6. Тағамдық қоспаларға қойылатын талаптар
25. Шырын және шырын өнімдерінің өндірісінде осы Техникалық регламентке 2-қосымшада атауы, мөлшері және технологиялық мақсаты келтірілген тағамдық ингредиенттер мен қоспаларды ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Қойылтылған шырындар, қойылтылған морстар мен қойылтылған пюренің мөлшері қалпына келтірілген шырынның немесе сол атаудағы пюренің құрамындағы ең аз еритін құрғақ заттың негізінде есептеледі.
26. Функционалдық шырындар, шірнелер, морстар мен құрамында шырыны бар сусындар өндірісінде, жоғарыда санамаланған тағамдық қоспалардан басқа осы Техникалық регламентке 3-қосымшада атауы мен мөлшері келтірілген физиологиялық функционалдық ингредиенттерді қолдануға рұқсат етіледі.
27. Шырындар, пюре, қойылтылған шырындар, қойылтылған пюре, қойылтылған морстар өндірісінде, сондай-ақ қалпына келтірілген шырындарды, шірнені, морстар мен құрамында шырыны бар сусындарды дайындау кезінде осы техникалық регламентпен адал өндірістік практикаға сәйкес осы техникалық регламентке 4-қосымшада атауы келтірілген техникалық құралдарды пайдалануға рұқсат етіледі.
28. Шырын өнімдері өндірісінде тікелей тұтынуға арналған өнімдерде олардың қалдық саны болмау шартымен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жуатын және тазартатын құралдарды, химиялық дезинфекциялау заттарын қолдануға рұқсат етіледі.
7. Шырын өнімдерінің түпнұсқалығы
29. Жалған өнімдерді дайындау мен оның айналымының алдын алу элементі ретінде шырын өнімдерінің түпнұсқалығын (ұқсастығын) қамтамасыз ету өнімді дайындаушылар өндірістік іс-шаралар шеңберінде тұтынушыларды шатастыратын іс-әрекеттердің алдын-алу мақсатында және адал бәсекелестік шарттарын қолдау үшін жүзеге асырылады.
30. Шырын өнімдерінің түпнұсқалығын зерттеу барысында өнім партияларының қадағалануы туралы мәліметтерді бақылауды қарастыратын оның сәйкестендірілуі және өнімнің физикалық-химиялық, органолептикалық және құжаттамалық сипаттамаларының осы өнімді сипаттайтын құжаттардағы белгілі бір белгі жинақтарына сәйкестігіне жиынтық зерттеу жүзеге асырылады.
31. Сәйкестендіру кезінде осы тармақтың талаптарын орындау мақсатында шырын және шырын өнімдерін сипаттайтын сапалық және сандық белгілер, параметрлер мен көрсеткіштер жиынын, сәйкестендіру мақсатында онда келтірілген сапалық және сандық белгілерді қолдану жөніндегі ұсынымдар мен нұсқаулар, сондай-ақ шырын өнімдерінің сапалық және сандық белгілеріне, параметрлері мен көрсеткіштеріне әсер ету бейім сұрыптық, географиялық, климаттық, ауыл шаруашылығы және технологиялық сипаттағы факторлар туралы арнайы мәліметтер қамтылған құжаттар пайдаланылады.
32. Өзін-өзі бақылаудың ерікті жүйесі Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы талаптарына қайшы келмеуі тиіс.
8. Шырын өнімдерін өндіру
(адал өндірістік практика)
33. Өнімдерді дайындаушы шырын өнімдерін белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіндей етіп өндіреді және осы Техникалық регламентпен айқындалған мақсаттарға жеткізуді қамтамасыз етеді.
34. Шырын өнімдерінің тиісті қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін дайындаушы АӨП қағидаттары мен ережелеріне сүйенеді:
1) шырын өнімдерін дайындау технологиялары мен рецептураларын әзірлеу кезінде қатерді талдау жүзеге асырылады, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына теріс әсер етуі мүмкін технологиялардың өзгерістерін анықтау үшін өндірістік процестердің сыни сатылары (тәуекелдері) және бақылау нүктелері айқындалады;
2) кәсіпорындарда қауіпсіздікті және сапаны бақылау бақылаудың қажетті шынайылығы мен толықтығын қамтамасыз ететін құралдармен және іс-шаралармен жүзеге асырылады;
3) өндіріс және бақылау бойынша барлық технологиялық операциялар шырын өнімін дайындаушы бекітетін өндірістік бақылау бағдарламаларында мұқият құжатталады және міндетті сараптама өзге ұйымдармен келісуді талап етпейді, өндірістік процестер регламенттеледі және жинақталған тәжірибені ескере отырып мерзімді түрде қайта қаралады;
4) шикізатқа, технологиялық құралдар мен қосалқы материалдарға, сондай-ақ технологиялық процестің аралық сатыларындағы азық-түлікке және дайын өнімге қажетті кірме бақылау жүргізіледі;
5) бақылаудың нәтижелері қолжазба әдісімен және/немесе техникалық құралдарды пайдаланып жасалатын, техникалық құжаттамада көрсетілген барлық операциялардың шын мәнінде жүргізілгендігін, сондай-ақ дайындалған шырын өнімінің саны, қауіпсіздігі мен сапасы белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігін растайтын хаттамалар, журналдар, актілер нысанында құжатталады;
6) техникалық құжаттамада белгіленген нормалардан кез келген ауытқу толық көлемде құжатталады және тергеледі. Тергеу нәтижелері бойынша түзету іс-шаралары әзірленеді және жүзеге асырылады;
7) өнім партияларын қадағалау қамтамасыз етіледі;
8) лауазымдық нұсқаулықтар шеңберінде өндіріске және оны басқаруға қатысатын персоналдың жауапкершілігі мен өкілеттігі айқындалады;
9) қызметкерлер оқытылған және аттестатталған;
10) дайындаушының шарттарына сәйкес оны тарату және айналымы кезінде жарамдылықтың барлық мерзімі ішінде шырын өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ететін кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады;
11) өзін-өзі инспекциялау және/немесе аудит жүйесі пайдаланылады;
12) өнімдерді, ыдыстарды, өнеркәсіптік орамды тиісінше кәдеге жарату жүргізіледі;
13) қадағалау органдарының шағымдарын, нұсқамалары мен ескертулерін қабылдау мен тергеуді, сапасыз немесе қауіпті өнімдердің партиясын айналымнан қайтарып алу немесе шектеуді қамтамасыз ететін рәсім айқындалады.
35. Адал өндірістік практика қағидаттары мен ережелерін іске асыру жеке, халықаралық және/немесе ұлттық стандартталған сапа менеджменті мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жүйесін кәсіпорынға таңдау бойынша енгізу жолымен жүзеге асырылады.
36. Адал өндірістік практика қағидаттарын қолдану өндірісті ұйымдастыру деңгейінің осы Техникалық регламенттің мақсаттары мен талаптарына сәйкес келетіндігін растайды және шығарылатын шырын өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұсынылатын шарт болып табылады.
9. Балалар тағамы шырындары мен шырын өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
37. Балалар тағамы шырындары мен шырын өнімдерін дайындау кезінде:
генетикалық түрлендірілген шикізат пен оның компоненттерін;
қант диабетімен ауыратын балаларға арналған арнайы өнімді қоспағанда, тәтті дәм бергішті;
осы Техникалық регламентке 2-қосымшада келтірілгендерді қоспағанда, басқа да ингредиенттер мен тағамдық қоспаларды пайдалануға жол берілмейді.
38. Балалар тағамы шырындары мен шырын өнімдеріне аскөкті, желкекті, балдыркөкті, пиязды, сарымсақты, тминді, насыбайгүлді, тәтті ақ және хош иісті бұрышты, ореганоны, корицаны, кориандрды, қалампырды және лавр жапырағын қоспағанда, дәмдеуіштер қосуға рұқсат етілмейді. Жоғарыда көрсетілген ингредиенттерді қосу шырын өнімдерінің еритін құрғақ заттарын ауыстыру мақсатында жүзеге асырылмауы тиіс.
39. Балалар тағамы шырындары мен шырын өнімдерінде, аралас жеміс және көкөніс шырындардан басқа еритін құрғақ заттардың құрамы 15,0 %-дан аспауға тиіс.
40. Балалар тағамы шырындарына және шырын өнімдеріне ас тұзы қосылған жағдайда натрий хлоридінің құрамы 0,6 %-дан аспауға тиіс.
41. Балалар тағамы шырындарына және шырын өнімдеріне темір қосылған жағдайда оның құрамы 30мг/кг аспауға тиіс.
42. Ерте жастағы (3 жасқа дейін) балаларға арналған шырын және шырын өнімдеріне хош иістендіргіштер мен бояғыш экстрактілер қосуға рұқсат етілмейді.
43. Ерте жастағы балаларға арналған құрамында жұмсағы бар шырындар мен шырын өнімдері гомогенделген болуы тиіс.
44. Қосылған ингредиенттерді таңбалау осы Техникалық регламенттің 10-бөлімінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Шырындар мен шырын өнімдерін таңбалауға
қойылатын талаптар
45. Шырындар мен шырын өнімдерін таңбалау Қазақстан Республикасының тағам өнімдерін таңбалау туралы қолданыстағы заңнамасында белгіленген жалпы талаптарға және осы тармақтың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
46. Шырындар мен шырын өнімдерінің атауы мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) шырындар мен шырын өнімдерінің атауы өнімнің түрін және атын немесе өнім дайындау үшін пайдаланылған жемістердің немесе көкөністердің атынан туындаған аттарды қамтуы тиіс. Көрсетілген атауларды осы техникалық регламенттің талаптарына өнімдер толық сәйкес келген кезде ғана пайдалануға рұқсат етіледі;
2) азық-түлік атауы мынадай болуға тиіс: «п-анш өнімі» немесе «п-нен жасалған өнім» (мысалы, алма шырыны немесе алмадан жасалған шырын);
3) екі және одан да көп жемістерден және/немесе көкөністерден жасалған шырындар мен шырын өнімдерінің атауы тиісті шырындар және/немесе пюре үлесінің азаю тәртібімен аралас өнімнің құрамына кіретін шырындардың және/немесе пюренің атауын қамту тиіс; өнім үш және одан да көп жемістерден және/немесе көкөністерден өндірілген жағдайда атауын қалыптастыру кезінде жемістердің немесе көкөніс топтарының атын шартты атауды пайдалана отырып мынадай сөз тіркестерін пайдалануға рұқсат етіледі: «аралас өнім», «жеміс-көкөніс өнімі», «көкөніс-жеміс өнімі», «жемістерден/көкөністерден жасалған өнім», «жемістердің және/немесе көкөністердің қоспасынан жасалған өнім», «көкөністердің және/немесе жемістердің қоспасынан жасалған өнім», «мультижеміс өнімі», «мультикөкөніс өнімі», мысалы, жидектерден жасалған шырын өнімдері үшін «жидек өнімі» немесе «мультижидек өнімі», тропикалық жемістерден және/немесе көкөністерден жасалған шырын өнімдері үшін - «тропикалық жемістерден/көкөністерден жасалған өнім», «экзотикалық жемістерден/көкөністерден жасалған өнім», «цитрус жемістерінен жасалған өнім;
4) тікелей сығылған шырындар үшін атаудан кейін «тікелей сығылған» деп таңбалауға рұқсат етіледі; осы таңба тұтыну ыдысының басқа да бөліктерінде қайталанған кезде әрбір атауда келтіріледі;
5) қалпына келтірілген шырындар үшін өнімнің атауы атаудан кейін «қойылтылған шырыннан/шырындардан немесе шырыннан/шырындардан және пюреден дайындалған» немесе «қалпына келтірілген» деген таңбамен толықтырылуға тиіс; осы таңба тұтыну ыдысының басқа да бөліктерінде қайталанған кезде әрбір атауда келтіріледі;
6) қойылтылған азық-түліктер үшін атауы «қойылтылған» деген таңбамен толықтырылуы тиіс, осы таңба тұтыну ыдысының басқа да бөліктерінде қайталанған кезде әрбір атауда келтіріледі;
7) бір (немесе одан да көп) қант немесе сироп қосылған шырындар үшін атау «қант(тар) қосылған», «қантпен(тармен) қосылған», «қантпен(тармен) немесе «тәтті қосылған» деген таңбамен толықтыруға тиіс;
8) егер шірнені, құрамында шырыны бар сусынды немесе морсты дайындау үшін қант алмастырғыш ретінде тәтті дәм бергіш пайдаланылса, өнімнің атауы «тәтті дәм бергіш қосылған» деген таңбамен толықтырылуы тиіс;
9) тұз қолданыла отырып дайындалған шырын өнімдері үшін тұтыну қаптамасында атаудан кейін «тұзбен» деп таңбалауға рұқсат етіледі;
10) шырын өнімдерінің атауын өзге де айыру белгілері және өңдеу тәсілдері туралы таңбалармен толықтыру міндетті болып табылмайды;
11) бал қосылған шырындар үшін тұтыну қаптамасында атау жанына «балмен» деген таңбалау келтіріледі;
12) балалар тағамдарының шырын өнімдері үшін тұтыну қаптамасының атауында немесе атаудан кейін «балалар тағамдары үшін» деп көрсетіледі, сондай-ақ таңбалауда өнім арналған жас санаты көрсетіледі.
47. Тұтынушыларға бөлшек сауда желісі арқылы сатуға арналған қойылтылған шырын, қойылтылған пюре немесе қойылтылған морс пайдаланар алдында қалпына келтірілетін болса, еритін құрғақ заттардың ұсынылатын құрамына дейін оны қалпына келтіру мақсатында, өнімнің көлеміне қосу үшін қажетті судың көлемін көрсете отырып, тұтыну ыдысында қалпына келтіру жөніндегі сәйкес нұсқаулық келтіреді.
48. Шірнелер, құрамында шырыны бар сусындар және морстардың тұтыну ыдысында шырынның және/немесе пюренің үлесін көрсететін таңбалау келтірілуі тиіс.
49. Шырындар мен шірнелер үшін тұтыну ыдысында егер жеміс жұмсағының, сондай-ақ олардың санына байланыссыз құрамында целсы бар цитрусты шырындар мен шірнелердің үлесі 8 %-дан асқан жағдайда ғана «жеміс жұмсағы қосылған» деп таңбалауға рұқсат етіледі.
50. Антиоксидант ретінде пайдаланылатын «аскорбин қышқылын» қолдану туралы ақпарат өнімнің құрамына кірмеуі мүмкін. Аскорбин қышқылын антиоксидант ретінде пайдалану тұтыну ыдысында «С витаминімен» таңбасын келтіру үшін негіз болып табылмайды.
51. Егер шырын өнімі физиологиялық функционалдық ингредиенттерді қолдана отырып дайындалған болса, онда тұтыну ыдысында «функционалды» немесе «байытылған» деп таңбалауға рұқсат етіледі. Өнімнің құрамына физиологиялық функционалдық ингредиенттердің рецептісінде пайдаланылғандар жөнінде, сондай-ақ физиологиялық функционалдық ингредиенттер бар өнімдер туралы (осы Техникалық регламенттің 26-тармағына сәйкес) мәліметтер келтіріледі.
52. Жемістердің және/немесе көкөністердің атаулары және жемістердің және/немесе көкөністердің атаулары бойынша туынды атаулары тұтыну ыдысында егер осындай атауды пайдалану шатастыруға әкелмесе, бір-бірімен үйлесім тапқанда ғана бөлек пайдаланылуы мүмкін.
53. Шырын өнімдерінің тұтыну ыдыстарына өнімді дайындау кезінде пайдаланылмаған жемістердің және/немесе көкөністердің, шырындардың және/немесе пюрелердің графикалық бейнелерін енгізуге рұқсат етілмейді.
54. Өнімге диоксид көміртегін қосу кезінде, тұтыну ыдысында «газдалған» деген таңба болуы тиіс.
55. Дәмдеуіштер және/немесе дәмдеуіш экстрактілерін қолданыла отырып дайындалған шырын өнімдерінің тұтыну ыдысында «дәмдеуіштермен» деген таңба келтірілуі немесе дәмдеуіштердің атаулары көрсетілуі тиіс.
56. Өнім құрамындағы тұтыну ыдысында мыналар (көрсетілген кезектілікпен) келтірілуі тиіс:
1) шырындар үшін: өнімнің атауы, ингредиенттер және/немесе оларды қолданған жағдайдағы қоспалар (мысалы: «Құрамы: томат шырыны, тұз», «Құрамы: алма шырыны, қант»;
Шырындарды дайындау кезінде ингредиенттер және/немесе тағамдық қоспалар пайдаланылмаған жағдайда, тұтыну ыдысында өнімнің құрамын келтірмеуге болады;
2) шірнелер, құрамында шырыны бар сусындар мен морстар үшін: шырынның және/немесе пюренің атауы, ингредиенттер тізімінің соңында көрсетілетін суды қоса алғанда, рұқсат етілген пайдаланылған ингредиенттердің және/немесе қоспалардың атауы.
57. Құрамында қойылтылған шырындарды және/немесе пюрелерді пайдаланған жағдайда үлесін азайту тәртібімен шырын өнімдерінің атауы жазылады, ал құрамынан кейін «Қойылтылған шырындардан және/немесе пюрелерден жасалған» деп тұжырымдау жүргізіледі (мысалы, «Құрамы: шабдалы пюресі, алма шырыны, шие шырыны, қант, су». «Қойылтылған шырындардан және/немесе пюрелерден дайындалған»).
58. Аралас шырын өнімдері жағдайында құрамында оны дайындау үшін қолданылған барлық шырындар мен пюрелер көрсетіледі.
59. Қойылтылған шырындардан, шірнелерден, құрамында шырыны бар сусындар мен морстардан дайындалатын шырындардағы хош иісті қалпына келтіру үшін пайдаланылатын қойылтылған табиғи хош иісті заттар, сондай-ақ өнімнің құрамындағы шырындарды қалпына келтіру үшін қолданылатын ауыз су көрсетілмейді.
60. Тұтынушыларға тікелей сатылатын жерде өндірілетін немесе жарамдылық мерзімі шектелген жағдайда сатылатын шырындар мен шырын өнімдерінің тұтыну ыдысында осы бөлімнің талаптарына сәйкес таңбалау жүргізіледі. Бұдан басқа, тұтыну ыдысында дайындаушының мекен-жайы, дайындалған уақыты мен күні, жарамдылық мерзімі мен ұсынылатын сақтау шарттары көрсетіледі.
61. Шырындар мен шырын өнімдерін тұтынушыларға құйып, қоғамдық тамақтану желісінде немесе автоматты сауда желілері арқылы сату кезінде әрбір партияның ілеспе құжатында өнімнің атауы, дайындаушының мекен-жайы, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, ұсынылатын сату шарттары, сақталу шарттары көрсетіледі.
62. Шырындар мен шырын өнімдерін сауда автоматтары арқылы сату кезінде сауда автоматтары жабдығының үстіңгі жағында тұтынушыларға көрінетін жерде кез келген фонда анық көрінетін және түсінікті қаріппен өнімнің атауы көрсетіледі.
63. Көліктік ыдыстағы таңбалау: өнімнің атауын, партияның нөмірін немесе дайындалған күнін, нетто салмағын, дайындаушының және/немесе импорттаушының атын, сондай-ақ көліктік орамның өзінде көрсетілуі тиіс сақтау жөніндегі нұсқаулықты қамтуы тиіс.
64. Көліктік ыдыстар таңбалау не ыдыстың өзінде, не ілеспе құжаттарда:
өнімнің атауы туралы мәліметтер;
партияның сәйкестендірілуі;
нетто салмағы;
өндірушінің атауы;
сақтау шарттары туралы ақпаратты қоса алғанда жазылуы тиіс.
65. Цистерналарға (танкерлерге) құйылған өнімді жеткізу кезінде таңбалау туралы ақпарат ілеспе құжаттарда ғана жазылады.
66. Өнімнің атауы, партияның нөмірі, нетто салмағы, өндірушінің атауы туралы мәліметтер осы код ілеспе құжаттарда нақты оқылған жағдайда штрих кодымен ауыстырылуы мүмкін.
67. Қойылтылған шырындарда және қойылтылған пюреде осы Техникалық регламенттің 4-қосымшасына сәйкес рұқсат етілген технологиялық құрал ретінде пайдаланылған калий және/немесе натрий казеинатының қалдық саны болған жағдайда көліктік ыдыста және ілеспе құжаттарда «Өнімде калий/натрий казеинаты бар» деп көрсетілуі тиіс.
11. Жарамдылық мерзімі, сақтау және тасымалдау
68. Шырындар мен шырын өнімдерінің жарамдылық мерзімін, сақтау және тасымалдау шартын оны тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес болуын дайындаушы белгілейді.
69. Дайындаушы белгілеген сақтау, тасымалдау шарттары жарамдылық мерзімі ішінде шырындар мен шырын өнімдерінің осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс.
70. Сақтауды және тасымалдауды жүзеге асыратын тұлғалар белгіленген жағдайда шырындар мен шырын өнімдерін сақтау және тасымалдау шарттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
12. Шырын өнімдерін кәдеге жарату
71. Шырындар мен шырын өнімдерін кәдеге жарату адал өндірістік тәжірибені есепке ала отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
13. Сәйкестікті растау
72. Шырындар мен шырын өнімдерінің осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгілеген тәртіппен берілетін сәйкестік сертификатымен куәландырылады.
14. Қолданысқа енгізу мерзімдері және шарттары
73. Осы Техникалық регламент ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
74. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін берілген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар жарамдылық мерзімі біткенге дейін қолданылады.
Техникалық регламентке
1-қосымша
Шырындар, шірнелер, морстар мен құрамында шырыны бар
сусындар, қойылтылған шырындар, қойылтылған морстар мен
қойылтылған пюрелер үшін шикізат қауіпсіздігінің гигиеналық
және микробиологиялық талаптары
Шырындар, шірнелер, морстар мен құрамында шырыны бар
сусындар, соның ішінде қойылтылған шырындар, қойылтылған
морстар мен қойылтылған пюрелер үшін шикізат
қауіпсіздігінің гигиеналық талаптары
1-кесте
Өнімнің
тобы
|
Көрсеткіштер
|
Мг/кг, аспайтын рұқсат етілген деңгейлер
|
Ескертпе
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Жеміс және
көкөніс
шырындары,
шірнелер,
морстар мен құра-
мында
шырыны бар
сусындар,
қойылтыл-
ған морстар мен қойыл-
тылған
пюрелер
|
Уытты элементтер:
|
|
|
қорғасын
|
0,5
|
көкөністен жасалған
|
0,4
|
жемістен жасалған
|
күшән
|
0,2
|
|
кадмий
|
0,03
|
|
сынап
|
0,02
|
|
қалайы
|
200,0
|
шырын өнімдері
үшін жинақ
қаңылтыр
ыдыста
|
хром
|
0,5
|
шырын өнімдері
үшін хромдал-
ған ыдыста
|
Микоуыттар:
|
|
|
|
патулин
|
0,05
|
алмадан, томаттан, шырғанақтан, шәңгіштен жасалған
|
|
Нитраттар:
жеміс шырындары
көкөніс шырында-
ры мен құлпынай-
дан жасалған
шырын (пюре)
|
50
200
|
|
|
Пестицидтер
|
|
|
Гексахлорцикло-
гексан (а, в,
у-изомерлері)
|
0,5
|
Көкөніс шырын-
дары мен бақша
өнімдерінің
шырындары
|
0,05
|
Жеміс шырындары
|
|
ДДТ және оның
метаболиттері
|
0,1
|
|
Көкөніс пен жемістерді өсіру кезінде пайдаланатын
пестицидтердің басқа да түрлері
|
Көкөніс пен
жемістердің осы
түрлерін гигие-
налық нормалары-
на сәйкес
|
|
Радионуклидтер: Бк/кг
|
шырындар,
шірнелер,
морстар мен
құрамында
шырыны бар
сусындар
|
цезий-137
|
120 (көкөністер
үшін)
40 (жемістер үшін)
160 (жабайы жидектер үшін)
|
Бк/кг
|
стронций-90
|
40 (көкөністер
үшін)
30 (жемістер үшін)
60 (жабайы жидектер үшін)
|
Бк/кг
|
қойылтыл-
ған шырын-
дар, қойылтыл-
ған морстар мен
қойылтыл-
ған пюре
|
цезий-137
|
1200
|
Бк/кг
|
стронций-90
|
240
|
Бк/кг
|
Достарыңызбен бөлісу: |