«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1402 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
|
К. Мәсімов
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1402 қаулысымен бекітілген
«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 010000, Астана қаласы, Жирентаев көшесі, 1/1, 404-кабинет мекенжайы бойынша көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасы, «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) www.mtc.gov.kz, www.reginfo.kz интернет-ресурстарында орналастырылады, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы анықтамалық ақпаратты (87172) 55-29-77 (87172) 55-29-77 телефоны арқылы алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі депозитке салу объектісінің депозитарийде тіркелгені туралы анықтама беру (бұдан әрі - анықтама) болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері болып табылатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
тексеру нәтижесі оң болған жағдайда - мемлекеттік қызмет алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды;
депозитке беруге өтінімі тиісінше ресімделмеген не депозитке салуға ұсынылған материалдар толық болмаған жағдайда, депозитке беру өтінімі мен материалдар жиынтығының қайтарылуы - мемлекеттік қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он үш күннен аспайды;
2) қажетті құжаттарды тапсыруға кезекті күту үшін рұқсат етілген ең көп уақыт - жиырма минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызметті алушы өтініш жасаған күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсету (рұқсат етілген ең көп уақыт) - он бес минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің (бұдан әрі - Комитет) жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
10. Мемлекеттік қызмет алушыдан құжаттарды қабылдау Комитеттің үй-жайында жүзеге асырылады. Үй-жай пандустары бар кіреберістермен, күту залымен жабдықталған, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар мыналарды ұсынады:
1) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салуға арналған белгіленген нысандағы өтінім;
2) ілеспе хаттан бөлек бір конвертке (пакетке) екі данада (түпнұсқасы және көшірмесі) мына жиынтықта салынған электрондық тасығыштағы (компакт-дискілердегі) материалдар:
ақпараттық жүйенің мыналарды қамтитын атқарылатын бағдарламалық кодтары:
авторлық кұқықтармен қорғалғандардан басқа, ақпараттық жүйенің бастапқы бағдарламалық кодтары;
қолмен және автоматты түрдегі компиляциясы үшін қажетті қызметтік файлдар;
компиляция процесінің (әзірлеу ортасы мен оның нұсқасын көрсете отырып), депозитке салынатын бағдарламалық өнімді құрастыру үшін қажетті әзірлеу ортасын ретке келтіру ерекшеліктерінің сипаттамасы;
ақпараттық жүйелердің мыналарды қамтитын инсталляциялау пакеті:
депозитке салынатын бағдарламалық өнімді орнату бағдарламасының қалыптастырылған пакеттері;
депозитке салынатын бағдарламалық өнімнің бағдарламалық өнімді әзірлеушілер тікелей құрған, құрастырылған модульдері (құрауыштары), сондай-ақ басқа әзірлеушілердің құрастырылған модульдері (құрауыштары), депозитке салынатын бағдарламалық өнімді компиляциялау, орнату және оның толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті ретке келтіру мен жұмыс деректері бар файлдар;
қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызмет алушы айқындайтын қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету;
ақпараттық жүйенің аңдатпалық немесе жарнамалық сипаттамасы;
қатты қағаздан жасалған конвертке (пакетке) салынған және алдын ала тігілген қағаз тасығышта екі данадағы (түпнұсқасы мен көшірмесі), сондай-ақ бөлек конвертке (пакетке) салынған электронды түрдегі компакт-дискіде екі данадағы (түпнұсқасы мен көшірмесі) нормативтік-техникалық құжаттама мынадай жиынтықта ұсынылады:
депозитке салынатын бағдарламалық өнімнің ерекшелігі;
техникалық тапсырма (бағдарламалық өнімді дамытудың барлық кезендерінің);
формуляр (негізгі сипаттамалары, жинақтылық және депозитке салынатын бағдарламалық өнімді пайдалану туралы мәліметтер);
бағдарламалық өнімнің сипаттамасы (жұмыстың және өзара әрекет схемалары мен диаграммаларымен қоса алғанда, бағдарламалық өнімнің логикалық құрылымы мен жұмыс істеуі туралы мәліметтер);
түсіндірме жазба (алгоритм схемасы, бағдарламалық өнім алгоритмінің және (немесе) жұмыс істеуінің жалпы сипаттамасы, сондай-ақ қабылданған техникалық және техникалық-экономикалық шешімдердің негіздемесі);
қолданылу сипаттамасы (бағдарламалық өнімнің мақсаты, қолданылу саласы, қолданылатын әдістер, шешілетін міндеттердің сыныбы, қолдану үшін шектеулер, техникалық құралдардың ең төменгі кескіні туралы мәліметтер);
орнату жөніндегі басшылығы;
әкімшілік басшылығы;
пайдаланушының басшылығы;
техникалық тапсырма бойынша талап етілетін өзге де құжаттар;
3) мемлекеттік қызмет алушының қалауы бойынша басқа да бағдарламалық құралдар мен құжаттар.
12. Өтінім нысандары мен оларды толтыру бойынша түсіндірмелер www.mtc.gov.kz, www.reginfo.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
13. Құжаттарды қабылдауды: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А746 кабинет, телефон: (87172) 74-03-64 (87172) 74-03-64 мекенжайы бойынша Комитеттің кеңсесі жүзеге асырады.
14. Ілеспе хаттың көшірмесіндегі белгі және оны алу күнінің көрсетілуі мемлекеттік қызмет алушының оны алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайды.
15. Мемлекеттік қызмет алушыға куәлікті немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты жеткізу пошта арқылы немесе қолма-қол жүзеге асырылады.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін депозитке салуға берілген өтінімнің тиісті ресімделмеуі және/немесе ұсынылған құжаттардың толық еместігі негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаты
17. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі Комитеттің әрекеттері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын, жүктелген функцияларды орындау кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және сыпайылылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Комитеттің мемлекеттік қызмет көрсетуінің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ шағымды дайындауға көмекті № А 757 кабинет, (87172) 74-06-85 (87172) 74-06-85 телефоны, kci@mtc.gov.kz мекенжайы бойынша Комитеттің лауазымды тұлғасынан алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы шағымды Комитет Төрағасының атына: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А729 кабинет, (87172) 74-03-24 (87172) 74-03-24 қабылдау бөлмесі телефоны, kci@mtc.gov.kz мекенжайы бойынша жолдайды.
Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дұрыс қызмет көрсетілмеу мәселелері бойынша шағымды мемлекеттік қызметті алушы:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «сенім телефонына» (87172) 24-29-09 (87172) 24-29-09;
2) www.mtc.gov.kz интернет-ресурсының «сенім беті» бөліміне;
3) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсының «Көлік және коммуникация министрінің блогы» беті).
Жазбаша шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кеңсесіне: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық пошта мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, телефон: (87172) 24-13-12 (87172) 24-13-12 мекенжайы бойынша беріледі.
Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда, екі данада ресімделеді.
25. Шағымның екінші данасында берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны, сондай-ақ шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректерінің көрсетілуі шағымның қабылданғанын растайды.
26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты www.mtc.gov.kz немесе www.reginfo.kz интернет-ресурстарынан және (87172) 74-06-85 (87172) 74-06-85 телефоны арқылы алуға болады.
«Ақпараттық жүйелерді,
бағдарламалық өнімдерді,
бағдарламалық кодтарды және
нормативтік-техникалық құжаттаманы
депозитке салу»
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні
|
Есепті жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылылығы
|
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап қызметтерді белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының % (үлесі)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызметтерді көрсету процесінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
3. Қолжетімділігі
|
3.1. Қызметтердің көрсету сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің % (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану процесі
|
4.1. Осы қызмет түрлері бойынша қызмет көрсетілген мемлекеттік қызмет алушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)
|
|
|
|
5. Сыпайылығы
|
5.1.Персоналдың сыпайлылығына қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |