Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күші жойылған
кейбiр шешiмдерiнің тізбесі
«Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақылар төлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 2, 11-құжат). -
«Оралмандарды көшіп келу квотасына енгізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қыркүйектегі № 858 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35, 400-құжат).
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 978 қаулысының 1-тармағы 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 40, 458-құжат). «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 7 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 6, 78-құжат). «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 230 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 24, 295-құжат). «Оралмандардың 2012-2014 жылдарға арналған көшіп келу квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1581 қаулысы. ______________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |