Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі №753 Қаулысы



Дата25.02.2016
өлшемі139.18 Kb.
#22302
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 - 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 753 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 - 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 - 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспары:



мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 63-1-жолмен толықтырылсын:

«

63-1.

Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 аумағында сауда ойын-сауық орталығының құрылысы бойынша ұсыныстар әзірлеу

Үкіметке ақпарат

ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы шілде

талап етілмейді

».

3. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (келісім бойынша):

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың қайтарылуын жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығы объектілерін сату есебінен қамтамасыз етсін;

2) Жартыжылдық және жылдың қорытындылары бойынша Жоспардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне 30 шілдеден және 30 қаңтардан кешіктірмей жіберсін.

4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жартыжылдық және жылдың қорытындылары бойынша Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне 15 тамыздан және 15 ақпаннан кешіктірмей берсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.



 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 1 шілдедегі

753 қаулысымен



бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен

іс-қимыл жоспары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының (бұдан әрі - СОО) объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі (бұдан әрі - ЭКСПО-2017) аумағында жылжымайтын мүлік (машина орындарын қоса алғанда, тұрғын үйдің жалпы алаңының ажырамас бөлігі болып табылатын тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар) және СОО объектілерін қаржыландырудың, басқарудың, құрылысын салудың және сатудың негізгі шарттарын айқындау мақсатында қабылдады.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің (бұдан әрі - ҚР ҰҚБК шешімі) 2014 жылғы 11 маусымдағы № 01-7.7 шешіміне сәйкес осы Жоспардың 1-тармағында көрсетілген объектілердің құрылысын қаржыландыру үшін қаражаттың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамына бөлінуін қамтамасыз етеді.

3. «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 01-7.7 шешіміне сәйкес «Люкс недвижимость Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін, «BI Group Corporation» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (бұдан әрі - тұрғын үй бойынша жобалау компаниялары) және «Mega Plaza» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (бұдан әрі - СОО бойынша жобалау компаниясы) (бұдан әрі бірге - тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары) қаржыландыру үшін «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - «Бәйтерек девелопмент» АҚ) қаражаттың бөлінуін қамтамасыз етеді.

4. «Бәйтерек девелопмент» АҚ тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларымен осы Жоспарда және ҚР ҰҚБК шешімінде айқындалған негізгі талаптарда инвестициялау шарттарының жасалуын қамтамасыз етеді. Инвестициялау шарттарының кейінгі талаптарын «Бәйтерек девелопмент» АҚ айқындайды және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының қайтарымдылығы шараларын қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары үшін міндетті болып табылады.

5. Көрсетілген компаниялар аванстық төлемді сақтандыру шарттарын берген жағдайда тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларына инвестициялаудың жалпы сомасының 20 %-дан аспайтын мөлшерде аванстық төлем берілетін болады.

Бұл ретте аванстық төлемді сақтандыру шарты сақтандыру шартында көзделген, оның ішінде бөлінген қаражат мақсатсыз пайдаланылған және инвестициялау шарты бұзылған жағдайларда сақтандыру сомасын төлеу жөніндегі сақтандыру компаниясының сөзсіз міндеттемесін көздеуі тиіс.

Құрылысты кейіннен қаржыландыру тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларының жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің нақты орындалуына қарай жүзеге асырылады.

6. Жылжымайтын мүлік және СОО объектілерінің құрылысы, оның ішінде құрылыс құнының қымбаттауы жөніндегі барлық тәуекелдер тиісінше тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларына жүктеледі.

7. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары техникалық қадағалауды және қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін «Бәйтерек девелопмент» АҚ айқындаған мамандандырылған компанияны тартады.

8. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен келісім бойынша «Бәйтерек девелопмент» АҚ тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларының бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына және олардың құрылыс жөніндегі міндеттемелерін уақтылы орындауына және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалануына байланысты ақпаратты, оның ішінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты кез келген уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға беруіне мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.



Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ға қаражаттың игерілуі және құрылыс бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді, оның ішінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді «Бәйтерек девелопмент» АҚ белгіленген нысан бойынша және мерзімде жібереді.

9. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары меншікті қаражаты есебінен заңнамада белгіленген тәртіппен нормативтік мерзімдерге сәйкес мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ала отырып, сарапшылық сүйемелдеу режимінде жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі - ЖСҚ) әзірлейді.

10. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары 2016 жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмейтін мерзімде жылжымайтын мүлік және СОО объектілерінің пайдалануға берілуін қамтамасыз етеді.

11. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары «Астана ЭКСПО 2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - ұлттық компания) заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскелерін тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларының меншігіне төлемді бөліп төлеу арқылы (ұлттық компанияның пайдасына екінші ауыртпалықта болу құқығы беріледі) ақылы беру және жылжымайтын мүлік объектілеріне, іргелес аумаққа, әрлеуге, қолданылатын технологиялар мен жабдықтарға қойылатын талаптар жөніндегі мәселені пысықтайды.

12. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары үшін құрылыс және бөлінетін қаражатты мақсатты пайдалану жөніндегі міндеттемелерін уақтылы орындау критерийлері:

1) жылжымайтын мүлік және СОО объектілерінің 2016 жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмейтін мерзімде пайдалануға берілуін қамтамасыз ету;

2) ЖСҚ-ға сәйкес тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларының техникалық қадағалау және қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жауапты мамандандырылған компания растаған құрылыс-монтаж жұмыстарын уақтылы орындауы;

3) техникалық қадағалау және қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жауапты мамандандырылған компанияның орындалған жұмыстардың құнын растауы бар қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;

4) нормативтік мерзімдерге сәйкес мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ала отырып, ЖСҚ беруді қамтамасыз ету;

5) міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде:

жер учаскелерін;

тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларының жарғылық капиталындағы қатысушылардың қатысу үлестерінің 100 %;

ЖСҚ;

аяқталмаған құрылыс объектілерін беру болып табылады.

Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары құрылыс жөніндегі міндеттемелерін уақтылы орындамаған және/немесе бөлінген қаражатты мақсатсыз пайдаланған, сондай-ақ «Бәйтерек девелопмент» АҚ және тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары арасындағы инвестициялау шарттарында көзделген жағдайлар туындаған жағдайда, «Бәйтерек девелопмент» АҚ бұл инвестициялау шарттарын мерзімінен бұрын бұзуға құқылы және тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларының мақсатсыз пайдаланған қаражатты қайтаруын қамтамасыз етеді.

 

 

2. Жылжымайтын мүлік объектілерін қаржыландыру, басқару,


құрылысын салу және сату шарттары «Бәйтерек девелопмент» АҚ ЭКСПО-2017 үшін

 

13. жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын жүзеге асыратын тұрғын үй бойынша жобалау компанияларын мынадай негізгі шарттарда қаржыландыруды қамтамасыз етеді:

«Бәйтерек девелопмент» АҚ инвестициялайтын қаражат сомасы

-

40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден аспайды;

Құрылыс кезеңіне сыйақы мөлшерлемесі

-

инвестициялау сомасына есептелетін жылдық 0,5 % және жартыжылдық төлемдермен төленеді;

Сыйақыны алғашқы төлеу күні

Қамтамасыз ету

-

-

2014 жылғы 1 желтоқсан;

құрылыс жүзеге асырылатын жер учаскелері (жер учаскелері «Бәйтерек девелопмент» АҚ-да бастапқы кепілде болуы тиіс), аяқталмаған құрылыс объектілері және ЖСҚ;

Міндетті шарттар

-

1) Тұрғын үй бойынша жобалау компаниялары меншікті қаражаты есебінен ЖСҚ әзірлейді, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алады және жер телімдерін сатып алады;

2) пайдалануға берілгеннен кейін жылжымайтын мүлік объектілері салынған қаражатқа барабар бөлінеді, бұл ретте тұрғын үй бойынша жобалау компаниялары «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның меншігіне 1 шаршы метрі үшін 370 000 теңгеден аспайтын өзіндік құны бойынша кемінде 96 000 шаршы метр тұрғын үй жайларының (кем дегенде 1 300 пәтерді) және 1 машина-орын үшін өзіндік құны бойынша 3 330 000 теңгеден аспайтын 1 300 машина-орындардың берілуін қамтамасыз етуі тиіс.

 

ЭКСПО-2017 өткізу кезеңінде «Бәйтерек девелопмент» АҚ Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тану үшін тіркеу дерекнамасының шарттарын ескере отырып, салықтарды қоса алғанда, жылжымайтын мүлік объектілеріне қызмет көрсетуге байланысты барлық шығыстарын өтей отырып, тұрғын үй объектілерінің құнынан жылдық 0,5 % мөлшеріндегі сыйақы үшін ұлттық компанияға «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ға тиесілі тұрғын үй объектілерін, Астана қаласындағы қолданыстағы ресми тарифтер бойынша уақытша пайдалануға береді.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ бөлінген қаражаттың қайтарылуын меншікке берілген жылжымайтын мүлік объектілерін сату жолымен қайтаруды қамтамасыз етеді.

Бұл ретте «Бәйтерек девелопмент» АҚ тұрғын үй бойынша жобалау компанияларына жылжымайтын мүлік объектілерін 2 жыл мерзімге және бөліп төлеу мүмкіндігімен сату құқығын бере алады.

 

 

3. Сауда ойын-сауық орталығын қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату шарттары



 

14. «Бәйтерек девелопмент» АҚ СОО (өзіндік құны бойынша 1 ш.м. үшін 310000 теңгеден аспайтын құн бойынша жалпы алаңы кемінде 138000 ш.м.) құрылысын салу үшін СОО бойынша жобалау компаниясына мынадай негізгі шарттармен қаржыландыруды қамтамасыз етеді:

 

«Бәйтерек девелопмент» АҚ инвестициялайтын қаражат сомасы

-

37 000 000 000 (отыз жеті миллиард) теңгеден аспайды;

Құрылыс кезеңіне сыйақы мөлшерлемесі

-

жылдық 2,5 % инвестицияланған қаражаттың сомасына және капиталдандырылған пайыздардың сомасына есептеледі және жартыжылдық негізде капиталдандырылады;

жылдық 0,5 % инвестицияланған қаражаттың сомасына және капиталдандырылған пайыздардың сомасына есептеледі және жартыжылдық төлемдермен төленеді;

Жылдық 0,5 % мөлшеріндегі сыйақыны алғашқы төлеу күні

-

2014 жылғы 1 желтоқсан;

Қамтамасыз ету

-

құрылыс жүзеге асырылатын жер учаскелері (жер учаскелері «Бәйтерек девелопмент» АҚ-да бастапқы кепілде болуы тиіс), аяқталмаған құрылыс объектілері және ЖСҚ;

Міндетті шарттар

-

СОО бойынша жобалау компаниясы құрылыстың жалпы құнына ЖСҚ қоса алғанда, СОО құрылысының жалпы құнының кемінде 15 %-ын ақша қаражаты түрінде салады;

-

СОО пайдалануға берілгеннен кейін СОО бойынша жобалау компаниясы «Бәйтерек девелопмент» АҚ меншігіне ҚҚС-ты ескере отырып, СОО-ғы үлесті «Бәйтерек девелопмент» АҚ инвестициялау сомасына барабар береді.

 

15. «Бәйтерек девелопмент» АҚ СОО-ны үлестік меншігіне алғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде сатып алу-сату шартына сәйкес өз үлесін СОО бойынша жобалау компаниясына мынадай негізгі шарттармен сатады:



 

Шарттың нысанасы

-

«Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның СОО-дағы үлесін бөліп төлеу мүмкіндігімен сату;

Шарттың бағасы

-

«Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның СОО құрылысына инвестицияларының құрылыс кезеңінде жиналған пайыздар ескерілген мөлшері;

Бөліп төлеу кезеңі

-

шартқа қол қойылған кезден бастап 8 жыл;

Төлеу тәртібі

-

кестеге сәйкес;

Бөліп төлеу кезеңіндегі сыйақы

-

жылдық 3 % инвестицияланған қаражаттың қалдығына және жартыжылдық төлемдермен төленеді;

Қамтамасыз ету

-

СОО ғимараты, СОО бойынша жобалау компаниясының жарғылық капиталындағы СОО бойынша жобалау компаниясы қатысушыларының қатысу үлесінің 100 %;

Айрықша шарттар

-

СОО бойынша жобалау компаниясының СОО қызметінен алған таза табысы «Бәйтерек девелопмент» АҚ үлесін сатып алуға жұмсалады.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет