Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы №199 Қаулысы Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы»



бет1/5
Дата26.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#158789
  1   2   3   4   5
«Шырындар мен шырын өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы № 199 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Шырындар мен шырын өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

 

К. Мәсімов

 

 
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 27 ақпандағы

199 қаулысымен



Бекітілген

 

«Шырындар мен шырын өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»

техникалық регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Шырын және шырын өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) мынадай өнімдерге қолданылады:

жеміс және көкөніс шырындары;

тікелей сығылған шырындар;

қалпына келтірілген шырындар;

қойылтылған шырындар;

құрғақ шырындар;

шірнелер;

құрамында шырыны бар сусындар;

морстар;

қойылтылған морстар;

диффузиялық шырындар;

пюре;

қойылтылған пюре.

2. Техникалық регламент Еуразия экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН) 20 «Көкөністер, жемістер, жаңғақтар немесе өсімдіктердің өзге бөліктерінен қайта өңделген өнімдер» тобының, 2009 «Қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған ашымаған және құрамында спирт қосындысы жоқ жеміс шырындары (жүзім суслосын қоса алғанда) және көкөніс шырындары» кіші тобына кіретін өнімдерге қолданылады.



  

2. Терминдер



 

3. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер қолданылады:

1) шырын - ашымаған, бірақ ашуға бейім, сапалы піскен, жаңа піскен немесе таза сақталған жемістер мен көкөністердің жеуге жарамды бөлігінен физикалық әсер ету жолымен алынған, онда физикалық алу тәсілінің ерекшеліктеріне сәйкес тамақ құндылығы, физикалық-химиялық және органолептикалық, аты бірдей жемістер мен көкөністерге тән қасиеттері сақталған, иондаушы сәулелену өңдеуден басқа, физикалық тәсілдермен консервіленген, тамаққа тікелей тұтынуға, сондай-ақ тамақ азық-түлігінің құрамдас бөлігі ретінде қолдануға арналған сұйық өнім. Тікелей алынатын шырын пайдаланар алдында консервілеуге ұшырауы мүмкін. Шырындардың мынадай түрлеріне атаулары әртүрлі шырындардан немесе атаулары әртүрлі пюре қосылған шырыннан немесе шырындардан дайындалған аралас шырындарға рұқсат етіледі;

2) жеміс шырыны - жемістерден алынған шырын;

3) көкөніс шырыны - көкөністерден алынған шырын;

4) тікелей сығылған шырын - жемістерден немесе көкөністерден сығу, центрифугерлеу немесе езу арқылы алынған шырын;

5) қалпына келтірілген шырын - ауыз суды, қойылтылған табиғи хош иістендіретін заттар пайдаланған немесе пайдаланылмаған, сондай-ақ жеміс немесе көкөніс пюресі немесе жемістердің немесе көкөністердің сол түрінен қойылтылған пюре пайдаланған немесе пайдаланылмаған қойылтылған шырыннан немесе қойылтылған шырын мен тікелей сығылған шырыннан дайындалған шырын. Томат шырынның қалпына келтіруге қойылтылған томат пюресін немесе қойылтылған томат пастасын қалпына келтіру жолымен рұқсат етіледі;

6) қойылтылған шырын - тиісті атауы бар қалпына келтірілген шырындағы еритін құрғақ заттардың құрамымен салыстырғанда еритін құрғақ заттардың құрамын кемінде екі есеге ұлғайту мақсатында оның құрамындағы судың физикалық әсер ету жолымен жою арқылы дайындалған шырын. Қойылтылған шырын өндірісінде алдын ала шырыны бөлініп алынған сол партияның ұсақталған жемістерінің немесе көкөністерінің экстрактивті заттарына конденсатпен қайта булау диффузиясын қолданылуға рұқсат етіледі, осы жағдайда диффузияның сұйық өнімі қойылтылғанға дейін іште осы шырынмен араласады. Қойылтылған шырынға аты бірдей шырынды өндіру кезінде немесе аты бірдей жемістерден немесе көкөністерден алынған сұйық қойылтылған табиғи хош иістендіретін зат қайта оралуы мүмкін;

7) құрғақ шырын - тікелей сығылған шырыннан ондағы судың құрамын физикалық әсер ету жолымен ауа-құрғақ ұнтақ тәрізді күйге дейін жоюмен дайындалған және ауыз сумен қалпына келтіргеннен кейін ашуға бейім шырын;

8) жаңа сығылған шырын - пайдаланар алдында тікелей жемістерден және/немесе көкөністерден алынған шырын. Жаңа сығылған шырын консервілеуге ұшырамауы тиіс;

9) аралас шырын - әр түрлі жемістерден немесе көкөністерден алынған пюрені қосып немесе қоспай түрлі жемістерден немесе көкөністерден алынған шырындарды араластыру жолымен алынған тікелей сығылған немесе қалпына келтірілген шырын;

10) функционалды шырын - тамақтанумен байланысты аурулардың даму қатерін төмендететін, табиғи немесе қосылған физиологиялық функционалдық тағам ингредиенттерінің оның құрамында болуы есебінен денсаулықты сақтайтын және жақсартатын, барлық жас тобындағы салауатты халықтың тамақ рациондарының құрамында жүйелі пайдалануға арналған тікелей сығылған шырын, қалпына келтірілген шырын, жаңа сығылған шырын немесе аралас шырын;

11) газдалған шырын - қосылған көміртегі қос тотығының массалық үлесі 0.2 %-дан 0.4 %-ға дейінгіні құрайтын тікелей сығылған шырын, қалпына келтірілген шырын, жаңа сығылған шырын немесе аралас шырын;

12) шірне - ашымаған, бірақ ашуға бейім, жеміс және/немесе көкөніс шырынын (шырындарын) немесе қойылтылған шырынды (шырындарды) және/немесе жеміс және/немесе көкөніс пюресін немесе қойылтылған пюрені ауыз сумен араластыру жолымен дайындалған, иондаушы сәулеленумен өңдеуден басқа физикалық тәсілмен консервіленген және тамаққа тікелей тұтынуға арналған сұйық өнім. Пайдаланар алдында тікелей дайындалған шірне консервілеуге ұшырамауы тиіс. Шірнедегі шырын және/немесе пюренің үлес салмағына қойылатын талаптар осы техникалық регламентпен белгіленеді. Шірнеге қойылтылған табиғи хош иістендіретін заттар, сондай-ақ тағам ингредиенттері мен қоспалар қосуға рұқсат етіледі;

13) құрамында шырыны бар сусын - тағамдық қоспалар, ингредиенттер және хош иістендіргіштер қосылған немесе қосылмаған жеміс және/немесе көкөніс шырынының немесе шырындардың және/немесе пюренің үлесі кемінде 10 %-дан кем болмайтын, физикалық тәсілдермен консервіленген тамаққа тікелей тұтынуға арналған сусын. Тамаққа пайданалар алдында дайындалған құрамында шырыны бар сусын консервілеуге ұшырамауы тиіс. Лимон немесе лайн шырындарынан жасалған құрамында шырыны бар сусындарда шырынның ең аз үлесі 5%-ды құрайды;

14) морс - қант (тар) қосылған, жидек шырыны мен пюренің үлес салмағы кемінде 15% болатын басқа да тағам ингредиенттері қосылған немесе қосылмаған осы жидектерден алынған сығындыны ыстық ауыз су экстракциясы өнімімен кейіннен араластыра отырып, тікелей сығылған шырынды немесе пюрені механикалық алып тастау жолымен жаңа піскен немесе мұздатылған жидектен алынған, иондық сәулемен өңдеуден басқа физикалық тәсілдермен консервіленген, тағамға тікелей тұтынуға арналған сұйық өнім. Морсты дайындау кезінде жаңа піскен немесе мұздатылған жидектен шырынды немесе пюрені механикалық алу процесі қант(тар) қосылған, басқа да тағам ингредиенттері қосылған немесе қосылмаған осы жидектердің сығындысын су экстракциясы өнімімен бір мезгілде араластыруға ұшырамауы тиіс. Морсты қойылтылған өнімдерден дайындауға ұшырамауы тиіс;

15) қойылтылған морс - еритін құрғақ заттар құрамын кемінде екі есеге ұлғайту мақсатында физикалық әсер ету жолымен ондағы суды құрайтын бөлікті жоюмен дайындалған морс;

16) диффузиялық шырын - механикалық тәсілмен шырын алынбайтын бір түрдегі жаңа піскен жемістерден немесе құрғақ жемістерден экстративтік заттарды ауыз сумен алу жолымен алынған шырын. Диффузиялық шырынды қойылту және ауыз сумен қалпына келтіру тәсілмен дайындауға рұқсат етіледі;

17) пюре - ашымаған, бірақ ашуға бейім, тұтас немесе қабықтарынан тазартылған, жаңа піскен немесе жаңа піскен күйінде сақталған жемістерден немесе көкөністерден механикалық тәсілмен алынған, ұсақтауды, сүзіп алуды, шырын мен артылған жеміс жұмсағын бөліп тастамай, иондаушы сәулеленумен өңдеуден басқа физикалық тәсілмен консервіленген өнім. Пюрені әр түрлі атаулардағы жеміс және/немесе көкөніс пюрелерін араластыру жолымен дайындауға рұқсат етіледі. Жемістерден немесе көкөністерден алынатын пюре осы анықтамаға сәйкес, шырындарды, шірнелерді, морстарды және құрамында шырыны бар сусындарды өндіруде пайдалануға арналған;

18) қойылтылған пюре - еритін құрғақ заттардың құрамын кемінде 50 %-ға ұлғайту мақсатында физикалық әсер ету жолымен ондағы суды құрайтын бөлікті жою жолымен дайындалған пюре. Қойылтылған пюрені екі немесе одан да көп қойылтылған әр түрлі атаудағы пюрені белгілі бір ара қатынаста араластыру жолымен дайындауға рұқсат етіледі. Қойылтылған пюреге аты бірдей жемістердің немесе көкөністердің қойылтылған табиғи хош иістендіретін заттары қайта оралуы мүмкін;

19) табиғи хош иістендіретін жеміс (көкөніс) заттары - жемістердің (көкөністердің) және/немесе олардың шырындарының табиғи иісін қалыптастыратын табиғи ұшпалы және ұшпайтын қосылыстардың қоспасы;

20) қойылтылған табиғи хош иістендіретін жеміс (көкөніс) заттары - физикалық тәсілдермен қайта өңдеу жолымен жемістерден (көкөністерден) және/немесе олардың шырындарынан дайындалған және қойылтылған шырындардан дайындалған шырындарда хош иісті қалпына келтіруге, сондай-ақ басқа шырын өнімдерін дайындауға арналған жемістерде (көкөністерде) немесе олардың шырындарында олардың табиғи құрамынан асатын мөлшерде табиғи хош иістендіретін жеміс (көкөніс) заттарын құрайтын сұйық өнім;

21) цитрус жемістердің целстері - эпидермис жасушаларынан және жеке эпидермалық жасушалардан құралған және цитрус жемістердің жейтін бөлігінің ішкі сегменттерінен тұратын көлемді көп пленкалық құрылым. Бір түрдегі цитрус жемісінің целстері аты бірдей қалпына келтірілген шырындарға сондай-ақ, сол атаудағы цитрус жемістердің шырыннан дайындалған шірнелер мен құрамында шырыны бар сусындарға қосылуы мүмкін;

22) жеміс (көкөніс) жұмсағы - бұзылған өсімдік тінінің ерімейтін салмағы өлшенген бөліктерінен қалыптасқан, жемістерді (көкөністерді) қайта өңдеу барысында целстермен немесе оларсыз түзілетін қоспа;

23) шырын өнімі - шырындарды, шірнелерді, морстарды, қойылтылған морстарды, құрамында шырыны бар сусындарды, пюрені, қойылтылған табиғи хош иістендіретін заттарды, целстерді, жеміс (көкөніс) жұмсағын қамтитын өнім;

24) балалар тағамының шырын өнімі - ерте жастағы (туғаннан 3 жасқа дейін), мектепке дейін жастағы (3 жастан 6 жасқа дейін) және мектеп жасындағы (6 жастан 14 жасқа дейін) балалардың тамақтануына арналған және тиісті жас тобындағы бала ағзасының физиологиялық қажеттіктеріне жауап беретін шырындар, шірнелер, құрамында шырыны бар сусындар, морстар және пюрелер;

25) функционалды шырын өнімі - барлық жас топтарындағы салауатты халықтың тамақ рациондарының құрамында жүйелі тұтынуға арналған, тамақтанумен байланысты аурулардың даму қатерін төмендететін, құрамындағы табиғи немесе қосылған физиологиялық функционалдық тағам ингредиенттердің есебінен денсаулықты сақтауға және жақсартуға ықпал ететін шірнелер, құрамында шырыны бар сусындар мен морстар;

26) газдалған шырын өнімі - қосылған көміртегі қос тотығының массалық үлесі 0.2 %-дан 0.4 %-ға дейінгіні құрайтын шірнелер, құрамында шырыны бар сусындар және морстар;

27) технологиялық құрал - тамақ өнімі, ингредиент немесе қоспа болып табылмайтын, оларға қол жеткізілгеннен кейін өнімнен алынып тасталынатын белгілі бір технологиялық мақсатта тамақ өнімдерінің, қоспалардың немесе ингредиенттердің өндірісінде шикізатты қайта өңдеу кезінде пайдаланылатын зат (жабдықтарды, ыдыс-аяқтарды және орам материалдарын қоспағанда) немесе материал немесе олардың туындылары. Шырындарда және шырын өнімдерінде технологиялық құралдардың рұқсат етілетін қалдық саны осы техникалық регламентпен нормаланады;

28) физиологиялық функционалды тамақ ингредиенті - малдан, өсімдіктен алынған, микробиологиялық, минералды зат немесе заттар кешені, сондай-ақ тәуліктік физиологиялық қажеттіліктің 10-нан 50 % дейінгі мөлшерін құрайтын, функционалдық шырындар мен шырын өнімдерінің табиғи немесе қосылған компоненті ретінде жүйелі тұтыну кезінде адам ағзасындағы бір немесе бірнеше функцияға, зат алмасу процесіне қолайлы әсер етуге қабілеті бар тірі микроорганизмдер;

29) адал өндірістік практика (бұдан әрі - АӨП) - соңғы мақсаты заңнамалық және орындалуы азаматтардың өмірі мен денсаулығын, шығарылатын өнімнің сапасын, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі және денсаулығын жиынтық сақтауды, сатушылар мен тұтынушыларды шатастыратын іс-әрекеттердің алдын алуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ өндіру, тарату және сатудың барлық сатылары арқылы шырын және шырын өнімдерін қадағалауға мүмкіндік беретін өзге де талаптарға сәйкес келетін өнім шығару болып табылатын өндірістік процесті ұйымдастыру, басқару, жүргізу және бақылау жүйесі;

30) шырын өнімдерінің түпнұсқалығы - шырын өнімінің физикалық-химиялық және органолептикалық сапа көрсеткіштерінің жиынтығы бойынша айқындалатын мәлімделген атауға сәйкестігі;

31) шырын және шырын өнімдерінің айналымы - шырын және шырын өнімдерін әкелуді (импортттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, шырын және шырын өнімдерін өткізу (сату немесе жеткізу) процестері (сатылары), сондай-ақ олармен байланысты орау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау процестері.

  

3. Шикізат пен материалдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



 

4. Шырындар мен шырын өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын шикізат пен материалдар қауіпсіз және адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге тиіс, сондай-ақ осы Техникалық регламентке 1-қосымшада белгіленген гигиеналық және микробиологиялық талаптарға жауап беруге тиіс.

5. Шырын өнімдерімен байланысты технологиялық жабдықтар мен буып-түю ыдыстары дайындалған материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына техникалық реттеу және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы сәйкес келуге тиіс.

  

4. Шырындар мен шырын өнімдерінің қауіпсіздігіне және оны өндіруге қойылатын талаптар



 

6. Шырындар мен шырын өнімдерінде патогенді микроорганизмдердің және паразитті аурулар қоздырғыштарының, олардың жұқпалы және паразитті аурулар тудыратын немесе адамның денсаулығына және жануарларға қауіп төндіретін уыттарының болуына жол берілмейді.

7. Консервіленген шырын өнімдері қауіпсіздігінің өлшемдері (өнеркәсіптік стерилдік) консервіленген азық-түлікте 25оС жоғары температурада сақтаған кезде дамуға бейім споралар түзгіш термофильді анааэробты, аэробты және факультативті-анаэробты микроорганизмдердің жоқтығы болып табылады.

8. Қойылтылған шырындардан дайындалатын шырындарда және шірнелерде хош иісті қалпына келтіру үшін жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу өнімдері - сұйық дистиллят түрінде қойылтылған шырынды өндіру, сондай-ақ сұйық азық-түліктер - соңғы өнімде ерітуші ретінде болатын және бастапқы жемістерден, көкөністерден немесе олардың шырындарынан хош иістің құрамдас бөлігі ретінде бөлінбеген суды, көмірқышқыл газын немесе тағамдық этил спиртін пайдаланумен экстракттар немесе тұнбалар - сұйық өнімдер түрінде физикалық тәсілмен жемістерді немесе көкөністерді қайта өңдеу барысында алатын қойылтылған табиғи хош иістендіретін заттар қолданылады. Жекелеген жағдайларда технологиялық құрал ретінде қойылтылған табиғи хош иістендіретін жеміс немесе көкөніс заттарын алу кезінде пропиленгликоль пайдалануға рұқсат етіледі. Қойылтылған табиғи хош иістендіретін заттар хош иістендіргіштерге және тағамдық қоспаларға жатпайды.

9. Шырын өнімдерінің, сондай-ақ құрамы аралас шырын өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтау шикізаттардың негізгі түрінің үлес салмағы бойынша және де нормаланатын контаминанттардың рұқсат етілген деңгейлері бойынша жүргізіледі.

10. Қойылтылған және құрғақ шырындар, қойылтылған пюре және қойылтылған морстар үшін түпкілікті өнімдегі құрғақ заттардың құрамын есепке ала отырып, химиялық қауіпсіздік көрсеткіштеріне қайта есептеу жүргізу қажет.

11. Тікелей сығылатын шырындарды, қалпына келтірілген шырындарды және шірнелерді, сондай-ақ пюрені, қойылтылған шырындар мен қойылтылған пюрені өндіруде табиғи, жасанды және/немесе табиғиға ұқсас хош иістендіргіштерді қолдануға тыйым салынады.

12. Құрамында шырыны бар сусындар өндірісінде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген қойылтылған табиғи хош иістендіретін заттарды және/немесе табиғи, жасанды және табиғиға ұқсас хош иістендіргіштерді (адал өндірістік практикаға сәйкес) және бояғыштарды қолдануға рұқсат етіледі. Морс өндірісінде қойылтылған табиғи хош иістендіретін заттарды және/немесе табиғи хош иістендіргіштерді қолдануға рұқсат етіледі.

13. Шырын өнімдерін өндіруде дәмін түзету мақсатында жеке немесе бір-бірімен кез келген комбинацияда мынадай қант (тар) және/немесе олардың ерітінділері мен сироптары - сахароза, сусыз декстроза, глюкоза, фруктоза пайдаланылуы мүмкін. Көрсетілген қанттарды және/немесе ерітінділер мен сироптарды қосу шырындағы еритін құрғақ заттардың орнын ауыстыру мақсатында жүзеге асырылмауы тиіс. Қосылған ингредиенттерді таңбалау осы техникалық регламенттің 10-бөлімінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

14. Жемістерден алынған қант(тар) дәмін түзету үшін шірне, құрамында шырыны бар, сондай-ақ қойылтылған сусындар мен морстарды өндіруде ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Қосылған ингредиенттерді таңбалау осы техникалық регламенттің 10-бөлімінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

15. Балды қойылтылғандарды қоса алғанда шірне, құрамында шырыны бар сусындар мен морстардың өндірісін, сондай-ақ түпкілікті өнім массасында 5% -дан аспайтын мөлшерде жеміс және көкөніс шырындарының өндірісін пайдаланылуы мүмкін. Қосылған балды таңбалау осы техникалық регламенттің 10-бөлімінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

16. Бір шырынға қантты(тарды) және қышқылдатқыштарды бір мезгілде қосуға тыйым салынады.

17. Теңіз тұзын қосқанда, тұз, дәмдеуіштер немесе өсімдік экстракттары жеміс шырындарын қоспағанда, шырын өнімдеріне қосылуы мүмкін. Қосылған ингредиенттерді таңбалау осы Техникалық регламенттің 10-бөлімінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

18. Шырын өнімдерін құюды, буып-түюді, сақтауды, тасымалдауды қосқанда дайындау кезінде, сондай-ақ өндірудің, буып-түюдің, сақтау мен тасымалдаудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу кезінде өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адал өндірістік практика принциптерін қолдану қажет.

19. Шырын өнімдерін даярлау, өңдеу, өндіру, буып-түю, сақтау, тасымалдау, тарату және түпкілікті тұтынушыға сату немесе жеткізу үшін ұсыныстар гигиена талаптары сақтала отырып жүзеге асырылуы тиіс.

20. Шырын өнімдерін өндірушілер қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сын болып табылатын өз қызметіндегі әрбір қадамын айқындауға және өндіруші таңдаған жүйе шеңберінде тәуекелдерді талдау және сыни нүктелерді бақылау қағидаттары негізінде тиісті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуге тиіс.

21. Осы Техникалық регламенттің 5-қосымшасында шырын өнімдері қауіпсіздігі мен түпнұсқалығының көрсеткіштерін өлшеуді орындау әдістерінің тізбесі келтірілген (сәйкестендірілген стандарттар).

22. Осы Техникалық регламенттің 6-қосымшасында шырын өнімдерінің өндірісі үшін пайдаланылатын жемістер және көкөністер, шырындарда және пюрелерде қалпына келтірілетін құрамындағы еритін құрғақ заттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ шірнелердегі шырынның (пюренің) үлесі келтірілген.

  

5. Шырындар мен шырын өнімдерінің орамына қойылатын талаптар



 

23. Шырындар мен шырын өнімі өнімнің нақты осы түрін тасымалдау және сақтау шарттарын сақтай отырып, айналымның барлық кезеңінде оның қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуді ескере отырып буып-түйілуі тиіс.

24. Шырындар мен шырын өнімдерін буып-түю «Орауға, таңбалауға, зат-таңбалауға және оларды дұрыс салуға қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.



  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет