Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 1241 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) немесе осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі- орталық) арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) немесе www.pki.gov.kz интернет ресурсы (бұдан әрі - интернет ресурс) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 21-бабының 1-тармағының 2) тармақшасы (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 348 бұйрығыменбекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы қызметінің қағидалары негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) интернет ресурста;
2) орталықтардағы стенділерде осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес мекенжай бойынша;
3) порталда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат 1414 call-орталығының телефоны бойынша да ұсынылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
1) электрондық құжат нысанындағы тіркеу куәліктерін беру;
2) кері қайтарылып алынған тіркеу куәліктерінің тізімінде сериялық нөмірлерін орналастырыла отырып тіркеу куәліктерін:
тіркеу куәлігінің иесінің немесе оның өкілінің талабы бойынша;
тіркеу куәлігінің иесі қайтыс болған;
тіркеу куәліктерін беру кезінде дәйексіз ақпарат ұсынылған жағдайларында кері қайтарылып алынады;
3) электрондық құжат нысанындағы қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Уәкілетті ұйымда мемлекеттік қызметті немесе орталықта мемлекеттiк қызметтi алушыға ақпаратты электрондық тасығышын (чип) немесе интернет ресурс немесе портал арқылы алушының есептеу техникасы құралдарын қамтитын жеке куәліктің тіркеу куәлігіне жазылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрі – мемлекеттiк қызметтi алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттiк қызметтi алушының құжаттарын уәкілетті ұйымға немесе орталыққа ұсынған сәттен бастап – 2 жұмыс күннен аспайды;
жеке куәлікті алу үшін ұсынылатын құжаттармен бірге жеке куәлікті алуға орталыққа жеке тұлға – мемлекеттік қызметті алушы жүгінген кезде осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар беріледі. Орталыққа жасалған жеке куәлiктiң түсу сәтінен бастап мемлекеттiк қызмет өйткенi екi жұмыс күндерден аспайтын;
2) мемлекеттiк қызметтi алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін рұқсат етілген ең көп күту уақыты – 20 минуттан аспайды;
3) жүгінген күні мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты жеке тұлғалар үшін 15 минуттан, заңды тұлғалар үшін 20 минуттан аспайды;
4) электрондық құжат нысанында сұранысты жолдаған кезеңінен бастап порталда немесе интернет ресурста – 1 жұмыс күнінен аспайды.
Қызмет беруден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттiк қызметтi алушыға уәкілетті ұйымға немесе орталыққа, жүгінген күнінен бастап 2 жұмыс күні ішінде беріледі.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Жұмыс кестесі:
1) уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбiден бастап жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) орталықтың жұмыс кестесі: жексенбi және мереке күндерінен басқа дүйсенбiден бастап сенбi аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ға дейін, түскі үзіліссіз, филиалдар мен өкілдіктер үшін сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 20.00-ға дейін бір сағаттық түскі үзіліспен 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» қызмет тәртібімен жүзеге асырылады;
3) портал – тәулік бойы;
4) интернет ресурс – тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет мүмкіндігі шектеулі мемлекеттiк қызметтi алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған орталықтың, уәкілетті ұйымның ғимаратында көрсетіледі. Орталықтың, уәкілетті ұйымның ғимаратында анықтама бюросы, күту креслолары, өтініш бланкілерін толтыру үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттiк қызметтi алушы:
1) орталыққа немесе уәкілетті ұйымға:
а) жеке тұлғалар:
тіркеу куәліктерін беру үшін - порталдан немесе интернет ресурстан алынған бірегей нөмірі қамтылған осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
тіркеу куәліктерін кері қайтару үшін - порталдан немесе интернет ресурстан алынған осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтаруға өтініш;
мемлекеттiк қызметтi алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
үшінші тұлға мемлекеттiк қызметтi алушының мүдделерін білдірген кезде – осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметтi алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамамен сәйкес мәліметтер қосылады.
б) «Е–нотариат» ақпараттық жүйесiнiң қатысушылары:
тіркеу куәліктерін беру үшін:
порталдан немесе интернет ресурстан алынған бірегей нөмірі қамтылған осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
мемлекеттiк қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға;
жұмыс орнынан анықтаманы (нотариустар үшін – аумақтық нотариалдық палата берген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, аумақтық әділет органдарының, Республикалық нотариалдық палаталарының, аумақтық нотариалдық палаталарының қызметкерлері үшін – лауазымын көрсетумен жұмыс орнынан);
үшінші тұлға мемлекеттiк қызметтi алушының мүдделерін білдірген кезде – осы стандарттың 4-қосымшасынасәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметтi алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамамен сәйкес мәліметтер қосылады.
тіркеу куәліктерін кері қайтару үшін:
порталдан немесе интернет ресурстан алынған осы стандарттың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтаруға өтініш;
мемлекеттiк қызметтi алушы жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға;
үшінші тұлға мемлекеттiк қызметтi алушының мүдделерін білдірген кезде – осы стандарттың 4-қосымшасынасәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметтi алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамамен сәйкес мәліметтер қосылады.
Орталықтың немесе уәкілетті ұйымның қызметкерлері құжаттар пакетін қабылдаған кезінде мемлекеттiк қызметтi алушының құжаттарының толықтығын тексереді, мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарының түпнұсқаларымен «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесінен деректерді салыстырып тексереді және түпнұсқаларды мемлекеттiк қызметтi алушыға кері қайтарады.
в) заңды тұлғалар:
тіркеу куәліктерін беру үшін:
порталдан немесе интернет ресурстан алынған бірегей нөмірі қамтылған осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
мемлекеттiк қызметтi алушы заңды тұлға өкілінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды тұлғаның) өкіліне сенімхат;
тіркеу куәліктерін кері қайтару үшін:
осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәлігін кері қайтаруға порталдан немесе интернет – ресурсынан алынған және бірегей нөмірі бар, заңды тұлғаның мөрімен куәландырған өтініш немесе өтініш берушінің жұмыстан шығару туралы бұйрығының көшiрмесi. Жұмыстан шығару туралы бұйрығының көшiрмесi берілген жағдайда бiрiншi жетекшiсiнің қолы және ұйымның мөрі қойылмайды;
мемлекеттiк қызметтi алушы заңды тұлға өкілінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға үшін, сенімхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама немесе заңды тұлғаның мөрімен расталған қызметке бірінші басшыны немесе оның міндетін атқарушы тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі (шешім, хаттама).
Мемлекеттiк қызметтi алушы өтініште көрсетілген деректерді тексеру үшін заңды тұлға ретінде мемлекеттiк қызметтi алушыны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі (немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі – заңды тұлға үшін.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді (Мемлекеттік қызметті алушының Т.А.Ә., ЖСН, ұйымның атауы, БСН) орталық немесе уәкілетті ұйым электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған, электрондық құжаттар нысанында Ұлттық куәландырушы орталығының ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
г) интернет ресурсының домендік атауының иелері:
жеке тұлғалар:
порталдан немесе интернет ресурстан алынған бірегей нөмірі қамтылған осы стандарттың 10-қосымшасынасәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
мемлекеттiк қызметтi алушының тұлғасын куәландыратын құжат – жеке тұлға;
интернет ресурсының домендік атауымен иелену құқығын растайтын құжаттардың бірін:
домендік атауымен иелену куәлігі;
домен тіркеушіден анықтама;
домендік атауын тіркеу туралы келісім шарттың көшірмесі;
домендік атауын тіркеу туралы жария офертасы;
басқа растайтын құжат.
үшінші тұлға мемлекеттiк қызметтi алушының мүдделерін білдірген кезде – осы стандарттың 4-қосымшасынасәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметтi алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамамен сәйкес мәліметтер қосылады.
тіркеу куәліктерін кері қайтару үшін:
порталдан немесе интернет ресурстан алынған осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтаруға өтініш;

заңды тұлғалар:
тіркеу куәліктерін беру үшін:
порталдан немесе интернет ресурстан алынған бірегей нөмірі қамтылған осы стандарттың 11-қосымшасынасәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
мемлекеттiк қызметтi алушы заңды тұлға өкілінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды тұлғаның) өкіліне сенімхат;
интернет ресурсының домендік атауымен иелену құқығын растайтын құжаттардың бірін:
домендік атауымен иелену куәлігі;
домен тіркеушіден анықтама;
домендік атауын тіркеу туралы келісім шарттың көшірмесі;
домендік атауын тіркеу туралы жария офертасы;
басқа растайтын құжат.
тіркеу куәліктерін кері қайтару үшін:
осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәлігін кері қайтаруға порталдан немесе интернет–ресурсынан алынған және бірегей нөмірі бар, заңды тұлғаның мөрімен куәландырған өтініш немесе өтініш берушінің жұмыстан шығару туралы бұйрығының көшiрмесi;
мемлекеттiк қызметтi алушы заңды тұлға өкілінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат.
д) «Қазынашылық - Клиент» ақпараттық жүйесiнiң қатысушылары:
тіркеу куәліктерін беру үшін:
порталдан немесе интернет ресурстан алынған бірегей нөмірі қамтылған осы стандарттың 12-қосымшасынасәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
мемлекеттiк қызметтi алушы заңды тұлға өкілінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
осы стандарттың 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды тұлғаның) өкіліне сенімхат;
Қазақстан Республикасы Қазынашылық комитетімен клиент арасындағы ЭЦҚ қолдану туралы келісім немесе қосымша келісім.
тіркеу куәліктерін кері қайтару үшін:
осы стандартқа 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәлігін кері қайтаруға порталдан немесе интернет – ресурсынан алынған және бірегей нөмірі бар, заңды тұлғаның мөрімен куәландырған өтініш немесе өтініш берушінің жұмыстан шығару туралы бұйрығының көшiрмесi. Жұмыстан шығару туралы бұйрығының көшiрмесi берілген жағдайда бiрiншi жетекшiсiнің қолы және ұйымның мөрі қойылмайды;
мемлекеттiк қызметтi алушы заңды тұлға өкілінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат.
Орталықтың немесе уәкілетті ұйымның қызметкері құжаттар пакетін қабылдаған кезінде мемлекеттiк қызметтi алушының құжаттарының толықтығын тексереді, мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарының түпнұсқаларымен «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесінен деректерді салыстырып тексереді және түпнұсқаларды мемлекеттiк қызметтi алушыға кері қайтарады.
е) шетел мемлекетінің азаматтары:
жеке тұлғалар:
тіркеу куәліктерін беру үшін:
порталдан немесе интернет ресурстан алынған бірегей нөмірі қамтылған осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
мемлекеттiк қызметтi алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
шетел мемлекеттiң осы азаматы Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнде Қазақстан Республикасы аумағында тіркелуін растайтын, құрамында ЖСН бар құжаттардың бiрi:
Қазақстан Республикасы шетел азаматының қоныстауына арналған ықтиярхаты;
азаматтығы жоқ адамның куәлiгi;
шетел азаматына арналған тіркеу куәлігі;
үшінші тұлға мемлекеттiк қызметтi алушының мүдделерін білдірген кезде – осы стандарттың 4-қосымшасынасәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметтi алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамамен сәйкес мәліметтер қосылады.
тіркеу куәліктерін кері қайтару үшін:
порталдан немесе интернет ресурстан алынған осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтаруға өтініш;
мемлекеттiк қызметтi алушының тұлғасын куәландыратын құжат – жеке тұлға;
үшінші тұлға мемлекеттiк қызметтi алушының мүдделерін білдірген кезде – осы стандарттың 4-қосымшасынасәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметтi алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамамен сәйкес мәліметтер қосылады.
заңды тұлғалар:
тіркеу куәліктерін беру үшін:
порталдан немесе интернет ресурстан алынған бірегей нөмірі қамтылған осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
мемлекеттiк қызметтi алушы заңды тұлға өкілінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
шетел мемлекеттiң осы азаматы Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнде Қазақстан Республикасы аумағында тіркелуін растайтын, құрамында ЖСН бар құжаттардың бiрi:
Қазақстан Республикасы шетел азаматының қоныстауына арналған ықтиярхаты;
азаматтығы жоқ адамның куәлiгi;
шетел азаматына арналған тіркеу куәлігі;
шетел мемлекетінiң осы заңды тұлғасы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде Қазақстан Республикасы аумағында тіркелуін растайтын, БСН бар құжаттардың бiрi:
Қазақстан Республикасында филиалдар және өкiлдiк арқылы (тұрақты мекемесін құратын) қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшiн филиалдың, өкiлдiктің есептік тiркеуi (қайта тiркеу) туралы куәлiгі;
резидент емес заңды тұлғалар үшiн тiркеу куәлігі:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы кодексінің 197-шi бабының 5-шi тармағына сәйкес салық уәкiлдерi болып табылатын жағдайда;
Қазақстан Республикасында салық объектiлерінің иелері болып табылатын жағдайда;
Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шетел мемлекетінің дипломаттық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктері болатын жағдайда;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы кодексінің 191-шi бабының 8-шi тармағына сәйкес оның тұрақты мекемесi болып қарастырылатын, тәуелдi уәкiлі арқылы қызметін жүзеге асыратын жағдайда.
осы стандарттың 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметтi алушының (заңды тұлғаның) өкіліне сенімхат;
Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға үшін, сенімхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама немесе заңды тұлғаның мөрімен расталған қызметке бірінші басшыны немесе оның міндетін атқарушы тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі (шешім, хаттама).
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді (Мемлекеттік қызметті алушының Т.А.Ә., ЖСН, ұйымның атауы, БСН) орталық немесе уәкілетті ұйым электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған, электрондық құжаттар нысанында Ұлттық куәландырушы орталығының ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
тіркеу куәліктерін кері қайтару үшін:
осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәлігін кері қайтаруға порталдан немесе интернет – ресурсынан алынған және бірегей нөмірі бар, заңды тұлғаның мөрімен куәландырған өтініш немесе өтініш берушінің жұмыстан шығару туралы бұйрығының көшiрмесi. Жұмыстан шығару туралы бұйрығының көшiрмесi берілген жағдайда бiрiншi жетекшiсiнің қолы және ұйымның мөрі қойылмайды;
мемлекеттiк қызметтi алушы заңды тұлға өкілінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат.
2) қайта алған жағдайда порталда немесе интернет ресурста:
ашық кілтті қамтитын электрондық құжат және мемлекеттiк қызметтi алушының куәландырылған электрондық цифрлық қолтаңбасын нысанындағы сұрау салу.
12. Белгіленген үлгідегі бланкілер (өтініштердің нысандары) уәкілетті органның қызметкері осы мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Жирентаев көшесі, 1/1 береді, сондай-ақ өтініштердің нысаны мен оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер www.mtk.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Орталықтарда мемлекеттік қызметті алу үшін бекітілген нысандағы өтініштердің бланкілері осы стандарттың 1-қосымшасына береді, сондай-ақ өтініштердің нысаны мен оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер www.mtk.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Құжаттарды қабылдауды уәкілетті ұйым қызметкерлері мынадай мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Жирентаев көшесі, 1/1 немесе осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес орталықта мекенжай бойынша жұмыскерлермен жүзеге асырылады.
14. Орталық немесе уәкілетті ұйым арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде, орталықтың, уәкілетті ұйымның қызметкері Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының ақпараттық жүйесінде тиісті жазбаларды жүргізеді және:
1) сұрау салуды қабылдаудың нөмірі мен күні;
2) сұрау салатын мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;
4) құжаттарды берген күні (уақыты) мен орнын;
5) құжаттарды рәсімдеуге сұранысты қабылдаған орталық қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын;
6) тұтынушының тегін, атын, әкесінің атын, уәкілетті өкілдің тегін, атын, әкесінің атын, және олардың байланыс телефондарын.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы сонымен қатар мемлекеттiк қызметтi алушыға өтініште көрсетілген электрондық пошта мекенжайына хабарлама-есеп жолданады.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жеткізу тәсілін:
1) ақпараттың электрондық тасығышын қамтитын жеке куәлікке тіркеу куәліктерін алған жағдайда құжаттарды қабылдаушы орталыққа;
2) қалған жағдайларда интернет ресурс немесе портал арқылы мемлекеттiк қызметтi алушының есептеу техникасы құралдарынан алады.
16. Орталықпен немесе уәкілетті ұйыммен осы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды мемлекеттiк қызметтi алушымен ұсынбаған жағдайда немесе дәйексіз мәліметтерді ұсынған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Орталықтың уәкілетті ұйымның жұмыскерімен құжаттарды қабылдаудан бас тарту кезінде тұтынушыға жеткіліксіз құжаттарды көрсетумен қолхат беріледі.
Орталықтың немесе уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметті мемлекеттiк қызметтiң алушымен құжаттарды алған кезеңінен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толықтығы емес фактілері анықталған жағдайда уәкілетті ұйым немесе Орталық көрсетілген мерзімдерде жазбаша дәлелді жауапты береді.
Мемлекеттiк қызметті бергенде портал немесе интернет ресурстың жұмысында техникалық іркілістер жағдайында порталдың немесе интернет ресурстың жұмыстарын қалпына келтіргенге дейін тоқтатылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті ұйымның және орталықтың қызметі мемлекеттiк қызметтi алушыға қатысты мынадай:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік борышын өтеу кезінде заңдылықты сақтау;
3) мемлекеттiк қызметтi алушымен жұмыс кезінде сыпайылық;
4) мемлекеттік қызмет көрсету туралы жете ақпаратты беру;
5) өтініштерді қараған кезінде лауазымды тұлғалар қызметінің ашықтығы;
6) мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
7) мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау және құпиялығы қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттiк қызметтi алушыға мемлекеттік қызмет көрсету осы стандартқа 14-қосымшаға сәйкес сапасы және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті ұйымның және орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері, жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы түсіндірмелерді даярлауға көмек көрсетуді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Ақпараттандыру комитетінің лауазымды тұлғасы мынадай мекенжай бойынша жүзеге асырады: 010000, Астана қаласы, Орынбор, көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14 кіреберіс, кабинет № А 787, телефон (8-7172) 74-10-34.ол № А 787 бөлме, телефоны (8-7172)74-03-24.
Сонымен қатар орталық жұмыскерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес мекенжай және телефон бойынша саll–орталық порталының (1414) телефоны бойынша алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |