Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 және «Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 1 тамыздағы № 886 қаулыларына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №1560 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
1) «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 564-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Бір облыс ішіндегі қалааралық және ауданаралық қатынастар бойынша жергілікті бюджеттен субсидияларды төлеу төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.»;
19-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) осы тармақтың 1), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда қамтылған көрсеткіштер есебін түсіндіретін есепке түсіндірме жазба.»;
2) «Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 886 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 688-қүжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Залалдары бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасында:
10-тармақта:
1) тармақша алынып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тасымалдаушының магистральдық темір жол желісі операторының, локомотивтік тартымның және вагондарды жалға алу, жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтау және оған техникалық қызмет көрсету, үй-жайларды жалға алу жөніндегі қызметтерді ұсыну мен вокзалдарда 12 айда (конкурсты өткізу немесе Шартты ұзарту күнінің алдындағы айдың бірі күніне) анықтамалық-ақпараттық қызметтер ұсыну бойынша басқа да темір жол ұйымдарының алдында берешегінің болмауы.»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) тасымалдаушының мәлімделген бағытта көзделген жылдық субсидиялардың көлемінен кемінде 5 % құрайтын меншікті ақшалай және негізгі қаражатының болуы.»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) таңдалған әлеуметтік мәні бар қатынасты дамытуды қамтамасыз ету, сервистік қызметтердің сапасын арттыру, қызметкерлер штатының біліктілігін арттыру жөніндегі, жыл сайынғы меншікті вагондар паркін толықтыру үшін вагондарды сатып алу іс-шаралар жоспары.»;
19-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте Шартты бұзған жағдайда, тасымалдаушыға шарттық міндеттемелерді орындау кезеңіне және көлеміне бара бар сомасы төленеді.»;
29-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әлеуетті тасымалдаушы осы Қағиданың 43-тармағының талабын орындамаса;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) тендерге қатысуға жіберілген әлеуетті тасымалдаушы тендерлік өтінімге демпингтік баға қолданса (тасымалдаушылар мәлімдеген субсидиялар сомасы бағытқа уәкілетті орган белгілеген субсидиялар көлемінен 10 %-ға аз соманы құрайды) өтінімді қайтарады.»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Егер қайта тендердің нәтижелері бойынша жеңімпаз анықталмаса, онда осы бағытта бұрын қызмет еткен қызметкерлерді (жолсеріктер және пойыз бастықтары) жұмысқа орналастырып, тиісті жылға бөлінген субсидиялар сомасынан аспайтын сома шегінде жолаушыларды, багажды, жүк багажын және пошта жөнелтілімдерін ұлттық тасымалдаушымен шарт жасасуға рұқсат етіледі.»;
7-қосымшада:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің атынан бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ереженің негізінде іс-қимыл жасайтын
____________________________
бір жағынан және Жарғының негізінде іс-қимыл жасайтын, ________________________________________________________________атынан
(ұйымның-тендердің жеңімпазының толық атауы)
бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын басшысы __________________атынан, (тегі, аты, әкесінің аты)
екінші жағынан шығындары республикалық бюджеттен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы 201_жылғы «___»______№_____ хаттаманың негізінде төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.» ;
2.4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2.4. Форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда, егер Орындаушы Шартта көзделген мерзімдерде қызметтерді ұсына алмаса, сондай-ақ Орындаушының бастамасы бойынша Шарт бұзылса, Тапсырыс беруші Шарт бағасынан тиісті бағыт шартының жалпы сомасының 20% мөлшеріндегі соманы тұрақсыздық айыбы ретінде шегереді.»;
2.6-тармақ алынып тасталсын;
2.7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2.7 Көліктік бақылау органдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасында анықталған билетсіз жолаушыларды тасымалдау және/немесе жүкті және жүк-багажын тасымалдау шартын бұзу фактілері анықтаған жағдайда, тапсырыс беруші орындаушыға тексеру актісін ұсынған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде орындаушы әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау туралы тиісті жылға арналған шартта тиісті бағыт үшін көрсетілген субсидиялау сомасынан пайыздық арақатынаста шарттық санкцияларды төлеуге міндеттенеді:
1) 10 билетсіз жолаушыға дейін және/немесе Қағидада айқындалған багажды және жүк-багажды тасымалдау талаптары бұзылуының (бұдан әрі – Қағиданы бұзу) 5 фактісіне дейін – 0,01%;
2) 20 билетсіз жолаушыға дейін және/немесе Қағиданы бұзудың 10 фактісіне дейін – 0,02%;
3) 40 билетсіз жолаушыға дейін және/немесе Қағиданы бұзудың 20 фактісіне дейін – 0,03%;
4) 40-тан астам билетсіз жолаушыға дейін және/немесе Қағиданы бұзудың 20-дан астам фактісіне дейін – 0,05%.»;
3.2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«есепке түсіндірме жазба.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұсынылған құжаттардағы ақпараттың дұрыстығына тасымалдаушы жауапты болады.»;
3.4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3.4 Субсидиялардың келесі төлемдерін Тапсырыс беруші жүзеге асырылған және расталған тасымалдар бойынша төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын жүзеге асырады. Төленген аванстық төлемді ұстап қалу желтоқсан айында жүргізіледі.»;
4.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4.2. Орындаушы Шарттың пойыздардың құрамдылығы және пойыздар қозғалысының кестесіне сәйкес кезеңділігі, тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондардың саны бөлігіндегі талаптарды орындамаған жағдайда Тапсырыс беруші (жыл соңында тиісті ай үшін) жыл бойы орындалмаған тасымалдар көлеміне бара бар соманы субсидия төлемдерінен ұстап қалуды қамтамасыз етеді.»
4.5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4.5. Орындаушы осы Шарттың 3.2-тармағына сәйкес белгіленген мерзімде Шарт талаптарын орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші жылдың қорытындылары бойынша 1/n Шарт сомасынан 0,1 % мөлшерінде әр өткізілген күн үшін тұрақсыздық айыппұлы ретінде ұстап қалуды қамтамасыз етеді, мұнда n – тиісті жылға Шарт бойынша айлардың саны.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ
Достарыңызбен бөлісу: |