Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі №209 Бұйрығы «Темір жол көлігі туралы»


§ 1. Қол сигналдарына қойылатын талаптар



бет3/6
Дата12.06.2016
өлшемі4.28 Mb.
#130605
1   2   3   4   5   6
§ 1. Қол сигналдарына қойылатын талаптар

 

60. Қол сигналдарымен мынадай талаптар қойылады:



1) күндіз - жазылған қызыл жалаумен және түнде - қол фонарының қызыл отымен - «Тоқта! Қозғалысқа тыйым салынған» осы нұсқаулықтың 61-қосымшасына сәйкес;

күндіз - жазылған қызыл жалау, түнде - қол фонарының қызыл оты болмаған жағдайда, тоқтау сигналдары: күндіз - сары жалаудың, қолдың немесе басқа бір заттың шеңбер бойынша қозғалысы арқылы, түнде - кез-келген түстегі отпен фонарьдың шеңбер бойынша қозғалысы арқылы беріледі осы нұсқаулықтың 62-қосымшасына сәйкес

2) күндіз - жазылған сары жалаумен және түнде - қол фонарының сары отымен - «Ескертуде немесе темір жол кәсіпорны бастығының бұйрығында көрсетілген жылдамдықпен, ал бұл нұсқаулар болмағанда - 25 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен қозғалуға рұқсат етіледі осы нұсқаулықтың 63-қосымшасына сәйкес

61. Қол фонарының сары оты тек станция шектерінде қолданыла алады. Түнде қол фонарының сары оты болмағанда, станцияда жылдамдықты кеміту сигналы қол фонарының мөлдір-ақ оты арқылы жоғары және төмен баяу қозғалысымен беріле алады осы нұсқаулықтың 64-қосымшасына сәйкес.

 

 

§ 2. Қол сигналдарын беру түрлері



 

62. Түнде аралықта жылдамдықты кеміту сигналы барлық жағдайларда қол фонарының мөлдір-ақ оты арқылы жоғары және төмен баяу қозғалысымен берілуі тиіс осы нұсқаулықтың 64-қосымшасына сәйкес.

63. Автотежегіштерді сынау кезінде мынадай сигналдар беріледі:

1) күндіз - вертикаль тік көтерілген қол арқылы, түнде - мөлдір-ақ оты бар қол фонарын көтеру арқылы машинистке сынақ тежегішін жүргізу талабы (ауызша ескертуден кейін) қойылады осы нұсқаулықтың 65-қосымшасына сәйкес. Машинист локомотивтің бір қысқа ысқырығы арқылы жауап береді де, тежеуге кіріседі;

2) күндіз - горизонталь сызық бойынша қол қозғалысы арқылы, түнде - мөлдір-ақ оты бар қол фонарының горизонталь сызық бойынша қозғалысы арқылы машинистке тежегішті босату талабы қойылады осы нұсқаулықтың 66-қосымшасына сәйкес. Машинист локомотивтің екі қысқа ысқырығы арқылы жауап береді де, тежегішті босатады;

Автотежегіштерді тексеру кезінде нұсқауларды беру үшін радиобайланыс немесе екі жақты парктік байланыс құрылғылары қолданылуы мүмкін.

64. Міндетіне поездарды жөнелту кіретін станция бойынша кезекші станция бойынша поезд тоқтаусыз жөнелтілгенде немесе өткенде мыналарды көрсетеді: күндіз - шеті қарамен жиектелген, ақ түске боялған, қолмен вертикаль көтерілген қол дискі немесе оралған сары жалау, түнде - жоғары көтерілген жасыл оты бар қол фонары осы нұсқаулықтың 67-қосымшасына сәйкес.

Бұл поезд станциядан (аралыққа жіберілуге тиісті рұқсаты болғанда, шығу сигналдары жоқ жолдардан) жөнелтілуі немесе станция бойынша өту үшін белгіленген жылдамдықпен тоқтаусыз өтуі мүмкін екенін білдіреді. Аталған сигнал поезд тоқтаусыз жүріп өткенде келе жатқан поездың локомотиві станция бойынша кезекші жанынан өткенге дейін көрсетіледі.

Кесте бойынша жоқ жолаушылар, почта-багаж және жүк-жолаушылар поездарын тоқтату үшін поездарды қарсы алу міндетіне кіретін станция бойынша кезекші мыналарды көрсетуі тиіс: күндіз - қол қызыл дискісін немесе жазылған қызыл жалауды; түнде - қол фонарының қызыл отын осы нұсқаулықтың 68-қосымшасына сәйкес.

Станция бойынша кезекшінің жұмыс орны бағыттауыш қосынына шығарылған станцияларда станция бойынша кезекші поезды бүйірлік жолға қабылдағанда немесе станцияда тоқтатып қабылдағанда мынаны көрсетеді: күндіз - жазылған сары жалау, түнде - қол фонарының сары оты.

Станция бойынша поездарды жоғарғы жағы қызыл түсті бас киіммен қарсы алуы және шығарып салуы тиіс.

65. Сигналшылар мен бағыттауыш қосындарының кезекшілері поездарды былай қарсы алады:

1) станцияда тоқтатпай, басты жол бойынша поезды өткізген кезде: күндіз - оралған сары жалаумен; түнде - қол фонарының мөлдір-ақ отымен осы нұсқаулықтың 69-қосымшасына сәйкес;

2) поезды бүйірлік жолға қабылдағанда немесе станцияда тоқтатып қабылдағанда: күндіз - жазылған сары жалаумен; түнде - қол фонарының сары отымен осы нұсқаулықтың 70-қосымшасына сәйкес;

66) Сигналшылар мен бағыттауыш қосындарының кезекшілері станциядан жөнелтілетін поездарды барлық жағдайларда, күндіз - оралған сары жалаумен, түнде - қол фонарының мөлдір-ақ отымен шығарып салады.

67) Локомотив машинисіне поезды тоқтату сигналы: күндіз - жазылған қызыл жалаумен, түнде - қол фонарының қызыл отымен беріледі.

68) Тоқтатқаннан кейін жолаушылар поезын станциядан (поездарды тұйық жолдардан аттандыруды қоспағанда) жөнелтер кезде жолаушылар вагондарының радиокупедегі (штабтық) және соңғы вагондағы жолсеріктері жолаушылар платформасы жаққа қарай (платформа аяғына дейін) көрсетуі тиіс:

күндіз - оралған сары жалау;

түнде - мөлдір - ақ оты бар қол фонары.

Бұл поездың ойдағыдай жүріп бара жатқанын білдіреді. Қалған вагондардың жолсеріктері поезд орнынан қозғалғанда вагонның бүйір есіктерін жабады және тамбурдағы терезе арқылы платформа арқылы жүріп бара жатқанда сигналдың беріліп қалу мүмкіндігіне қарайды.

69. Темір жол жолдарының және жасанды құрылыстардың айналып қараушылары және өтпелер бойынша кезекшілер аралықтарда жол бос болғанда, поездарды: күндіз - оралған сары жалаумен, түнде - қол фонарының мөлдір - ақ отымен қарсы алады осы нұсқаулықтың 71-қосымшасына сәйкес.

Жылдамдықты кеміту және тоқтату сигналдарымен қоршалған орындарда, олар күндіз немесе түнде поездарды жолға орнатылған тиісті сигналдармен қарсы алады.

 

 

5. Сигналдық көрсеткіштер мен белгілер



 

§ 1. Маршруттық көрсеткіштер

 

70. Поезды немесе маневрлік құрамды қабылдау немесе олардың жүру бағытын көрсету қажет болған жағдайларда, бағдаршамдардың діңгектерінде немесе жеке діңгекте орналастырылатын ақ түсті бағытты маршруттық (цифрлық, әріптік немесе орын) жарықтық көрсеткіштер осы нұсқаулықтың 72-қосымшасына сәйкес қолданылады.



71. Поезд қозғалысына рұқсат етілген жолдың нөмірін көрсету үшін топтық шығу және маршруттық бағдаршамдарда жасыл түсті маршруттық жарықтық көрсеткіштер орнатылады осы нұсқаулықтың 72-қосымшасына сәйкес қолданылады.

Бұл көрсеткіштер маневрлік құрамның қозғалысына рұқсат етілген жолдың нөмірін көрсету үшін шығу немесе маршруттық бағдаршамда ай тәрізді ақ от болғанда пайдаланылуы мүмкін.

72. Жеке бағыттауыштардың жарықталынатын бағыттауыш көрсеткіштері екі жаққа да мынаны көрсетеді:

1) бағыттауыш тура жол бойынша орнатылған: күндіз - көрсеткіштің тар жағында ақ тік төртбұрыш; түнде - сүт түсті-ақ от осы нұсқаулықтың 73-қосымшасына сәйкес қолданылады;

2) бағыттауыш бүйірлік жолға орнатылған: күндіз - көрсеткіштің кең жағы; түнде - сары от осы нұсқаулықтың 74-қосымшасына сәйкес қолданылады;

Қиылысушы бағыттауыштардың орналасуы екі кәдімгі бағыттауыш көрсеткіштермен белгіленеді, олар бағыттауыштардың былай орналасқанын көрсетеді:

тура жол бойынша: күндіз - екі көрсеткіште де көрсеткіштердің тар жағында ақ төртбұрыштар, түнде - сүт түсті-ақ оттар осы нұсқаулықтың 75-қосымшасына сәйкес қолданылады;

тура жолдың қиылысуымен; күндіз - екі көрсеткіште де көрсеткіштердің кең жағында, түнде - сары оттар осы нұсқаулықтың 76-қосымшасына сәйкес қолданылады;

тура жолдан бүйір жолға: күндіз - жақын көрсеткіште көрсеткіштің кең жағы көрінеді; түнде - сары от, ал алыс көрсеткіште күндіз - көрсеткіштің тар жағында ақ төртбұрыш көрінеді; түнде - сүт түсті-ақ от осы нұсқаулықтың 77-қосымшасына сәйкес қолданылады;

бүйір жолдан тура жолға: күндіз - жақын көрсеткіште көрсеткіштің тар жағында ақ төртбұрыш көрінеді; түнде - сүт түсті-ақ от, ал алыс көрсеткіште күндіз - көрсеткіштің кең жағы көрінеді, түнде - сары от көрінеді осы нұсқаулықтың 78-қосымшасына сәйкес қолданылады.

73. Жарықталынбайтын бағыттауыш көрсеткіштер мынаны көрсетеді:

бағыттауыш тура жол бойынша орналасқан - жебе тәрізді көрсеткіш қырымен жол бойына бағытталған осы нұсқаулықтың 79-қосымшасына сәйкес қолданылады;

бағыттауыш бүйірлік жолға орналасқан - жебе тәрізді көрсеткіш бүйір жол жаққа қарай бағытталған осы нұсқаулықтың 80-қосымшасына сәйкес қолданылады.

 

 



§ 2. Лақтыру және жолдық бөгеу құрылғыларының көрсеткіштері

 

74. Лақтыру және жолдық бөгеу құрылғыларының көрсеткіштері мынаны көрсетеді:



«Жол бөгелген»: күндіз - гризонталь қара жолағы бар ақ дөңгелек, түнде - сондай қара жолақпен сүт түсті-ақ от көрінеді осы нұсқаулықтың 81-қосымшасына сәйкес қолданылады;

«Жолдан бөгеу алынған»: күндіз - вертикаль қара жолағы бар ақ дөңгелек немесе тік төртбұрыш көрінеді; түнде - сондай қара жолақпен сүт түсті-ақ от көрінеді осы нұсқаулықтың 82-қосымшасына сәйкес қолданылады;

75. Тіректердегі жолды бөгеу көрсеткіштері білеудің оң жақ шетіне орналастырылады және тек жол жаққа қарай сигналдық көрсету береді осы нұсқаулықтың 83-қосымшасына сәйкес қолданылады. Бұл көрсеткіштер жарықталынатын және жарықталынбайтын болуы мүмкін, ол станцияның техникалық-басқару актісімен анықталады.

Жол бөгеуші сигналдық аспаптар ретінде үлгілік бағыттауыш фонарьларды пайдалануға болады.

Лақтырылатын құрылғыларды (лақтырылатын табандықтарды, лақтырылатын үшкірлемелерді немесе лақтырылатын бағыттауыштарды) орнату орындары көрсеткіштермен жабдықталады, егер бұл құрылғылар орталықтандыруға енгізілмесе және бөгеуші жай-күйді бақылай алмайтын болса.

 

 



§ 3. Гидравликалық бағандардың көрсеткіштері

 

76. Гидравликалық бағанның көрсеткіші - фонарь - түнде екі жаққа қызыл от көрсетеді, егер бағанның бұрылатын бөлігі жолға көлденең орналасса; күндіз бағанның қызыл түске боялған бұрылатын бөлігі көрінеді: бұл «Тоқта!» сигналын білдіреді осы нұсқаулықтың 84-қосымшасына сәйкес қолданылады.



77. Егер бағанның бұрылатын бөлігі жол бойымен орналасса, түнде екі жаққа да мөлдір-ақ от көрінеді.

 

 



§ 4. Поездардағы ақаулы вагондарды көрсеткіштер

 

78. Жүріп бара жатқан поездың жылжымалы құрамының техникалық жай-күйіне автоматты бақылау жасау құрылғылары орнатылған темір жол учаскелерінде түйіспелі желінің тіректеріне немесе жекелеген діңгектерге орнатылған сигналдық жарық көрсеткіштері немесе дауыстап хабарлағыштар қолданылады осы нұсқаулықтың 85-қосымшасына сәйкес қолданылады;



79. Поезд құрамында ақаулы вагондардың бар екендігі туралы белгі беретін мөлдір-ақ түсті жарқырайтын жолақ сигналдық көрсеткіште пайда болғанда және поездың станцияға бару мүмкіндігі немесе оны дереу аралықта тоқтату қажеттілігі туралы станция бойынша кезекшіден (поездық диспетчерден) радиобайланыс бойынша нұсқау алғанда, машинист міндетті:

жылдамдықты 20 км/сағ-қа дейін баяу азайтуға шаралар қабылдауға және құрамға бақылау жасай отырып, шығу сигналының көрсеткіштеріне байланыссыз станцияның қабылдау жолына ерекше қырағылықпен тоқтай отырып жүруге;

аралықта қызметтік тежегішті пайдаланып поезды тоқтатуға, бұл жайында аралықта жүрген поездар машинистеріне хабарлауға, ақаулы вагондарды қарап тексеруге және станция бойынша кезекшіге (поездық диспетчерге) поезбен станцияға бару мүмкіндігі туралы хабарлауға немесе құрамға вагондарды қарап тексерушілерді талап етуге.

Бұл ретте станция бойынша кезекші (поездық диспетчер) поездардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін қосымша шаралар қабылдайды: көрші жолдармен келе жатқан поездар машинистеріне хабарлайды және қажет болғанда поездардың станциядан аттануын кідіртеді.

80. Сигналдық көрсеткіштер жарықталынбайды және сигнальдық мәнге ие болмайды.

 

 



§ 5. Блок - учаскелердің шекараларын көрсететін көрсеткіштер

 

81. Сигнализация мен байланыстың дербес құралы ретінде автоматты локомотивтік сигнализация қолданылатын темір жол учаскелерінде, блок-учаскелердің шекараларында жарық шағылдырғыштары және цифрлық литерлік тақтайшалары бар сигналдық белгілер орнатылады осы нұсқаулықтың 86-қосымшасына сәйкес қолданылады.



82. Шағылыстырғышы бар қара жолақты ақ түсті хабарландыру щиттары бірқанатты семафоралардың алдынды орнатылады: «Бірқанатты семафоралардың алдында тоқтауға дайын жылдамдықты азайтатын қозғалыс рұқсат етіледі» осы нұсқаулықтың 87-қосымшасына сәйкес қолданылады;

83. Тұрақты токтағы электрлендірілген учаскелерде әуелік аралықтарда түйіспелі желі секцияларының біреуінен кернеу кенет алынған жағдайда, ток қабылдағыштары көтерілген электр жылжымалы құрамның өтуіне жол берілмейді, түйіспелі желінің тіректеріне немесе жекелеген діңгектерге орнатылатын «Ток қабылдағышты түсіру» сигнальдық жарық көрсеткіштері қолданылады осы нұсқаулықтың 88-қосымшасына сәйкес қолданылады.

Сигнальдық көрсеткіште мөлдір-ақ түсті, жарқырайтын, жыпылықтайтын жолақтар пайда болғанда, машинист қоршалатын әуелік аралықты ток қабылдағыштарын түсіріп жүріп өту үшін шаралар қабылдауға міндетті.

Қалыпты жағдайда көрсеткіштердің сигнальдық жолақтары жанбайды және бұл жағдайда сигнальдық мәнге ие болмайды.

 

 

§ 6. Тұрақты сигналдық белгілер



 

84. «Газ» және «Мұнай» тұрақты сигналдық белгілері осы нұсқаулықтың 89-қосымшасына сәйкес қолданылады.теміржол жолдарының мұнайгазөнімдері құбырларымен қиылысатын жерлерде, тікелей түйіспе желі тіректеріне немесе жекелеген бағандарға орнатылады және қиылысу орнына ерекше (қырағылық) назар аудара отырып, жүріп өту қажеттілігін көрсетеді.

«Карстқаупі бар учаскенің басталуы» және «Карстқаупі бар учаскенің аяқталуы» тұрақты сигналдық белгілері осы нұсқаулықтың  89-қосымшасына сәйкес қолданылады. Карстелген зоналар арқылы өтетін темір жолдар өтетін орындарда, тікелей түйіспе желі тіректерінде немесе жекелеген бағандарда орнатылады және қоршалған учаскені ерекше (қырағылық) назар аудара отырып, жүріп өту қажеттілігін көрсетеді.

85. «Тежелудің басталуы» осы нұсқаулықтың 90-қосымшасына сәйкес қолданылады.және «Тежелудің аяқталуы» тұрақты сигналдық белгілері осы нұсқаулықтың 90-қосымшасына сәйкес қолданылады. Локомотив машинисіне сапар барысында автотежегіштердің әрекеті тексерілетін орындарды көрсетеді.

Мұндай сигналдық белгілерді орналастыру тәртібі комиссиялық жолмен анықталады және темір жол көлігі кәсіпорнының басшылығымен бекітіледі.

86. «Ток қабылдағышты түсіру» сигнальдық көрсеткіші қолданылған жағдайда, оның алдына «Назар аударыңыз! Ток айырымы» шағылдырғыштары бар тұрақты сигналдық белгісі орнатылады осы нұсқаулықтың 91-қосымшасына сәйкес қолданылады. Шағылдырғыштары бар «Ток қабылдағышты көтеру» тұрақты сигналдық белгісі қозғалыс бағытында әуелік аралықтан кейін орнатылады осы нұсқаулықтың 91-қосымшасына сәйкес қолданылады.

«Ток қабылдағышты түсіру» сигнальдық көрсеткіштерін және «Ток қабылдағышты көтеру», «Назар аударыңыз! Ток айырымы» тұрақты сигналдық белгілерін орнату схемасы осы нұсқаулықтың 92-қосымшасына сәйкес қолданылады. Оларды орналастыру тұрақты сигналдың көрінуін және қабылдануын нашарлатпауы керек.

12-вагонды электропоездар айналғанда әуелік аралықтан «Ток қабылдағышты көтеру» тұрақты белгісіне дейінгі қашықтық 250 м-ден кем болмауы тиіс.

87. Әуелік аралықтарды шектейтін түйіспе желі тіректерінің ерекшелік белгісі - кезектесіп келетін төрт қара және үш ақ горизонталь жолақтар болуы тиіс. Поезд қозғалысы бағытындағы бірінші тірек одан басқа вертикаль қара жолақпен қосымша белгіленеді осы нұсқаулықтың 93-қосымшасына сәйкес қолданылады.

Тіректерге бекітілетін белгілер тіректерге немесе қалқаншаларға тікелей енгізілуі мүмкін осы нұсқаулықтың 94-қосымшасына сәйкес қолданылады. Көп жолды учаскелерде аталған белгілерді жол осінің үстіне түйіспе желі құралымдарына орнатуға рұқсат етіледі. Бұл тіректер (белгілер) арасында ток қабылдағыштары көтерілген электржылжымалы құрамды тоқтатуға тыйым салынған.

88. Шектік бағаншалар бағыттамалы бұрма немесе тұйық қиылысу бағытында одан ары жолға жылжымалы құрамды орнатуға болмайтын орынды көрсетеді осы нұсқаулықтың 95-қосымшасына сәйкес қолданылады. Басты және қабылдау-жөнелту жолдарындағы шектік бағандардың ерекшелік түсі болуы тиіс осы нұсқаулықтың 95-қосымшасына сәйкес қолданылады.

89. «Станция шекарасы» белгісі осы нұсқаулықтың 96-қосымшасына сәйкес қолданылады. Екі жолды және көп жолды учаскелердегі станция шекарасын көрсетеді. Белгінің екі жағында да жазба болуы керек.

90. Шағылдырғыштары бар «Қауіпті орынның басталуы» және «Қауіпті орынның аяқталуы» тұрақты сигналдық белгілері осы нұсқаулықтың 97-қосымшасына сәйкес қолданылады. Жылдамдығы кеміген поездардың өтуін талап ететін учаске шекараларын көрсетеді. «Қауіпті орынның аяқталуы» сигналдық белгісі «Қауіпті орынның басталуы» сигналдық белгісінің сырт жағына орналастырылады осы нұсқаулықтың 97-қосымшасына сәйкес.

91. Ескерту сигналдық белгілері:

«С» белгісі - ысқырықты беру - тоннельдер, көпірлер, өтпелер және т,.б алдында орнатылады осы нұсқаулықтың 98-қосымшасына сәйкес қолданылады.

«Локомотивті тоқтату» белгісі осы нұсқаулықтың 98-қосымшасына сәйкес қолданылады. Темір жол көлігі кәсіпорнының басшылығы тағайындайтын комиссиямен белгіленетін орындарда орнатылады.

92. Шағылдырғыштары бар ескерту сигналдық белгілері электрлендірілген учаскелерде орнатылады:

«Токты ажырату» осы нұсқаулықтың 99-қосымшасына сәйкес қолданылады.- бейтарап ендірме алдында; «Электровозда токты қосу» осы нұсқаулықтың 99-қосымшасына сәйкес қолданылады;

«Электропоездағы токты қосу» осы нұсқаулықтың 99-қосымшасына сәйкес қолданылады - бейтарап ендірме артында. Бұл белгілерді орнату схемасы осы нұсқаулықтың 100-қосымшасына сәйкес қолданылады.

«Түйіспелік аспаның аяқталуы» сигналдық белгісі осы нұсқаулықтың 101-қосымшасына сәйкес қолданылады, түйіспе желіде, дәлірек айтқанда түйіспе сымның жұмысшы зонасы аяқталатын орындарда орнатылады.

93. «Бірінші вагонның тоқтауы» ескерту сигналдық белгісі осы нұсқаулықтың 101-қосымшасына сәйкес қолданылады, моторвагонды поездар жүретін жолаушылар платформасында орнатылады.

94. Аз қызмет ететін станция учаскелерінің шекарасында орналастырылатын шағылыстырғышы бар семафор «Көлденең орналасқан бірқанатты семафор» сигналдық белгісі: «Тоқта! Сигналдан өту рұқсат етілмейді осы нұсқаулықтың 102-қосымшасына сәйкес қолданылады.

 

 

§ 7. Уақытша сигналдық белгілер



 

95. Ток қабылдағыштары көтерілген электржылжымалы құрамның жүруіне жол берілмейтін жерлерде (түйіспе желі ақаулы болғанда, жоспарлы жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізілгенде, поездар жүрген кезде ток қабылдағыштарды түсіру қажет болғанда) шағылдырғыштары бар уақытша сигналдық белгілер қойылады, олар мынаны көрсетеді:

«Ток қабылдағышты түсіруге дайындалу керек» осы нұсқаулықтың 103-қосымшасына сәйкес;

«Ток қабылдағышты түсіру керек» осы нұсқаулықтың 103-қосымшасына сәйкес;

«Ток қабылдағышты көтеру керек» осы нұсқаулықтың 103-қосымшасына сәйкес;

Бұл белгілерді орнату схемасы осы нұсқаулықтың 104-қосымшасына сәйкес келтірілген.

Түйіспе желімен жабдықталмаған екі жолды учаскеде жолдардың біреуімен поездарды өткізу арқылы және уақытша қиылысуларды төсей отырып, жоспарлы жол жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатса, онда «Ток қабылдағышты түсіру» сигналдық белгісі қоршалатын учаскеден кемінде 1000 м. қашықтықта орнатылады. Қалған сигналдық белгілер осы нұсқаулықтың 104-қосымшасына сәйкес;

Ток қабылдағыштары көтерілген электржылжымалы құрамның жүріп өтуіне жол бермейтін түйіспе желінің кенеттен зақымдануы байқалған кезде, бұл ақаулықты байқаған электрмен жабдықтау дистанциясының қызметкері күтіліп отырған поезға қарай 500 м жерге қашықтауы керек те, жақындап келе жатқан поездың машинисіне қолмен «Ток қабылдағышты түсіру» сигналын былай беруі керек осы нұсқаулықтың 105-қосымшасына сәйкес:

күндіз - сол қолды вертикаль көтере отырып, горизонталь сызық бойынша оң қолмен алға қарай қайталанатын қозғалыстар;

түнде - мөлдір ақ оты бар фонармен қайталанатын вертикаль және горизонталь қозғалыстар.

Машинист міндетті: хабарлаушы сигналды беруі керек, электр тізбегі токтан ажыратылғанда, ток қабылдағыштарды түсіруі керек және ерекше қырағылықпен зақымдану орны арқылы жүріп өтуі керек, түйіспе желінің түзіктігіне көз жеткізе отырып, ток қабылдағыштарды көтере отырып, қозғалысты жалғастыруы керек.

96. Қар тазалағыштар жұмыс істейтін учаскелерде уақытша сигналдық белгілер орнатылады:

Кедергі алдында «Пышақты көтеру керек, қанаттарды жабу керек» осы нұсқаулықтың 106-қосымшасына сәйкес;

Кедергіден кейін «Пышақты түсіру керек, қанаттарды ашу керек» осы нұсқаулықтың 106-қосымшасына сәйкес;

Жүрдек қар тазалағыштар жұмыс істейтін учаскелерде «Пышақты көтеру керек, қанаттарды жабу керек» белгілерінің алдында, одан басқа «Пышақты көтеруге және қанаттарды жабуға дайындалу керек» уақытша сигналдық белгілері орнатылады осы нұсқаулықтың 106-қосымшасына сәйкес.

Қар тазалағыштар жұмыс істейтін учаскелерде белгілерді орнату схемасы осы нұсқаулықтың 107-қосымшасына сәйкес келтірілген, ал жүрдек қар тазалағыштар жұмыс істейтін учаскелерде белгілерді орнату схемасы осы нұсқаулықтың 108-қосымшасына сәйкескелтірілген.

Екі кедергі жақын орналасқанда, олардың арасында қар тазалағыштың жұмыс істеуі мүмкін болмағанда, сырыққа бірінің астына бірі екі белгі орналастырылады осы нұсқаулықтың 109-қосымшасына сәйкес.

97. Сигналдық белгілерге орнатылатын шағылдырғыштар мөлдір ақ шыныдын жасалуы керек, ал жекелеген сигналдық белгілерде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-пен бекітілген техникалық талаптарға сәйкес ақ түсті жарық шағылдыратын материалдан жасалған шағылдырғыштар қолданылуы мүмкін.

 

 

§ 8. Маневрлік жұмыс кезінде қолданылатын сигналдар



 

98. Маневрлік бағдаршамдармен мынадай сигналдар беріледі:

бір ай тәрізді-ақ от - «Маневрді жүргізуге рұқсат етіледі» осы нұсқаулықтың 110-қосымшасына сәйкес;

бір көк от - «Маневрді жүргізуге тыйым салынады» осы нұсқаулықтың 110-қосымшасына сәйкес;

Маневрді жүргізуге рұқсат қызыл от сөнген кезде бір ай тәрізді ақ отпен шығу және маршруттық бағдаршамдары арқылы берілуі мүмкін. Маневрлер ауданында шығу және маршруттық бағдаршамдардың қызыл отына жүріп кету топтық-маневрлік бағдаршамдардың ай тәрізді-ақ отымен рұқсат етілуі мүмкін.

Екі жақты қозғалыс үшін автоматты бұғаттаумен жабдықталған бір жолды, екі жолды станцияларда станция жағынан кіру бағдаршамының діңгегінде орналасқан маневрлік бағдаршамда ай тәрізді ақ отпен «Маневрлік құрамның станция шекарасынан шығуына рұқсат беріледі» сигналы қолданылуы мүмкін.

Станцияның белгілі бір ауданында маневрге рұқсат беретін топтық маневрлік бағдаршаммен бір не екі жаққа сигналдар беріледі.

Маневрлік бағдаршамдарда теміржол көлігі кәсіпорны басшылығының рұқсатымен көктің орнына қызыл оттар қолданылуы мүмкін.

Бағыттауыштары мен сигналдары электрлік орталықтандырылған станциялардың маневрлік бағдаршамдарында қажетті жағдайларда «маневр жүргізуге рұқсат етіледі; бұл бағдаршаммен қоршалған жол ашық» екі ай тәрізді ақ от сигналы қолданыла алады.

99. Дөңестік бағдаршамдармен мынадай сигналдар беріледі осы нұсқаулықтың 111-қосымшасына сәйкес:

бір жасыл от - «Вагондарды белгіленген жылдамдықпен таратуға рұқсат етіледі»;

бір сары от - «Вагондарды кемітілген жылдамдықпен таратуға рұқсат етіледі»;

бір сары және бір жасыл от - «Вагондарды белгіленген және кемітілген жылдамдық арасындағы жылдамдықпен таратуға рұқсат етіледі»;

бір қызыл от - «Тоқта! Таратуға тыйым салынады»;

Жарық көрсеткішіндегі қызыл отпен бір мезгілде жанатын ақ түсті «Н» әрпі - дөңестен түскен вагондарды қабылдау паркінің жолдарына және тартып шығару жолына шегіндіру керек».

Дөңестік бағдаршамдардың бір жасыл от, бір сары және бір жасыл және бір сары от бойынша сұрыптау дөңестерінде вагондарды тарату жылдамдығы темір жол көлігі кәсіпорнының басшылығымен белгіленеді.

Дөңестік бағдаршам сигналдарының көрінуі қамтамасыз етілмеген жағдайларда, дөңестік бағдаршамның көрсетуі туралы машинистке хабарлау үшін қайталағыш бағдаршамдар немесе дөңестік автоматты локомотивтік сигнализация қолданылады. Қайталағыш және локомотивтік бағдаршамдар негізгі дөңестік бағдаршам тәрізді оттармен сигнал беруі керек. Қабылдау паркін жолдарының ортасында орналасқан қайталағыш бағдаршамдарда қызыл оттың орнына көк от орнатылуы мүмкін.

Қабылдау паркінің жолдарында дөңестік бағдаршамға дейін құрамдардың берілуіне рұқсат беру үшін, сондай-ақ дөңес асты жолдарындағы сигнализация үшін маневрлік бағдаршамдар қолданылуы мүмкін.

100. Маневрлік бағдаршамдар болмаған жағдайда, маневрлер кезінде шығу және маршруттық бағдаршамдардың қызыл отына жүріп кетуге станция бойынша кезекшімен немесе оның нұсқауы бойынша маневрлер жетекшілерімен радиобайланыс бойынша, екіжақты парктік байланыс құрылғылары бойынша немесе қол сигналы аспаптарымен берілетін сигнал бойынша рұқсат беріледі.

101. Маневрлер кезінде қол және дыбыс сигналдары беріледі:

«Алға басқарумен локомотивке жүруге рұқсат етіледі» - күндіз жайылған сары жалаушасы бар жоғары көтерілген қол қозғалысы арқылы, түнде - мөлдір ақ оты бар қол фонарымен (6.4 сурет) немесе бір ұзақ дыбыспен;

«Кейінге басқарумен локомотивке жүруге рұқсат етіледі» - күндіз жайылған сары жалаушасы бар төмен түсірілген қол қозғалысы арқылы, түнде - мөлдір ақ оты бар қол фонарымен (6.5 сурет) немесе екі ұзақ дыбыспен;

«Тыныш» - күндіз жайылған сары жалаушаның жоғары-төмен баяу қозғалысы арқылы, түнде - мөлдір ақ оты бар қол фонарымен осы нұсқаулықтың 114-қосымшасына сәйкес немесе екі қысқа дыбыспен;

«Тоқта!» - күндіз жайылған қызыл немесе сары жалаушаның шеңбер бойынша қозғалысы арқылы, түнде - кез-келген оттағы қол фонарымен осы нұсқаулықтың 115-қосымшасына сәйкес немесе үш қысқа дыбыспен;

102. Маневрлер кезіндегі сигналдар олардың орындауға қабылданғанын растайтын локомотивтің (моторвагонды құрамның), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның ысқырықтарымен қайталануы тиіс.

Сигналшыға немесе бағыттауыш қосынының кезекшісіне бағыттауышты қайсы бір жолға қою туралы тапсырма станцияның техникалық-басқару актісімен белгіленген тәртіпке сәйкес ұзақтығы әртүрлі дыбыстармен (локомотивтердің ысқырықтарымен және маневрлер жетекшілерінің ысқырықтарымен) немесе станцияның техникалық жарақтануына байланысты басқа құралдармен берілуі мүмкін.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет