Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей қатысатын авиация персоналын кәсiптiк даярлау қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі486.67 Kb.
#11333
  1   2   3
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей қатысатын авиация персоналын кәсiптiк даярлау қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 13 мамырдағы № 512 және "Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарын бекiту туралы" 2011 жылғы 25 сәуiрдегi № 441 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1433 қаулысы


"Егемен Қазақстан" 11.01.2014 ж. № 6 (28230); "Казахстанская правда" от 11.01.2014 г. № 6 (27627)


      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) «Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей қатысатын авиация персоналын кәсiптiк даярлау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 мамырдағы № 512 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 38, 462-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей қатысатын авиация персоналын кәсiптiк даярлау қағидасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) «Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 сәуiрдегi № 441 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 34, 413-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1433 қаулысына    
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2011 жылғы 13 мамырдағы
№ 512 қаулысымен   
бекiтiлген      

Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей қатысатын авиация
персоналын кәсiптiк даярлау қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей қатысатын авиация персоналын кәсiптiк даярлау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.


      2. Осы Қағида ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей қатысатын авиация персоналын (бұдан әрi – авиация персоналы) кәсiптiк даярлау тәртiбiн және оған қойылатын жалпы талаптарды айқындайды, ол:
      1) авиация персоналын бастапқы даярлауды;
      2) авиация персоналын қайта даярлауды;
      3) авиация персоналының кәсiптiк деңгейiн ұстауды қамтиды.
      3. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
      1) авиация персоналы – арнайы және (немесе) кәсiптiк даярлығы бар, мынадай қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар:
      әуе кемелерiнде ұшуды орындау (ұшу экипажы және кабина экипажы);
      әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету (әуе кемесiн ұшуға жарамды күйде ұстауды жүзеге асыратын персонал);
      әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету (әуе қозғалысына қызмет көрсететiн диспетчерлiк персонал, авиация станцияларының операторлары, iздеу және құтқару жөнiндегi, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық радиобайланыс жөнiндегi персонал, радиотехникалық жабдықтарды пайдалану және байланыс жөнiндегi персонал, ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етудi ұйымдастыру жөнiндегi персонал);
      ұшуды қамтамасыз ету (әуежайларда, әуеайлақтарда, тiкұшақ айлақтарында және теңiз қондырғыларына орнатылған тiкұшақ алаңдарында ұшуды жерде қамтамасыз ету жөнiндегi персонал, әуежайлардың ұшуды электр-жарық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi персоналы, ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкер/ұшу диспетчерi, азаматтық авиация ұйымдарының басшылары);
      2) авиациялық оқу орталығы – авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      3) белгiленген үлгiдегi құжат (куәлiк, сертификат) – авиациялық оқу орталығы және/немесе азаматтық авиация ұйымдары әзiрлеген және уәкiлеттi органмен келiсiлген авиациялық персоналды кәсiптiк даярлау бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағанын куәландыратын, азаматтық авиация ұйымының жұмысына қатысу рәсiмдерiне сәйкестiгi шеңберiнде қызметтiң белгiлi бiр түрiн орындауға құқық беретiн құжат;
      4) авиациялық оқу орталығының нұсқаушысы – өз бiлiктiлiгiне сәйкес тiкелей азаматтық авиация саласының мамандарын кәсiптiк даярлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлға;
      5) бiлiктiлiк – ұйғарылған деңгейдегi мiндеттер мен функцияларды тиiмдi орындау үшiн талап етiлетiн бiлiмнiң, дағды мен iскерлiктiң үйлесiмi;
      6) бiлiктiлiк белгiсi – куәлiкке жазылған және оның бiр бөлiгi болып табылатын жазба, онда осы куәлiкке қатысты ерекше шарттар, құқықтар мен шектеулер көрсетiледi;
      7) бiлiктiлiк талаптары – арнайы даярлау деңгейi мен бейiнiн айқындайтын талаптар, сондай-ақ жұмыс өтiлiне қойылатын талаптар;
      8) аралас оқыту – кәсiптiк даярлықты әртүрлi оқыту нысандарын бiрiктiру арқылы өткiзу;
      9) кешендi (үлгiлiк) оқыту – кәсiптiк даярлықты белгiленген кезеңдегi оқытудың бүкiл бағдарламасын бiр мезгiлде iске асыру арқылы өткiзу;
      10) ұшуға даярлық – ұшқыштар құрамын кәсiптiк даярлау процесiнiң бiр кезеңi, одан өткен кезде бiлiм алушы ұшуды орындауға дағдыланады және машықтанады әрi оны жетiлдiредi;
      11) модульдiк оқыту – кадрларды даярлаудың кезеңдiк жүйесiн пайдаланып, үздiксiз бiлiм беру әдiсi, мұнда әрбiр саты (модуль) алынған бiлiм мен дағдыны бақылаудың және бағалаудың рейтингтiк жүйесi бар аяқталған цикл болып табылады;
      12) бастапқы даярлау – авиациялық кәсiбi немесе мамандығы жоқ адамды, сондай-ақ авиациялық жаңа кәсiптi және мамандықты игерту мақсатында авиация персоналы мен авиация инспекторларын кәсiптiк оқыту процесi, мемлекеттiк немесе белгiленген үлгiдегi құжаттар берiледi;
      13) қайта даярлау – авиация персоналы мен авиация инспекторларын оқытудың жаңа (қосымша) кәсiптiк бiлiм, дағды, машық (оның iшiнде бiлiктiлiк белгiлерiн) алуға және авиациялық техниканы зерделеуге бағытталған процесi, белгiленген үлгiдегi құжаттар берiледi;
      14) кәсiптiк деңгейдi ұстау – авиация персоналын оқытудың ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-экономикалық дамумен және азаматтардың жеке қажеттiлiгiмен негiзделген, процесi, оның мақсаты кәсiптiк бiлiмдi, машық пен дағдыны жаңарту, кеңейту және тереңдету болып табылады, белгiленген үлгiдегi құжаттар берiледi;
      15) практикалық даярлық – авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау процесiнiң кезеңi, одан өткен кезде бiлiм алушы әуе кемесiнде, пайдалану объектiлерiнде, жаттығу құрылғыларында, интерактивтiк оқыту құралдарында, зертханалық және стендтiк жабықтарда, сондай-ақ жекелеген құрылғылармен, агрегаттармен және құрамдауыштармен жұмыс iстеудiң тәжiрибелiк дағдысы мен машығын игередi, ұстап тұрады және жетiлдiредi;
      16) кәсiптiк даярлау (оқыту) – бастапқы даярлау, қайта даярлау, кәсiптiк деңгейдi ұстау, сондай-ақ оқытудың ықтимал түрлерi;
      17) тағылымдама – мамандықты тәжiрибеде игеру, қызмет көрсету мен басқару объектiлерiне бейiмделу, сондай-ақ жұмыс орнында жылдам бағдарлану және жұмыстың жаңа тәсiлдерiн игеру мақсатында оқытуды қамтамасыз ететiн тұлғаның жетекшiлiк етуiмен жұмыс орнында оқыту;
      18) теориялық даярлық – кәсiптiк даярлау процесiнiң кезеңi, одан өткен кезде бiлiм алушы өту кезiнде арнайы теориялық бiлiм алады, сондай-ақ оларды бекiтiлген оқу бағдарламаларына сәйкес қолдайды және жетiлдiредi;
      19) кәсiптiк даярлаудың үлгiлiк бағдарламалары – авиациялық оқу орталығы үшiн бағыттардың, мамандықтар мен қызметтiң ерекшелiктерiн бейнелейтiн оқу бағдарламаларын өз бетiмен жасау мүмкiндiктерiн сақтау арқылы кәсiптiк даярлаудың бiрiздi тәсiлiн қамтамасыз ететiн бағдарламалар;
      20) тренажерда даярлау – авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау процесiнiң кезеңi, одан өткен кезде бiлiм алушы азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен имитациялайтын құрылғылардың көмегiмен практикалық дағды мен машықты игередi, ұстайды және жетiлдiредi;
      21) мемлекеттiк авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган);
      22) емтихан алушы (емтихан алатын немесе аттестаттайтын маман) – авиация персоналының бiлiктiлiк деңгейiн айқындауға құқығы бар жеке тұлғалардың тiзбесiне кiрген, уәкiлеттi орган белгiлейтiн бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн тұлға;
      23) ИКАО – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы.

2. Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей қатысатын авиация
персоналын кәсiптiк даярлау тәртiбi

      4. Қазақстан Республикасының авиация персоналын бастапқы даярлау, қайта даярлау және олардың кәсiптiк деңгейiн ұстау дегенiмiз кәсiптiк қызметте пайдаланылатын мамандандырылған бiлiм, машық пен дағды алу және оларды тереңдету мақсатындағы оқыту болып табылады.


      5. Авиация персоналы тағылымдамадан өткеннен және уәкiлеттi орган бекiтетiн жеке тұлғалардың тiзбесiне кiретiн, тағылымдаманы өткiзген лауазымды адамның дербес кәсiптiк қызметке жiберу ықтималдығы туралы шешiмiнен кейiн дербес кәсiптiк қызметке жiберiледi.
      6. Авиация персоналын кәсiптiк даярлау авиациялық оқу орталықтарының және азаматтық авиация ұйымдарының авиация персоналын кәсiптiк даярлаудың бекiтiлген, уәкiлеттi органмен келiсiлген бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Авиация персоналын кәсiптiк даярлау бағдарламалары авиация персоналын кәсiптiк даярлаудың үлгiлiк бағдарламаларының негiзiнде бекiтiледi.
      Авиация персоналын кәсiптiк даярлауды жүзеге асырудың кезеңдiлiгi Авиация персоналын кәсiптiк даярлаудың үлгiлiк бағдарламаларында айқындалады.
      8. Авиация персоналын кәсiптiк даярлау Қазақстан Республикасының сертификатталған авиациялық оқу орталықтарында (авиациялық оқу орталықтарында), тиiстi құқығы бар азаматтық авиация ұйымдарында немесе уәкiлеттi орган таныған сертификатталған шетелдiк авиациялық оқу орталықтарында (авиациялық оқу орталықтарында) жүзеге асырылады.
      9. Авиация персоналын бастапқы даярлау және қайта даярлау сертификатталған авиациялық оқу орталықтарында ғана жүргiзiледi.
      10. Авиация персоналының кәсiптiк деңгейiн ұстау сертификатталған авиациялық оқу орталықтарында (авиациялық оқу орталықтарында), сондай-ақ техникалық және әдiстемелiк мүмкiндiгi мен тиiстi мамандардың және/немесе оқытушы ұйымның тиiстi саладағы кәсiптiк даярлауды жүзеге асыруға заңды құқығы болған жағдайда, азаматтық авиация ұйымының базасында жүргiзiледi.
      11. Азаматтық авиацияның шетелдiк авиациялық оқу орталықтарының сертификаттарын уәкiлеттi орган танығаннан кейiн ғана олар азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн ұстауға жiберiледi.
      12. Уәкiлеттi орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарымен шарт бойынша жұмыс iстейтiн шетелдiк азаматтардың авиация персоналын оқытуына рұқсат етiледi.
      13. Авиация персоналының бәрiн кәсiптiк даярлау оқытудың мынадай негiзгi нысандары арқылы жүзеге асырылады:
      1) тұрақты күндiзгi (халықаралық практикаға ықпалдастырылған, үлгiлiк);
      2) модульдiк;
      3) сырттай;
      4) қашықтан;
      5) аралас;
      6) жеке;
      7) курстар, семинарлар, тренингтер;
      8) өз бетiмен даярлану;
      9) практикалық сабақтар;
      10) тағылымдама.
      14. Таңдап алынған оқыту нысанына қарамастан, бекiтiлген бағдарламаларға сәйкес әр бағыт бойынша ұшуды қамтамасыз етуге тiкелей қатысатын авиация персоналын кәсiптiк даярлауды жүзеге асырудың толық циклi қамтамасыз етiледi.
      15. Өз бетiмен даярлану тиiстi техникалық құралдарды, бағдарламалық қамтамасыз етудi және оқу әдебиетiн пайдалана отырып жүргiзiледi.
      16. Практикалық сабақтар әуе шарларында, тренажерларда, оқытудың интерактивтi құралдарында не тиiстi техникалық (зертханалық) жабдықтарда жүргiзiледi.
      17. Оқыту нысанына қарамастан, мамандық бойынша кәсiптiк даярлау бағдарламасына сәйкес қажеттiлiгiне қарай даярлықтың мынадай кезеңдерi қамтамасыз етiледi:
      1) теориялық
      2) тренажерда;
      3) практикалық
      4) ұшу.
      18. Осы Қағидаға сәйкес авиациялық оқу орталықтарының авиация персоналын оқытуды жүзеге асыратын қызметкерлерiн кәсiптiк даярлау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 сәуiрдегi № 441 қаулысымен бекiтiлген Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарында көзделген және мынадай салаларды қамтиды:
      1) оқыту әдiснамасы;
      2) жаңа мамандықтар мен бағыттарды игеру (қажет болған жағдайда);
      3) авиациялық оқу орталықтарының персоналына өзiнiң кәсiптiк қызметiнiң процесiнде қажет болатын авиациялық техниканың, жерүстi жабдықтардың әрқилы түрлерiмен және оларды пайдалану ерекшелiгiмен танысу (қажет болған жағдайда);
      4) оқытудың және бiлiктiлiгiн тестiлеудiң тиiстi пәндерi, бағыттары бойынша кәсiптiк бiлiм мен дағды;
      5) авиация персоналын кәсiптiк даярлау саласындағы өзектi аспектiлердi, даму жолдарын, проблемаларды, жетiстiктердi зерделеу және талқылау, тәжiрибе алмасу;
      6) қауiп-қатер факторлары мен қателердi бақылауды қоса алғанда, адами фактор;
      7) авиация персоналын кәсiптiк даярлауға байланысты өзге де мәселелердi шешуге қатысу.
      19. Авиация персоналын оқытуға мынадай шарттарда шақырылады:
      1) оқытуды толық немесе iшiнара ағылшын тiлiнде өткiзу, сондай-ақ өзiнiң кәсiптiк қызметiнде ағылшын тiлiндегi құжаттама мен оқу әдебиетiн пайдалану, негiзгi оқыту тiлi ретiнде ағылшын тiлi пайдаланылатын елдерде жыл сайын кәсiптiк даярлықтан өту;
      2) халықаралық азаматтық авиация ұйымы не басқа да халықаралық авиациялық қоғамдастықтар мен қауымдастықтар өткiзетiн семинарларға, конференцияларға, форумдарға, кеңестерге және басқа да iс-шараларға жыл сайын қатысу.

Қазақстан Республикасы  


Үкiметiнiң        
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1433 қаулысына     
2-қосымша         

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2011 жылғы 25 сәуiрдегi
№ 441 қаулысымен  
бекiтiлген      

Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын
сертификаттау талаптары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптары (бұдан әрi – сертификаттау талаптары) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және авиация персоналын, мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау мен бiлiктiлiктерiн ұстау үшiн сәйкестiк өлшемдерiн белгiлейдi (бұдан әрi – авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау).


      2. Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын осы сертификаттау талаптары Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген, авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың бәрiне қолданылады.
      3. Осы сертификаттау талаптарында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) авиациялық оқу орталығы – авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлауды жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрi – АОО);
      2) аудит немесе аудиторлық тексеру – бұл ұйымның, жүйенiң, процестiң, жобаның немесе өнiмнiң қызметiн тәуелсiз бағалау рәсiмi;
      iшкi аудит - менеджментке тәуекелдердi анықтау мен бағалауға және тәуекелдердi азайтуға және жүйелер мен процестердiң тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған шараларды орнатуға көмек беретiн басқарушы бағытталған корпоративтiк қызмет;
      сыртқы аудит - авиациялық оқу орталығының қызметiне тиiмдi баға беру мақсатында шарттық негiзде тәуелсiз аудиторлық ұйым (аудитор) өткiзетiн аудит
      3) белгiленген үлгiдегi құжат (куәлiк, сертификат, электрондық жүйе, құжаттаудың белгiленген рәсiмдерiне сәйкес жүргiзiлетiн кәсiптiк даярлау туралы жазбалар) – бекiтiлген бағдарлама бойынша оқуды аяқтағанын куәландыратын, азаматтық авиация ұйымының жұмысына қатысу рәсiмдерiне сәйкестiгi шеңберiнде қызметтiң белгiлi бiр түрiн орындауға құқық беретiн құжат не жазба;
      4) авиациялық оқу орталығының нұсқаушысы – өз бiлiктiлiгiне сәйкес тiкелей азаматтық авиация саласының мамандарын кәсiптiк даярлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлға;
      5) оқу сапасы – белгiлi бiр стандарттар шеңберiнде белгiленген немесе болжамды талаптарға сай келетiн даярлық нәтижесi;
      6) бiлiктiлiк – ұйғарылған деңгейдегi мiндеттер мен функцияларды тиiмдi орындау үшiн талап етiлетiн бiлiмнiң, дағды мен iскерлiктiң үйлесiмi;
      7) бiлiктiлiк белгiсi – куәлiкке жазылған және оның бiр бөлiгi болып табылатын жазба, онда осы куәлiкке қатысты ерекше шарттар, құқықтар мен шектеулер көрсетiледi;
      8) даярлау мен бағалаудың бiлiктiлiк жүйесi – оқытылатын персоналды даярлау мен бағалау жүйесi, оған нәтижелерге бағдарлану, операцияларды орындау тиiмдiлiгiнiң стандарттарын айқындау және сақтау, сондай-ақ белгiленген тиiмдiлiк стандарттары негiзiнде оқу курсын әзiрлеу тән;
      9) бiлiктiлiк талаптары – арнайы даярлау деңгейi мен бейiнiн айқындайтын талаптар, сондай-ақ жұмыс өтiлiне қойылатын талаптар;
      10) аралас оқыту – кәсiптiк даярлықты әртүрлi оқыту нысандарын бiрiктiру арқылы өткiзу;
      11) кешендi (үлгiлiк) оқыту – кәсiптiк даярлықты белгiленген кезеңдегi оқытудың бүкiл бағдарламасын бiр мезгiлде iске асыру арқылы өткiзу;
      12) ұшуға даярлық – ұшқыштар құрамын кәсiптiк даярлау процесiнiң бiр кезеңi, одан өткен кезде бiлiм алушы ұшуды орындауға дағдыланады және машықтанады әрi оны жетiлдiредi;
      13) модульдiк оқыту – кадрларды даярлаудың кезеңдiк жүйесiн пайдаланып, үздiксiз бiлiм беру әдiсi, мұнда әрбiр саты (модуль) алынған бiлiм мен дағдыны бақылаудың және бағалаудың рейтингтiк жүйесi бар аяқталған цикл болып табылады;
      14) сапаны қамтамасыз ету – барлық оқу iс-шараларының белгiленген стандарттар мен талаптарға сай келетiнiне сенiмдiлiктi қалыптастыру үшiн қажеттi барлық жоспарланған және жүйелi iс-қимыл;
      15) бастапқы даярлау – авиациялық кәсiбi немесе мамандығы жоқ адамды, сондай-ақ авиациялық жаңа кәсiптi және мамандықты игерту мақсатында авиация персоналы мен авиация инспекторларын кәсiптiк оқыту процесi, мемлекеттiк немесе белгiленген үлгiдегi құжаттар берiледi;
      16) қайта даярлау – авиация персоналы мен авиация инспекторларын оқытудың жаңа (қосымша) кәсiптiк бiлiм, дағды, машық (оның iшiнде бiлiктiлiк белгiлерiн) алуға және авиациялық техниканы зерделеуге бағытталған процесi, белгiленген үлгiдегi құжаттар берiледi;
      17) кәсiптiк деңгейдi ұстау – авиация персоналын оқытудың ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-экономикалық дамумен және азаматтардың жеке қажеттiлiгiмен негiзделген процесi, оның мақсаты кәсiптiк бiлiмдi, машық пен дағдыны жаңарту, кеңейту және тереңдету болып табылады, белгiленген үлгiдегi құжаттар берiледi;
      18) практикалық даярлық – авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау процесiнiң кезеңi, одан өткен кезде бiлiм алушы әуе кемесiнде, пайдалану объектiлерiнде, жаттығу құрылғыларында, интерактивтiк оқыту құралдарында, зертханалық және стендтiк жабықтарда, сондай-ақ жекелеген құрылғылармен, агрегаттармен және құрамдауыштармен жұмыс iстеудiң тәжiрибелiк дағдысы мен машығын игередi, ұстап тұрады және жетiлдiредi;
      19) кәсiптiк даярлау (оқыту) – бастапқы даярлау, қайта даярлау, кәсiптiк деңгейдi ұстау, сондай-ақ оқытудың ықтимал түрлерi;
      20) сертификаттау талаптары – азаматтық авиация саласының мамандарын даярлауды ұйымдастырудың, ұстаудың, оның деңгейi мен сапасының сәйкестiгiн белгiлеу мақсатында авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптар;
      21) куәлiк, сертификат, диплом – бекiтiлген бағдарлама бойынша оқудың тәмамдалғанын куәландыратын және бiлiктiлiк белгiсiн алуға немесе тағылымдамадан сәттi өткеннен кейiн қызметтiң нақты түрiн орындауға құқық беретiн құжат;
      22) тағылымдама – мамандықты тәжiрибеде игеру, қызмет көрсету мен басқару объектiлерiне бейiмделу, сондай-ақ жұмыс орнында жылдам бағдарлану және жұмыстың жаңа тәсiлдерiн игеру мақсатында оқытуды қамтамасыз ететiн тұлғаның жетекшiлiк етуiмен жұмыс орнында оқыту;
      23) теориялық даярлық – кәсiптiк даярлау процесiнiң кезеңi, одан өткен кезде бiлiм алушы өту кезiнде арнайы теориялық бiлiм алады, сондай-ақ оларды бекiтiлген оқу бағдарламаларына сәйкес қолдайды және жетiлдiредi;
      24) оқыту техникасы – бiлiм мен дағдыны барынша тиiмдi беру мен бақылау үшiн оқыту процесiнде пайдаланылатын тәсiлдер мен әдiстер;
      25) кәсiптiк даярлаудың үлгiлiк бағдарламалары – авиациялық оқу орталығы үшiн бағыттардың, мамандықтар мен қызметтiң ерекшелiктерiн бейнелейтiн оқу бағдарламаларын өз бетiмен жасау мүмкiндiктерiн сақтау арқылы кәсiптiк даярлаудың бiрiздi тәсiлiн қамтамасыз ететiн бағдарламалар;
      26) тренажерда даярлау – авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау процесiнiң кезеңi, одан өткен кезде бiлiм алушы азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен имитациялайтын құрылғылардың көмегiмен практикалық дағды мен машықты игередi, ұстайды және жетiлдiредi;
      27) мемлекеттiк авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      28) емтихан алушы (емтихан алатын немесе аттестаттайтын маман) – авиация персоналының бiлiктiлiк деңгейiн айқындауға құқығы бар жеке тұлғалардың тiзбесiне кiрген, уәкiлеттi орган белгiлейтiн бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн тұлға;
      29) ИКАО – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы.

2. Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын
сертификаттау талаптары

1. Құжаттама және ақпаратты сақтау



      4. Қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн және пайдаланылатын рәсiмдердi сипаттау, оқу саясатын, бағдарламалары мен процестерiн iске асыру үшiн авиациялық оқу орталығының азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген мынадай құжаттары болады:
      1) персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқау;
      2) сапа жөнiндегi нұсқау;
      3) уәкiлеттi орган бекiтiлетiн ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсiптiк даярлаудың үлгiлiк бағдарламаларына сәйкес әзiрленген кәсiптiк даярлау бағдарламалары.
      5. Өз қызметiнiң заңдылығын растау үшiн АОО мыналар болуы тиiс:
      1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген кәсiптiк даярлау бағдарламалары;
      2) АОО басқарушы, нұсқаушы және емтихан алушы персоналының бiлiктiлiгiн растайтын құжаттары.
      6. Қызметтi жоспарлау, бағдарламалар мен курстарға өзгерiстердi бекiту және енгiзу, өткiзiлетiн сабақтарға қатысуды бақылауды қамтамасыз ету, бiлiмдi аралық және соңғы бақылауды бекiту, құжаттарды тiркеу үшiн АОО-да:
      1) АОО-да жүргiзiлетiн кеңестердiң, жиналыстардың, оқу-әдiстемелiк топ (болған кезде) мәжiлiстерiнiң хаттамалары;
      2) оқу сабақтарының журналдары;
      3) сабақтар мен ашық сабақтарға бақылау үшiн бару журналы;
      4) оқуды бiтiру туралы құжаттардың берiлгенiн тiркеу журналы не персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқаумен регламенттелген деректердi тiркеудiң, сақтау мен берудiң автоматтандырылған электрондық жүйесi;
      4) мыналарға:
      оқу процесiне;
      сапа жүйесiне;
      емтиханға немесе тестiлеуге;
      ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесiне қойылатын талаптарды орындау үшiн қажеттi құжаттар жүргiзiледi.
      7. Бұған қоса АОО-да негiзгi қызметiн жүзеге асыруға негiз болатын өзектi нормативтiк-құқықтық құжаттама болуы тиiс.
      8. АОО құжаттамасын есепке алу жүйесiнде мыналар қамтамасыз етiледi:
      1) АОО-да сақталатын есепке алу құжаттарында әр тыңдаушының оқу тарихын құжаттама түрiнде растауға және қалпына келтiруге мүмкiндiк беретiн әр оқу iс-шарасының жазбасы жүргiзiледi;
      2) есепке алу құжаттарының оларды заңсыз алу немесе алмастыру мүмкiндiгiн болғызбайтын тұтастығы, сондай-ақ күтпеген мән-жайлар туындаған жағдайда, оның үздiксiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында есепке алудың резервтiк жүйесiнiң болуы қамтамасыз етiледi.
      9. АОО Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын мұрағатқа тапсыру жүйесiн әзiрлейдi.
      10. Басқарушы, нұсқаушы және емтихан алушы персонал құжаттарының ең аз құрамы:
      1) базалық бiлiмi туралы деректер;
      2) кәсiптiк даярлау туралы деректер;
      3) лауазымдық нұсқаулықтар;
      4) жұмыс тәжiрибесiн көрсететiн деректер.
      11. Персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқау мен сапа жөнiндегi нұсқау Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымшаға 2-толықтырудан және «Оқу ұйымдарын бекiту жөнiндегi нұсқау» DOC 9841 AN/456 ИКАО құжатының ережелерiне негiзделген дербес құжаттар болып табылады.
      12. Персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқауды қызметтiң нақты жағын ашуға арналған жеке бөлiктер түрiнде шығаруға жол берiледi.

2.2. Персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқау



      13. Персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқау кем дегенде мынадай аспектiлердiң толық сипатын қамтиды:
      1) сертификаттауға өтiнiш берiлген, iске асырылатын кәсiптiк даярлау түрлерi мен тиiстi курстардың жалпы сипаты;
      2) пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету мен оқу курсын iске асыруға арналған жабдықтың сипатын қоса алғанда, ұсынылатын оқу бағдарламаларының мазмұны;
      3) ұйымда қолданылатын сапаны қамтамасыз ету жүйесiнiң жалпы сипаты;
      4) ұйымда бар үй-жайлардың, құралдар мен жабдықтардың сипаты;
      5) АОО-ның сертификаттау талаптарын сақтауын қамтамасыз ету үшiн жауапты болып тағайындалған тұлғаның тегi, мiндеттерi мен бiлiктiлiгi;
      6) оқуды жоспарлау мен жүргiзудi қамтамасыз ететiн, сондай-ақ осы процестердi бақылауды жүзеге асыратын персоналдың мiндеттерi мен бiлiктiлiгiнiң сипаты;
      7) бiлiктiлiктi айқындау, ұстау және нұсқаушы персоналдың қызмет саласын кеңейту үшiн пайдаланылатын рәсiмдердiң сипаты;
      8) нұсқаушы персоналды даярлау туралы есепке алу құжаттамасын жүргiзу және сақтау тәртiбiнiң сипаты;
      9) қажет болу шамасына қарай, азаматтық авиация кәсiпорындарының өзгерiп отырған қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн қажет нұсқаушы персоналды қосымша даярлаудың сипаты;
      10) егер АОО куәлiк беруге немесе авиация персоналының бiлiктiлiгiн белгiлеуге байланысты емтихандарды, сынақтарды қабылдауды немесе тестiлеудi жүзеге асырса (жүзеге асыруды жоспарлап отырса), онда уәкiлеттi персоналды iрiктеу тәртiбiнiң, олардың рөлдерi мен мiндеттерiнiң, сондай-ақ куәлiк беретiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген, осы мақсаттар үшiн қолданылатын талаптардың сипаты берiледi.
      14. Мазмұнын жаңарту мақсатында персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқауға өзгерiстер пен түзетулер енгiзiлiп, олар нұсқауға енгiзiлетiн өзгерiстер парағында тiркеледi, сондай-ақ оларды бекiту тәртiбi енгiзiледi.
      15. Персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқауға енгiзiлетiн өзгерiстердi ретке келтiру үшiн АОО ақпаратты жинау, талдау, тарату және оның жаңартылуын бақылау жүйесiн әзiрлейдi, ол мыналарға қатысты өзгерiстердi қадағалауға мүмкiндiк бередi:
      1) АОО саясаты;
      2) процестер, рәсiмдер, ұйымдастыру;
      3) пайдалану тәжiрибесiн қолдану;
      4) өткiзiлетiн даярлық көлемi;
      5) оқу бағдарламаларының мазмұны;
      6) жаңа жабдықты орнатумен негiзделген нәтижелер;
      7) сертификаттың қолданылуы;
      8) стандарттауды қамтамасыз ету.
      16. Персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқау ережелерiнiң өзектiлiгiн талдау:
      жүйелi негiзде (кем дегенде, жылына бiр рет);
      негiзгi активтердiң бiрiгуi, сатып алу, жылдам өсу немесе шағындап бөлу сияқты iрi оқиғалардан кейiн;
      технологиялық өзгерiстерден кейiн (мысалы, жаңа жабдықтарды енгiзу);
      ұшу қауiпсiздiгiнiң қағидалары өзгергеннен кейiн жүзеге асырылады.
      17. Персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқауға енгiзiлген бекiтiлген барлық өзгерiстер мен түзетулердiң көшiрмелерi осы персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқау арнайы әзiрленген барлық заңды және жеке тұлғаларға жiберiледi. Өзгерiстер мен түзетулердi тарату жүйесi мiндеттi түрде бақылау функциясын қамтиды.
      18. Персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқаудың құрылымы, сондай-ақ әзiрлеуге берiлетiн ұсынымдар осы Сертификаттау талаптарына 1-қосымшада келтiрiледi.

3. Сапаны қамтамасыз ету жүйесi



      19. АОО-ның сапаны қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастырудың басты мақсаты оқыту курстарын iске асыру үшiн белгiленетiн стандартталған рәсiмдердi, сондай-ақ уәкiлеттi орган шығарған талаптар мен құжаттарды қатаң сақтай отырып, қажеттi нәтижелерге қол жеткiзу болып табылады.
      20. АОО өз саясаты мен стратегиясын қалыптастырады, қолданысқа енгiзедi және қайта қарайды, оларды қызметтi ұйымдастырудың барлық деңгейлерiнде қолданылатын жоспарлар мен iс-шаралар етiп түрлендiредi.
      21. Қандай да бiр сәйкессiздiк анықталған жағдайда, процестер мен рәсiмдердi жетiлдiруге бағытталған түзетушi әрекет қолданылады.
      22. Оқыту процестерiнiң барынша жоғары тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн алдын алу түзетушi әрекеттердi де, сондай-ақ туындайтын мән-жайларға орай әрекет ететiн түзетушi әрекеттердi қолдану қажет.
      23. Сапа жүйесi шеңберiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн АОО-да сапаны қамтамасыз ету жөнiндегi жауапты қызметкер тағайындалады, ол бастапқы даярлаудан және азаматтық авиацияда сапаны қамтамасыз ету саласында кем дегенде 2 жылда 1 рет бiлiктiлiгiн жүйелi қолдаудан өтедi.
      24. Сапаны қамтамасыз ету жөнiндегi жауапты қызметкер басшыға тiкелей бара алады және АОО барлық бөлiмшесiне қатынай алады.
      25. Сапаны қамтамасыз ету жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң егжей-тегжейлi сипаты АОО-ның сапа жөнiндегi нұсқауында көрсетiледi.
      26. Сапа жөнiндегi нұсқауды халықаралық азаматтық авиация ұйымының авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын даярлау кезiнде сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясатына сәйкес АОО дербес әзiрлейдi.
      27. Персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқауда сапаны қамтамасыз ету жүйесiнiң мынадай элементтерi айқындалады:
      1) кәсiптiк даярлау саласындағы АОО саясаты (клиенттер үшiн де, сондай-ақ өзiнiң қызметкерлерi үшiн);
      2) ұшуды дайындау және оның қауiпсiздiгi стандарттары;
      3) жауапкершiлiктi бөлу;
      4) ресурстар, ұйымдық және пайдалану процестерi;
      5) оқу процесiнiң жоғарыда аталған саясатқа және ұшу қауiпсiздiгiнiң стандарттарына сәйкестiгiн қамтамасыз ететiн рәсiмдер;
      6) саясат пен стандарттардан ауытқуды анықтау және түзету шараларын қабылдау рәсiмдерi;
      7) iске асырылатын оқу сапасын үнемi жақсарту мақсатында керi байланысты қамтамасыз ету үшiн саясат пен оқу стандарттары саласындағы тәжiрибе мен үрдiстердi бағалау және талдау.
      28. Сапа жөнiндегi нұсқаудың құрылымы мен оны әзiрлеуге берiлетiн ұсынымдар осы Сертификаттау талаптарына 2-қосымшада келтiрiледi.
      29. Бұл жағдайда АОО және тысқары ұйымдар мен жеке тұлғалар арасында жасалатын жазбаша шартта көрсетiлетiн қызметтер мен кепiлдендiрiлген сапа деңгейiнiң толық сипаты қамтылуы тиiс.
      30. Тысқары ұйымдар мен жеке тұлғалар жүзеге асыратын iс-шаралар АОО-ның сапаның қамтамасыз етiлуiн тексеру бағдарламасына қосылуы тиiс.
      31. Сапаның тиiстi деңгейiне қол жеткiзу үшiн АОО бүкiл персоналдың өздерiне жүктелген мiндеттер шеңберiнде сапа жөнiндегi нұсқауда көрсетiлген мақсаттарды түсiнуiн қамтамасыз етедi.
      32. АОО сапаны қамтамасыз ету жүйесiн басқару үшiн жауапты персоналды даярлауды жүзеге асырады, бұл жүйе мыналарды қамтиды:
      1) сапаны қамтамасыз ету тұжырымдамасы және осыған байланысты жүйелер;
      2) сапаны басқару;
      3) сапаны қамтамасыз ету жөнiндегi нұсқау;
      4) тексерiстер мен аудит әдiстерi;
      5) есептiлiк пен есепке алуды жүргiзу.
      33. Оқуды бiтiргеннен және аудит пен сапаны бақылау тәжiрибесiн игергеннен соң аталған тұлғалар АОО персоналының қалған бөлiгiн АОО iшкi саясатына сәйкес сапаны қамтамасыз ету мәселелерiне оқытуды жүргiзе алады.

4. Ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесi



      34. Ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесi (бұдан әрi – ҰҚБЖ) – бұл пайдалану және техникалық жүйелердi қаржылық және адами ресурстарды басқарумен бiртұтас бiрiктiретiн ұшу қауiпсiздiгi үшiн тәуекелдердi бақылауға бағытталған құжатталған саясаттан, процестер мен рәсiмдерден тұратын басқару жүйесi.
      35. Ұшу қауiпсiздiгi саласындағы АОО саясаты құжат түрiнде ресiмделiп, оған жауапты басшы қол қояды.
      36. ҰҚБЖ мен сапаны қамтамасыз ету жүйесiн «ұшу қауiпсiздiгiн және сапаны қамтамасыз ету бойынша» бiрыңғай функцияға бiрiктiруге жол берiледi.
      37. Өзiнiң көрсетiлетiн қызметтерiн ұсыну барысында ұшу қауiпсiздiгi үшiн тәуекел факторына ұшыраған АОО мiндеттi түрде Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтiк-құқықтық актiлерiне сәйкес ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесiн енгiзедi, ол кем дегенде:
      1) ұшу қауiпсiздiгi үшiн тәуекелдердi анықтайды;
      2) қажеттi түзету әрекетiнiң қабылдануын қамтамасыз етедi;
      3) ұшу қауiпсiздiгi деңгейiнiң тұрақты мониторингi мен үнемi бағалануын жүргiзудi көздейдi;
      4) ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң бiр бөлiгi болып табылады.
      38. ҰҚБЖ практикасын енгiзу туралы талап қызметi әуе кемесiн пайдалану қауiпсiздiгiне тiкелей әсер ететiн АОО-ға ғана қатысты болады.
      39. Егер:
      1) тыңдаушыларды ұшуға даярлау үшiн әуе кемелерi пайдаланылса;
      2) әуе қозғалысына қызмет көрсетушi курсант-диспетчерлердi, авиация станцияларының операторларын практикалық даярлау жүзеге асырылған кезде әуеайлақтың, тiкұшақ айлағының, тiкұшақ алаңдарының АОО пайдаланатын (меншiктi, жалға алынған не кәсiптiк даярлауға байланысты қызметтер көрсету жөнiндегi шарт негiзiнде) аймағында әуе кемелерiн басқару нақты жүзеге асырылса, АОО мiндеттi түрде ҰҚБЖ бағдарламасын енгiзедi.
      40. Егер әуе қозғалысына қызмет көрсетушi курсант-диспетчерлердi кәсiптiк даярлау аэронавигациялық көрсетiлетiн қызметтердi берушiнiң құрылымындағы АОО-да жүзеге асырылатын болса, онда АОО мен аэронавигациялық көрсетiлетiн қызметтердi берушi үшiн ортақ ҰҚБЖ әзiрлеуге жол берiледi.
      41. Егер АОО ұшу экипаждарының мүшелерiн кәсiптiк даярлауды ұшуды имитациялайтын жаттығу құрылғыларын ғана пайдалану арқылы жүзеге асыратын болса, онда мұндай қызмет қауiпсiздiкке тiкелей әсер етпейдi және ҰҚБЖ әзiрлеудi қажет етпейдi.
      42. Егер АОО авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету бойынша кәсiптiк даярлауды жүзеге асыратын болса және оқу бағдарламасы шеңберiнде өндiрiстiк практикадан өту үшiн өз тыңдаушыларын әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудi (ӘК ТҚ) тiкелей жүзеге асыратын ұйымға жiберетiн болса, бұл ӘК ТҚ жөнiндегi ұйымның ҰҚБЖ-да көзделетiн болады.
      43. Өз қызметiн ҰҚБЖ шеңберiнде жүзеге асыратын АОО ұшу қауiпсiздiгi бойынша жауапты қызметкердi тағайындайды, ол даярлықтан және кем дегенде 2 жылда 1 рет ҰҚБЖ саласында кәсiптiк деңгейдi жүйелi қолдаудан өтедi.
      44. Тағайындалған қызметкердiң мiндетiне ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша шараларды жоспарлау, ұшу қауiпсiздiгi бағдарламасын iске асыру және ҰҚБЖ жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету кiредi.
      45. Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi қызметкер АОО басшысына тiкелей бара алады.

5. Материалдық-мүлiктiк база



      46. Авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн АОО-да бекiтiлген бағдарламалардың мазмұнына сәйкес:
      1) кәсiптiк даярлау бағдарламаларын iске асыру үшiн жарақталған және белгiленген санитариялық және техникалық нормаларға сәйкес келетiн оқу аудиториялары мен үй-жайлар;
      2) әуе кемелерi, әуеайлақтар, тiкұшақ айлақтары, ұшуды қамтамасыз ететiн жерүстi жабдығы (меншiктi, жалға алынған, тысқары ұйымдар шарттық талаптарда беретiн);
      3) мазмұны оқытылатын персоналды кәсiптiк даярлау бағдарламаларының iске асырылуын толық қанағаттандыратын, қағаз және/немесе электрондық түрдегi оқу әдебиетi мен әдiстемелiк материалдар қорымен жабдықталған кiтапхана;
      4) жеке және ортақ пайдаланылатын жаттығу құрылғылары (меншiктi, жалға алынған, тысқары ұйымдар шарттық талаптарда беретiн), оқытудың техникалық құралдары, аудиокөрнекi құралдар, макеттер, агрегаттардың, тораптардың, құрылғылар мен жүйелердiң имитаторлары, технологиялық жабдықтар мен құралдар;
      5) басшы құрамға, педагог қызметкерлерге, нұсқаушылар құрамына, қызмет көрсетушi персоналға арналған үй-жайлар;
      6) техникалық, санитариялық және тұрмыстық үй-жайлар болады.
      47. Материалдық-мүлiктiк базаны егжей-тегжейлi сипаттау персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқауда жүзеге асырылады.
      48. Әуе кемелерi, әуеайлақтар, тiкұшақ айлақтары, ұшуды қамтамасыз ететiн жерүстi жабдығы жарамдылық нормаларына қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында белгiленген нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес келуi тиiс.
      49. Кәсiптiк даярлау бағдарламаларын iске асыру, тестiлеу немесе тексеру кезiнде пайдаланылатын және олармен жұмыс iстегенде сынақ алу не емтихан тапсыру көзделген машықтану құрылғыларының, ұшу немесе әуе қозғалысы имитаторларының бәрiн азаматтық авиация саласында уәкiлеттi орган бекiтiп, осы құралдардың жарамдылығы туралы қорытынды беруi тиiс.
      50. Мұндай қорытынды алу үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган мақұлдау рәсiмiн өткiзу туралы еркiн нысанда жазылған хат жiберiледi.
      51. Хатқа жабдықты әзiрлеушiнiң (жасаушы зауыттың) пайдалану сәйкестiгiн растайтын құжатының (куәлiк, сертификат, үлгi сертификаты, сәйкестiк сертификаты, акт, хаттама) көшiрмесi қоса берiледi.
      52. Ұсынылған құжаттардың негiзiнде азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган не мәлiмделген жаттығу құрылғысын, ұшу немесе әуе қозғалысы имитаторын инспекциялық тексерудi жүргiзу туралы, не терiс немесе оң қорытынды беру туралы, не қосымша ақпарат ұсыну қажеттiгi туралы шешiм қабылдайды.
      53. Бiлiктiлiк деңгейi мен ұшақтар мен тiкұшақтарды келтiретiн пилотаждық жаттығу құрылғыларының оқыту үшiн жарамдылығын айқындау өлшемдерi Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы тиiстi нормативтiк-құқықтық актiлерiне де, сондай-ақ «Пилотаждық жаттығу құрылғыларын бiлiктiлiк бағалау өлшемдерi бойынша нұсқау» Doc 9625 ИКАО құжатына да негiзделедi.
      54. Ұшуды имитациялауға арналған жаттығу құрылғыларына мыналар жатады:
      1) ӘК функционалдық жүйелерiнiң мамандандырылған жаттығу құрылғылары;
      2) экипаж мүшелерiнiң мамандандырылған жаттығу құрылғылары;
      3) кабиналық рәсiмдердiң жаттығу құрылғылары;
      4) кешендi пилотаждық жаттығу құрылғылары;
      5) аварияда шығып кетудiң жаттығу құрылғылары.
      55. Әуе қозғалысын имитациялауға арналған жаттығу құрылғыларына техникалық құралдарды келтiретiн, әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде пайдаланылатын және практикалық дағды мен рәсiмдердi жасап көруге мүмкiндiк беретiн жабдықтардың кез келген түрлерi жатады.
      56. Әуе қозғалысына қызмет көрсететiн диспетчерлердi кәсiптiк даярлау үшiн пайдаланылатын әуе қозғалысын имитациялайтын жаттығу құрылғыларын бекiту пайдалануға жарамдылығы туралы құжаттардың (үлгi сертификаты, актiлер немесе сынақтардың, пайдалануға берудiң хаттамалары) негiзiнде жүргiзiледi.
      57. Машықтану құрылғыларын, ұшу немесе әуе қозғалысы имитаторларын пайдаланған кезде АОО мiндеттi түрде:
      1) тиiстi бiлiктiлiгi бар нұсқаушы, инженер-техник және қосалқы персоналдың болуын;
      2) жоспарлы техникалық қызмет көрсетудi;
      3) пайдалану, қызмет көрсету тарихын және оқу бағдарламаларын iске асыру (сапаны бақылау) процесiне әсер етуi мүмкiн функционалдық жай-күйi мен жұмыс сипаттамаларына қатысты кез келген ауытқуларды дәл тiркеуге мүмкiндiк беретiн есепке алу құжаттамасын жүргiзудi қамтамасыз етедi.

6. АОО персоналы



      58. Авиациялық оқу орталығы өз қызметiнiң көлемi мен саласына сәйкес келетiн құрылымды дербес айқындайды және белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жауапты басшыны, штаттық нұсқаушы (оқытушылық), емтихан алушы және инженер-техник құрамды тағайындайды.
      59. АОО-да бiлiм алатын авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларының санаттарына қарай, жалпы талаптардан басқа тiкелей қызметтi жүзеге асыратын персоналға қатысты:
      1) авиация персоналының куәлiгiн алу үшiн кандидаттар мен оны иеленушiлердi кәсiптiк даярлау және олардың бiлiктiлiгiн бағалау бойынша;
      2) қызметi авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге байланысты авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау бойынша;
      3) осы тармақта көрсетiлмеген авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау бойынша әртүрлi бiлiктiлiк талаптарын қалыптастырады.
      60. Авиациялық оқу орталықтарының көрсетiлген талаптарға сәйкес келмейтiн басқарушы, нұсқаушы және емтихан алушы персоналы тиiстi кәсiптiк қызметке жiберiлмейдi.
      61. Авиациялық оқу орталығының кадрлық қамтамасыз етiлуi таңдап алынған оқыту нысанына қарамастан, бекiтiлген бағдарламаларға сәйкес әр бағыт бойынша авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлауды жүзеге асырудың толық циклiн қамтамасыз етуi тиiс.
      62. АОО персоналын қоса алғанда, авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлауды оқытудың мынадай негiзгi нысандары арқылы жүзеге асыруға болады:
      1) тұрақты күндiзгi (кешендi, үлгiлiк);
      2) модульдiк;
      3) сырттай;
      4) қашықтан;
      5) аралас;
      6) жеке;
      7) курстар, семинарлар, тренингтер;
      8) өз бетiмен даярлану;
      9) практикалық сабақтар;
      10) тағылымдама.
      63. Кәсiптiк даярлау бағыттары бойынша авиациялық оқу орталықтарының басқарушы, нұсқаушы (оқытушылық) және емтихан алушы персоналының құзыретi оның бiлiмiне, бiлiктiлiгi мен өкiлеттiктерiне сәйкес келуi тиiс.
      64. Авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау жөнiндегi қызметтi тiкелей жүзеге асыратын персонал бiрнеше бағытты (пәндi) қоса атқара алады.
      65. Бұл ретте авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларына қатысты кәсiптiк даярлау бойынша оқыту әдiстемесiне жалпыға бiрдей мiндеттi оқытудан басқа, әр бағыт (пән) бойынша кәсiптiк даярлау жоспарланып, жүзеге асырылады.
      66. Авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлауды жүзеге асыру үшiн жұмылдырылатын азаматтық авиация ұйымдарының авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторлары практикалық және тренажерда даярлау жүргiзiлген кезде ғана қатыса алады.
      67. Азаматтық авиация ұйымдарында авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын теориялық оқытуды жүргiзу үшiн оқыту әдiстемесiне тиiсiнше оқытудан өтуi тиiс.
      68. Бұл ретте азаматтық авиация ұйымдарының авиация персоналының өзiнiң кәсiптiк мiндеттерi шеңберiндегi дербес қызметке арналған қолданыстағы рұқсаты болады.
      69. Авиациялық оқу орталықтарының толық немесе iшiнара ағылшын тiлiнде оқытуды жүргiзетiн, сондай-ақ өзiнiң кәсiптiк қызметiнде еркiн аударуға жол бермейтiн оқу әдебиетi мен құжаттамасын (пайдалану жөнiндегi нұсқаулар және әуе кемелерiнiң сипаттары, нормативтiк құжаттар мен қағидалар) пайдаланатын персоналы ағылшын тiлi саласындағы бiлiм мен дағдыны игеру, бекiту және кеңейту мақсатында оқытудың негiзгi тiлi ретiнде ағылшын тiлi пайдаланылатын елдерде жүйелi кәсiптiк даярлаудан өтуi тиiс.
      70. Авиациялық оқу орталықтарының авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлауды тiкелей жүзеге асыратын персоналы қызмет бағыттарына сәйкес мамандандырылған семинарларға, конференцияларға, форумдарға, кеңестерге және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы не басқа да халықаралық және өңiрлiк авиациялық және бiлiм беру қоғамдастықтары, ұйымдары мен қауымдастықтары жыл сайынғы мерзiмдiлiкпен өткiзетiн iс-шараларға қатысады.
      71. Авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлауды тiкелей жүзеге асыратын тұлғаларды бастапқы даярлау мен қайта даярлау жоспарланатын даярлау қажеттiлiктерiне сәйкес жүргiзiледi.
      72. Авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау жөнiндегi қызметтi тiкелей жүзеге асыратын персоналдың бiлiктiлiк деңгейiн ұстау бойынша оқудың толық циклi үш жылдық мерзiмдiлiкпен iске асырылады. Бұл ретте толық цикл әр бағыт (пән) бойынша мамандану ескерiлiп, талап етiлетiн барлық көлем бойынша оқуды бiтiрудi бiлдiредi.
      73. Авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлауды тiкелей жүзеге асыратын тұлғалар оқытылатын орынды таңдау регламенттелмейдi және дербес айқындалады. Бұл ретте шетелдiк оқу ұйымдарын мақұлдау талап етiлмейдi. Оқыту көлемi оқытылатын авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларының санатына сәйкес айқындалады.
      74. Авиация персоналының куәлiгiн алу үшiн және оны иеленушiлердi кәсiптiк даярлауға байланысты қызметтi жүзеге асыратын персоналдың:
      1) құжатпен расталған (куәлiк, сертификат, диплом) тиiстi даярлығының болуы;
      2) бiлiктiлiк деңгейiн ұстау бойынша оқудан өтуi;
      3) бұрын авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлауда тәжiрибесi болмаса, уәкiлеттi персоналдың қатысуымен тыңдаушыларға нәтижелерi келешектегi қызметi туралы шешiм қабылдауға негiз болатын бақылау сабағын өткiзуi;
      4) өзiнiң бағыты (пәнi) бойынша оқу материалын қалыптастыруы;
      5) жеке консультациялар мен емтихандарды қоса алғанда, АОО белгiлейтiн көлемде, бiрақ аптасына оқу жылына немесе күнтiзбелiк жылға қатысты жиынтықтап реттелетiн 20 оқу сағатынан аспайтын көлемде сабақтар жүргiзуi;
      6) қажеттi талаптарға сәйкес әдiстемелiк материалдарды әзiрлеуi және түзетуi;
      7) қажет болған жағдайда, бекiтiлген бағдарламаларды түзету бойынша ұсыныстар жасауы тиiс.
      75. Авиация персоналының куәлiгiн алу үшiн кандидаттарды және оны иеленушiлердi кәсiптiк даярлауға және бiлiктiлiктерiн бағалауға байланысты қызметтi жүзеге асыратын персоналды оқыту «АОО персоналы» деген 2-бөлiмнiң 6 бөлiмшесiнде көрсетiлген көлемнен басқа, мыналарды қамтуы тиiс:
      1) авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын оқыту әдiснамасының негiздерi, оларды кәсiптiк даярлаудың жаңа әдiстерi мен құралдары саласындағы бiлiмдi мiндеттi түрде зерделеу және жаңарту;
      2) қауiп-қатер факторлары мен қателердi бақылауды қоса алғанда, адами фактор саласындағы бiлiмдi мiндеттi түрде зерделеу және жаңарту;
      3) оқытудың әр бағыты (пәнi) мен бiлiктiлiктiк бағалау бойынша кәсiптiк бiлiм мен дағдыны мiндеттi түрде алу және жаңарту;
      4) авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын кәсiптiк даярлау саласындағы өзектi аспектiлердi, даму жолдарын, проблемаларды, жетiстiктердi зерделеу және талқылау, тәжiрибе алмасу жөнiндегi iс-шараларға қатысу;
      5) кәсiптiк қызмет процесiнде қажет болатын авиациялық техниканың, жерүстi жабдықтардың әрқилы түрлерiмен және оларды пайдалану ерекшелiгiмен танысу;
      6) жаңа мамандықтар мен бағыттарды игеру (қажет болған жағдайда).
      76. Бiлiктiлiктi бағалау оқыту процесiнде алынған бiлiм мен дағдының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) белгiленген стандарттарына, Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң талаптарына және кәсiптiк қызметтiң белгiлi бiр түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн тексеру рәсiмiн бiлдiредi.
      77. ICAO стандарттары, Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң талаптары және кәсiптiк қызметтiң белгiлi бiр түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптар кәсiптiк даярлауда бекiтiлген бағдарламалар түрiнде iске асырылады.
      78. Арнайы оқудан өткен және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органы осы функцияларды орындау үшiн бекiткен емтихан алушылар (емтихан алатындар, тестiлейтiн мамандар) бiлiктiлiктi бағалау құқығына ие болады.
      79. Егер емтихан алушылар (емтихан алатындар, тестiлейтiн мамандар) АОО немесе азаматтық авиация ұйымының қызметкерлерi болып табылмаса, онда мұндай бекiтудi алу үшiн емтихан алушылар азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға өздерiнiң бiлiктiлiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн және өздерiн Қазақстан Республикасының аумағында емтихан алушы (емтихан алатын, тестiлейтiн маман) ретiнде бекiту туралы еркiн нысандағы өтiнiш жазылған хатты жеке тәртiппен жiбередi.
      80. Ұсынылған құжаттар негiзiнде азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган не өтiнiш берушiмен емтихан (тест, сұхбаттасу) өткiзу туралы, не терiс немесе оң қорытынды беру туралы, не қосымша ақпаратты ұсыну қажеттiгi туралы шешiм қабылдайды.
      81. Азаматтық авиация ұйымдарының қызметкерлерi болып табылатын және кәсiптiк деңгейiн ұстау бойынша оқытуды жүргiзу кезiндегi рәсiмдерге қатысатын емтихан алушылар (емтихан алатындар, тестiлейтiн мамандар) үшiн де осындай рәсiм жүргiзiледi.
      82. Бұл ретте азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға хат емтихан алушы (емтихан алатын, тестiлейтiн маман) жұмыс iстейтiн азаматтық авиация ұйымының атынан жiберiледi.
      83. Бiлiктiлiктi бағалау құқығы АОО-ға берiлуi мүмкiн.
      84. Мұндай құқықты алу үшiн авиациялық оқу орталығы тиiстi персоналды кәсiптiк даярлауды жүзеге асырып, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға көретiлген тұлғаларды емтихан алушылар (емтихан алатын, тестiлейтiн мамандар) ретiнде бекiту туралы еркiн нысандағы өтiнiш жазылған хатты, оқудан өткенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн, сондай-ақ Персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқаудың көшiрмесiн жiбередi, онда мыналар айқындалады:
      1) тестiлер мен емтихандарды жүргiзуге уәкiлеттi қызметкерлердiң тегi, олардың өкiлеттiктерiнiң шеңберi;
      2) емтихан алушылардың функционалдық мiндеттерi;
      3) емтихан алушы нұсқаушы ретiнде әрекет ететiн оқу бағыттары (пәндер);
      4) емтихан алушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары, сондай-ақ оларды iрiктеу мен тағайындау рәсiмдерi;
      5) емтихан алушылардың бiлiктiлiгiн ұстау тәртiбi;
      6) емтихан алушылардың қызметiнiң бағытына қатысты белгiленген талаптар, атап айтқанда:
      - тексерулер мен тестiлердi жүргiзу кезiнде сақталуға тиiс рәсiмдер;
      - егер АОО-ға куәлiк беру немесе бiлiктiлiктi белгiлеу үшiн талап етiлетiн тестiлеудi жүргiзу үшiн қызметкерлердi тағайындау құқығы берiлетiн болса, тағайындауға қатысты ең аз талаптар, сондай-ақ iрiктеу мен тағайындау тәртiбi;
      - тестiлеу хаттамаларын ресiмдеу және сақтау әдiстемесi.
      85. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган қызметтiң осы түрiн мақұлдау рәсiмiн жүргiзедi және авиациялық оқу орталығының сертификатына тиiстi жазба енгiзедi.
      86. Авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге байланысты кәсiптiк даярлау жөнiндегi қызметтi тiкелей жүзеге асыратын персонал:
      1) құжатпен (куәлiк, сертификат, диплом) расталған тиiстi даярлығының болуы;
      2) бiлiктiлiк деңгейiн ұстау бойынша оқудан өтуi;
      3) бұрын кәсiптiк даярлауда тәжiрибесi болмаса, уәкiлеттi персоналдың қатысуымен тыңдаушыларға нәтижелерi келешектегi қызметi туралы шешiм қабылдауға негiз болатын бақылау сабағын өткiзуi;
      4) жеке консультациялар мен емтихандарды қоса алғанда, АОО белгiлейтiн көлемде, бiрақ аптасына оқу жылына немесе күнтiзбелiк жылға қатысты жиынтықтап реттелетiн 20 оқу сағатынан аспайтын көлемде сабақтар жүргiзуi;
      5) қажеттi талаптарға сәйкес әдiстемелiк материалдарды әзiрлеуi және түзетуi;
      6) қажет болған жағдайда, бекiтiлген бағдарламаларды түзету бойынша ұсыныстар жасауы тиiс.
      87. Авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге байланысты кәсiптiк даярлау жөнiндегi қызметтi кәсiптiк даярлауға байланысты қызметтi жүзеге асыратын персоналды оқыту «АОО персоналы» деген 2-бөлiмiнiң 6-бөлiмшесiнде көрсетiлген көлемнен басқа, мыналарды қамтуы тиiс:
      1) қызметi авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге байланысты авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын оқыту әдiснамасының негiздерi, оларды кәсiптiк даярлаудың жаңа әдiстерi мен құралдары саласындағы бiлiмдi мiндеттi түрде зерделеу және жаңарту;
      2) қауiп-қатер факторлары мен қателердi бақылауды қоса алғанда, адами фактор саласындағы бiлiмдi мiндеттi түрде зерделеу және жаңарту;
      3) оқытудың әр бағыты бойынша кәсiптiк бiлiм мен дағдыны мiндеттi түрде алу және жаңарту;
      4) жаңа мамандықтар мен бағыттарды игеру (қажет болған жағдайда).
      88. Авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларының өзге санаттарын кәсiптiк даярлауға байланысты қызметтi жүзеге асыратын персонал:
      1) құжатпен (куәлiк, не сертификат, не диплом, не өз бетiнше жұмыс iстеуге рұқсат) расталған тиiстi даярлығының болуы;
      2) бiлiктiлiк деңгейiн ұстау бойынша оқудан өтуi;
      3) бұрын кәсiптiк даярлауда тәжiрибесi болмаса, уәкiлеттi персоналдың қатысуымен тыңдаушыларға нәтижелерi келешектегi қызметi туралы шешiм қабылдауға негiз болатын бақылау сабағын өткiзуi;
      4) жеке консультациялар мен емтихандарды қоса алғанда, АОО белгiлейтiн көлемде, бiрақ аптасына оқу жылына немесе күнтiзбелiк жылға қатысты жиынтықтап реттелетiн 20 оқу сағатынан аспайтын көлемде сабақтар жүргiзуi;
      5) қажеттi талаптарға сәйкес әдiстемелiк материалдарды әзiрлеуi және түзетуi;
      6) қажет болған жағдайда, бекiтiлген бағдарламаларды түзету бойынша ұсыныстар жасауы тиiс.
      89. Авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларының өзге санаттарын кәсiптiк даярлауға байланысты қызметтi жүзеге асыратын персоналды оқыту «АОО персоналы» деген 2-бөлiмiнiң 6-бөлiмшесiнде көрсетiлген көлемнен басқа, мыналарды қамтуы тиiс:
      1) авиация персоналы мен мемлекеттiк авиация инспекторларын оқыту әдiснамасының негiздерi, оларды кәсiптiк даярлаудың жаңа әдiстерi мен құралдары саласындағы бiлiмдi мiндеттi түрде зерделеу және жаңарту;
      2) оқытудың әр бағыты (пәнi) бойынша кәсiптiк бiлiм мен дағдыны мiндеттi түрде алу және жаңарту;
      3) жаңа мамандықтар мен бағыттарды игеру (қажет болған жағдайда).

Авиациялық оқу    


орталықтарына қойылатын
сертификаттау талаптарына
1-қосымша       


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет