ҚР ҚМ ДБЖК және оның аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерін пайдаланушыларына жұмыс станцияларын бір көзден мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы Хаттама
Астана қ, Жеңіс д, 11 үй 8 қараша 2010 жыл
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 үйде орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Әкімшілік басқармасы, ҚР ҚМ ДБЖК және оның аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерін пайдаланушыларына жұмыс станцияларын бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды.
2. Сатып алуға бөлінген сомма 16 470 000 (он алты миллион төрт жүз жетпіс мың) тенге.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (әрі қарай - Комитет) және оның аумақтық бөлімшелерін матариалды – техникалық жабдықтау мақсатында, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» (әрі қарай - Заң) Заңының 32 бабының 2) тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесінің 142 бабына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Төрайымының 20.10.2010ж. № 289 «ҚР ҚМ ДБЖК және оның аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерін пайдаланушыларына жұмыс станцияларын бір көзден мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, жұмыс станцияларын бір көзден сатып алу жүзеге асырылды.
4. «АЛСИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай – «АЛСИ» ЖШС) Заңның 8 бабына келесі құжаттар негізінде сәйкес келеді:
1) 2010 жылдың 4 қарашасындағы «АЛСИ» ЖШС конкурсқа қатысуға өтінімі;
2) нотариалды расталған «АЛСИ» ЖШС Жарғысының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі;
3) нотариалды расталған «АЛСИ» ЖШС жарғылық шартының көшірмесі;
4) нотариалды расталған «АЛСИ» ЖШС қатысушыларының кезексіз жалпы жиналысының №101 Хаттамасының көшірмесі;
5) нотариалды расталған мекеме және Т.М. Баймагамбетовқа лауазымға ену туралы бұйрықтардың көшірмесі;
6) нотариалды расталған Заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркеу Куәлігінің көшірмесі;
7) нотариалды расталған қосымша құн салығы бойынша тіркеу туралы Куәлігінің көшірмесі;
8) нотариалды расталған Қазақстан Республикасы салықтөлеушісі Куәлігінің көшірмесі;
9) нотариалды расталған статистикалық картаның көшірмесі;
10) салық органының мөрі мен басқарма бастығының қолымен расталған 2010 жылдың 28 қазанына міндетті зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік төлемдер бойынша, салық төлеушінің салық бойынша салық қарыздары жоқтығы туралы анықтамасының түпнұсқасы;
11) «Қазақстан Ситибанкі» АҚ 2010 жылдың қазанның 13 жұлдызына берілген, банк алдында қарызы жоқтығын растайтын анықтама;
12) «АТФ Банк» АҚ (Алматы қ. филиалы) 2010 жылдың қазанның 25 жұлдызына берілген, банк алдында қарызы жоқтығын растайтын анықтамасының түпнұсқасы;
13) «АТФ Банк» АҚ (Атырау қ. филиалы) 2010 жылдың қазанның 25 жұлдызына берілген, банк алдында қарызы жоқтығын растайтын анықтамасының түпнұсқасы;
14) «АТФ Банк» АҚ (Астана қ. филиалы) 2010 жылдың қазанның 19 жұлдызына берілген, банк алдында қарызы жоқтығын растайтын анықтамасының түпнұсқасы;
15) «СберБанк» АҚ ЕБ (Алматы қ. филиалы) 2010 жылдың қазанның 25 жұлдызына берілген, банк алдында қарызы жоқтығын растайтын анықтамасының түпнұсқасы;
16) сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификатының нотариалды расталған көшірмесі;
17) 2010 жылдың 1 қаңтарына бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы;
18) біліктілік туралы мәлімет;
19) баға негіздемесі;
20) ҚР ҚМ ДБЖК және оның аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерін пайдаланушыларына жұмыс станцияларына техникалық сипаттама, техникалық сипаттамаға сәйкестік кестесі;
21) Қазақстан Республикасындағы Хьюлет-Паккард компаниясының авторизациялық хаты;
22) Қазақстан Республикасындағы Хьюлет-Паккард компаниясының Қазақстан Республикасының облыс орталықтары мен Астана, Алматы ққ. Сервис орталықтарында сертификацияланған мамандармен техникаға қызмет көрсету туралы хаты;
23) нотариалды расталған мамандардың сертификаттарының 4 парақта көшірмесі;
24) нотариалды расталған мамандардың дипломдарының 9 парақтағы көшірмесі;
25) нарықтағы тәжірибесі туралы анықтаманың түпнұсқасы;
26) құрылғының сапалық сипатын және оның конкурс құжаттамасына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну туралы міндеттеменің түпнұсқасы;
27) «АЛСИ» ЖШС облыстардағы сервис орталықтарының тізімі;
28) пікір мен ұсыным хаттарының көшірмесі 18 парақта;
29) Кипритиди Е.В. өкілдігі туралы «АЛСИ» ЖШС сенімхаты;
30) Бейбітхан А. «АЛСИ» ЖШС – нің қызығушылығын ұсыну туралы сенімхаты;
5. «АЛСИ» ЖШС (050051, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 91/1 үй), Шарт соммасы 16 470 000 (он алты миллион төрт жүз жетпіс мың) теңге.
6. Сарапшылар тартылмады.
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, осы бір көзден мемлекеттік сатып алудың нәтижесі негізінде, ШЕШТІ:
1) жұмыс станцияларын «АЛСИ» ЖШС (050051, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 91/1 үй) сатып алуға;
2) Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті 2010 жылдың 10 қарашасына дейін «АЛСИ» ЖШС –мен Мемлекеттік сатып алу туралы Шарт жасауы тиіс.
3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы Комитеттің Әкімшілік басқармасы осы Хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің веб-сайтына жіберсін.
Мемлекеттік сатып алуды
Ұйымдастырушының уәкілетті
Тұлғасы ___________А.А. Нұрмұхамбетова
Тапсырыс беруші:
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен
жұмыс комитеті Төрайымы _____________Н.Д. Үсенова
Достарыңызбен бөлісу: |