Тақырыбы: Өсімдіктердің вегетативтік мүшелері



Дата04.10.2022
өлшемі27.28 Kb.
#461870
Билисбекова Асем Б-21-1 лекция 6,1


Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Кафедра:Биология мұғалімдерін даярлау

СӨЖ

Тақырыбы: Өсімдіктердің вегетативтік мүшелері
Курс: 1
Тобы: Б-21-1
Орындаған: Билисбекова Асем
Тексерген: Бейсембаев Мақсат


Жоспары: 1.Өсімдіктердің вегетативтік мүшелері.
2.Өсімдіктердің вегетативтік мүшелері дамуының жалпы заңдылықтары.
3.Вегетативтік мүшелердің құрылысына қоршаған ортаның әсері.

ВЕГЕТАТИВТІК ОРГАНДАР


Негізгі вегетаіивтік органдардьщ бастамасы дәннің ұрығында болады. Қолайлы жағдай туысымен, яғни қажетгі температура, ылғал және ауа жеткілікті болған кездерде түқым бойына су тартып, ісініп өне бастайды. Алдымен тамыр өседі, ол спермодерманы жарып шығып, топыраққа өнеді . Нәтижесінде жас өскін топыраққа бекиді де, одан сумен онда еріген минералды тұздарды бойына сіңіреді. Тамырдьщ ізінше өркен осе бастайды. Алғашында ол иілген болып келеді және өзінің бүрылыстарымен топырақты екі жаққа ығыстырып отырады, содан соң барып біртіндеп түзуленіп жердің бетіне тұқым жарнақтары мен бүршікті көтеріп шығады. Түқым жарнақтары көк түске боялып және біраз уақыттар бойы жапырақтың қызметін атқарады. Бүршік жоғары қарай тік өсуін жалғастыра отырып, сабақты және алгашқы жапырақты береді. Алғашқы жапырақтың формасы толық қалыптасқан өсімдіктің жапырагынан басқаша болады (жас жапырақтар). Тамыр мен түқым жарнағының шекарасын тамырдың мойны деп атайды. Тамырдың мойнымен түқым жарнақтарының арасындағы сабақтың бөлігін гипокотилъ (түқым жарнағы асты аякща) деп атайды. Ал тұқым жарнақтары мен алғашқы нағыз жапырақтың арасын эпикотилъ (түқым жарнағы үсті аякща) деп аталады. Кейбір өсімдіктердің (мысалы емен ағашының) сабағы өскен кезде иілмейді, ал топырақты қалың қабыршақтармен қапталған бүршіктің өзі ығыстырып отырады. Барлық өсімдіктердің бірдей тұқымжарнақтары жердің бетіне көтеріліп шықпайды. Кейде гипокотильдің қысқа болатындығы сонша түгелімен жердің астында қалып отырады (ас бүршағының, емен ағашының). Астық тұқымдастарында негізгі тамырдан басқа, сабақтың базальды жағынан бірден қосалқы тамырлары пайда болады. Өне бастаған кезде жалғыз тұқым жарнағы тұқымның ішінде қалады да, эндоспермдегі қоректік заттарды бойына сіңіреді. Топырақты ұрықтық жапырақпен (колеоптилё) қоршалған бүршік жарып шығады. Алғашқы нағыз жапырақ колеоптиленің жарықшағы арқылы сыртқа шығады.
ТАМ Ы Р
Тамыр өсімдіктің өстік, көп симметриялы жер асты органы. Ол үзақ уақыттар бойы үзындыққа шексіз өсіп отырады. Тамырдың ұшын тамыр оймақшасы қорғап түрады. Тамыр еш уақытта жапырақ түзбейді. Оның бүтақтануы, бүршіктенуі ішкі жағынан басталады (эндогенді). Тамыр әртүрлі қызметтер атқарады: суды және онда еріген минералды түздарды, кейде тіптен органикалық затгарды да топырақтан өз бойына сіңіріп, сабаққа жетеізіп отырады. Өсімдікті жерге бекітіп түрады, кейбір органикалық затгарды синтездейді, өсімдіктің топырақтағы микроорганизмдермен (саңырауқұлақтармен, бактериялармен) байланысын қамтамасыз етеді, артық қор заттарының жиналатын орны болып табылады, өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюін қамтамасыз етеді.
Түйнектер. Бұршақ тұқымдастарға жататын өсімдіктердің тамырларына ауадағы азотты бойына сіңіруге қабілетті ризобиум (Rhizobium) туысына жататын ерекше бактериялар қоныстанады. Бактериялар өсімдіктердің органикалық заттарымен қоректенеді, ал өсімдіктер бактериялар синтездеген азоггық қосылыстарды бойына сіңіреді. Бактерияның тамырға енуі оның қабықтық бөлігінің ұлпаларының ұлғайып өсіп, түйнектер деп аталынатын, ісік тәріздес буылтық түйнектердің пайда болуына әкеліп соғады . Бактерияға толған (бактериялы үлпа) клеткалар, бактериялы үя түзіп топтасып орналасады. Түйнекте бір немесе бірнеше осындай ұялар болуы мүмкін.
САБАҚ
Сабақ қалыпты жағдайда шексіз өсетін полисимметриялы өстік орган болып табылады. Оның ұзындыққа өсуін төбелік және қыстыра меристемалары қамтамасыз етеді. Бұтақтануы және бүршіктерінің пайда болуы сырт жағынан (экзогенно) жүзеге асады. Сабақта жапырақтар мен бүршіктер орналасады. Сабақ жапырақтар мен тамырдың арасын байланыстырып тұрады, жақсы жетілген ассимиляциялық системаның түзілуіне мүмкіндік туғызады және жапырақтардың оларға күннің сәулесі жақсы түсетіндей жағдайда орналасуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге сабақ артық қор заттарьшың жиналатын орны болып табылады. Ағаштардың сабақтары мен тамырлары 4—6 мың жыл өмір сүре алады (мамонт ағашы, айдахар ағашы). Кейбір шөптесін өсімдіктердің сабағы 30—45 күн ғана өмір сүреді (эфемер лер).
ЖАПЫРАҚ
Жапырақ дегеніміз өсуі шектелген бүйірлік орган. Ол қыстырмалы меристеманың белсендігінің нәтижесіңде түп жағымен немесе барлық жағымен үлғайып өседі. Ағаштар мен бұталарда бүл уақытша орган. Жапырақтың атқаратын қызметтері: фотосинтез, газдың алмасуын және судың булануын реттеу болып табылады. Сонымен бірге жапырақтарда артық қор заттары жиналады, жекелеген жағдайларда жапырақ вегетативтік көбею қызметін де атқарады. Бір жылдық өсімдіктердің жапырағының өмірінің ұзақтығы, сабақтың өмірінің үзақтығымен бірдей, ал көпжылдық өсімдіктерде ол көп қысқа. Өсімдіктердің көпшілігінің жапырағы 1-11/2 жыл, кейбір жағдайда оданда аз өмір сүреді. Мәңгі жасыл өсімдіктердің жапырағы 1 жылдан 5 жылға дейін, ал кейбіреулерінде — 10—15 жыл өмір сүреді (шырша, араукария). Тек африка шөлінде өсетін вельвичияның жапырағы ғана, өсімдіктің тұрақты органы болып келеді және ол 90—100 жыл өмір сүреді.
ӨРКЕН
Өркен төбелік меристемадан пайда болатын және морфогенездің алғашқы этаптарында арнайы маманданған бөліктерге: сабаққа, жапыраққа, бүршікке бөлінетін мүше (орган). Оның негізгі атқаратын қызметі фотосинтез. Сонымен бірге өркеннің әртүрлі бөліктері, өсімдіктің вегетативтік жолмен көбеюін, артық қор заттармен суды бойына жинау қызметтерінде атқарады.
ӨРКЕННІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҮРЫЛЫСЫ
Өркеннің бөлікт ері. Сабақты ң жапы рақ кететін участогін буын деп атайды, ал сабақтың еқі буынның аралығындағы участогін буын аралық дейді .Буынның үстіндегі, жапырақтьщ қолтығында, қолтық бүршігі пайда болады, Егер буын аралықтары айқын байқалатын болса, онда мұндай өркенді ұзарған өркен деп атайды. Егер буындары бір-біріне жақын орналасса және буын аралықтары байқалмайтын болса, онда мұндай өркенді қысқарған өркен деп атайды (подушка, жертаған)
Метамерия. Әдетте өркенде бірнеше буын және буьш аралықтары болады. Өркеннің осьщдай қайталаньш келіп отыратын, бірдей атпен аталынатын органдары бар бөлігін метамерия деп атайды. Өркеннің әрбір метамері жапырағы бар буыннан, қолтықтық бүршіктен және төменгі буын аралығынан түрады.
Бүршік.
Бұл қысқарған өркен . Ол өсу конугмен аяқталатын (сабақтың бастамасы) меристемалық өстен және жапырақ тұмсықшасынан (жапырақтың бастамасы), яғни алғашқы метамерлердің сериясынан түрады. Томен орналасқан, дифференцияланған жапырақтар, өсу конусымен жапырақ тұмсықшасын қоршап жауып тұрады. Вегетативтік бүршіктің құрылысы осындай болады . Өсу конусының вегетативтік-репродуктивтік бүршіктері алғашқы гүлдің немесе гүл шоғырының бастамасына айналған.Түл түзетін (репродуктивтік) бүршіктер тек алғашқы гүлдің немесе гүл шоғырының бастамасынан тұрады. Мұндай бүршіктерде фотосинтез процесі жүретін жапырақтардың нышаны (бастамасы) мүлдем болмайды. Көп жағдайда сыртқы жапырақтардың түрі өзгеріп, бүршікті кеуіп, қүрғап қалудан сақтайтын қабыршақтарға айналады. М ұндай бүрш іктерді жабы нды қ (жабық) бүршіктер деп атайды. Олардың жалаңаш (ашық) бүршіктерден айырмашылығы сол, тек қорғаныштық қызмет ғана атқарады. Алайда мынаны естен шығармаған жөн, жалаңаш бүршіктердің осу конусы мен жапырақтарының алғашқы бастамасы (нышаны) үлкен фотосинтез процесі жүретін жапырақтармен жабылып, қорғалып түрады. Орналасу ерекшеліктеріне қарай бүршіктерді төбелік және бүйірлік деп бөледі. Соңғысы шығу тегіне қарай, қолтықтық жөне қосалқы болып бөлінеді. Қолтықтық бүршіктер жапырақ түмсықшаларының қолтығының осу конусында экзогенді (сырттан) қалыптасады.
Тамырсабак.
Бұл горизонталь бағытта, жоғары қарай немесе вертикаль бағытта өсетін көпжылдық жер асты өркен. Ол өз бойына артық қор заттарын жинауға қабілетті, өсім діктердің қайта қалпына кел уін реттейді ж ән е вегетативтік жолмен көбеюін қамтамасыз етеді. Тамырсабақтың редукцияға ұшыраған қабыршақтар, бүршіктер, қосалқы тамырлар түріндегі жапырақтары болады. Артық қор заттары оның сабақтық бөлігінде жиналады. Тамырсабақтың ұзарып өсуімен, бүтақтануы кәдімгі өркендегідей жүреді. Тамырсабақ жапырақтарының болуымен және ұшында тамыр оймақшасының болмауымен, тамырдан айқын ажыратылады.
Жер беті столоны.
Бұл ұзақ өмір сүрмейтін, горизонталь бағытта өсетін сұлама өркен. Ол негізінен өсімдіктің таралуы н (территорияны көбірек қамтуын) және вегетативтік жолмен көбею қызметін атқарады. Оның буынаралықтары ұзын болып келеді және жапырақтары болады.
Пиязшык
Бүл көптеген бір-бірімен тығыз орналасқан, жапырақтары жөне қосалқы тамырлары бар қысқарған сабақ . Түбіртектің үстінде бүршік орналасады. Көптеген өсімдіктерде (пиязда, қызғалдақта, сүмбілде-гиацинт жөне басқаларда) осы бүршіктен жер беті өркен өсіп шығады, ал бүйірлік колтыкдың 142 бүршіктерінен жаңа пиязшықтар пайда болады . Пиязшықтың сыртқы қабыршақтары көп жағдайда әрі құрғақ, әрі жүқа жарғақ тәрізді болып келеді және қорғаныш қызметін атқарады, ал ішкі қабыршақтары етженді, қор заттарына толы болады. Формасы жағынанпиязшықтар шар тәрізді, жұмыртқа тәрізді, кейде тіптен қабысқандау және тағы басқаша болып келеді.
Тікенектер.
Тікенектердің шығу тегі әртүрлі: олар өркеннен (жабайы алмада, жабайы алмұртта, тікенді қараөрікте—терн, доланада—боярышник, гледичия, цитрус тектестер), жапырақтан (бөріқарақат—барбарис) немесе оның бөліктерінен: рахистен (астрагалдар), қосалқы жапырақтан (ақ акция—белая акация), жапырақ тақтасының бір бөлігінен пайда болады (астра гүлділер) . Тікенектер климаты әрі ыстық, әрі қүрғақ жерлерде өсетін өсімдіктерге тән.
Мұртшалар.
Олар өркеннен (жүзім—виноград), жапырақтан (асқабақ тұқымдасы—тыквенные) немесе оның бөліктерінен: ортақ сағақтан (рахистен) және бірнеше жапырақшалардан (асбұршақ—горох), жапырақ тақтасынан (чина), қосалқы жапырақшалардан (сассапариль) пайда болады. Мұртшалар тірекке жабысып тұру үшін қажет.

Өсімдіктердің органдарына тән кейбір жалпы заңдылықтарды атап көрсетеміз.


Симметрия.
Егер өсімдіктің органы арқылы тек бір ғана көлденең симметрия жүргізуге болатын болса, онда мұндай органды моносимметриялы деп атайды (мысалы жапырақ). Ал егер өсімдіктің органы арқылы бірнеше симметрия жүргізуге болатын болса, онда мүндай органды полисимметриялы деп атайды (мысалы сабақ, тамыр).
Карама-қарсылық.
Вегетативтік органның немесе оның бөлігінің екі полюсі болады: терминалъды (үстінгі) және базальды (төменгі). Терминальды бөлігінде тек сабақтар, ал базальды бөлігінде тамырлар пайда болады.
Геотропизм.
Бүл өсімдіктердің органдарының кеңістікте белгілі бір бағытта өсуге қабілеттілігі. Өсімдіктің дәні топырақта қандай жағдайда ж атпасын, тамыр барлық уақытта томен қарай (дүрыс геотропизм) өседі. Өстік органдар сабақ және тамыр жердің бетіне вертикаль бағытта (ортотропты органдар), ал жапырақ — белгілі бір бүрыш жасап орналасады (плагиатропты органдар). Үлкен өсім дік қалыпты жағдайдағы өсу бағытынан қандайда бір сыртқы күштің әсерінен ауытқығанның өзінде де, ол өзінің жас бөліктерін кеңістікте бұрынғы қалпын сақтайтындай етіп иеді. Астық тұқымдастары сабақтары жатып қалғаннан кейінде, түгелімен қайта көтерілуге қабілетті болып келеді. Өйткені олардың меристемалары сабақтың буындарында орналасады.
Өсімдік ортаның қолайсыз жағдайларының әсерінен біртіндеп бейімделушілігінің нәтижесінде оның төзімді және төзімсіз топтары, түрлері, өкілдері пайда болады, Ортаның қолайсыз жағдайларына өсімдіктердің төзімділігі негізінен екі бағытта қалыптасады: ортаның қолайсыз (күз, қыс) кезеңдерінде өсімдіктер түгелінен немесе ішін-ара зат алмасу, өсіп-өну процестерін тоқтатып тыныштық күйге ауысады; екіншіден, керісінше тіршілік әрекеттерін күшейтіп, қолайсыз жағдайларға барынша актив түрде төтеп береді. Төзімділіктің алғашқы түрі белгілі мерзімділікпен әсер ететін жағдайларға (үйреншікті-қыс пен жаздың, жазғы қуаңшылықтар т.б.) байланысып қалыптасып, екіншісі-үйреншіксіз, күтілмеген жағдайларға (радиация, шаң мен газ, індетті аурулар туғызатын организмдер, химиялық улы заттар) байланысты қалыптасады.
Температуралық жағдайларға байланысты өсімдіктер ыстыққа, суыққа, аязға төзімді және төзімсіз болып бөлінеді, Сумен қамтамасыз етілуіне байланысты өсімдіктер қуаңшылыққа, ылғал молдығына, су басуға төзімді және төзімсіз деп аталады. Бұдан басқа топырақтың түрлі тұздардың мөлшеріне, түрліше індетті аурулар туғызатын микроорганизмдер әрекеттеріне байланысты індетті ауруларға, газдың әсеріне төзімді және төзімсіз өсімдіктер топтары ерекшеленеді.
Заппер И. өсімдіктердің әртүрлі экологиялық топтарға жататын өкілдерінің ыстыққа төзімділігін зерттеді. Ол зерттелген өсімдіктерді ыстыққа төзімділік деңгейіне қарап, төмендегідей 6 топқа бөлді:
Көлеңкеде өсетін өсімдіктер t0 -лық максимумы +40,5-42,5°С (мысалы, саумалдық, шытырлақ).
Су өсімдіктері +41,5°С (элодеа, валиснерия).
Біршама көлеңкелеу жерде өсетін өсімдіктер +45°-46°С (шыршай, қырыққұлақ т.б.).
Қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер +48°С (қалампыр, андыз т.б.).
Қоңыржай аймақтарда өсетін өсімдіктер +44-45°С (сасық меңдуана, қара алқа).
Ыстыққа өте төзімді жасаңшөптер (суккулент) +48,5-54,5°С ыстыққа шыдай алады.
Фотосинтез процесі тыныс алуға қарағанда жоғары температураға сезімталдау келеді. Кейбір өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі тамырларының тереңдеп өсуіне байланысты транспирацияның жоғары қарқындылығымен анықталады. Суккуленттердің ыстыққа төзімділігі ұлпаларында байланысқан судың көп болып, тұтқырлығының жоғары болатындығымен анықталады. Сонымен қатар, температураның көтерілуінен өсімдік клеткаларында «стресс» белоктарының синтезделуі жеделдейді.
Өсімдіктердің суыққа-аязға төзімділігі. Температураның төмендеуі ферменттік жүйелерге әсер етіп, белоктар ыдырап, қарапайым төзімді заттарға айналады. Сонымен қатар қанттардың және белоктарды коагуляцияланудан қорғайтын, басқа заттардың мөлшері көбейеді. Төмен температураның әсерінен зат алмасу процесі бұзылып, өсімдік зақымданып және тіршілігін тоқтатуы да мүмкін.Төмен қолайсыз температураның әсерінен клетка өлімінің негізгі екі себебі бар: 1) сусыздану, 2) мұздың қысымынан клетка құрылысының бұзылуы. Клетка аралықтарында пайда болған мұз клеткадан суды өзіне тартып. оны сусыздандырады. Өсімдіктердің қатты суыққа төзімділігі клеткалардағы физикалық-химиялық өзгерістерге байланысты. Қыстайтын жапырақтарда және басқа мүшелерде , крахмалдың мөлшері азаяды.Байланысқан судың мөлшері артып, аязға оңай айналмайды. Осы теорияға сәйкес өсімдіктер қыстың қолайсыз жағдайларына бейімделе бастайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:Ботаника (Ө.Әметов)94,95 96-144


Өсімдіктер физиологиясы(Ж.Қалекенұлы)330-343

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет