«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына



Дата29.02.2016
өлшемі34.47 Kb.
#34390


«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА




Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қаулы жобасы:

  1. «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1- бабының 2-тармағына сәйкес;

  2. Мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған адамдардың тағылымдамасын ұйымдастыру мен одан өту қағидаларының (Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 718 Жарлығы) 7-тармағына сәйкес;

  3. Құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысы) мониторингінің нәтижелері бойынша;

  4. 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 41-4.53 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағын орындау аясында;

  5. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы К. Мәсімовтің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 51-14.8 ПАБ тапсырмасы бойынша;

6) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Е.Ж. Қошановтың 2014 жылғы 4 тамыздағы № 13-8/2015 тапсырмасын орындау аясында мемлекеттік органдардың атқарушылық тәртібін күшейту және жауапкершілігін арттыру мақсатында әзірленді.

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Осы қаулыны қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Мемлекеттік органдар жүргізетін нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингінің, мемлекеттік органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілер жобаларының сапасын арттыру, сондай-ақ заңға тәуелді актілердің нормалары арасында қайшылықтарды жою мақсатында

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Жоқ

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың оң қорытындысы бар

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Орналастырылмаған

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Орналастырылмаған


Қазақстан Республикасының

Әділет министрі Б. Имашев


2014 жылғы « ____ » __________




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет