Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №406 қаулысы Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларын бекіту туралы



Дата05.07.2016
өлшемі60.81 Kb.
#179172
Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 30 наурыздағы № 406 қаулысы

Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларын бекіту туралы

«Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген




Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталықтары) (бұдан әрi – Жасөспірімдер үйi) туралы үлгі қағидалары «Отбасы үлгiсіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 22-бабына сәйкес әзiрленді және меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жасөспірімдер үйлері қызметінің тәртібін айқындайды.

2. Жасөспірімдер үйi қоғамда жүріп-тұру нормалары мен қағидаларын қабылдауға және сақтауға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған балалар ауылдары тәрбиеленушілерінің және балалар үйлері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат түлектерінің (бұдан әрі – әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдар) әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсету мақсатында құрылады.

3. Балалар ауылының, балалар үйiнің, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың теңгеріміндегі жатақхана немесе пәтерлер Жасөспірімдер үйiн білдіреді.

Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен Жасөспiрiмдер үйi мемлекеттiк мекеме нысанындағы дербес заңды тұлға ретiнде құрылады және жұмыс істейді.

4. Жасөспірімдер үйi әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдардың тәрбиеленуіне, білім алуына, мамандық таңдауына көмек көрсетуге және дербес өмірге дайындалуына жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

5. Жасөспірімдер үйi балалар ауылының, балалар үйінің, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшілігімен, қорғаншылық және қамқоршылық, білім беру органдарымен, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтiк қорғау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспiрiмдер үйі қорғаншылық және қамқоршылық, білім беру органдарымен, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтiк қорғау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

6. Жасөспірімдер үйiн басқаруды балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшiлiгi балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкімшiлiгiнің ұсынуы бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Жасөспірімдер үйiнiң директорымен бiрлесiп жүзеге асырады. Балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың әкімшiлiгi мен Жасөспірімдер үйі директорының өзара iс-қимылы Жарғымен айқындалады.

Дербес тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспiрiмдер үйін басқаруды құрылтайшы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын Жасөспірімдер үйінің директоры жүзеге асырады.
2. Әлеуметтiк бейiмделуден өтіп жатқан адамдарды қабылдау тәртiбi
7. Балалар ауылы, балалар үйi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкiмшiлiгiнiң шешiмi негiзiнде Жасөспiрiмдер үйiнде, сондай-ақ дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балалар ауылдарының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерiнiң, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерi әлеуметтiк бейiмделуден өтеді.

8. Жасөспірімдер үйiне түсуге тілек білдірген балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері мына құжаттарды:

1) өтiнiшті;

2) облыстардың, Астана мен Алматы қалалары бiлiм басқармаларының жолдамасын;

3) жеке куәлiктің түпнұсқасын және көшірмесін (құжаттың түпнұсқасы көшірмесімен салыстырып тексеруден кейін әлеуметтiк бейiмделуден өтіп жатқан тұлғаға қайтарылады);

4) денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;

5) ата-аналары туралы мәлiметті (ата-анасының қайтыс болуы, ата-ана құқықтарының шектелуi немесе олардан айрылуы, ата-анасының хабар-ошарсыз кетті деп танылуы, олардың қайтыс болды деп жариялануы, әрекетке қабiлетсiз, әpeкeтке қабiлетi шектеулi деп танылуы, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi, ата-анасының іздестірілуі, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруы, оның iшiнде ата-анасының өз баласын стационарлық үлгідегі тәрбиелеу, емдеу және медициналық-әлеуметтік мекемесiнен алудан бас тартуы, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған өзге де жағдайлар);

6) жақын туысқандарының (аса жақын және жақын аға-iнiлерiнің және апа-сiңлілерiнiң, атасының, әжесінің) болуы туралы анықтаманы;

7) оқу немесе жұмыс орнынан анықтаманы ұсынады.

9. Балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат жанындағы Жасөспірімдер үйіне қабылдау аталған ұйым басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйіне қабылдау Жасөспірімдер үйі директорының бұйрығымен жүргізіледі.

10. Түлекті (тәрбиеленушіні) әлеуметтiк бейiмделуден өту үшiн қабылдау кезінде Жасөспірімдер үйiнiң әкімшiлiгi оны Жасөспірімдер үйінде тұру ережелерімен, оның құқықтарымен және мiндеттерiмен таныстырады.

11. Балалар ауылының, балалар үйінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың жанындағы Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдардың мүдделерін осы ұйымдардың әкімшілігі білдіреді және қорғайды.

Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде әлеуметтiк бейiмделуден өтіп жатқан он алты жастан он сегiз жасқа дейiнгi адамдардың мүдделерiн Жасөспірімдер үйінің әкiмшiлiгi бiлдiредi және қорғайды.

12. Әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан он алты жастан он сегiз жасқа дейiнгi адамдар өз табысына, стипендиясына, жәрдемақыларына, өзге де әлеуметтік төлемдерге және өздерi жасаған зияткерлік меншiк құқығы объектiлерiне дербес иелік етеді, сондай-ақ ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасайды.

13. Жеткiлiктi негiздер болған кезде қорғаншылық және қамқоршылық органы әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан кәмелетке толмаған адамдардың өз табысына, стипендиясына, жәрдемақыларына, өзге де әлеуметтік төлемдеріне және өздерi жасаған зияткерлік меншiк құқығы объектiлерiне өз бетінше иелік ету құқығын шектейді немесе одан айырады.

14. Әлеуметтiк бейiмделуден өтіп жатқан адамдардың құқықтары мен мiндеттері балалар ауылының әкімшілігі, балалар үйі және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат пен түлек (тәрбиеленуші) арасында жасалған Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шарт негiзiнде айқындалады.

Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан адамдардың құқықтары мен мiндеттерi Жасөспірімдер үйінің әкімшілігі мен түлек (тәрбиеленуші) арасында жасалған Жасөспірімдер үйінде бағып-күту туралы шарт негiзiнде айқындалады.



15. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шартты бұзу әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның Жасөспiрiмдер үйi жатақханасындағы орынға құқығын тоқтатады.

_________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет