Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»


Сигналды пиротехникалық құрылғыларға қойылатын талаптар



бет65/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   129
330. Сигналды пиротехникалық құрылғыларға қойылатын талаптар

 

3555. Авариялық белгісін беруге тағайындалған пиротехникалық құрылғылар қолдану кезінде және қызметтің барлық кепілдік беру кезінде сақтау кезінде қауіпсіз болуы тиіс.

3556. Сигналды пиротехникалық құрылғыларды ылғал мен механикалық зақымданудан қорғау қажет. Сигналды пиротехникалық құрылғыларды сақтауға арналған қаптары қандай да бір құрал-саймандарсыз ашылуы тиіс.

3557. Әрбір сигналды пиротехникалық құрылғыда өшірілмейтін бояу салынуы тиіс: дайындаушы мекеменің таңбасы, шығару күні, сақтау мерзімі, тағайымы және қолдану бойынша нұсқаулық болуы тиіс. Сигналды ракеталарда тілмен ұшу бағыты белгіленуі тиіс.

3558. Сигналды ракеталардың конструкциясы оларды «қолдан» және арнайы құрылғыдан жіберілуін болуы тиіс.

3559. Барлық сигналды пиротехникалық құрылғылар жел жылдамдығы 30 м/с кезінде дірілді, ылғалға тұрақты және үрленбейтін болуы тиіс. Олар -45-тен +45 С-ке дейінгі ауа температурасы кезінде өзінің қасиеті сақталуы және жаңбыр кезінде әрекеттенуі тиіс.

3560. Кемелік сигналды пиротехникалық құрылғылардың сипаттамалары осы Қағиданың 377-қосымшасында талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

3561. Парашютты ракета салынған тұтанатын құрылғысы болуы және конструкциясы дайындаушы - ұйымның нұсқаулығына сәйкес ракетаны қолдану кезінде қолында ұстап тұрған адамға кедергі болмайтындай болуы тиіс.

3562. Фальшфейер:



1) салынған тұтанатын құрылғысы болуы;

2) конструкциясы дайындаушы - ұйымның нұсқаулығына сәйкес ракетаны қолдану кезінде қолында ұстап тұрған адамға кедергі болмайтындай етіп және жанған және тұтанған қалдықтармен кемеге немесе ұжымдық құтқарғыш құралға қауіп төндірмеуі;

3) 0,1 м тереңдікке түскеннен кейін жануды жалғастыру керек.

 

 

331. Сигналды дыбысты құрылғыларға қойылатын талаптар



 

3563. Ысқырықтар мен тифондар дыбыс сигналдары дыбыс деңгейінің ауытқусыз, шыжылдау немесе басқа бұрмалаусыз болуы тиіс. Сигнал басы мен аяғы айқын тыңдалуы тиіс.

3564. Дыбысты сигналды құрылғылардың конструкциясы мен материалы тыңдалудың алыстығын кемінде осы Қағиданың 378-қосымшасында регламенттелген қамтамасыз етуі тиіс.



 

 

332. Сигналды құрылғыларда орнатуға қойылатын жалпы талаптар



 

3565. Сигналы ерекшеленетін фонарьлар олардың жанудың барлық уақыты кезінде қандай-да бір басқа оттар немесе сигналды немесе ерекшеленетін оттар ретінде қабылдануы мүмкін сыртқы жарықтары көрінбейтіндей етіп орнатылуы тиіс.

3566. Сигналы ерекшеленетін фонарьлардың барлық штатты орындарында оларды тез және нақты орнатуға арналған құрылғылар қарастырылуы тиіс.

3567. Секторлы оттарды орнату нақтылығы кеменің диаметрлі жазықтығына қатысты оның күйі бойынша тексерілуі тиіс. Фонарьларды орнатудың горизанталдығы кемені толық жүктеу күйіне қатысты тексерілуі тиіс.

3568. Діңгекте бір уақытта жанатын бірнеше Фонарьларды (бірі екіншісінің үстінен) орнату кезінде олардың арасындағы арақашықтық кемінде 1 м болуы тиіс. Ұзындығы 20 м кем кемелерде бұл арақашықтық 0,5 м дейін азайтылуы мүмкін.

3569. 360о горизанталды жазықтығындағы көріну бұрышының фонарьлары олардың оттары 6о аспайтын қондырмалары, міңгектер, стеньгалармен және с.с. секторларды жаппайтындай етіп орнатылуы тиіс.

 

 

333. Топ фонарьларын орнату



 

3570. Итергіштердегі төменгі топ фонарьларынан басқа топ фонарьлары кеменің диаметрді жазықтығында орналасуы тиіс.

Топ фонарьлары (сүйрегіш пен итергіштерде - төменгі топ фонарьларымен) мен борт жақты фонарьлар арасындағы тік бойынша ара қашықтық кемінде 1 м болуы тиіс (ұзындығы кемінде 20 м 0,5 м кем емес).

3571. Итергіштердегі топ фонарьлары негізімен төмен және шыңымен диаметрлі жазықтықта 1 ден 3 м дейінгі жағымен жақтары тең үш бұрыштармен орналастыру тиіс. Қызыл топ фонарды осы Қағиданың 3568-тармақ талаптарын ескермей тікелей жоғарғы ақ топ үстіне орнатылады.

3572. Сүйреткіштердегі топ фонарьлары діңгекте вертикалды осы Қағиданың 3568-тармақ талаптарын ескере отырып орналастырылуы тиіс.

3573. Ұзындығы 50 м және аса өздігінен жүретін кемелерде қорма мен тұмсығында біреуі екіншісінен кемінде 20 м арақашықтықта орнатылуы тиіс. Олардың арасындағы вертикалды қашықтығы кез-келген пайдалану дифференті кезінде алдыңғы фонар борт жақты фонарьлардан төмен, сонымен бірге ал артқы жағы - артынан және олардан кемінде 1 м жоғары орналасатындай болу керек.

3574. Көпір астынан өту үшін діңгектерді толтыру қажет кемеде кеменің алдыңғы жақ бөлігінде резервті топ фонарын орнатуға болады, сонымен бірге ол борт оттарынан төмен орналасуы мүмкін. Ұзындығы 50 м және аса кемеде бұл фонарь үнемі алдыңғы жақтағы топ фонары ретінде қолданылуы мүмкін.

3575. Барлық топ фонарьлар төменде көпір мен палубада адамдардың шағылыстыруын алдын алатын қоршаушы қалқаны болуы тиіс.



 

 

334. Борттарды ажыратқыш фонарьларды орнату



 

3576. Борттық фонарьлар (қызыл - сол жақты борттың, жасыл - оң жақты борттың) көріну бұрыштарында регламенттелген шегінде қарсы келе жатқан және озып келе жатқан кемелерге көріну керек. Фонарьлар және олардың қоршаулары кеменің габаритті ені шегінен шықпауы тиіс.

3577. Борттық фонарьлар кеменің диаметральды жазықтықтарына симметриялы бір горизантальды сызықта орналасқан және мынадай түрде қондырылған:



1) палубасы жоқ кемелерде - планшир үстінен кемінде 0,5 м биіктікте (бөлек негізделген жағдайларда фонарды планшир деңгейінде орнатуға рұқсат етіледі);

2) бір қабатты қондырмалы кемелерде (рубкамен) - оның жоғарғы бөлігінде;

3) екі немесе одан аса қабатты қондырмасы бар кемелерде - жүрістегі көпірдің палубасынан төмен емес.

3578. Әрбір борттық ажыратқаш фонар борт жағынан алдыңғы және артқы бөліктің екі көлденең шымылдық аралығы бар арнайы фонарь қалқанымен қоршалуы тиіс.



Ұзындығы 25 м және одан аса кемелерде орнатылатын қорғаушы шыны немесе фонар линзаларының сыртқы жиектерінен алдыңғы көлденең шымылдық аралығының артқы жиектеріне дейінгі арақашықтық кемінде 915 мм болуы тиіс. Осы фонарьлардың қалқандар ұзындығы кемінде 1 м болуы тиіс.

Алдыңғы көлденең шымылдық аралығының ені шымылдық аралығы мен жарық көзінің ортасының жиектерінен өтетін сызық кеменің диаметральды жазықтығына паралель өтетіндей болуы тиіс. Артқы көлденең шымылдық аралығы ені қорма жағынан фонарьды жабу кезінде ол кеме траверзінің артынан 22,5о бұрышында отты көруге кедергі болмайтындай болуы тиіс.

3579. Борттық ажыратқыш фонарьларды қондырма немесе рубка ойықшаларда орнатуға болады. Ойықшалар өлшемдері фонар қалқандарының өлшемдеріне сәйкес, ойықшалар фонар қалқандарындағыдай шымылдық аралығы болуы тиіс.

3580. Фонарь қалқандарының ішкі қабаттары және ойықшалары қара күңгірт түске боялуы тиіс.

3581. Ұзындығы 25 м кемелерде, сондай-ақ су асты қанатты гидродинамикалық көтеру күштері арқылы корпусы су бетінде қалқып жүзетін (суда на подводных крыльях) және кеменің бүкіл салмағы немесе басым бөлігі су бетінде қалқып жүзетін кеме (суда на воздушной подушке) кемелерде қалқандар көлемін кішірейтуге немесе егер от көрінудің қажетті бұрыштары қамтамасыз етілетін болса, орнатпауға да болады.



Ұзындығы 7 м кем кемелерде жарықтандыру бұрышы мен көріну алыстығы осы Қағиданың 374-қосымшасында көрсетілген нормаларға сәйкес жалғасқан екі түсті борттық фонарьларды орнатуға рұқсат етіледі.

 

 

 



335. Артқы жағындағы және сүйреткіш фонарьларды орнату

 

3582. Бір артық жағындағы фонары бар кемелерде осы фонарь кеменің диаметральды жазықтығында түтіктің немесе қондырманың артында және мүмкіндігінше борттық фонарьлармен бір биіктікте, бірақ олардан жоғары емес орнатылуы тиіс. Бөлек негізделген жағдайларда ұзындығы 20 м кем кемелерге артқы жағындағы фонарьды борттық фонарьлардан жоғары орнатуға рұқсат етіледі.

3583. Үш артқы жағындағы фонарьлары бар кемелерде олардың жоғарғысы осы Қағиданың 3582-тармағына сәйкес, ал екі төменгі - фальшбортта немесе қондырманың артқы жағындағы қабырғаларында мүмкіндігінше бір горизантальды сызықта және кеменің диаметральды жазықтығына симметриялы борттарға жақын орнатылуы тиіс.

3584. Сүйреткіш фонар диаметральды жазықтықта қормалық фонар үстінде орналасуы тиіс. Осы фонарьлар арасындағы тік арақашықтық кемінде 0,5 м болуы тиіс.

 

 

336. Доңғалақ және борттық бағаналық фонарьларды орнату



 

3585. Аялдамада қолданылатын өздігінен жүретін кемелердің ақ доңғалақ фонары кеменің алдыңғы жақ бөлігінде орналасуы тиіс. Бұл фонарьды діңгекте, флагштокте орнатуға немесе штагте көтеруге болады.

3586. Қызыл доңғалақ фонарь ақ доңғалақ фонарьлардан жоғары орналасуы тиіс. Бұл фонарьды бағаналық оттары бар бір вертикалда орнатуға болмайды.

3587. Сары шұғыла доңғалақ фонар едәуір толық үлгісі бар орында орнатылуы мүмкін, сонымен бірге оны топ фонарьлары бар олардан жоғары немесе төмен бір тігінен орнатуға рұқсат етіледі.

3588. Борттық бағаналық фонарьлар жүрістегі көпірдің шеттерінде борттар бойына орналастырылуы тиіс. Тұрақтандырылған кемелерде жүріс жағынан бір борттық бағаналық фонарь орнатылады.



 

 

337. Жарық импульсты (түсті) сермеулерді орнату



 

3589. Жарық импульсты (түсті) сермеулер борттық фонарьлар үстінен биіктігі 0,5 м кем, ал 12 м дейінгі кемелерде - олардан кемінде 0,25 м биіктікте кеменің барлық бортында стационарлы екіден (тұмсығы мен қормасына) орнатылады.

3590. Сермеу-фонарьлары бөлек ажыратулар болуы тиіс.



 

 

 



338. Балық аулайтын кемелерге арналған доңғалақ фонарьларды орнату

 

3591. Балық аулайтын кемелерде доңғалақ фонарьларды діңгекте тік кеменің орта бөлігінде, сондай-ақ ақ фонарь қызыл мен жасыл фонарьдан төмен орналасуы тиіс.

3592. Бірақ және бір қызыл фонарьларды бөлек қосу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.



 

 

339. Өздігінен жүрмейтін және техникалық флот кемелерде сигнал-ажыратқыш фонарьларды орнату



 

3593. Өздігінен жүрмейтін кемелер оларда топ және ақ доңғалақ фонарьларды қондыру үшін екі флагштоппен (тұмсығында және қормасында) жабдықталуы тиіс. Бұл фонарьларды кеменің диаметральды жазықтығында мынадай түрде орнату қажет:

1) топ фонары - тұмсығында, әдеттегідей палуба үстінен 2 м биіктікте;

2) доңғалақ ақ фонарьлар - корпус үстінен кемінде 2 м немесе палубалық жүктен 1 м тұмсығы мен қормасында.

3594. Мұнай құйғыш кемелерде және қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған кемелерде алдыңғы және артқы флангштоктардан басқа қызыл доңғалақ отты салуға арналған діңгектер қондырылуы тиіс. Бұл діңгек күндізгі сигналдарды көтеруге қалыптасуы тиіс.

3595. Дебаркадерларда, жүзбелі шеберханада, брандвахталарда ақ доңғалақ фонарьды қондырғы қақпағынан кемінде 2 м биіктікте кеменің орта бөлігінде діңгекте орнатылуы тиіс.

Ұзындығы 50 м аса мұнай станцияларында фонарьларды тұмсығы мен қормасында орнатады. Қызыл доңғалақ фонарьды осы Қағиданың 3586-тармағына сәйкес орнату қажет.

3596. Түп тереңдеткіш снарядтардың және су асты және сүңгуір жұмыстарымен бос емес кемелердің доңғалақ фонарьлары діңгекте тігінен орналастыру қажет.

Бір ақ және бір қызыл доңғалақ фонарьларды бөлек қосу мүмкіндігі қамтамсыз етілуі тиіс.

Түп тереңдеткіш снарядтарда бір жасыл қызыл отты діңгекте орнату қажет. Әрбір борттың алдыңғы және артқы жақ бөліктерінде тент деңгейінде 2 доңғалақ фонарьларды (жасыл және қызыл түсті) орнатады.

 

 

340. Сигналды дыбысты құрылғыларды орнату



 

3597. Бу ысқырықтары мен ауа тифондары жоғарғы палубадан 2,5 м кем емес биіктікте орнатылуы және палубаның жоғарғысында (діңгектер мен бу түтіктерін санамағанда) орналасқан оларды барлық қоршайтын заттардан жоғарылуы тиіс.

3598. Ұзындығы 25 м кем кемелердегі дыбысы сигналды құрылғыларды басқару рубкасының қақпағынан (немесе тікелей онда) төмен емес орнату қажет.

3599. Сигналды қоңырауды мүмкіндігінше кеменің алдыңғы жақ бөлігіндегі едәуір ашық орындарында орнату қажет.

Қоңырау қисаю кезінде қоршаған заттарды тимейтіндей етіп бос ілінуі тиіс.

 

 

341. Кемелерде қосалқы және ауыспалы сигналды құралдарды сақтау



 

3600. Стационарлы орнатылмайтын сигналды құралдар мен қосалқы фонарьларды сақтау үшін кемелерде басқару рубкасы ауданында орналастыру ұсынылатын арнайы жеңіл жердегі қоймалар, кеніштер немесе шкафтар қарастырылуы тиіс.

3601. Сигналды фонарьларды сақтауға арналған қоймалар кеме тербелісі кезінде олардың орын ауыстыруын болдырмау мақсатымен фонарьларды мықты бекітуге арналған құрылғылары бар металды сөрелермен жабдықталуы тиіс.

3602. Сигналды туларды сақтау үшін әрбір туға бөлек, нақты белгіленген ұйымдары бар арнайы сөрелер қарастырылуы қажет.

Сөрелерді басқару рубкада немесе шөгу мен тура күн сәулесінен қорғайтын орындарда орналастыру қажет.

3603. Кемелік сигналды пиротехникалық құралдарды сақтау үшін көпір немесе рубка ауданында металды герметикалық шкафтар қарастырылуы тиіс.



Шкафтар көпір палубасына ашылатын су өткізбейтін есіктермен жабдықталуы тиіс.

Ұзындығы 25 м кем кемелерде пиротехникалық құралдарды сақтау үшін басқару рубкасында металды герметикалық жәшік қарастырылуы рұқсат етіледі.

 

 

48-бөлім. Навигациялық жабдықтау



 

342. Жалпы ережелер

 

3604. Қағиданың осы тарауы кемелерді навигациялық жабдықтау нормаларынан тұрады.

3605. Навигациялық жабдықтаумен жинақтау бойынша осы бөлімнің талаптары қайта жобаланып және салынып жатқан кемелерге, сондай-ақ пайдаланымдағы кемелерге қолданылады.

3606. Навигациялық жабдықтау талаптары мен кемелерді жабдықтау нормалары осы Қағиданың 5-бөлігінде көрсетілген

 

 

343. Навигациялық жабдықтау нормасы



 

3607. Навигациялық жабдықтау нормаларын анықтау үшін кемелер 3 категорияға бөлінеді:

І — ұзындығы 25 м аса өздігінен жүретін кемелер;

II — ұзындығы 25 м және кем өздігінен жүретін кемелер;

III — өздігінен жүрмейтін кемелер.

3608. Кемелерді навигациялық жабдықтау бассейн разряды мен кеме категориясына байланысты осы Қағиданың 379-қосымшасында көрсетілген норма бойынша қабылдануы тиіс.

3609. Жүзудің нақты шарттарына, сенімде радиобайланыс болуы мен ауа-райының қалыпты алуына байланысты Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша осы Қағиданың 379-қосымшасында жазылған нормадан ауытқу рұқсат етіледі.

3610. Навигациялық жабдықтауды қарастырмауға болады:



«Р» және «Л» разрядты бассейндерде пайдаланылатын ұзындығы 10 м және одан кем кемелерде;

командасыз пайдаланылатын III категориялы кемелерде.

3611. Су асты қанаттары және әуе жастығы бар кемелерде кренометрді қарастырмауға рұқсат етіледі.



 

 

49-бөлім. Авариялық жабдықтау



 

344. Жалпы ережелер

 

3612. Осы бөлімнің талаптары қайта жобаланып және салынып жатқан кемелерге, сондай-ақ пайдаланудағы кемелерге қолданылады.

3613. мынадай типті кемелерге авариялық жабдықтау қажет етілмейді:



1) командасы жоқ өздігінен жүрмейтін;

2) бір бөліктік суға батпайтыны бар өздігінен жүрмейтін;

3) командасы бар ұзындығы 30 м кем «Р» және «Л» сыныпты өздігінен жүрмейтін;

4) ұзындығына қарамастан құйғыш өздігінен жүрмейтін;

5) жолаушылар тасымалдайтын және Рейс ұзақтығы 1 с кем өткізуге арналған кемелер;

6) тұрақтандырылған;

7) рейсте экипаж үш адамнан кем «О», «Р», «Л» сыныпты өздігінен жүретін;

8) ұзындығы 25 м кем «Р» және «Л» сыныпты өздігінен жүретін;

9) су асты қанатты, су үстінде қалқып жүзетін және глиссирде.

3614. 3613-тармақта атап көрсетілген өздігінен жүрмейтін кемелермен жұмыс істейтін сүйреткіш және итергіш кемелер осы сүйреткіш немесе итергіш тобынан бір позицияға жоғары топ кемелерге (3616-тармақ) авариялық жабдықтармен жинақталуы тиіс. Осы Қағиданың 3613-тармақтың 7) және 8) тармақшалардағы нұсқауларына қарамастан ұзындығы 15 м және одан аса сүйреткіштер мен итергіштер V топ кемелерге арналған норма бойынша жабдықталуы тиіс.

3615. Осы Қағиданың 380 және 381-қосымшасында атап өткен және кемеде бар, бірақ басқа міндеттерге арналған жабдықтау заттары авариялық жабдықтау заттары ретінде танылуы мүмкін.

 

 

345. Кемелерді авариялық жабдықтау нормалары



 

3616. Авариялық жабдықтау нормаларын анықтау үшін кемелер 7 топқа бөлінеді:

І — ұзындығы 90 м аса «М» және «О» сыныпты өздігінен жүретін;

II — ұзындығы 40-тан 90 м қоса «М» және «О» сыныпты өздігінен жүретін;

III — ұзындығы 25-тен 40 м қоса «М» және «О» сыныпты және ұзындығы 70 м және одан аса «Р» және «Л» сыныпты өздігінен жүретін;

VI — ұзындығы 40-тан 70 м дейін оны қоса «Р» және «Л» сыныпты өздігінен жүретін;

V — ұзындығы 25-тен 40 м дейін оны қоса «Р» және «Л» сыныпты және ұзындығы 25 м дейін «М» және «О» сыныпты өздігінен жүретін;

VI — «М» және «О» сыныпты өздігінен жүрмейтін;

VII — ұзындығы 30 м және одан аса «Р» және «Л» сыныпты өздігінен жүрмейтін.

3617. Осы Қағиданың 3613-тармағында атап өткеннен басқа барлық кемелерде осы Қағиданың 380-қосымшасында көрсетілген норма бойынша авариялық жабдықтаулары болуы тиіс.

3618. Осы Қағиданың 380-қосымшасында көрсетілген темір ұстаның құрал-саймандар жинағы осы Қағиданың



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет