Источник: ИС ПАРАГРАФ, 09.01.2015 11:08:22
Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 713 Қаулысы
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
|
С. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 713 қаулысымен
бекітілген
Электр энергиясын пайдалану
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электр энергиясын пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясын пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар:
1) баланстық тиесілік - энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі электр желісінің учаскесі;
2) баланстық тиесілік шекарасы - оның баланстық тиесілігіне сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушы арасындағы электр желісінің бөліну нүктесі (сызығы);
3) тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекарасы - энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылар арасындағы тараптардың пайдалану жауапкершілігін айқындайтын электр желісінің бөліну нүктесі (сызығы);
4) электрмен жабдықтау шарты - оған сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға қосылған электр желісі арқылы энергия беруге міндеттенетін, ал тұтынушы қабылданған электр энергиясын төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартпен көзделген режимін сақтауға, оның қарамағындағы электрлік желілерді пайдалану қауіпсіздігі мен олар пайдаланатын аспаптар мен электр энергиясын тұтынумен байланысты жабдықтардың дұрыстығын қамтамасыз етуге міндеттенетін келісім;
5) шарттық қуат - тұтынушының энергиямен жабдықтаушы ұйыммен келісілген бір сағат ішінде пайдаланатын электр энергиясының орташа мөлшері;
6) төлем құжаты - оның негізінде тұтынушы төлем жүргізетін құжат (есеп, хабарландыру, түбіртек, есеп-ескерту);
7) пломбалау - электр техникалық жабдығына рұқсатсыз түсуіне бөгет жасайтын және егер де осындай құрылғыны рұқсатсыз ашу болған жағдайда араласу фактісін көзбен шолуға мүмкіндік беретін бір рет қолданылатын механикалық құрал қондырғысы;
8) тұтынушы - шарт негізінде электр энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
9) коммерциялық есепке алу аспабы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған техникалық құрылғы;
10) коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау - коммерциялық есепке алу аспабын қосу схемасын тексеру және пломбалау;
11) электр энергиясын қабылдағыш (электр қабылдағыш) - электр энергиясын энергияның басқа түріне өзгертуге арналған аппарат, агрегат, механизм;
12) тұтынушының электр қондырғыларының қосылған қуаты - электр желісіне қосылған тұтынушының электр қабылдағыштарының жалпы қуаты;
13) коммерциялық есепке алу схемасын тексеру - корпустың пломбаларының, бекітпелерінің, опырылып қалуларының және өлшеу аспаптарын пайдаланумен коммерциялық есепке алу аспаптарын қосу схемасын көзбен шолып қарау;
14) есептік кезең - тұтынылған электр энергиясы есепке алынуы және тұтынушыға төлеу үшін ұсынылуға тиіс электрмен жабдықтау шартымен айқындалатын уақыт кезеңі;
15) қосалқы тұтынушы - тұтынушының электр желілеріне тікелей қосылған тұтынушы;
16) электр энергиясы нарығының субъектілері - энергия өндіруші, энергия беруші, энергия жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, электр энергиясының орталықтандырылған сауда операторы;
17) коммерциялық есепке алу аспабының қосылу схемасы - берілген және тұтынылған электр энергиясын оларға есеп айырысулар үшін есепке алуды қамтамасыз ететін қосылған электр энергиясын есепке алу аспабының электр желісіне белгілі бір электр қосылуы;
18) технологиялық бронь - технологиялық процестерді аяқтау үшін тұтынушыға қажетті электр энергиясының қуаты мен көлемі;
19) техникалық шарттар - электр желілеріне қосылу үшін қажетті техникалық талаптар;
20) қосылу нүктесі - қолданыстағы электр желісіне, тақалған электрлі және тұтынушының максималды тақалған желісіне және (немесе) қосылатын объектінің заңды мекенжайына тұтынушының электр қондырғысының толық жобалық қуатын қосу үшін жеткілікті өткізу қабілеттілігі бар қосу нүктесі;
21) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
22) сараптамалық ұйым - электр энергетикасы мәселелері бойынша энергетикалық сараптама жүргізу үшін аккредиттелген ұйым;
23) электр қондырғысы - электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, өзгертуге, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналар, аппараттар, желілер мен қосалқы жабдықтар (олардың орналасқан құрылыстарды және үй-жайларды қоса алғанда) жиынтығы;
24) энергетикалық сараптама - жұмыс істеп тұрған объектілер, қайта жаңартылатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, электр және жылу желілеріндегі энергетикалық жабдықтардағы технологиялық бұзылулар мен аварияларды тексеру кезінде, сондай-ақ олардағы өндірістік жарақат алу жағдайларында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес электр энергетикасы саласында жүргізілетін сараптама.
2. Электр энергиясын пайдалану тәртібі
1. Электр желілеріне қосылу тәртібі
3. Электр энергиясын пайдалану үшін тұтынушыға қолданыстағы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желісіне қосылу және энергия жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтауға шарт жасасу керек.
4. Қосылу және электрмен жабдықтауға шарт жасау техникалық шарттарды орындағаннан кейін жүзеге асырылады.
5. Тұтынушылардың электр қондырғылары энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар:
1) энергия беруші ұйымының желілеріне жаңадан енгізілген электр қондырғыларды қосу;
2) объект тұтынатын шарттық электр қуатын ұлғайту;
3) сыртқы электрмен жабдықтау схемасын өзгерту;
4) электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша пайдаланушылар санатын өзгерту жағдайларында беріледі.
6. Тұтынушы желілеріне өзінің электр қондырғыларын қосуды жоспарлаған энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға техникалық шарттар алу үшін жазбаша өтінімді береді. Өтінім нысандары осы Қағидаларға 1, 2, 3-қосымшаларда келтірілген.
Белгіленген қуаты 5 МегаВатт және одан жоғары электр құрылғылары бар тұтынушылар өтінімге жобалау қызметімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса береді. Тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасының мазмұны осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген. Тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасы желілерге қосу жоспарланған энергия беруші және/немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.
7. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушының өтінімі бойынша ең жақын қосылу нүктесін айқындайды. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым ең жақын қосылу нүктесін айқындағаннан кейін өтінімде келтірілген деректер бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген мерзімде техникалық шарттарды береді.
8. Қосалқы тұтынушылар тұтынушыдан энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның келісімі бойынша техникалық шарттарды алады.
9. Энергия беруші ұйымның энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды орындаған жағдайда оларды электр және жылу жүйелеріне қосудан, сондай-ақ оларға электр немесе жылу энергиясын беруден бас тартпайды.
10. Техникалық шарттардың қолданыс мерзімі ҚР ҚН 1.02-01 2008 жобалау нормаларына, ҚР ҚНжЕ 1.04.03-2008 құрылыс ұзақтығының нормаларына сәйкес, бірақ кемінде үш жылға айқындалады.
11. Энергия беруші ұйым техникалық шарттарда мыналарды көрсетеді:
1) электр қондырғыларының белгіленген қуаты 100 килоВатт (қоса алғанда) дейінгі тұтынушыларға:
мекенжайы (объектінің орналасқан орны);
қосылу нүктесі;
пайдалануға рұқсат етілген қуаты;
электр энергиясын есепке алу аспабын және енгізілген автоматтандырылған ажыратқышты орнатуға, сондай-ақ олардың орналасуына қойылатын талаптар;
қосылу сипаты (тұрақты, құрылыс кезіндегі уақытша, маусымдық);
2) электр қондырғыларының белгіленген қуаты 100 килоВаттан жоғары тұтынушыларға:
мекенжайы (объектінің орналасқан орны);
қосылу нүктесі;
пайдалануға рұқсат етілген қуаты;
электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша объектінің санаты;
тұтынушыны электр желісіне қосуға қажетті талаптар, оның ішінде оны күшейту бойынша талаптар (электр беру желісі сымының қимасын ұлғайту, қосалқы станция трансформаторының қуатын ұлғайту, қосымша ұяшықтарды орната отырып, қосалқы станцияны реконструкциялау және т.б.);
ұйымдастыру, реле қорғанысы мен автоматтандыру, аварияға қарсы автоматика, диспетчерлік және технологиялық басқару, электр энергиясын есепке алу, реактивтік қуатты өтеу бойынша талаптар;
қосылу сипаты (тұрақты, құрылыс кезіндегі уақытша, маусымдық).
12. Энергия беруші ұйым белгіленген қуаты 1000 килоВаттан астам тұтынушылардың электр қондырғылары үшін техникалық шарттарда мыналарды көрсетеді:
1) мекенжайы (объектінің орналасқан орны);
2) қосылу нүктесі;
3) пайдалануға рұқсат етілген қуаты;
4) электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша объектінің санаты;
5) тұтынушыны электр желісіне қосуға қажетті талаптар, оның ішінде оны күшейту бойынша талаптар (электр беру желісі сымының қимасын ұлғайту, қосалқы станция трансформаторының қуатын ұлғайту, қосымша ұяшықтарды орната отырып, қосалқы станцияны реконструкциялау және т.б.);
6) ұйымдастыру, реле қорғанысы мен автоматтандыру, аварияға қарсы автоматика, диспетчерлік және технологиялық басқару, электр энергиясын есепке алу, реактивтік қуатты өтеу бойынша талаптар;
7) қосылу сипаты (тұрақты, құрылыс кезіндегі уақытша).
13. Техникалық шарттарда көрсетілген талаптардың негізділігіне күмән пайда болған жағдайда, тұтынушы энергетикалық сараптаманы жүргізу үшін сараптамалық ұйымға жүгінеді. Тұтынушының өтініші бойынша сараптамалық ұйым энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жүгінген кезде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым барлық сұратылған мәліметтерді ұсынады.
14. Тұтынушы сараптамалық ұйымның техникалық шарттарда көрсетілген талаптардың негізделмегендігі туралы қорытындысы негізінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға техникалық шарттарды алуға өтінімді қайта береді.
15. Техникалық шарттарда көрсетілген талаптарды өзгертуден қайтадан бас тартылған жағдайда, тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның іс-қимылдарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес шағымданады.
16. Техникалық шарттарды алған жағдайда тұтынушы жобалау қызметіне лицензиясы бар жобалау ұйымына жүгінеді.
17. Жобалау жұмыстарын орындағаннан кейін тұтынушы сыртқы электр жабдықтау схемасы бойынша жобалық шешімдерді энергия беруші (энергия өндіруші) ұйыммен келіседі. Жобалық шешімдерді келісу мынадай мерзімде жүзеге асырылады:
1) электр қондырғының белгіленген қуаты 100 килоВатқа дейінгі (қоса алғанда) 3 жұмыс ішінде;
2) электр қондырғының белгіленген қуаты 100 килоВаттан астам 20 жұмыс күні ішінде.
18. Тұтынушы электр монтаждау және қабылдау-тапсыру жұмыстарын орындағаннан кейін, техникалық шарттарды және жобалық шешімдерде көрсетілген талаптардың орындалуы/орындалмауы туралы қорытынды алу үшін сараптамалық ұйымға жүгінеді.
19. Сараптамалық ұйымның оң қорытындысы болған кезде тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға техникалық шарттарда көрсетілген талаптардың орындалғаны туралы хабарлайды. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым хабарлама алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде қосылу нүктесін және коммерциялық есепке алу схемасын қарайды, оның қорытындысы бойынша:
1) техникалық шарттардың талаптарын орындау туралы қорытындыны ресімдейді және тұтынушыға береді;
2) коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау, баланстық тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу актілерін ресімдейді және тұтынушыға береді;
3) тұтынушыны өзінің электр желілеріне қосады және тұтынушыға қосылуы туралы акті береді.
20. Коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау кезінде электр энергиясын рұқсатсыз тұтынуға жол бермеу мақсатында энергия беруші ұйым мыналарға:
1) коммерциялық есепке алу аспаптары қаптарының бекітпесіне, электр есептеуіштің қалыптарының қақпағында, ток және кернеу трансформаторлары ойықтары есіктерінде, ток және кернеу сынау блоктары мен қораптарына;
2) коммерциялық есепке алу аспаптарының қорек алатын кернеу трансформаторларының ажыратқыш жетектерінде, есепке алу аспаптарына сымдардың қысқыштарын жинау, сондай-ақ коммерциялық есепке алу аспаптарына дейін орналасқан коммутациялық аппараттардың кіріс шкафтары электр қондырғы иесімен рұқсатсыз кіруіне қарсы қоршаумен жабылады және тұтынушының қатысуымен пломбаланады;
3) 1000 Вольтқа дейінгі электр қондырғыларда енгізу құрылғысынан ток өлшеу трансформаторын қоса алғанда барлық ток өткізетін бөлшектер қоршауға және пломбалануға жатады;
4) тұтынушы осы батареяларды қолданбаған кезде, статикалық конденсатор батареялары жетектерінің саптарына пломба салады.
21. Тұтынушының электрмен жабдықтауға шарттар жасасуын (электр қондырғының белгіленген қуаты қоса алғанда 100 килоВатқа дейін) электр жабдықтаушы ұйым электр беруші ұйымның қосылу актісі негізінде жүзеге асырады.
22. Электр қондырғыларының қуаты 100 килоВаттан жоғары тұтынушының электр жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтауға шарт жасасу үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымнан қосылу актісі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін энергетикалық сараптама қорытындысы мен мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органнан қосылу үшін рұқсат керек.
23. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушымен шарт жасасқаннан кейін бір жұмыс күні ішінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымды желісіне электр жабдықтауға тұтынушы қосылған шартты ресімдеу туралы хабарлайды.
24. Объект иесі ауысқан кезде мүдделі тараптардың бірі (иесі, сатып алушы, жалға алушы) сатып алу-сату (мүліктік жалдау) шарты жасалған сәттен бастап он күндік мерзімде энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымға иесінің ауысуы туралы хабарлайды және олардың өкілдерін белгіленген күні мен сағатта көрсеткіштерді, коммерциялық есепке алу аспаптарының қосылу схемасын тексеріп салыстыру үшін шақырады. Энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымның өкілдері тиісті актіні жасайды және тұтынушыға сол жерде береді.
25. Энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға иесінің өзгергені туралы хабарламамен бірге баланстық тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу актілерін қайта ресімдеуге акт жібереді. Қайта ресімделген актіні беру мерзімі хабарлама алған сәттен бастап үш жұмыс күнін құрайды.
26. Осы Қағидалардың 25 және 26-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар үшін ақы алынбайды.
2. Электр энергиясын пайдалану кезіндегі тараптардың жауапкершілік шекарасы
27. Электр қондырғылардың техникалық жай-күйі мен оларға қызмет көрсету үшін жауапкершілік шекарасы тараптардың электрмен жабдықтау шартына қоса берілетін баланстық тиесілік тараптардың пайдаланушылық жауапкершілігін бөлу актісінде айқындалады және белгіленеді.
28. Кернеуі 1000 В және одан жоғары электр қондырғылардың жай-күйі мен оған қызмет көрсету үшін жауапкершілік шекарасы:
1) жабық тарату құрылғыларының сырт жағындағы әуе желісінің өтпелі оқшаулағышының жалғанымында және ашық тарату құрылғыларының оқшаулағыштарының порталды тартпалы гирляндалар тізбегінің тартылған қысқышынан шығатын сымның шығар жерінде;
2) қуат беретін немесе ығысатын желілердің кәбілдік немесе әуе кірмелерінің ұшында белгіленеді.
Бұл ретте осы тармақта көрсетілген жалғанымдардың техникалық жай-күйі үшін жауапкершілік қосалқы станцияларды пайдаланатын ұйымға жүктеледі.
29. Түрлі ұйымдарға тиесілі дәнекерлері бар (бітеу немесе айырғыштар арқылы) кернеуі 1000 Вольт және одан жоғары электр беруші желілердің жай-күйі оларға қызмет көрсету үшін жауапкершілік шекарасы дәнекерлеу жасалған негізгі желінің тіреуішінде белгіленеді.
Дәнекерді жалғастырушы қысқыштардың жай-күйіне және оларға қызмет көрсетуге бақылауды негізгі желі иелігіндегі ұйым жүзеге асырады.
30. Тараптардың келісімі бойынша шартпен электр қондырғыларын пайдалану ерекшеліктеріне байланысты басқа да пайдалану жауапкершілігі шекарасы белгіленеді.
31. Тұтынушы мен энергия беруші ұйым арасындағы кернеуі 1000 Вольтқа дейінгі электр қондырғыларының жай-күйі мен оларға қызмет көрсету үшін жауапкершілік шекарасы:
1) әуелік тармақталу кезінде - ғимаратқа орнатылған бірінші оқшаулағыштағы қоректендіруші желі жалғауының түйіспелерінде;
2) кәбілді енгізу кезінде - ғимаратқа кірердегі қоректендіруші кәбілдің ұштарындағы бұрандамалы жалғанымдарда белгіленеді.
32. Тұтынушының құрылыстарындағы немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектілеріндегі электр желісінің баланстық тиесілігі шекарасындағы жалғанымдардың жай-күйін бақылауды және оларға пайдаланушылық қызмет көрсетуді энергия беруші ұйым жүзеге асырады.
33. Энергия беруші ұйымдардың басқа тұтынушыларына транзит арқылы электр энергиясы берілетін тұтынушының электр қондырғыларын жөндеуге шығару, сондай-ақ көрсетілген жабдықты жөндеуден кейін қосу энергия беруші ұйыммен келіскеннен кейін жүргізіледі.
34. Тұтынушы жұмыс уақытында есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерін алу және коммерциялық есепке алу аспаптарын қосу схемасын тексеру үшін электр беруші ұйым персоналының (іссапарға жіберілген құқығында) кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
3. Электр энергиясын пайдалану кезінде беруді шектеу және тоқтату шарттары
35. Энергия беруші ұйым:
1) электр энергия беруді тоқтатуға, уақытша тоқтатуға дейін кемінде бір ай бұрын абонентке жазбаша түрде ескерту шартымен тұтынушы пайдаланған энергия үшін төлемеуге байланысты шарттың орындалуын тоқтатады, тоқтата тұрады;
2) тараптардың келісімімен тұтынушыға электр энергиясын беруді мынадай:
энергия беруші ұйымның желісіне электр энергиясын қабылдағыштарды өз бетімен қосқан;
коммерциялық есеп аспаптарынан бөлек, электр энергиясы қабылдағыштарды қосқан;
тұтынушының кінәсінен энергия беруші ұйымдар мен басқа да тұтынушылардың электр қондырғыларының жұмыс істеуін бұзатындай мәнге дейінгі электр энергиясының сапалық көрсеткіштері төмендеген;
коммерциялық есепке алу аспаптарына және тұтынушының электр қондырғыларына энергия беруші ұйымдардың өкілдерін жібермеген жағдайларда тоқтатады;
резервтік қоректендіру болмаған кезде жабдықтарды жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізген жағдайларда тоқтатады. Бұл ретте, энергия беруші ұйым ажыратқанға дейін үш күннен кешіктірмей, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру арқылы тұтынушыны ескертеді;
дереу хабардар етіп және ауытқу себептерін көрсете отырып, адам өміріне қауіп төнуіне, айтарлықтай экономикалық зиянға, коммуналдық шаруашылықтың және электрмен жабдықтау жүйесінің айрықша маңызды элементтерінің істен шығуына әкелуі мүмкін авариялардың алдын алу немесе жою бойынша кезек күттірмейтін шаралар қабылдаған жағдайларда тоқтатады;
3) авариялық ахуал жағдайларында тұтынушыға электр энергиясын беруді тоқтатады.
36. Тұтынушыны ажыратқан кезде коммерциялық есепке алу аспаптарынан, тұтынушының электр қондырғыларынан пломбаны алып тастауға және тұтынушыға демонтаж ретінде зиян келтіру, өткізгіштерді, кәбілдерді, автоматтандырылған ажыратқыштарды бұзу, сондай-ақ коммерциялық есепке алу аспаптарын қысқыштарынан өткізгіштерді ажыратуға жол берілмейді.
Тұтынушының объектісін ажырату былайша жүргізіледі:
қосалқы төмендету станциясының 1000 Вольтқа дейінгі таратқыш құрылғысында коммутациялық аппарат арқылы;
ішкі таратқыш құрылғысының қалқаншасында орналасқан коммутациялық аппарат арқылы;
тіректегі фазалық сымды жеке орнатылған сауда нүктелерін, дүңгіршектер, дүкеншелер ажырату арқылы;
1000 Вольттан жоғары электр қондырғылары үшін баланстық тиесілік немесе пайдаланатын жауапкершілігінің шекарасындағы коммутациялық аппарат арқылы.
Мыналарда тұратын тұтынушыны ажырату былайша жүргізіледі:
1) пәтерде - әр қабаттың қалқаншасында орналасқан коммутациялық аппараттардан;
2) бір фазалық кірісті жеке тұрғын үйде - тіректегі фазалық сымды ажырату;
3) үш фазалық кірісті жеке тұрғын үйде - кейіннен акті жасап және есепке алу жәшігін пломбалай отырып есепке алу жәшігіндегі кіріс коммутациялық аппаратын ажырату арқылы.
Барлық жүргізілген ажыратуларда энергия беруші ұйым ажыратуға тапсырма берген лауазымды адамның тегін, атын және әкесінің атын, байланыс телефондарын, электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып акт жасайды, сондай-ақ шұғыл түрде тұтынушыға қол қоюға береді.
37. Осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес ажыратылған тұтынушының объектісіне кернеу беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) тұтынушы ажырату себебін жояды және растайтын құжатты ұсына отырып энергия беруші ұйымды хабардар етеді. Растайтын құжат төлем туралы түбіртектер, орындалған монтаждық жұмыстардың актісі, иеленушінің шарттық энергия тұтыну режимдерін сақтауы туралы кепілдік міндеттемесі болып табылады;
2) энергия беруші ұйым тұтынушыны ажырату себептерін жою туралы хабардар еткен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ажыратылған объектіге кернеу береді.
38. Электр энергиясына төлеу талаптары мен тәртібі электрмен жабдықтау шартында жазылған.
Электр энергиясын пайдалану
қағидаларына
1-қосымша
Өтінім беруші: _______________
(Т.А.Ә)
______________________________
(қолы)
20__ жылғы «___» _____________
Өтінім
Қосылуға (электр қондырғыларының белгіленген қуатын қоса алғанда 100 килоВатқа дейін болатын тұтынушының)
_________________________________________________________________________________________________________
(объектінің толық атауы)
Орналасқан жері
__________________________________________________________________________________________________________
(мекенжайын, орналасқан жерін көрсету)
Байланыс телефоны
___________________________________________________________________________________________________________
(уақытша электрмен жабдықтауға ТШ беру қажеттілігін көрсету (құрылыс кезеңі), тұрақты негізде электрмен жабдықтау)
1. Қосымшалар:
1) объекті орналасуының ахуалдық жоспары;
2) меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі.
Электр энергиясын пайдалану
қағидаларына
2-қосымша
БЕКІТЕМІН
__________________________
(басшының қолы)
20__ жылғы «___» _________
Өтінім
Қосылуға (электр қондырғыларының белгіленген қуаты 100 килоВаттан жоғары тұтынушының)
_________________________________________________________________________________________________________
(объектінің толық атауы (қолданыстағы, қайта жаңартылып жатқан), ведомстволық тиесілігі және оның орналасқан жері)
__________________________________________________________________________________________________________
(уақытша электрмен жабдықтауға ТШ беру қажеттілігін көрсету (құрылыс кезеңі), тұрақты негізде электрмен жабдықтау)
1. Техникалық шарттар беру үшін негіздеме:
__________________________________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Электр энергиясын пайдалану қағидаларының тармағын көрсету)
2. Мәлімделген қуат және жылдар бойынша объектінің электр тұтынуы.
Жылдар
|
Р, МВт
|
Э, млн. кВт сағат
|
Ағымдағы (20__ ж)
|
|
|
Жоспарланатын (алдағы кезеңге - 5 жыл)
|
|
|
20__ ж.
|
|
|
20__ ж.
|
|
|
20__ ж.
|
|
|
3. Жүктеме сипаты - тұрақты, ауыспалы, маусымдық (қажеттінің астын сызу);
4. Электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша жалпы электр қабылдағыштардың санаты және ЭҚОҚ-қа (Электр қондырғыларын орнату қағидалары) сәйкес жекелеген технологиялық қондырғылардың санаты.
5. Қосалқы тұтынушылардың тізбесі және олардың электр қондырғыларының техникалық сипаттамалары.
6. Қосымшалар:
1) объекті орналасуының ахуалдық жоспары;
2) объектіні сыртқы электрмен жабдықтаудың қолданыстағы және болжамды схемасы (ЭБЖ-нің өткізгіштерінің ұзақтығы мен қимасын, ҚС трансформаторларының саны мен қуатын және қарастырылатын аудан желілерінің ведомстволық, баланстық тиесілігін көрсетумен);
3) объектінің мәлімделген қуатын растайтын электрлік жүктемелерінің есебі;
4) объектінің мәлімделген қуатын толық қолданғанын растайтын энергия өндіруші ұйымнан құжат;
5) электрмен жабдықтаушы резервтік көздер ретінде пайдалануға арналған өзінің генерациялық көздері (ГТҚ қуатын көрсете, ДЭС және т.б. көрсетумен) туралы ақпарат;
6) меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі.
Электр энергиясын пайдалану
қағидаларына
3-қосымша
БЕКІТЕМІН
__________________________
(басшының қолы)
20__ жылғы «___» _________
Өтінім
Қосылуға (электр қондырғыларыны белгіленген қуаты 100 килоВаттан астам жаңа тұтынушының)
_______________________________________________________________________________________________________
(объектінің толық атауы және оның орналасқан жері)
________________________________________________________________________________________________________
(қосылу нүктесін көрсету (ҚС шинасы, ЭБЖ және т.б. атаулары)
1. Техникалық шарттар беру үшін негіздеме:
________________________________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Электр энергиясын пайдалану қағидаларының тармағын көрсету)
2. Мәлімделген қуат және жылдар бойынша объектінің электр тұтынуы.
Жылдар
|
Р, МВт
|
Э, млн. кВт сағат
|
20__ ж. (қосылғын жыл)
|
|
|
(алдағы кезең - 5 жыл)
|
|
|
20__ ж.
|
|
|
20__ ж.
|
|
|
1. Жүктеме сипаты - тұрақты, ауыспалы, маусымдық басқа.
2. Электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша жалпы электр қабылдағыштардың санаты және ЭҚОҚ-қа (Электр қондырғыларын пайдалану қағидалары) сәйкес жеке технологиялық қондырғылардың санаты.
3. Қосалқы тұтынушылардың тізбесі және олардың электр қондырғыларының техникалық сипаттамалары.
4. Қосымша:
1) объекті орналасуының ахуалдық жоспары;
2) объектіні сыртқы электрмен жабдықтаудың болжамды схемасы (ЭБЖ-нің өткізгіштерінің ұзақтығы мен қимасын, ҚС трансформаторларының саны мен қуатын және қарастырылатын аудан желілерін ведомстволық, баланстық тиесілігін көрсетумен);
3) оның негізінде объектінің құрылысы жоспарланатын құжат (мемлекеттік, салалық бағдарламалар және т.б.);
4) объектінің мәлімделген қуатын растайтын электрлік жүктемелерінің есебі;
5) объектінің мәлімделген қуатын толық қолданғанын растайтын энергия өндіруші ұйымнан құжат;
6) электрмен жабдықтаушы резервтік көздер ретінде пайдалануға арналған өзінің генерациялық көздері (ГТҚ қуатын көрсете, ДЭС және т.б. көрсетумен) туралы ақпарат;
7) меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі.
Электр энергиясын пайдалану
қағидаларына
4-қосымша
Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасының мазмұны
1) қолданыстағы электрмен жабдықтаудың жай-күйін шолу және 3(5)-10 жылға даму перспективасы;
2) тұтынушылардың электр жүктемелері және оның өтеу көздері;
3) қуат және электр энергиясы балансы (қазіргі жай-күйі және 3(5)-10 жылға арналған перспективасы);
4) сыртқы электрмен жабдықтау схемасының нұсқалары;
5) ұсынылған сыртқы электр жабдықтау схемасының негіздемесі;
6) қарастырылып жатқан ауданның іргелес электр желілерімен электр режимдерінің есептері (қалыпты, авариядан кейінгі режимдер);
7) жабдықты таңдау үшін қысқа тұйықталу токтары деңгейлерінің есептеуі;
8) релелік қорғаныс пен автоматика, аварияға қарсы автоматиканы орындау қағидаттары;
9) диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру қағидаттары;
10) электр энергиясын есепке алу;
11) энергия үнемдеу бойынша жоспарланатын іс-шаралар;
12) электр желілік құрылыстың көлемі, құрылыс құнын ұлғайтып есептеу;
13) қорытындылар;
14) сызбалар: қағидатты схемалар, карта-схемалар немесе ахуалдық жоспар, электрлік режимдер есептерінің нәтижелері, диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру схемалары.
Электр энергиясын пайдалану
қағидаларына
5-қосымша
Қарастыруды регламенттейтін мерзімдер
Р/с
№
|
Іс-қимылдар
|
мерзімі
(жұмыс күндері)
|
Орындаушы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Белгіленген қуаты 100 килоВатқа дейін қоса алғанда электр қондырғылары үшін тұтынушы толық ақпарат берген кезде техникалық шарттар беру
|
7 күн
|
энергия беруші ұйым
(энергия өндіруші), тұтынушы (қосалқы тұтынушы үшін)
|
2
|
Белгіленген қуаты 100-ден жоғары және 1000 килоВатқа дейінгі электр қондырғылары үшін тұтынушы толық ақпарат берген кезде техникалық шарттар беру
|
10 күн
|
Энергия беруші ұйым
(энергия өндіруші), тұтынушы (қосалқы тұтынушы үшін)
|
3
|
Белгіленген қуаты 100 килоВаттан жоғары электр қондырғылары үшін (егер желіні күшейту, қайта жаңарту қажет болмаса) тұтынушы толық ақпарат берген кезде техникалық шарттар беру
|
30 күн
|
Энергия беруші ұйым
(энергия өндіруші), тұтынушы (қосалқы тұтынушы үшін)
|
4
|
Белгіленген қуаты 1000 килоВаттан жоғары электр қондырғылары үшін (егер желіні күшейту, қайта жаңарту қажет болса) тұтынушы толық ақпарат берген кезде техникалық шарттар беру
|
45 күн
|
Энергия беруші ұйым
(энергия өндіруші), тұтынушы (қосалқы тұтынушы үшін)
|
5
|
Қосылу нүктесін және коммерциялық есепке алу схемасын қарау
|
3 күн
|
Энергия беруші
(энергия өндіруші) ұйым
|
6
|
Белгіленген қуат 100 килоВатқа дейін …………………………………………… қоса алғанда электр қондырғыларының жобалық шешімдерін келісу
белгіленген қуаты 100 килоВаттан жоғары электр қондырғылары үшін ……………………………………….
|
3 күн
20 күн
|
Энергия беруші
(энергия өндіруші) ұйым
|
7
|
Белгіленген қуаты 100 килоВаттан жоғары электр қондырғыларын қосуға рұқсат беру
|
-
|
Мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган
|
8
|
Белгіленген қуаты 100 килоВаттан жоғары электр қондырғыларын электрмен жабдықтауға тұтынушымен шартқа қол қою
|
3 күн
|
энергиямен жабдықтаушы ұйым
|
9
|
Электр қондырғыларының белгіленген қуатымен электрмен жабдықтауға тұтынушыларды шартқа қол қою (100 килоВатқа дейін қоса алғанда)
|
1 күн
|
энергиямен жабдықтаушы ұйым
|
10
|
Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның шартқа қол қою туралы хабарламасы
|
1 күн
|
энергия жабдықтаушы ұйым
|
11
|
Тұтынушының электр қондырғыларына кернеу беру
|
1 күн
|
энергия беруші
(энергия өндіруші) ұйым
|
Достарыңызбен бөлісу: |