Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары қауіпсіздігі» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 96 Қаулысы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары қауіпсіздігі» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар өз нормативтік құқықтық актілерін осы қаулымен бекітілген Техникалық регламентке сәйкес келтіруді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
|
К. Мәсімов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 4 ақпандағы
№ 96 қаулысымен бекітілген
«Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары қауіпсіздігі» техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу объектілері болып мыналар табылады:
1) өнім - құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары, оның қауіпсіздігін анықтайтын сипаттамалар;
2) құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану және кәдеге жарату процестері (өмірлік цикл кезеңдері).
Осы Техникалық регламент құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өмірлік циклі сатыларында қауіпті сипаттамаларының (қасиеттерінің) пайда болу мүмкіндігін ескереді.
2. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын сәйкестендіру ҚР МЖ 04-2003 өнім жіктеуіші бойынша, жинақтығында тану үшін жеткілікті болатын таңбалау мен ілеспе құжаттар бойынша, белгілері, параметрлері, көрсеткіштері мен талаптары бойынша Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (СЭҚ ТН) кодтарын және Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші (ЭҚТ ӨЖ) кодтары бойынша оларға сәйкес келетін кодтарды пайдалану арқылы жүргізіледі.
3. Қауіпсіздік талаптары белгіленген құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының тізілімі осы Техникалық регламентке 1-қосымшада берілген.
4. Осы Техникалық регламент құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өрт қауіпсіздігін, жарылыс қауіпсіздігін, химиялық қауіпсіздігін, механикалық қауіпсіздігін (соққы әсері), биологиялық қауіпсіздігін, термиялық қауіпсіздігін және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең аз қажетті талаптарды белгілейді.
5. Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өрт қауіпсіздігінің, жарылыс қауіпсіздігінің, химиялық қауіпсіздігінің, механикалық қауіпсіздігінің (соққы әсері), биологиялық қауіпсіздігінің, термиялық қауіпсіздігінің және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігінің жалпы талаптары Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы», «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
6. Осы Техникалық регламент құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының сипаттамаларына (қасиеттеріне) не олардың өмірлік циклі сатыларында қойылатын қауіпсіздік талаптары белгіленген басқа техникалық регламенттермен бірге қолданылуы тиіс.
7. Осы Техникалық регламент бұрын қолданылған және құрылыста және (немесе) азаматтардың тұрмыстық қажеттіліктеріне қайта пайдаланылатын құрылыс материалдарына, бұйымдары мен құрастырмаларына қолданылмайды.
8. Осы Техникалық регламентте белгіленген талаптар міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
9. Осы Техникалық регламентте «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізгі ұғымдар қолданылады және мынадай терминдер қосымша пайдаланылады:
1) егжей-тегжейлі (нақты) талаптар - рұқсат етілетін ауытқулары бар өнімдер сипаттамаларының шекті немесе атаулы мәндері түрінде көрсетілген ең аз қажетті талаптар;
2) рұқсат етілетін қауіп-қатер - объектіне пайдаланудан алынған пайда үшін қоғам осы қауіп-қатерге дайын болатын, деңгейі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты рұқсат етілетін және негізделетін қауіп-қатер;
3) импорттаушы - құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын басқа елдерден әкелетін, осылайша өзіне шетелдік дайындаушы орнына олардың қауіпсіздігіне байланысты функциялар мен жауапкершілік алатын жеке немесе заңды тұлға;
4) қалдықтарды жою - қайталап пайдаланылатын шикізатты, пайдалы өнімді алу және (немесе) осы уақытта пайдаланылмайтын қауіпті және басқа қалдықтарды жою және көму мақсатында залалсыздандырылған қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі құжатталған ұйымдастыру-технологиялық рәсімдердің жиынтығымен байланысты қызмет;
5) ең аз қажетті талаптар - азаматтардың өмірін немесе денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғау үшін рұқсат етілетін зиян келтіру, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды адастыруға әкелетін іс-әрекеттердің алдын алу тәуекелін бағалауға негізделген қауіпсіздік талаптары;
6) қауіпсіздікті қамтамасыз ету - адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктерге зиян тигізу мүмкіндігімен байланысты рұқсат етілмейтін қауіп-қатерді жою жөніндегі инженерлік-техникалық және ұйымдастыру шараларының жиынтығын қабылдау;
7) жалпы (елеулі) талаптар - қажетті қауіптіліктің затын сипаттау түрінде, нақты тәсілдерді және оны қамтамасыз ету сипаттамаларын егжей-тегжейлі түсіндірмей берілген ең аз қажетті талаптар;
8) қауіптілік объектісі - өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану және кәдеге жарату процестері адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, соның ішінде өсімдік пен жануарлар әлеміне зиянды әсер етуі мүмкін, сондай-ақ өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды адастыруға әкелетін іс-әрекеттер жасауы мүмкін қасиеттер бар өнім;
9) қауіп-қатерді бағалау - қауіп-қатерді талдаудың және оны бағалаудың жалпы процесі;
10) өрт қауіпсіздігі - өрттен адамдардың, мүліктің, жеке меншіктің, қоғамның және мемлекеттің қорғалған жай-күйі;
11) сәйкестік презумпциясы - заңнамалық немесе тұжырымдамалық бекітілген ереже, оған сәйкес үйлестірілген мемлекеттік стандарттардың егжей-тегжейлі (нақты) талаптарын орындау Техникалық регламенттің тиісті жалпы (елеулі) талаптарын сақтау деп есептеледі;
12) сатушы - дайындаушы, уәкілетті өкіл немесе импортер болмай-ақ, азаматтардың тұрмыстық мұқтаждықтары үшін құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын сататын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қауіпсіздігіне жауап беретін жеке немесе заңды тұлға;
13) санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік - өмір сүру ортасы факторларының адамға зиянды әсер етпейтін және оның өмір сүруіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз ететін халықтың денсаулық жағдайы;
14) құрылыс материалдары мен бұйымдары - ғимараттар мен ғимараттарды, олардың жеке элементтері мен бөлшектерін жасауға арналған қорытынды құрылыс өнімінің түрлері;
15) құрылыс құрастырмасы - белгілі бір функциялары бар ғимараттың немесе құрылыстың бір бөлігі болып табылатын түпкілікті құрылыс өнімі;
16) қауіптілік субъектісі - қауіптілік объектісі әсер ететін адамдар, жануарлар мен өсімдіктер, қоршаған орта;
17) табиғи радионуклидтердің үлестік тиімді белсенділігі - адам ағзасына биологиялық әсерін ескере отырып анықталатын үлгінің салмағына үлгідегі табиғи текті негізгі радионуклидтердің белсенділігі қарым-қатынасының жиынтық шамасы;
18) уәкілетті өкіл - құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларын сату құқығын алу үшін дайындаушымен шарт жасасқан және оның атынан өнімнің қауіпсіздігіне жауап беретін жеке немесе заңды тұлға.
3. Қазақстан Республикасы нарығында өнім айналысының шарттары
10. Құрылыс нысандарын - ғимараттарды, құрылымдарды, құрылыстарды салу кезінде және әр түрлі жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындаған кезде азаматтардың жеке, тұрмыстық мұқтаждары үшін орындаған кезде азаматтардың жеке, тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары осы Техникалық регламенттің талаптарына, сондай-ақ құрылыс материалдарына, бұйымдары мен құрастырмаларына қатысы бар басқа техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
11. Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары (оның ішінде импортталатындар) сатылу кезінде:
1) тұтынушыны зиян келтірудің ықтимал қатерін бағалау және тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін қажетті ілеспе құжаттамамен (пайдалану жөніндегі нұсқамалар, сапа паспорты, сәйкестік сертификаты, сәйкестік туралы декларация, техникалық немесе нормативтік құжаттама және басқалары);
2) тиісті мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өткізгеннен кейін оның әлеуетті қауіптілігі туралы тұтынушыларды сақтандыру үшін шаралар қолдануы мақсатында ақпараттандыру бойынша нұсқаулықпен қамтамасыз етілуі тиіс.
12. Азаматтардың тұрмыстық мұқтаждары үшін сатылатын құрылыс материалдары мен бұйымдары:
1) қауіпсіз, сақтау немесе жарамдылық мерзімі бітпеген, ыдысы және орамы бүлінбеген (нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес), пайдалану құжаттамасының толық жинағы болуы тиіс;
2) егер дайындаушыдан, тұтынушыдан немесе мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарынан нақты материалдар мен бұйымдардың белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі туралы ақпарат алынған болса, іске асырылуға (сатылуға) жіберілмейді;
3) құрылыс материалдары мен бұйымдарын қолдану жөнінде қауіпсіз пайдалану ережелері туралы тұтынушыларға арналған нұсқаулықпен қамтамасыз етілуі тиіс;
4) оларды сату кезінде іс-әрекеттер тәртібі туралы, әрі қарай тексеру мақсатында тұтынушылар шағымын тіркеу туралы сатушыларға арналған ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс.
4. Техникалық талаптар
Осы Техникалық регламентте құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының (олардың сипаттамаларының) өмірлік циклі кезеңдерінде (өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану, кәдеге жарату кезінде) туындайтын, механикалық (соққы әсері), өрт және жарылысқа қауіптілік, радиациялық, химиялық, биологиялық, термиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіптілік түрлері келтірілген.
Қауіптіліктердің ескерілген түрлеріне қатысты құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары осы Техникалық регламентке 2-қосымшада берілген.
5. Механикалық қауіпсіздік талаптары
13. Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларын (құрама) өндіру, тасымалдау және сақтау, құрылыста және азаматтардың тұрмыстық мұқтаждары, кәдеге жарату үшін (өмірлік циклдің барлық кезеңдері) пайдалану кезінде олардан шығуы мүмкін механикалық (соққы) әсерінен қорғау үшін қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін мынадай талаптар орындалуы тиіс:
1) жеке құрылыс бұйымдары немесе құрама құрастырмалары, сондай-ақ оларды қаттап жинау кезінде қатарларының аударылу, құлау немесе бұзылу қаупінсіз пайдалануды қамтамасыз ете отырып, қарастырылған жұмыс жағдайларында тұрақты болуы тиіс;
2) құрылыс объектілерінде құрылыс бұйымдары мен құрама құрастырмаларды пайдалану кезінде жобалық ережеде белгіленген орнына жылжытылатын құрылыс бұйымдары мен құрастырмаларынан пайда болған қауіптерден қызметкерлерді қорғау үшін қорғау қоршаулары мен аспалары (күнқағарлар) қолданылуы тиіс;
3) жобалық күйге орнатылу кезінде құрылыс бұйымдары мен құрама құрастырмаларының, сондай-ақ қаттап жинау кезінде қатарларының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тиісті бекітпелерді қолдану қарастырылуы қажет.
14. Құрылыс материалдарының, бұйымдары және құрастырмаларының сипаттамаларына (қасиеттеріне) қатысты механикалық (соққы) әсерден қауіпсіздік талаптары осы Техникалық регламентке 3-қосымшада белгіленген.
6. Өрт және жарылыс қауіпсіздігі талаптары
15. Құрамында жанатын сұйықтықтар немесе қатты заттар бар құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өрт қауіпсіздігі және жарылыс қауіпсіздігі олардың физикалық-химиялық қасиеттеріне және параметрлеріне байланысты өрттің және (немесе) жарылыстың туындау және (немесе) даму мүмкіндігімен анықталады.
16. Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өмірлік циклінің барлық кезеңдеріндегі олардың өрт қауіпсіздігін және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және өрт қауіпсіздігі саласындағы басқа нормативтік құжаттарда белгіленген талаптар орындалуы тиіс.
17. Өрт-жарылысқа қауіпті құрылыс материалдарын дайындау кезінде қалыпты жағдайларда жарылысқа қауіпті қоспалар түзетін химиялық заттарды қолдануға рұқсат етілмейді.
18. Өрт-жарылыс қауіпті құрылыс материалдарымен жұмыс істеу кезінде өрт пен жарылыс туатын жағдайлардың алдын алатын шаралар қарастырылуы тиіс:
1) әрлеу жұмыстарын жасауда пайдаланылатын, бір-бірімен өзара әрекеттесу кезінде тұтанатын, жарылыс туатын немесе жанғыш газдар түзетін құрылыс материалдарын бірге қолдануға, сақтауға және тасымалдауға рұқсат етілмейді;
2) тұтынушы құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өрт-жарылысына қауіптілігі туралы ескертіледі;
3) оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтар және өрт қауіпсіздігі ережелерінің жалпы талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуы тиіс.
19. Өрт-жарылысқа қауіпті құрылыс материалдарын пайдалану кезінде өрт және жарылыс қаупін азайту үшін осы қауіптерді барынша азайтатын не жоятын шаралар қарастырылуы тиіс.
20. Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін отандық және импорттық құрылыс материалдары мен құрастырмалары нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігіне квалификациялануы тиіс.
Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларының сипаттамаларына (қасиеттеріне) қатысты өрт қауіпсіздігі және жарылыс қауіпсіздігі талаптары осы Техникалық регламентке 4 және 5-қосымшада белгіленген.
7. Химиялық қауіпсіздік талаптары
21. Айналымға жіберілу сатысындағы құрылыс материалдары мен бұйымдарының химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қауіпсіздіктің қажетті деңгейін белгілейтін мынадай талаптар орындалуға тиіс:
1) айналымда жүрген кезде құрылыс материалдары мен бұйымдары қауіпсіздік шараларын сақтаған жағдайда адамға және қоршаған ортаға зиянды әсер етпеуі тиіс;
2) адамға және қоршаған ортаға химиялық әсер ету мүмкіндігі бар, оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ құрылыс материалдары мен бұйымдарын айналымға жіберуге рұқсат етілмейді;
3) құрылыс материалдары мен бұйымдарында адам ағзасына тікелей немесе жанама әсер ете алатын мөлшерде зиянды заттар (барлық бөлінетін заттардың бірлескен іс-әрекетін ескере отырып) болмауы және олар қоршаған ортаға бөлінбеуі тиіс.
22. Лак-бояу материалдарын сыртқы және ішкі жұмыстар үшін құрылыста қолдану кезінде олардың құрамында болатын ұшпа органикалық қосылыстардың ең үлкен рұқсат етілетін мөлшері нормативтік талаптарға сәйкес келуге тиіс.
23. Әрекетті жинақтау әсері бар зиянды химиялық заттар үшін ШРК-де олардың концентрацияларының ауытқу сомасы шекті белгіленген мәндерден аспауы тиіс.
24. Зиянды заттардың концентрациясы жұмыс аймағы ауасындағы және елді мекендердің атмосфералық ауасындағы ұшпа органикалық қосылыстардың ШРК нормативтік мәндерінен аспауға тиіс.
25. Жұмыс аймағының ауасындағы және елді мекендердің атмосфералық ауасындағы, шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану нысандарының суындағы негізгі ұшпа органикалық қосылыстардың гигиеналық нормативтері Қазақстан Республикасының қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық нормативтеріне сәйкес болуы тиіс.
26. Құрылыс материалдары мен бұйымдарының сипаттамаларына (қасиеттеріне) қатысты химиялық қауіпсіздік талаптары осы Техникалық регламентке 4 және 5-қосымшада келтірілген.
8. Радиациялық қауіпсіздік талаптары
27. Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өмірлік циклінің барлық кезеңдеріндегі олардың радиациялық қауіпсіздігі «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды орындау жолымен қамтамасыз етілуі тиіс.
28. Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары адам ағзасына кері әсер етуі мүмкін шектік рұқсат етілетін мәндерден асатын қоршаған ортаға радиоактивті сәулелендіру көзі болмауы тиіс.
29. Кен орындарында өндірілетін немесе өнеркәсіптің жанама өнімі болып табылатын құрылыс материалдары мен бұйымдарындағы (қиыршық тас, ірі құм, құм, кесек және арналған тас, цемент және кірпіш шикізаты және басқалары), сондай-ақ құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын дайындау үшін пайдаланылатын өнеркәсіптік өндіріс қалдықтарындағы табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігі мыналардан аспауға тиіс:
1) салынып және қайта құрылып жатқан тұрғын және қоғамдық ғимараттарда пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар үшін (І класс) - 370 Бк/кг;
2) елді мекендердің аумағындағы және перспективалы салу аймақтарындағы жол құрылысында, сондай-ақ өндірістік құрылыстарды салу кезінде пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар үшін (II класс) - 740 Бк/кг;
3) елді мекендерден тыс жерлерде жол құрылысында пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар үшін (III класс) - 1500 Бк/кг;
4) пайдалану туралы мәселесі Мемсанэпидқадағалаудың келісімімен шешілетін материалдар мен бұйымдар үшін (IV класс) - 1500-ден 4000 Бк/кг дейін.
30. Адамға және қоршаған ортаға радиациялық әсер ету мүмкіндігі бар, оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларын айналымға жіберуге тыйым салынады. Жоғарыда келтірілгендердің ішінен өнімнің сипаттамаларына (қасиеттеріне) қатысты құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларының радиациялық қауіпсіздігінің нақты нормативтері осы Техникалық регламентпен үйлестірілген стандарттарда белгіленеді.
31. Құрылыс материалдары мен бұйымдарының сипаттамаларына (қасиеттеріне) қатысты радиациялық қауіпсіздік талаптары осы Техникалық регламентке 6-қосымшада берілген.
9. Биологиялық қауіпсіздік талаптары
Бәрінен бұрын өнімнің сипаттамаларымен (қасиеттерімен) анықталатын (адамға және қоршаған ортаға кері әсер ететін микроағзалары болуы мүмкін органикалық құрамдас бөліктер), құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының биологиялық қауіпсіздігі «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының
Достарыңызбен бөлісу: |