ЖОБА
Облыстық коммуналдық мүлікті
мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруде
жалға алу ақысының мөлшерін
есептеу қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып және «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 13 ақпандағы №88 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруде жалға алу ақысының мөлшерін есептеу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Ж.Шапкеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н.Ноғаев
2014 жылғы «___»________№ ___ Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілді
Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруде
жалға алу ақысының мөлшерін есептеу қағидасы
1.Осы облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруде жалға алу ақысының мөлшерін есептеу қағидасы 2014 жылғы 13 ақпандағы №88 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Ережесінің 50 тармағына сәйкес әзірленді және облыстық коммуналдық мүлікті жалдауға (жалға алуға) беруде жалға алу ақысының мөлшерін есептеу тәртібін анықтайды.
2. Жыл сайынғы Ж баз.т. объектінің жалпы алаңның жылына 1 шаршы метріне базалық жалдау ақысы ставкасын есептеуы тиісті жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішіне сай келтіріліп, коммуналдық заңды тұлғалар теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын үй қоры емес объектілерін жалдауға (жалға алуға) беру ақысының мөлшерлемесін анықтау.
Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңының жылына объектінің жалпы алаңының 1 шаршы метрін (Ж баз.т.) есептеу үшін тиісті жылға 1,5 айлық есептеу көрсеткішіне тең, жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі белгіленді.
Облыстық коммуналдық заңды тұлғалар теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын үй қоры емес объектілер және құрылыстардың жылдық жалдау ақысы мөлшерлемесі әр нақты объекті үшін, объектінің аумақтық орналасуына, салудың түріне, объектінің түріне, объектінің техникалық жағдайы және ондағы инженерлік-коммуникациялардың бар болуына, мөлшерлемесімен және базалық қолданалатын коэффициент мөлшері негізінде, Жалдаушының объектіні пайдалануы және Жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына сәйкес анықталады.
Объектіні бір айға пайдаланудың жалдау ақысының ең төменгі мөлшері 1,5 айлық есептеу көрсеткіші мөлшерінен кем болмауы керек.
Мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін мемлекеттік тұрғын үй қоры емес объектілермен құрылыстардың (Жал) жылдық жалдау ақысының есептеу формуласы келесі түрде беріледі:
Жал = Ж баз.т.х К1 х Кс х К2 х К3 х К4 х Кұқн х S, ондағы
Ж баз.т.- тиісті жылына белгіленген 1,5 айлық есептеу көрсеткішіне теңгемен тең объектінің жалпы алаңының 1 шаршы метрі үшін жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;
К1 – объектінің аумақтық орналасуын ескеретін коэффициенті;
Кс – салыну түрін ескеретін коэффициент;
К2 – объектінің түрін ескеретін коэффициент;
К3 – объектінің техникалық жағдайын және ондағы инженерлік коммуникациялардың бар болуын ескеретін коэффициент;
К4 - жалдаушының объектіні пайдалануын ескеретін коэффициент;
Кұқн – жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент;
S – жалданатын объектінің жалпы алаңы, шаршы метр.
Коэффициенттер түрлері:
Объектінің аумақтық орналасуын ескеретін
коэффициенттің мәні, «К1»
№
|
Объектінің аумақтық орналасуы
|
К1
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Орал қаласы аумағы,1.1. тармағын қоспағанда
|
2,0
|
1.1
2
|
Орал қаласының қалған басқа аумақтары: Зашаған кенті, Деркөл кенті, Круглоозерное ауылы, Серебряково ауылы, Желаев ауылы, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ауданы, «Курени», Ет комбинаты, Сады
Ақсай қаласы аумағы
|
1,5
1,7
|
3
|
аудандық орталық
|
1,5
|
4
|
кент, село (ауыл)
|
1,0
|
|
|
|
Салыну түрін ескеретін коэффициенттің мәні, «Кс»
№
|
Салыну түрі
|
Кс
|
1
|
2
|
3
|
1
|
кеңселік
|
1,0
|
2
3
4
5
|
өндірістік
спорт құрылыстары (стадиондар, спортзалдары)
қойма, гараж, қазандық
электрмен жабдықтау системаның құрылыстары
(жарықтандыру желілерінің тіректері)
|
0,8
0,7
0,6
2,0
|
Объектінің түрін ескеретін коэффициенттің мәні, «К2»
№
|
Объектінің түрі
|
К2
|
1
|
2
|
3
|
1
|
бөлек тұрған құрылыс
|
1,0
|
2
|
жер үсті қабаттарында орналасқан іргелес-жапсарлас салынған үй-жай, қосалқы үй-жай;
-3-тармағын қоспағанда ғимараттың ішіндегі үй-жай бөлігі
|
0,9
|
3
4
|
астыңғы қабат (жартылай жертөле), жертөлелік үй-жай
электрмен жабдықтау системаның құрылыстары (жарықтандыру желілерінің тіректері)
|
0,7
1,0
|
Объектінің техникалық жағдайын және ондағы инженерлік коммуникациялардың бар болуын ескеретін коэффициенттің мәні, «К3»
№
|
Объектінің техникалық жағдайы және ондағы инженерлік коммуникациялардың бар болуы
|
К3
|
1
|
2
|
3
|
1
|
жақсы жабдықталған (барлық коммуникациялық жағдайлары бар болған кезде)
|
1,0
|
2
3
4
|
инженерлік коммуникацияларсыз (сумен жабдықтау, кәріз жүйесі болмаған жағдайда), бірақ электр және жылу жүйелері болған жағдайда
инженерлік коммуникацияларсыз
электрмен жабдықтау системаның құрылыстары үшін (жарықтандыру желілерінің тіректері)
|
0,9
0,8
1,0
|
|
|
|
Жалдаушының объектіні пайдалануын ескеретін коэффициенттің мәні, «К4»
№
|
Жалдаушының объектіні пайдалануы
|
К4
|
1
|
2
|
3
|
1
|
брокерлік қызмет және кедендік қызмет көрсету үшін, сақтандыру қызметі, инвестициялық компаниялармен, нотариалдық, адвокат кеңселерімен, бағалы қағаздар нарығымен байланысты айырбастау пункттері мен ұйымдар
|
3,0
|
2
|
қоғамдық тамақтандыру, сауда, конақ үй қызметін көрсетуді ұйымдастыру үшін
|
2,5
|
3
|
банктердің есептік-кассалық орталықтары, халыққа қызмет көрсететін «Қазпошта» АҚ үшін
|
2,0
|
4
|
-ғылым және жоғары білім беру
-орта арнаулы, кәсіптік білім беру
-орта білім беру
-мектепке дейінгі білім беру, қосымша білім беру салаларында қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін
|
1,1
1,0
0,9
0,85
|
5
|
денсаулық, спорт және мәдениет салаларында қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін
|
0,9
|
6
|
қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру үшін:
|
|
6.1
6.2
6.3
|
кіруге шектеу қойылған коммуналдық мемлекеттік мекемелер ғимараттарында
жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы білім беру
мекемелерінде:
асханалар заңды тұлғалар үшін
жеке тұлғалар үшін
буфеттер заңды тұлғалар үшін
жеке тұлғалар үшін
өзге де қызмет түрлері
асханалар
буфеттер
|
0,5
0,55
0,45
0,75
0,65
0,6
0,75
|
7
8
|
халыққа қызмет көрсету (шаштараз, фотосурет, химиялық тазалау, кір жуу, киім, аяқ киім тігу және жөндеу, электр, радио, телеаппаратураларды және ұйымдастыру техникасын жөндеу), тұтыну тауарларын, өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдерді және қызметтерді өндіру, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеу
1-7 тармақтарында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда қызмет түрлері үшін
|
0,6
1,9
|
|
|
|
Жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін
коэффициенттің мәні, «Кұқн»
№
|
Жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны
|
Кұқн
|
1
|
2
|
3
|
1
2
|
қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар үшін, коммерциялық емес ұйымдар
мемлекеттік акциялар пакеті (қатысу үлесі) бар акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін
|
0,5
0,8
|
3
|
Шаруашылық серіктестіктер, өндірістік кооперативтер шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлға құрмаған жеке кәсіпкерлер үшін (сауда (делдалдық) қызметті қоспағанда өндіріс қызметін ұйымдастыратын және халыққа қызмет көрсету салаларын дамытуды ұйымдастыру үшін)
|
0,9
|
4
|
1-3 тармақтарында көрсетілген Жалдаушының ұйымдастырушылық - құқықтық нысандарын қоспағанда ұйымдастырушылық - құқықтық нысандары үшін
|
1,0
|
|
|
|
|
|
|
3.Облыстық коммуналдық мүлік болып табылатын құрал-жабдықтар, көлік құралдар және тағы да басқа жылжымайтын мүліктер (заттар) мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылының жалдау ақысын есептеуы келесі формуламен жүргізіледі:
Жал = Ққ х Пм, ондағы
Жал – бір жылға құрал-жабдықтарды, көлік құралдарымен тағы да басқа жылжымайтын мүліктерді (заттар) мүліктік жалдауға(жалға алуға) берудің төлем сомасы (теңгемен);
Ққ – мүліктік жалдауға(жалға алуға) беруде бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша тозығын есептеуді есепке алғандағы құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және тағы да басқа жылжымайтын мүліктердің (заттардың) қалдық құны, (теңгемен);
Пм – жылдық есеппен Жалдаушының (салалар бойынша) қызмет түріне қарай құрал-жабдықтарын, көлік құралдарын және тағы да басқа жылжымайтын мүліктерін (заттарын) мүліктік жалдауға(жалға алуға) беру үшін пайыздық мөлшерлемесі,(%).
100 пайыз тозығы есептелген құрал-жабдықтар, көлік құралдар және тағы да басқа жылжымайтын мүліктер (заттар) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде бастапқы (қалпына келтірілген) құнынан санағанда қалдық құны 10 пайыз мөлшерінде қабылданады.
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін Пм коэффициент мәні
№
|
Жалдаушының қызмет түрлері (салалар бойынша)
|
Пм, (%)
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Тұрмыстық қызмет көрсету, коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тамақтандыру (асхана, буфет), тамақ өнімдерін өндіру, халыққа медициналық, емдеу-сауықтыру қызметтерін көрсету, білім беру, спорт, мәдени- ағарту қызметі
|
28
|
2
|
Тұтыну тауарларын өндіру, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер мен қызметтер, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, ауыл шаруашылығы, құрылыс, ақпараттық - есептеу және ұйымдастыру техникасы, байланыс
|
33
|
3
|
Көтерме - бөлшек және комиссиялық сауда, қоғамдық тамақтандыру (мейрамхана, кафе,бар)
|
38
|
4
|
1-3 тармақтарында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда қызмет түрлері үшін
|
38
|
4. Облыстық коммуналдық мүліктер болып табылатын мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерімен құрылыстар, сонымен қатар құрал-жабдықтар, көлік құралдар және тағы да басқа жылжымайтын мүліктер (заттар) сағат бойынша мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеуы келесі формула бойынша есептеледі:
Жс = Жал /12/К/24, ондағы
Жс - мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін мемлекеттік тұрғын үй емес қорының объектілерімен құрылыстар, сонымен қатар құрал-жабдықтар, көлік құралдар және тағы да басқа жылжымайтын мүліктер (заттар) бір сағатқа, теңгемен, жалдау ақысы мөлшері;
Жал - мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерімен құрылыстар, сонымен қатар құрал-жабдықтар, көлік құралдар және тағы да басқа жылжымайтын мүліктер (заттар) мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілген кезде жылына жалдау ақысы теңгемен;
К – объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) берген кезіндегі айдын ішіндегі жүзеге асырылатын күндер саны.
Достарыңызбен бөлісу: |