«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 маусымдағы №782 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 520-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 маусымдағы №782 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы №1137 қаулысымен бекітілген
Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану,
жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) мыналардың болуын қамтитын жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық база:
технологиялық желі;
сынақ зертханасы;
мамандандырылған өндірістік ғимарат;
арнайы жабдықталған қойма;
жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;
2) уларды дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық регламент;
3) мыналарды:
жабдықтарды, механизмдерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтер;
4) тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамы;
5) күзет қызметіне арналған лицензия немесе өндірістік-техникалық базаны күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
6) арнайы қорғаныш киімі, жеке қорғаныш құралдары;
7) ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын жүргізу кезінде ықтимал аварияларды жою жоспары;
8) ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулық.
2. Уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) мыналардың болуын қамтитын жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық база:
сынақ зертханасы;
арнайы өндірістік ғимарат;
өндірістің техникалық жобасына сәйкес уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма (үй-жай) немесе мамандандырылған сыйымдылық;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;
3) мыналарды:
жабдықтарды, механизмдерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтер;
3) тиісті арнайы білімі мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жүмысшы персоналдың білікті құрамы;
4) күзет қызметіне арналған лицензия немесе күзетуге өндірістік-техникалық базаның иесі мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы шарттың көшірмесі;
5) арнайы қорғаныш киімі, жеке қорғаныш құралдары;
6) ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын жүргізу кезінде ықтимал аварияларды жою жоспары;
7) ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулық.
3. Уларды сатып алу, сақтау, өткізу жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
1) жеке меншік құқығында уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма;
2) мыналарды:
еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтер;
3) тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органда аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамы;
4) күзет қызметіне арналған лицензия немесе арнайы жабдықталған қойманы күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;
5) арнайы қорғаныш киімінің, жеке қорғаныш құралдары;
6) ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулық.
Достарыңызбен бөлісу: |