Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы



Дата23.02.2016
өлшемі116.85 Kb.
#4387
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 6 маусымдағы № 580 қаулысы



      Қазақстан РеспубликасыныңҮкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2013 жылғы 6 маусымдағы
№ 580 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. «Химиялықөнiмдi тiркеу және есепке алу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 11 маусымдағы № 572 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 296-құжат):


      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Химиялықөнiмдi тiркеу және есепке алу ережесiнде:
      5-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тiзiлiм – тiркелуi туралы қажеттi мәлiметтердi қамтитын индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүргiзетiн химиялықөнiмнiң тiзбесi;»;
      9-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкiлеттi орган өтiнiш түскен күннен кейiнгi күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде құжаттарды қарайды және химиялықөнiмдi тiркеу немесе тiркеуден дәлелдi бас тарту туралы шешiм қабылдайды.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Химиялықөнiм туралы мәлiметтердi тiзiлiмге енгiзу химиялықөнiмдi тiркеудiң және есепке алудыңқорытынды кезеңi болып табылады және химиялықөнiмдi тiркеу немесе дәлелдi бас тарту туралы куәлiк берiле отырып сүйемелденедi.».
      2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
      реттiк нөмiрi 243-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «


243

Химиялықөнiмдi тiркеу және есепке алу

Жеке және заңды тұлғалар

ИЖТМ

ИЖТМ
Өнеркәсiп комитетi

ИЖТМ
Өнеркәсiп комитетi

Электрондық, қағаз түрiнде (куәлiк)

                                                                   ».

       3. «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 992-құжат):


      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Химиялықөнiмдердi тiркеу және есепке алу» мемлекеттiк қызметiнiң стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2013 жылғы 6 маусымдағы
№ 580 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1130 қаулысымен  
бекiтiлген      

«Химиялықөнiмдi тiркеу және есепке алу»
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiңӨнеркәсiп комитетi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган), сондай-ақ «электрондықүкiметтiң» веб–порталы www.e.gov.kz немесе «Е лицензиялау» www.elicense.kz веб–порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетiледi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 9) тармақшасына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1 және 15-2-тармақтарына, «Химиялықөнiмдi тiркеу және есепке алу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 11 маусымдағы № 572 қаулысына сәйкес көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат:
      1) уәкiлеттi органның: www.comprom.kz интернет-ресурсында;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң (бұдан әрi – Министрлiк) www.mint.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) ресми ақпарат көздерiнде, уәкiлеттi органныңғимаратында орналасқан стендiлерде, үлгiлерi бар ақпараттық тақталарда;
      4) порталда орналастырылады.
      5. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесi химиялықөнiмдi тiркеу туралы куәлiктi (бұдан әрi – куәлiк) қағаз тасығышта беру не уәкiлеттi лауазымды тұлғаның электрондық цифрлыққолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған электрондыққұжат нысанында мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.
      Алушы уәкiлеттi органға куәлiктi қағаз тасығыштағы алу үшiн жүгiнген жағдайда, куәлiк электрондық форматта ресiмделедi, басып шығарылады, мөрмен расталады және уәкiлеттi органның басшысы қол қояды.
      6. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi – алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi – бес жұмыс күнi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      2) мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiн күтудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды;
      3) алушы жүгiнген күнi қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты – 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Жұмыс кестесi:
      1) уәкiлеттi органда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын 9.00-ден 18.30-ға дейiн, 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiс. Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз;
      2) порталда – тәулiк бойы кезек тәртiбiнде көрсетiледi.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      1) дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдардыңқолжетiмдiлiгi үшiн жағдайлар көзделген өтiнiш берушiнiң таңдауы бойынша уәкiлеттi органныңғимаратында.
      Ғимаратта құқық тәртiбiн қолдау үшiн тәулiк бойы күзет бекетi, өртке қарсы дабылдар және басқа да қауiпсiздiк шаралары бар.
      Ғимарат дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн арналған пандус арқылы кiру және құжаттардыңүлгiлерi бар ақпараттық стендтермен жабдықталған.
      2) порталда – алушының «жеке кабинетiнде» көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы мынадай құжаттарды тапсырады:


      1. Уәкiлеттi органда:
      1) тiркеу үшiн:
      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша химиялықөнiмдi тiркеуге арналған өтiнiш;
      жеке тұлғалар үшiн жеке басын куәландыратын құжат;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама;
      химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi паспорты;
      2) химиялықөнiмдi қайта тiркеу үшiн:
      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша химиялықөнiмдi қайта тiркеуге арналған өтiнiш;
      жеке тұлғалар үшiн жеке басты куәландыратын құжат;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама;
      химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi паспорты;
      химиялықөнiмдi тiркеу туралы куәлiк.
      Уәкiлеттi орган мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтердi, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы анықтаманы портал арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжаттар нысанында, ал химиялықөнiмдi тiркеу туралы куәлiк және қауiпсiздiк паспортын мәлiметтер нысанынан алады.
      2. Порталда:
      1) тiркеу үшiн:
      заңды тұлғаны мемлекеттiк осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес деректерi бар алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондыққұжат нысанындағы өтiнiш;
      жеке тұлғалар үшiн жеке басын куәландыратын құжат;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама;
      химиялықөнiмнiңқауiпсiздiк паспорты;
      2) қайта тiркеу және жаңа куәлiктi алу үшiн:
      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес деректерi бар алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондыққұжат нысанындағы өтiнiш;
      жеке тұлғалар үшiн жеке басын куәландыратын құжат;
      заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама;
      химиялықөнiмнiңқауiпсiздiк паспорты;
      химиялықөнiмдi тiркеу туралы куәлiк.
      Мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде қамтылатын жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтердi, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы анықтаманы, уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондыққұжат нысанында, ал химиялықөнiмдi тiркеу туралы куәлiк және химиялыққауiпсiздiгi өнiмнiң паспортын мәлiметтер нысанынан алады.
      12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпарат және оны алу алу үшiн қажеттi құжаттар туралы ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi http://www.comprom.kz интернет-ресурсында және уәкiлеттi органныңүй-жайында орналасқан арнайы ақпараттық стендiлерде орналасады.
      Мемлекеттiк қызметтi портал арқылы алу үшiн электрондыққұжат нысанында сұрау толтырылады.
      13. Құжаттарды қабылдау 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1706 бөлме мекенжайы бойынша уәкiлеттi органның кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.
      Веб-порталға жүгiнген кезде электронды сұрауды жiберу мемлекеттiк қызметтi алушының «жеке кабинетiнен» жүзеге асырылады. Сұрау автоматты түрде таңдалған қызметке сәйкес мемлекеттiк органға – адресатқа жiберiледi.
      14. Уәкiлеттi органның кеңсесi арқылы құжаттарды қабылдаған кезде алушыға тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат мыналарды көрсете отырып берiледi:
      1) өтiнiштi қабылдаған күнi және нөмiрi;
      2) сұратылған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      4) мемлекеттiк қызметтi алу күнi (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      5) құжаттарды рәсiмдеуге қабылдаған қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      6) мемлекеттiк қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары.
      Портал арқылы өтiнiш жасаған кезде порталдағы «жеке кабинетке» мемлекеттiк қызмет нәтижелерiн алушы алған күнi мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрауды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жiбередi.
      15. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi алушыға:
      1) уәкiлеттi органда – сенiмхат бойынша алушының немесе өкiлдiң жеке келуi арқылы қолма-қол;
      2) порталда – алушының «жеке кабинетiнде» көрсетiледi.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылады:
      1) химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi саласындағы заңнама талаптарына химиялықөнiмнiң сәйкессiздiгi;
      2) химиялықөнiм қауiпсiздiгiнiң паспортында толық емес ақпаратты ұсыну;
      3) химиялықөнiм қауiпсiздiгiнiң паспортында химиялықөнiм туралы дұрыс емес мәлiметтердi беру;
      4) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес негiздемелердiң болуы:
      сұратылған электрондық ақпараттық ресурсқа қатысты қол жетiмдiлiкке шектеулер болғанда және сұрау салу жiберген тұлғаның сұратылған электрондық ақпараттық ресурсқа қол жеткiзу құқығы болмаса;
      сұратылған электрондық ақпараттық ресурс болмаса және кiмнiң иелiгiнде екенi оған белгiсiз болса;
      сұрау салу мәнiн нақтылау кезiнде сұрау салушы тұлғаның нақты қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралыөтiнiм жасағанын анықтау мүмкiн болмаса;
      электрондық ақпараттық ресурсты сұратушы тұлға сұрау салуды орындау шығыстарын төлемесе, егер шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделсе;
      сұрау салу «Ақпараттандыру туралы» Заңның 36-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмесе:
      ақпаратты сұратқан тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты;
      заңды тұлға атынан сұрау салумен жүгiнген кезде - заңды тұлғаның толық атауы, сауалмен жүгiнген тұлғаның лауазымы, тегi, аты және әкесiнiң аты;
      сұрау салу жүгiнген адамның байланыс деректерi (почталық мекенжайы немесе электрондық почта мекенжайы не телефонның немесе телефакстiң нөмiрi), олар арқылы ақпараттық жүйенiң меншiк иесi немесе оны иеленушiсi электрондық ақпараттық ресурстарды беруi немесе  ақпаратты сұратқан тұлғамен байланысуы мүмкiн;
      сұратылған электрондық ақпараттық ресурстың мазмұны, құжаттың атауы мен мазмұны немесе оған белгiлi құжаттың деректемелерi.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты алушы электрондыққұжат нысанында «жеке кабинетiнде» алады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Комитет қызметi өтiнiш берушiге қатысты мынадай қағидаттарға негiзделедi:


      1) адамның конституциялыққұқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк борышты орындау кезiнде заңдылықты сақтау;
      3) алушылармен жұмыс жасау кезiндегi сыпайылық
      4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) өтiнiштердi қарау кезiнде лауазымды тұлғалар қызметiнiң ашықтығы;
      6) алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау және құпиялылық.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Комитеттiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң тиiстi бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi лауазымды тұлғалардыңәрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсету уәкiлеттi органның кеңсесiнде мына мекенжайы бойынша: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1706 бөлме, қабылдау телефоны: 8 (7172) 29-90-73 (электрондық поштаның мекенжайы: kpmint1711@comprom.kz) жүзеге асырылады.


      Портал жұмысына шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты саll-орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.
      21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағым Министрлiкке берiледi: Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2602 бөлме, қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (7172) 24-22-09, 29-90-05 (электрондық поштаның мекенжайы: kpmint1711@comprom.kz).
      22. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде дұрыс қызмет көрсетiлмеуiне шағымдану:
      1) уәкiлеттi органға мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1706 бөлме, қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (7172) 29-90-73 (электрондық пошта мекенжайы: kpmint1711@comprom.kz);
      2) порталда саll-орталығының телефон нөмiрi (1414) бойынша өтiнiш беру арқылы жiберiледi.
      23. Мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, алушы заңнамамен белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Құзыретiне шағымда қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға шағым жазылуы тиiс.
      Шағымда тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, күнi көрсетiледi. Шағымға алушы қол қоюы тиiс. Шағымды беру кезiнде субъектiнiң немесе әрекетiне шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi, аты-жөнi, шағымдану себептерi мен талаптары көрсетiледi.
      25. Қабылданған шағым есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардыңөтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қаралады.
      Алушыға өтiнiштiң (шағымның) қабылданған күнi және уақыты, қабылданған адамның тегi және аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi. Шағымныңқаралу нәтижесi туралы алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      Электрондық шағымды портал арқылы «жеке кабинеттен» жiбергеннен кейiн алушыға шағым туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол мемлекеттiк органда өтiнiштi өңдеу кезiнде жаңартылып отырады (жеткiзу, тiркеу, орындау, қарау туралы белгi болады және бас тарту туралы жауап).
      26. Мемлекеттiк қызметтi алушыныңқосымша ақпаратты уәкiлеттi органның интернет-ресурсынан www.comprom.kz алуына болады.

«Химиялықөнiмдердi     


тiркеу және есепке алу»   
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша         

_________________________________________________


(уәкiлеттi органның толық атауы)        
_________________________________________________
(мемлекеттiк қызмет алушының толық атауы)   
Мекенжайы _________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон)
Алушының деректемелерi ______________________________________________
(ЗТ/ЖК мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, № БСН, ЖСН)

Химиялықөнiмдi тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктi алу үшiн
ӨТIНIШ

      «Химиялықөнiмнiңқауiпсiздiгi туралы» 2007 жылғы 2 шiлдедегi № 302 Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 11 маусымдағы № 572 қаулысымен бекiтiлген Химиялықөнiмдi тiркеу және есепке алу ережесiне сәйкес химиялықөнiмдi тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк берудi сұраймыз.

      Басшы __________________         ______________________________
                  (қолы)                 (тегi, аты, әкесiнiң аты)

«Химиялықөнiмдердi     


тiркеу және есепке алу»   
мемлекеттiк қызмет стандартына
2-қосымша         

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Алдыңғы жылдағы мақсаттық көрсеткiш мәнi

Есептiк жылдағы көрсеткiштiң ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтердi көрсету жағдайлары % (үлесi)

100







2. Сапа

2.1. қызметтi көрсету үдерiсi қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесi)

100







3. Қолжетiмдiлiгi

3.1. Қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпаратпен және сапасымен қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесi)

100







3.2. электронды түрдегi қолжетiмдi ақпарат қызметi % (үлесi)

100







4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Осы шағымданудыңқолда бар тәртiбiне қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесi)

100







5. Сыпайылық

5.1. Қызмет көрсетушi қызметкерлердiң сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

100








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет