«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Дата26.02.2016
өлшемі158 Kb.
#26372


«Халықтың санитариялық-

эпидемиологиялық саламаттылығы

саласындағы мемлекеттік

көрсетілетін қызметтер стандарттарын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы 201 жылғы « »



бұйрығына

2-қосымша


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015жылғы «03» сәуірдегі

307 бұйрығына

7-қосымша



«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):

Комитет - санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білімі бар мамандарға жоғары санатты беру үшін;

Комитеттің аумақтық департаменттері - санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі орта білімі бар мамандарға жоғары санатты, жоғары және орта білімі бар мамандар үшін екінші және бірінші санатты беру үшін көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетуге берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті беруші бекітетін, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған біліктілік емтиханын өткізу кестесіне сәйкес алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және маманның біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау және маманның біліктілік талаптарына сәйкес фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес біліктілік санатын беру туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) беру. Куәлік кәсіптік даярлықты бағалаудың және әңгімелесудің оң нәтижелері болғанда беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді, басылып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады;

2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:

тиісті біліктілік санатын бере отырып, 5 (бес) жыл мерзімге куәлік алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

кәсіптік даярлықты бағалаудың және растаудың оң нәтижесінің көшірмесі (нотариалдық куәландырылған);

білімі туралы құжаттың көшірмесі (нотариалдық куәландырылған);

соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіптік дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың көшірмесі (нотариалдық куәландырылған);

еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (нотариалдық куәландырылған);

соңғы 2 жыл ішіндегі үміткердің есебі;

бірінші немесе жоғары біліктілік санатын бере отырып, мерзімсіз сертификатты алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

кәсіптік даярлықты бағалаудың және растаудың оң нәтижесінің көшірмесі (нотариалдық куәландырылған);

соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіптік дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың көшірмесі (нотариалдық куәландырылған);

біліктілік саанатын бере отырып бұрын алынған үш сертификаттың немесе куәліктің көшірмесі (нотариалдық куәландырылған);

2) порталға:

тиісті біліктілік санатын бере отырып, 5 (бес) жыл мерзімге куәлікті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі (нотариалдық куәландырылған);

соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіптік дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (нотариалдық куәландырылған);

еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (нотариалдық куәландырылған);

бірінші немесе жоғары біліктілік санатын бере отырып, мерзімсіз куәлікті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.

соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіптік дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (нотариалдық куәландырылған);

біліктілік санатын бере отырып бұрын алынған үш сертификаттың немесе куәліктің электрондық көшірмесі (нотариалдық куәландырылған).

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы:

өтініштің нөмірі мен қабылданған күні;

сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

өтінішке қоса берілген құжаттардың саны;

әңгімелесуді өткізу күні мен уақыты;

өтінішті қабылдаған кеңсе қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (хабарлама) беріледі.

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» әңгімелесуді өткізу күні, уақыты мен орны көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.



3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым Министрліктің: www.economy.gov.kz; көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде нөмірі, күні, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.



Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы шағымының портал арқылы қабылданғанын растау тіркелуі туралы хабарлама болып табылады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеуі барысында жаңартылып тұратын шағым туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудің

ерекшеліктерін есепке ала отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің: www.economy.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің: www.economy.gov.kz көрсетілетін қызметті берушінің: www.kzpp.gov.kz интернет-ресурстарында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру»» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

нысан

Тиісті біліктілік санаты берілетін маман куәлігі


_______________________________________________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты)

_______________________________________________________________________________

(номенклатура бойынша мамандығы)


мамандығы бойынша _________________________________ бiлiктiлiк санаты беріле отырып, осы маман куәлігін алды.
Куәлікті беру туралы шешiм шығарған мемлекеттiк орган басшысының 20__ жылғы «___» _____________ № _________________ бұйрығы.

Куәлік ___________________________________ мерзімге жарамды

Тiркеу № ________________

Берiлген күнi 20__ жылғы «___» _____________

Басшының қолы _______________________

Тегі, аты, жөні

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру»» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
нысан
___________________________

___________________________

 (мемлекеттік органның атауы,

басшысының Т.А.Ә)

басшысы

___________________________



___________________________ 

кімнен ______________________

_________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының,

Т.А.Ә, ЖСН)

___________________________

___________________________

Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны

___________________________

___________________________

Өтініш
Сізден ___________________________________________________________________

(мамандық атауы)

мамандығы бойынша _______________________ біліктілік санаты берілетін біліктілік емтиханына жіберуді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

20 ___ жылғы « » _______________

____________________

(көрсетілетін қызметті алушының қолы)

____________________

(толтырылған күні) 

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша

МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ




  1. Білімі

  2. Дипломының нөмірі

  3. Дипломының сериясы

  4. Білім беру ұйымының толық атауы

  5. Түскен жылы

  6. Аяқтаған жылы

  7. Дипломы бойынша мамандығы

  8. Дипломы бойынша біліктілігі

  9. Дипломды нострификациялау (қажет болған жағдайда)

Өтініш берілген мамандық бойынша қайта даярлау жөніндегі куәлік туралы мәліметтер

  1. Қайта даярлау жөніндегі куәліктің нөмірі

  2. Қайта даярлау мамандығы

  3. Оқытушы ұйымның атауы

  4. Оқыту көлемі сағатпен

  5. Оқытудың басталуы 

  6. Оқытудың аяқталуы

Өтініш берілген мамандық бойынша санат берілген қолданыстағы маман сертификатының (куәліктің) мәліметтері

  1. Берілген күні

  2. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі 

  3. Берген орган

  4. Сертификаттың (куәліктің) қолданылу мерзімі

  5. Мамандығы

  6. Біліктілік санаты

Қазіргі жұмыс орны туралы мәліметтер

  1. Өтініш берілген мамандық бойынша жұмыс өтілі

  2. Жалпы медициналық жұмыс өтілі

  3. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны

  4. Атқаратын лауазымы

Өтініш берілген мамандық бойынша еңбек қызметі


Қабылданған күні

Босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Бұйрық №

Бұйрықтың шығарылған күні




































Өтініш берілген мамандық бойынша үздіксіз кәсіби дамуға ықпал ететін іс-шараларға үміткердің қатысуы туралы ақпарат.



  1. Соңғы 5 жыл ішінде жиналған сынақ бірліктерінің жалпы саны (негізгі және қосымша сынақ бірліктері).

  2. Өтініш берілген мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішінде жиналған негізгі сынақ бірліктерінің саны:

  1. өтініш берілген мамандық бойынша біліктілікті арттыру куәлігі туралы мәліметтер;

  2. біліктілікті арттыру туралы куәліктің нөмірі;

  3. циклдің атауы;

  4. оқытушы ұйымның атауы;

  5. оқудың басталуы;

  6. оқудың аяқталуы;

  7. оқу көлемі сағатпен.

  1. Мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде жиналған қосымша сынақ бірліктерінің саны:

Уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін санат беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесіне сәйкес өтініш берілген мамандық бойынша іс-шаралардан өткенін куәландыратын құжат туралы мәліметтер (барлық іс-шараларды, оқу тақырыбының атауын, оқытушы ұйымның атауын, оқудың басталуын, оқудың аяқталуын, сағаттағы немесе сынақ бірліктеріндегі оқу көлемін атап көрсету).

Статистикалық көрсеткіштерді көрсете отырып, алғашқы есептік құжаттама деректеріне сәйкес өтініш берілген мамандық бойынша соңғы 2 жыл ішіндегі үміткердің есебі (үміткердің қарауы бойынша осы мамандық үшін анағұрлым маңызды, көрсеткіштерге қысқаша талдамалық шолуы бар көрсеткіштер. Көлемі 1 файлдан аспайтын мәтіндік есеп)

Статистикалық көрсеткіштер


Көрсеткіштер (көлем, сапа және тиімділік индикаторлары)

20__ жыл

20__ жыл



























Тәртіптік, әкімшілік жазалар, көтермелеулер туралы мәліметтер(соңғы 5 жыл ішінде)



  1. Тәртіптік жазалар:

  1. Ескерту;

  2. Сөгіс;

  3. қатаң сөгіс;

  4. еңбек шартын бұзу.

  1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік жазалар (бапты көрсете отырып).

  2. Көтермелеулер.

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша

нысан
__________________________________

_____________________________

басшысына

_____________________________

 (мемлекеттік органның атауы,

басшының Т.А.Ә.

_____________________________

кімнен

_____________________________



(қызметті алушының Т.А.Ә., ЖСН)

тұрғылықты мекенжайы, байланыс

телефоны_________________________

___________________________________

Өтініш
Сізден _________________________________________ мамандығы (мамандық атауы)

бойынша ____________________ біліктілік санатын бере отырып мерзімсіз маман куәлігін беруді сұраймын.

1) __________________ мамандығы бойынша ____ жылғы «___»№ _____ сертификат (куәлік).

2) __________________ мамандығы бойынша ____ жылғы «___» № _____сертификат (куәлік).

3) ________________ мамандығы бойынша ___ жылғы «___» № _______ сертификат (куәлік).
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20 ___ жылғы « » ___ ________

(толтырылған күні)

_________________________

(көрсетілетін қызметті алушының қолы)


«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

5-қосымша

МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ
Біліктілік санатын бере отырып бұрын алынған үш маман сертификаты (куәліктері) туралы мәліметтер:

№ 1 сертификат (куәлік)

1.Берілген күні 

2. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі

3. Берген орган 

4. Сертификаттың (куәліктің) қолданылу мерзімі  

5. Мамандығы  

6.Біліктілік санаты

№ 2 сертификат (куәлік)

7. Берілген күні  

8. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі 

9. Берген орган  

10. Сертификаттың (куәліктің) қолданылу мерзімі

11. Мамандығы 

12. Біліктілік санаты

№ 3 сертификат (куәлік)

13.Берілген күні  

14. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі 

15. Берген орган    

16. Сертификаттың (куәліктің) қолданылу мерзімі 

17. Мамандығы  

18. Біліктілік санаты  

Үміткердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысуы туралы ақпарат.

19. Соңғы 5 жылда жиналған сынақ бірліктерінің жалпы саны (негізгі және қосымша сынақ бірліктері) 

20. Соңғы 5 жылда жиналған негізгі сынақ бірліктерінің саны:   

1) біліктілігін арттыру куәлігі туралы мәліметтер

2) өтініш берілген мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы куәліктің нөмірі

3) циклдың атауы 

4) оқытушы ұйымның атауы 

5) оқудың басталуы  

6) оқудың аяқталуы 

7) оқудың сағат бойынша көлемі



21. Соңғы 5 жыл ішінде жиналған қосымша сынақ бірліктерінің саны:

уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін санат беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесіне сәйкес өтініш берілген мамандық бойынша іс-шаралардан өткенін куәландыратын құжат туралы мәліметтер (барлық іс-шараларды, оқу тақырыбының атауын, оқытушы ұйымның атауын, оқудың басталуын, оқудың аяқталуын, сағаттағы немесе сынақ бірліктеріндегі оқу көлемін атап көрсету).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет