5. Әлеуетті қызметтер берушілерді оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін орналастыру тәртібі
1. ТМККК қызметтерін берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарлау, қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау, әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптар және оларға қойылатын талаптарға сәйкес келетін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындау тәртібі
43. Тапсырыс берушінің әлеуетті қызметтер берушілерге қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарлауы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарландыру беру арқылы жүзеге асырылады, ол тиісті облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумақтарында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында және әкімшінің интернет-ресурсында жарияланады.
44. Қатысуға арналған өтінімді тапсырыс берушіге әлеуетті қызметтер беруші осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес тапсырыс беруші айқындаған, бірақ тапсырыс беруші қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарландыруды орналастырған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынады.
45. Қатысуға арналған өтінімді әлеуетті қызметтер беруші тапсырыс берушіге тігілген түрде, нөмірленген парақтармен түзетулерсіз және жөндеулерсіз ұсынады. Бұл ретте өтінімнің соңғы парағы бірінші басшының қолымен куәландырылады және мөрімен бекітіледі.
46. Әлеуетті қызметтер беруші тапсырыс берушіге ұсынатын өтінімдерді комиссияның хатшысы осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нөмірленуі, тігілуі тиіс өтінімдерді тіркеу журналында тіркейді. Бұл ретте соңғы парақ бірінші басшының қолымен куәландырылады және мөрімен бекітіледі.
47. Қатысуға арналған өтінімге әлеуетті қызметтер берушінің мынадай құжаттары қоса беріледі:
1) мыналардың:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың (анықтаманың электрондық нысаны нотариаттық расталмайды);
тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың (жеке тұлға үшін);
тапсырыс беруші көрсеткен аумақта тиісті медициналық қызметтер көрсетуге құқығын растайтын медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензиялар мен оларға қосымшалардың (электрондық лицензия және оған қосымшалар нотариаттық расталмайды) нотариаттық куәландырылған көшірмелерін;
2) мыналардың:
жеке куәлігінің немесе паспорттың (жеке тұлға үшін);
жарғының (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырылған көшірмесі немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме ұсынылады);
денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің (бар болса);
қатысуға арналған өтінімінде көрсетілген ЖММК технологиялары тізбесі бойынша медициналық көмек көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы уәкілетті орган берген қорытындының көшірмелерін;
3) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес шарттың талаптарында көзделген төлемақыны алғанға дейін оны қызметтер беруші деп айқындаған күннен бастап қызметтер көрсету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша, тамақ өнімдері бойынша кемінде бір ай мерзімге арналған материалдық ресурстар қорының болуын растайтын ақпарат қоса берілген кепілдік міндеттеме;
қолданылуының бүкіл кезеңіне шарт жасасу кезінде уәкілетті орган бекіткен тиісті медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеге (ережелерге) оның сәйкестігі жөніндегі кепілхат (денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда кепілдеме хат ұсынылмайды);
ағымдағы кезеңге арналған кредиторлық берешегі туралы ақпарат;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардың біліктілігі туралы мәліметтер (аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда, бұл мәліметтер ұсынылмайды);
осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес ТМККК шеңберінде медициналық көмектің түрлері мен нысандары, оның ішінде ЖММК технологияларының тізбесі, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес бейінді төсектердің саны (стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері үшін), осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес медициналық техниканың, оның ішінде қаржылық лизинг шарттарында сатып алынған, болуы туралы соңғы үш жылда және мәлімделген кезеңде (оларға ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету кезеңі үш жылдан аспаған жағдайда) көрсетілген мәліметтер;
осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтінімде көрсетілген медициналық көмектің жоқ түрлеріне/кіші түрлеріне ниет білдіру шарты;
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бүкіл онкологиялық диспансерлер арасындағы онкологиялық науқастарға ТМККК қызметтерін көрсетуге арналған алдын ала шарт;
4) оның мүдделерін білдіретін адамға (-дарға) комиссия отырыстарына да қатысуға арналған өтінімді беруге, қол қою құқығына сенімхат.
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын әлеуетті қызметтер беруші өзінің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті сияқты құжаттарды не осы талаптарға сәйкестігі туралы ұқсас мәліметтерді ұсынады.
48. Тапсырыс беруші айқындаған қатысуға арналған өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оларды қарау жөніндегі комиссия отырысы өткізіледі, онда комиссияның хатшысы комиссия мүшелеріне және басқа қатысушыларға берілген қатысуға арналған өтінімдер мен оларға қоса берілген құжаттарды атап шығады.
49. Әлеуетті қызметтер берушінің қатысуға арналған өтінімге ұсынатын құжаттарының дұрыстығын белгілеу қажет болған жағдайда, комиссия тиісті мемлекеттік органдардан және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратады.
50. Әлеуетті қызметтер берушілердің банкроттық рәсіміне қатысы жоқтығы бөлігінде талаптарға сәйкес келуін нақтылау мақсатында комиссия банкроттық рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.
51. Комиссия әлеуетті қызметтер берушілердің қатысуға арналған өтінімдерін:
1) толықтығы мен тиісінше ресімделуі тұрғысынан;
2) осы Қағидалардың 47-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге мәлімделген медициналық көмектің сәйкестігін қарайды.
52. Комиссия:
1) қатысуға арналған өтінім және оған қоса берілетін құжаттар тиісінше ресімделмеген болса;
2) қатысуға арналған өтінімге осы Қағидаларда көзделген құжаттардың толық топтамасы қоса берілмесе;
3) ұсынылған құжаттарда дәйексіз ақпарат болса;
4) әлеуетті қызметтер беруші немесе оның өкілдігі (өкілдікке өтінім берген жағдайда) ол қатысуға өтінім берген әкімшілік-аумақтық бірлік аумағынан тыс жерде орналасқан болса, оларға қойылған талаптарға сәйкес келмейтін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындайды және оларды ТМККК орналастыру рәсіміне жіберілмеді деп таниды.
53. Комиссия әлеуетті қызметтер берушілердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындайды және оларды осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген мерзімде ТМККК орналастыру рәсіміне жіберілді деп таниды.
54. Комиссия отырысының нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі және (немесе) сәйкес келмейтіні туралы хаттамаға қол қойылады және комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары ТМККК орналастыру рәсіміне қатысуға жіберілген және (немесе) жіберілмеген әлеуетті қызметтер берушілердің тізбесін жариялайды.
Комиссияның қызметі осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. ТМККК орналастыру
55. Комиссия осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес хаттама түрінде ресімделетін қатысуға арналған өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ТМККК қажеттілігін есепке ала отырып, бөлінген бюджет қаражатының шегінде ТМККК орналастыру туралы шешім қабылдайды.
56. Бекіту науқанының қорытындылары мен МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісіне еркін бекітілу құқығын пайдаланбаған халықты аумақтық қайта бөлу туралы ДБ шешімін ТМККК орналастыру жөніндегі комиссияға ұсынады.
57. Қызметтер берушіні таңдау рәсіміне жіберілмеген МСАК әлеуетті қызметтер берушісіне бекітілген тұрғындар еркін бекітілу құқығын есепке ала отырып қайта бөлінеді.
58. Комиссия ниет білдіру шартында көрсетілген КДК-ті есепке ала отырып, әлеуетті қызметтер берушілерге ТМККК-тің амбулаториялық-емханалық қызметтерін орналастырады.
59. Тапсырыс беруші босатылған және (немесе) толық көлемде орналастырылмаған ТМККК-нің қызметтер берушісін таңдау рәсімін өткізу туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте қызметтер берушіні таңдау рәсімі осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
60. Тапсырыс беруші мынадай жағдайларда:
1) тарифтер құнының ұлғаюына;
2) ТМККК шеңберінде қаржы лизингісінің шарттарында сатып алынған медициналық техника үшін лизингілік төлемдерді өтеуге;
3) қызметтердің қосымша көлемін көрсету қажеттілігін тапсырыс берушінің айқындауына;
4) мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы ТМККК көрсететін ұйымдардың, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ еншілес ұйымдарының және қызметтерді осы ұйымдардың арасында қайта орналастыру жағдайында дауыс беру акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестердің шығындарын оларға бюджет қаражатын қайта бөлу арқылы әкімшінің шешімімен өтеуге;
5) осы Қағидалармен әлеуетті қызметтер берушілерге қойылатын талаптарға сәйкес келетін жаңадан енгізілетін денсаулық сақтау объектілері үшін;
6) тізбесін уәкілетті орган айқындаған пилоттық ұйымдар үшін тапсырыс беруші қосымша ақша қаражатын қызметтер берушіні таңдау рәсімін жариялаусыз орналастыратын қосымша ақша қаражатын бөлуді қоспағанда, ТМККК көрсетуге қосымша ақша қаражаты бөлінген болса, осы Қағидаларға сәйкес қызметтер берушіні таңдау рәсімін өткізу туралы шешім қабылдайды.
3. Шарт жасасу
61. Тапсырыс беруші тізбесі комиссия жұмысының нәтижелері бойынша айқындалған әлеуетті қызметтер берушілермен тиісті қаржы жылына әкімші бөлген қаражаттың шегінде шарттар жасасады.
62. Тапсырыс беруші ТМККК орналастыру қорытындысы шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті қызметтер берушілерге Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес қол қойылған шарттарды жібереді.
63. Әлеуетті қызметтер берушілер тапсырыс беруші қол қойған шартты алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оған қол қояды.
Егер әлеуетті қызметтер беруші осы мерзімнің ішінде шартқа қол қоймаса, ол шартқа қол қоюдан жалтарған деп есептеледі және орналастырылмаған көлемдерді комиссия қызметтер берушілерге орналастырады.
64. Шарт тараптар оған қол қойғаннан кейін күшіне енеді және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті тіркелуі тиіс.
4. ТМККК орналастыру қорытындысы туралы хабарлау
65. Осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес шарт жасасқан қызметтер берушілердің тізімін тапсырыс беруші астананың, республикалық маңызы бар қаланың, тиісті облыстың аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында және әкімшінің интернет-ресурсында ТМККК орналастыру қорытындылары жасалған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде жариялайды.
66. Қызметтер берушілер әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында және/немесе интернет-ресурста, сондай-ақ жалпыға бірдей көрінетін қолжетімді жерлерде (қызметтер берушінің орналасқан жері бойынша) көрсетілетін қызметтер мен технологиялардың түрлерін, нысандарын көрсету арқылы оларда орналастырылған ТМККК туралы ақпаратты жариялайды.
6. Шығындарды өтеу
67. Қызметтер берушілердің шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың дәрігер мен ТМККК көрсететін денсаулық сақтау ұйымын еркін таңдауын іске асыруды, медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелерін есепке ала отырып, ұсыну нысандары мен тәртібін уәкілетті орган бекіткен орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілері негізінде тарифтерді қалыптастыру әдістемесіне сәйкес тарифтер бойынша жүзеге асырылады.
68. Қызметтер берушілердің ТМККК шеңберінде көрсеткен медициналық қызметтер көлемі үшін шарт негізінде шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы №2030 қаулысында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
69. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға (қаржы лизингі шарттарында қызметтер берушілерге лизингтік төлемдерді төлеуге арналған шығыстардан басқа) күрделі шығыстарды қоспағанда, жасалған шарт қаражатының және әкімші бекіткен қаражаттың шегінде ТМККК көрсету жөніндегі қызметіне байланысты шығындардың түрлері өтеледі.
70. Бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын ТМККК шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
7. Қорытынды ережелер
71. Қызметтер беруші тапсырыс берушімен келісу бойынша осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес ТМККК көрсету жөніндегі өз міндеттемелерінің бір бөлігін беру арқылы электрондық тізілімнен қосалқы мердігерлерді тартуға құқылы.
Тапсырыс беруші қызметтер берушіден хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жазбаша түрде келісім немесе дәлелді бас тарту ұсынады.
Қызметтер берушінің қосалқы мердігерге қызметтер үшін ақы төлеуі уәкілетті орган бекіткен тарификаторға сәйкес жүзеге асырылады.
72. Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың денсаулық сақтау субъектісін еркін таңдау құқығына сәйкес ТМККК орналасқан көлемі қызметтер берушімен қосымша келісім жасасу арқылы түзетіледі.
73. Қызметтер берушілер бірігу, қосылу, бөліну, қайта құрылу немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде олардың алдағы қайта ұйымдастыру туралы құжатты алған күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде тапсырыс беруші тиісті құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша хабарламаны дереу жіберуі тиіс.
Қайта ұйымдастырылатын қызметтер берушінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес құқықтық мирасқорға өтеді.
Тапсырыс беруші егер оның ТМККК көрсету бойынша міндеттемелері құқықтық мирасқорға өтпесе немесе құқықтық мирасқор болмаса, қайта ұйымдастырылатын қызметтер беруші ТМККК көлемін босатқан кезде осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын қызметтер берушіні таңдау рәсімін өткізу туралы шешім қабылдайды.
74. Қызметтер берушілер ТМККК қызметтерін есепке алуды қамтамасыз ететін денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу үшін интернетпен және кадрлық ресурстармен қамтамасыз етілуі үшін жауапты болады.
75. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Репсубликасының Үкіметі айқындаған тізбеге сәйкес айналасындағыларға қауіп төндіретін жіті аурулармен сырқаттану кезінде ТМККК алуға құқылы.
76. Шартты орындау процесінде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына 1-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау рәсімін немесе Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындау рәсімін болмады деп тану және оны қайта өткізу туралы хаттама
______________________ 20__ жылғы «___» ________
(орналасқан жері)
Мынадай құрамдағы комиссия:____________________________________
(комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің Т.А.Ә., лауазымы) __________________________________________________________________ (тиісті себебі: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау рәсіміне немесе Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындау рәсіміне қатысуға арнаған өтінімнің (бұдан әрі – қатысуға арналған өтінім) болмауы, қатысуға өтінім берген әлеуетті қызметтер берушілердің ешқайсысының әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі)
байланысты ашық дауыс беру арқылы мынадай ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1) 20__ жылғы «__» _____ бөлінген ____________________ (___________________________) теңге сомаға 20__ жылғы «__» _____ тегін
(сомасы санмен және жазбаша)
медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау рәсімі немесе Қазақстан Республикасының азаматтары мен орламандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындау рәсімі өткізілмеді деп танылсын және ол 20__ жылғы «__» ______ мерзімге дейін қайта өткізілсін;
2) тапсырыс беруші____________________________________________ (тапсырыс берушінің атауы)
20__ жылғы «__» ________ дейінгі мерзімде 20__ жылғы «__» __________ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау рәсімі немесе Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындау рәсімі өткізілмеді деп тану және оны қайта өткізу туралы жариялау үшін хабарландырудың мәтінін жіберсін.
Бұл шешім үшін дауыс берді: ИӘ _________ дауыс;
ЖОҚ __________ дауыс.
_______________________________________________________________
(комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің және хатшысының Т.А.Ә., қолдары)
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына 2-қосымша
_______________________________________________________________
(тапсырыс берушінің атауы, пошта және электрондық мекенжайы)
_______ жылға Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін тіркеу науқанына (бұдан әрі – тіркеу бойынша науқан) қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындау рәсімі ___________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың атауы)
аумағында өтетіні туралы хабарлайды.
Тіркеу бойынша науқанға қатысуға арналған өтінімдер мен нысандары __________________________________ интернет-ресурсында орналастырылған
(интернет-ресурс)
оған қоса берілетін құжаттардың тізбесін әлеуетті қызметтер берушілер ____________________________________ ______________________________
(тапсырыс берушінің атауын көрсету)
мекенжайы бойынша, № ______ кабинетке ұсынады.
Қатысуға арналған өтінімдерді және оларға қоса берілетін құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі «___» ____________ сағат ___________ дейін.
Тіркеу бойынша науқанға қатысуға арналған өтінімдер 20___ жылғы «___» ____________, сағат ___________ ___________ мекенжайы бойынша, № __ кабинетте қаралатын болады.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мынадай телефон (дар) арқылы алуға болады: ____________________________________________.
(қаланың коды мен телефон (дардың) нөмірі (лері)
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына 3-қосымша
Тапсырыс берушіге
_______________________________
(тапсырыс берушінің атауы) _____________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің атауы)
Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындау рәсіміне қатысуға арналған
өтінім
1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындау рәсіміне қатысуға үміткер заңды (жеке) тұлға (бұдан әрі – МСАК-тың әлеуетті қызметтер берушісі) туралы мәліметтер:
МСАК-тың әлеуетті қызметтер берушісінің заңды, пошталық мекенжайы мен байланыс телефондары;
МСАК-тың әлеуетті қызметтер берушісінің банктік деректемелері (ЖСН, БСН, ЖСК), сондай-ақ, МСАК-тың әлеуетті қызметтер берушісіне қызмет көрсетілетін банктің немесе оның филиалының атауы мен мекенжайы;
МСАК-тың әлеуетті қызметтер берушісі бірінші басшысының Т.А.Ә.
2. ___________________________________________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің атауы)
осы өтініммен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы №1358 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларында көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіні айқындау рәсіміне қатысуға ниет білдіреді.
3. Осы өтініммен әлеуетті қызметтер берушілерге қойылатын талаптардың бұзылмағанын және ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растайды.
Қосымша:
_____________________________________________________________
(парақтардың санын көрсете отырып, құжаттың атауы)
____________________________________________________/_________
(әлеуетті қызметтер берушінің бірінші басшысының лауазымы, Т.А.Ә. және оның қолы)
М.О.
Толтырылған күні ______________
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні
таңдау және оның шығындарын өтеу
қағидаларына
4-қосымша
Кадрлар біліктілігі туралы мәліметтер*
________________________________________________
(әлеуетті қызметтер берушінің атауы)
Р/с№
|
Т. А. Ә.
|
Атқаратын лауазымы
|
Білімі (диплом №, оқу орнының атауы және бітірген жылы)
|
Мамандығы бойынша еңбек өтілі
|
Біліктілік санаты берілген (берілмеген) маман сертификаты (№ және берілген күні)
|
Соңғы 5 жылда біліктілігін арттырғаны туралы құжат (бар болса)
|
Ғылыми дәрежесінің, атағының болуы туралы құжат (бар болса)
|
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық (№, күні)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпе:
* аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда бұл мәліметтер ұсынылмайды
Басшы ___________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына 5-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |