахмалдар мен крахмал өнімдерін сәйкестендіру мынадай негізде жүзеге асырылады:



1) өнімді көзбен көріп тексеру;

2) этикеткадағы, тұтыну ыдысындағы, зат белгідегі, салынба парақтағы мәтін түрінде өніммен бірге берілетін ақпарат;

3) зертханалық бақылау мен сынақтардың деректері (қажетті және төрелік жағдайларда).

Осы Техникалық регламентті қолдану мақсаттарындағы сәйкестендіру әдістері қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуге тиіс.

 

 

2. Терминдер мен анықтамалар

 

Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

жылтыратқыш машина - дәннің (тұқымның) бетінен қауыздаудан кейін қалып қойған кебектерді (және ішінара ұрықты) түпкілікті жоюға, сондай-ақ жармаларды белгіленген нысанға (жұмыр, домалақ) және талап етілетін сыртқы пішініне дейін өңдеуге арналған машина;

жем-шөптік астық өнімі - жем-шөптік мақсатқа бағытталатын астық өнімі;

арпа ұны - арпа дәнін тарту нәтижесінде алынатын ұн;

аспирация - өндірістік үй-жайлардан технологиялық жабдықтардың жұмыс істеу процесінде түзілетін шаң мен газдарды жою процесі;

астықтың зиянды қоспалары - адам және жануарлар денсаулығы үшін қауіпті өсімдіктен алынатын қоспа;

бидай ұны - жұмсақ бидайдан немесе құрамындағы қатқыл қоспа 20%-дан аспайтын жұмсақ бидайдан тартылатын нан пісіретін ұн;

құрғақ бидай дәнінің маңызы - нан пісіру өндірісінде жақсартқыш ретінде қолданылатын, астықты қайта өңдеудің ұнтақ түріндегі өнімі;

бункер - сусымалы материалдарды қысқа мерзімді сақтауға және

__

гравитациялық түсіруге арналған ыдыс, оның тік бөлігі 1,5\/F-тен

артпайды, бұл жерде Ғ - бункердің жоспардағы көлденең кесіндісінің алаңы;

білікті станок - дән ұсатуға арналған станок, оның жұмыс органдары беттері бұдыр немесе кедір-бұдыр және түрлі айналма жылдамдықпен бір-біріне қарсы айналатын көлденең орналасқан екі цилиндр білік болып табылады;

дайын өнімді түю - дайын өнімді түю бөлімшесіндегі бункерлерден тұтынушылық ыдысқа буып-түю немесе қаптаусыз беру;

дақылдың жанышталған дәні - дән жаныштағыш білдектен өткізілген дақылдар дәндері;

дән қоспасы - техникалық талаптарға (ГОСТқа, ұйым стандартына) сәйкес негізгі астыққа және арамшөп қоспасына жатпайтын кетілген, үгілген, өніп кеткен, жемірілген немесе бүлінген дән;

дән бастыру машинасы - дәннің қауызын (кебектерін) эндоспермнен айыруды жүзеге асыратын сыртқа тепкіш қозғалыстағы машина;

дәнді дақыл - астық тұқымдастарға жататын өсімдік, олардың дәндері (бидай, қара бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш, тары) адамдарды тамақтандыру үшін және мал азығы үшін кеңінен қолданылады;

дәнді сулап қауызынан айыруға арналған машина - астықты ылғалдау және қауызынан ішінара тазарту үшін қолданылатын машина;

дәнді-бұршақты дақылдар - өндірісте кеңінен баптап-өсірілетін бұршақ тұқымдастарға жататын өсімдік;

жарма - жарма дақылдарын (бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық, күріш) қайта өңдеу өнімдері. Дәннің орталық бөлігінен (өзегінен) гүлшікті үлдірлерін, жеміс және тұқым қабыршықтарын, кейбір жағдайда алейрон қабатын да алып тастау арқылы алынған ірі бөлшектер (мөлшері 1-3 мм) болып табылады;

жарма өнімдері - астықты жармаға қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдер;

жасыл сірне - кристалды глюкоза өндірісінің қалдығы; жуу машинасы - астықтың немесе картоптың бетін сулап тазарту және дәнді тарту алдында ылғалдау үшін қолданылатын жабдық;

жүгері ұны - жүгері дәнін тарту нәтижесінде алынатын ұн;

зиянкестер - астық пен астық өнімдерін сақтау және тасымалдау кезінде зақымдап-бүлдіретін және жоятын қамба зиянкестері, жануарлар;

картоп - алқалылар тұқымдастарына жататын түйнекті өсімдік. Адамның тамақтануы, қайта өңдеу өнеркәсібі үшін шикізат ретінде пайдаланылатын түйнектерді алу мақсатында, сондай-ақ мал азығына өсіріледі;

кебектер - ұн шығару процесінде сұрыпталған астық дәнінің жеміс қабықшалары;

көлем мөлшерлегіш - астықтың белгілі көлемін мөлшерлеуге арналған құрылғы;

крахмал - өсімдік жасушаларында крахмал дәндері түрінде жинақталатын және крахмал құрамды шикізатты қайта өңдеу кезінде бөліп алынатын табиғи көмірсутегі;

крахмалды сірне (глюкозалы шырын) - крахмалды ішінара гидролиздеу кезінде алынған түрлі көмірсутек құрамды тазартылған және қоюлатылған шырын;

крахмал-сірне өнімдері - құрамында крахмал бар шикізаттан крахмал мен крахмал өнімдерін шығару нәтижесінде алынған өнім. Крахмал-сірне өнімдеріне мыналар жатады: крахмал сірнесі, кристалды глюкоза, түрлі көміртегі құрамды шырындар, нативтік және түрлендіріліп-жетілдірілген крахмалдар, декстриндер, крахмал сагосы мен крахмал негізіндегі басқа да өнімдер;

күріш ұны - күріш дәнін тарту нәтижесінде алынатын ұн;

қалдықтар - шикізатты елеуіш, дірілді пневматикалық, магниттік және аспирациялық жабдықтарда тазарту кезінде алынатын, азық-түліктік, жемдік және техникалық мақсаттарда пайдалануға жарамсыз, жойылуға жататын өнімдер (минералдық, металл магниттік, зиянды қоспа мен органикалық шаң);

қалдықтарды бақылау - құрамындағы негізгі дәнге қарай астықты қайта өңдеу қалдықтарын үш санатқа сұрыптау. Бірінші және екінші санаттағы қалдықтарды жем-шөптік мақсатқа пайдаланады, ал үшінші санаттағы қалдықтар жойылуға жатады;

қара бидай ұны - қара бидайды тарту нәтижесінде алынатын нан пісіретін ұн;

қара бидайлы-бидай немесе бидайлы-қара бидай ұны - астық қоспасын мынадай арақатынастарда: қара бидайлы-бидайдан тартылған ұн үшін - қара бидай 60%, бидай 40; бидайлы-қара бидайдан тартылған ұн үшін - бидай 70% және қара бидай 30% (жол берілетін ауытқу +5%, -5%-дан артпайды) - тарту нәтижесінде алынған нан пісіретін ұн;

қауыздағыш машина - гүлшік қабыршақтарын, дәннің тұқымдық және ұрық кебектерін аршуға арналған машина;

қауыздалған дән - гүлшік қабыршақтарынан, тұқымдық және ұрық кебектерінен арылған дән;

қоюлатылған жүгері сіріндісі - құрамында жүгері дәнінің ерігіш заттары бар, сиретіп қоюлатылған жіпсіме су;

магниттік тосқауылдар - металл-магниттік қоспаларды бөліп шығаруға арналған құрылғылар;

сақтау мерзімі - белгіленген сақтау шарттарын бұзбаған жағдайда тамақ өнімі нормативтік құжаттамада немесе сатып алу-сату шартында көрсетілген өзінің барлық қасиеттерін сақтап қалатын кезең. Сақтау мерзімі өткен кезде өнім тұтынуға жарамды болады, алайда оның тұтынушылық қасиеттері (тұтынушылық құны) төмендеуі мүмкін;

сепаратор - астықты ірі, ұсақ және жеңіл қоспалардан тазартуға арналған астық тазартқыш машина;

соққымен әрекет ету машинасы - өнімді соққымен әсер етудің көмегімен ұсатуға арналған жабдық;

сорго ұны - сорго дәнін тарту нәтижесінде алынатын ұн;

сұлы ұны - сұлы дәнін тарту нәтижесінде алынатын ұн;

тазартқыш машина - түйгіш түріндегі жұмыс органы бар, астықтың бетін шаңнан құрғақ тазартуға, дән қабықшаларын, өскін мен ұрықты ішінара ажырату және алдын ала қауыздауға арналған астық тазартқыш машина;

триер - астықтан негізгі дақылдың дәндеріне қарағанда жуандығы мен ұзындығы бойынша ерекшеленетін қоспаларды бөліп шығаратын астық тазартқыш машина;

түйгіш машина - білікті станоктан кейін дән тартудың аралық өнімдерін қосымша ұсатуға арналған сыртқа тепкіш қозғалыстағы машина;

ұн - дәнді тарту кезінде алынатын, бөлшектерінің мөлшері 0,14 мм жұқа ұнтақ өнім;

ұн тарту өнімдері - астықты ұнға қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдер;

ұрық - дәннің (тұқымның) құрамдас бөлігі;

ұсатқыш - қатты материалды ұнтақтылықтың белгілі бір дәрежесіне дейін үгіп-уатуға арналған қондырғы;

қарқынды ылғалдау шнегі - дәнді ылғалдауға арналған транспортер түріндегі жабдық;

үлпек - дәнді қыздырып-кеуектендіру нәтижесінде алынатын астықты қайта өңдеу өнімі;

шаң - ауада тұнған күйде қалқып тұруға қабілетті ұсақ органикалық және органикалық емес қатты бөлшектер;

шикізат пен дайын өнімді сақтау - шикізат пен дайын өнімді олардың сақталуын қамтамасыз ететін жағдайда ұстау;

ысқышты машина - ысқыштар түріндегі жұмыс органы бар, дәннің бетін қауыздар мен шаң-тозаңнан құрғақ тазартуға арналған астық тазартқыш машина;

ірі тартылған ұн - дәннің барлық құрамдас бөліктерін тарту нәтижесінде алынатын ұн;

энтолейтор - астықты залалсыздандыруға арналған машина.

 

 

3. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерінің



нарықта айналысының шарттары

 

7. Нарықта орналастырылған кезде ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдері осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келуге тиіс.

8. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын ұн тартатын жарма өнеркәсібі, крахмалдар мен крахмал-сірне өнімдері, осы Техникалық регламенттің 16-бөлімінде белгіленген тәртіппен, осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін міндетті түрде растауға жатады.

9. Ақпаратты тұтынушыға жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында өнім дайындаушы (сатушы) ілеспе құжатта өнімнің осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерді көрсетеді және оның сәйкестік сертификаты болады.

 

 

4. Шикізат қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



 

10. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін өндіру (шығару) үшін азық-түлікке арналған астық тұқымдастар мен бұршақты дақылдардың дәндері, сондай-ақ қосымша крахмал-сірне өнімдерін өндіруге (шығаруға) тағам және жем-шөп үшін өсірілетін картоп пайдаланылады.

11. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін өндіруге (шығаруға) арналған дәнді және бұршақты дақылдар дәндерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар «Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келуге тиіс.

12. Крахмал-сірне өнімдерін өндіруге (шығаруға) арналған картоп қауіпсіздігіне қойылатын талаптар «Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болуға тиіс.

13. Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға жауап беретін дән қоспасы жем-шөптік мақсатта пайдаланылады.

14. Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға жауап бермейтін дән мен дән қоспасы техникалық мақсаттағы өнімдерді қайта өңдеу үшін пайдаланылады.

15. Техникалық мақсатқа қайта өңдеуге жарамсыз дән, қалдықтар және зиянды қоспа Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен экологиялық қауіпсіздік жөніндегі заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылады.

16. Мынадай шикізатты пайдалануға жол берілмейді:

1) қауіпсіздігі мен сапасын куәландыратын ілеспе құжаттарды (сәйкестік сертификаты, сапа паспорты) жоқ;

2) «Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» және «Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенттерінде келтірілген рұқсат етілген нормалардан тыс мөлшерде ластану тән немесе құрамында органолептикалық көрсеткіштерін нашарлататын заттары бар;

3) бұзылып-бүліну белгілері бар және (немесе) пайдалану мерзімі өткен шикізат (картоп үшін).

 

 

5. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерінің



қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

17. Өткізуге арналған ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдеріндегі, крахмалдар мен крахмал өнімдеріндегі улы элементтердің, микотоксиндердің, пестицидтердің, радионуклидтердің, металл магнитті қоспалар мен микробиологиялық көрсеткіштердің рұқсат етілген шекті деңгейлері осы Техникалық регламенттің 2-қосымшасында белгіленген нормалардан аспауға тиіс.

18. Өндірісте (дайындауда) пайдаланылатын су «Халыққа арналған ауыз су қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің нормалары мен талаптарының қауіпсіздігіне сәйкес болуға тиіс.

19. Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерімен, крахмалдар мен крахмал өнімдерімен жанасатын материалдар мен олардың жиынтықтары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалуы қажет және олардың Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган берген қауіпсіздікті куәландыратын құжаты болуға тиіс.

20. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерінде тағамдық қоспаларды қолдану осы Техникалық регламенттің 3-қосымшасына сәйкес рұқсат етіледі.

Тағамдық қоспалардың құрамы осы Техникалық регламенттің 3-қосымшасында белгіленген нормалардан аспауы тиіс.

 

 

6. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерін



әзірлеуге қойылатын талаптар

 

21. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерінің жаңа түрінің (сұрыбының) жарамдылық мерзімдері санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүргізген зерттеулер нәтижелерімен расталады.

22. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдерінің жаңа түрін (сұрыбын) өндіріске қою Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес, белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік және технологиялық құжаттамасы мен өнім өндіруге гигиеналық қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.



 

 

7. Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар



мен крахмал өнімдерінің қауіпсіздігін бағалауға қойылатын талаптар

 

23. Өнім шығарушы мыналарды:

1) белгіленген сақтау, тасымалдау және өткізу режимдерін сақтай отырып, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасының тұрақтылығын;

2) өндіру процесінің бақылау және қауіпті нүктелерін, дайын өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын бағалауды қамтитын бақылау жүйесін;

3) кәсіпорындардың өз зертханалары, сол сияқты белгіленген тәртіппен қызметтің талап етілетін саласында аккредиттелген басқа да зертханалар жүргізе алатын белгіленген кезеңділікті өндірістік бақылауды қамтамасыз етеді.

24. Бақылау сынақтарының теріс нәтижелері болған кезде үлгілер екі еселей алына отырып, өнімге қайтара сынақтар өткізіледі.



Қайтара сынақтардың нәтижелері өнімнің барлық легіне қолданылады.

Егер қайтара сынақтар теріс нәтиже берсе, онда өнім жарамсыз болып танылады. Дайындаушы өнімнің ластану көздері мен себептерін айқындайды және оларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

25. Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар мен крахмал өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде қауіпсіздік тәуекелдерін бағалауды ХАССП қағидаттары негізінде жүргізу қажет.

26. Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне өнімдері мен олардың өмірлік циклі кезеңдерінің қауіпсіздігі тәуекелдерін бағалау мынадай жолмен жүзеге асырылады:

1) тағам өндіруге арналған өнімнің адам мен мал ағзасына зиянды әсерін тудыруы мүмкін сипаттамаларды анықтау;

2) анықталған ықтимал қатерлердің әрбірінің адам өміріне әсерін талдау;

3) анықталған қатерлерді шектеудің толымды шараларын айқындау.

27. Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің қауіпсіздігі тәуекелдерін бағалау әрбір нақты жағдайда, өнімді зертханалық зерттеу барысында қатерлерді кешенді бағалау ретінде жүзеге асырылады.

28. Өнімді әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (шығарудың), оның айналымының, кәдеге жаратылуы мен жойылуының барлық (сатыларында) қатерлерді бағалау және оны мейлінше төмендету тәсілдері туралы мәліметтер нормативтік-техникалық құжаттамада қамтылуға тиіс.

Тамақ өнімдерінің жаңа түрлерін әзірлеу (жасау) кезінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында көзделген қатерлерге талдау жүргізу міндетті.

29. Қатерлерді еңсеру қатерді бағалау нәтижелеріне, сондай-ақ адам денсаулығына ықтимал зиянды әсердің алдын алу қағидасына негізделуге тиіс.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет