Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы» қаулысы жобасына анықтама-негіздеме



Дата04.03.2016
өлшемі24.25 Kb.
#37462
Қазақстан Республикасы Үкіметінің

«Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы»

қаулысы жобасына анықтама-негіздеме
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығымен Үкімет пен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың арасындағы құзыреттіліктері бөлініп берілді.

Қазіргі уақытта сот сараптамаларын жүргізу жөніндегі функцияларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, сот-медициналық сараптамаларын жүргізу жөніндегі функцияларды – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамаларын жүргізу жөніндегі функцияларды – жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті ұйымдары жүзеге асырады. Сондай-ақ, сот-психиатриялық сараптамаларын жүргізу жөніндегі функцияларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Психиатрия, психотерапия және наркология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жүзеге асырады.

Жоғарыда көрсетілген сараптамаларды жүргізу жөніндегі сараптама органдарының ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары бір-бірінен ерекшеленеді.

Сот, сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамаларын жүргізу жөніндегі функцияларды әр түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы ұйымдарда жүзеге асыру тұтастай алғанда сараптамалық қызметтер жұмысының тиімсіздігін көрсетті.

Сот сараптамасы ұйымдарын ұйымдастыруды жетілдіру, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамаларын жүргізу жөніндегі функцияларды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті ұйымдарынан Әділет министрлігіне беру арқылы қол жеткізілетін болады.

Әділет, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің және жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті ұйымдарының сараптамалық қызметтерін бірыңғай сараптама органы шеңберінде біріктірудің мақсатқа сайлығы сот-сараптамасы жүйесінің тәуелсіздігін, сот сараптамасы органының кәсіби кадрлық құрамын қалыптастыруды, бірыңғай ақпараттық жүйені енгізуді, халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруды, қолда бар материалдық-техникалық базаны кеңейтуді және жақсартуды, сот сараптамасы органын халықаралық аккредиттеуді қамтамасыз ету жолымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету кепілдіктерін нығайтуға, қылмысқа, оның iшiнде оның ұйымдасқан нысандарына, сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге және экстремизмге қарсы күрестi күшейтуге негізделеді.

Сараптамалық қызметтерді бір органда орталықтандыру сарапшы кадрлары жұмысының тиімділігін арттыруға және сот-сараптама қызметіндегі ішкі қарама-қайшылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

Сот сараптамасы органының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын қайта өзгерту оның өзін-өзі қаржыландыру мәселесіндегі дербестігін арттырады.



Қаулының бұл жобасын қабылдау жағымсыз экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және экологиялық салдарларға алып келмейді, республикалық бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі Б. Имашев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет