Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 21 сәуірдегі №213 Бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»


Қайта жабдықталатын, жаңғыртылатын, қайта қалпына келтірілетін немесе қайта сыныпталатын кемелердің техникалық құжаттамасы



бет3/9
Дата01.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
#170011
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. Қайта жабдықталатын, жаңғыртылатын, қайта қалпына келтірілетін немесе қайта сыныпталатын кемелердің техникалық құжаттамасы

 

12. Қайта жабдықтау, жаңғырту, қалпына келтіру жөндеулері, жаңарту немесе кемені қайта сыныптауды бастағанға дейін Кеме қатынасы тіркеліміне қарауға корпустың, тетіктің және кеме жабдығының қайта жабдықтауға, жаңғыртуға, қалпына келтіруге жаңартуға немесе жөндеуге жататын корпус бөліктері бойынша техникалық құжаттама ұсынылады.

Беріктілік, орнықтылық және с.с. сипаттамасы өзгергенде кемені қайта жабдықтау нәтижесінде тиісті есептеулер немесе негіздемелер ұсынылады.

13. Корпус конструкциясы өзгерген кезде, кемеде алғашқыдан маңызды түрде айрықшаланатын және осы Қағида талаптары таралатын жаңа техникалық құралдарды немесе құрылғыларды орнату үшін, Кеме қатынасы тіркеліміне жасалудағы кеме үшін белгіленген көлемде тиісті техникалық құжаттама ұсынылу қажет (осы қосымшаның 1-тарауы).

14. Кемені қайта сыныптау үшін Кеме қатынасы тіркеліміне мына құжаттамалар ұсынылады:

1) қайта сыныптауды негіздеумен түсіндірме жазба;

2) кеменің барлық элементтері бойынша жаңа сынып үшін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6871 тіркелген) немесе Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген Аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6883 тіркелген) талаптары сәйкестігінің талдауы;



3) жаңа сынып үшін негіздемесімен қолданыстағы осы Қағида талаптарынан айрықшаланатын шешімдер тізбесі;

4) халықаралық нормативті құжаттар талаптарына сәйкестік талдауы (халықаралық рейстерді жүргізетін кемелер үшін). Ақпарат ретінде жолданады;

5) сипаттамаға қосымша;

6)* сынау бағдарламасы;

7)* Тиеу және түсіру бойынша нұсқаулық немесе оған қосымша;

8)* орнықтылық және суға батпаушылық туралы ақпарат немесе оған қосымша;

9) жалпы және жергілікті беріктілік есептері;

10) нығайту құрылымдары және корпус байланыстарының өлшемдерін таңдау бойынша қосымша есептер;

11) су үсті бортының есебі және жүк маркасының сызбасы;

12) басты қозғалтқыштардың, жылжымалы-рульдік кешеннің және олардың техникалық сипаттамасын бұзбай, құжаттамамен және Қағидамен жеткізу анықталатын кемелік электрстанцияның пайдалану мүмкіндігін растайтын негіздеме;

13)* корпусты нығайтуға қатысты, қайта жабдықтауға және жабдықтауларға дейін, жалпы орналасу сызбаларын қоса кемені қайта сыныптауға арналған техникалық құжаттама;

14) маневрлік кестені қоса, кеменің маневрлік есебі;

15) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітілетін Пайдаланудағы кемелерді куәландыру қағидасында регламенттелгеннен айрықшаланатын қалдық қалыңдықтардың және қалдық реформациялардың арнайы нормативтері.

 

 

3. Белгіленген жүзу ауданынан тыс кемені айдау жобасы

 

15. Кемені айдау жобасы мыналарды қамтиды:

1) айдау ауданы және шарты, айдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жазумен түсіндірме жазба (ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шараларды қоса);

2) айдау ауданы және шарты үшін Қағидамен талап етілетін беріктілік, орнықтылық және су үсті бортының биіктігінің есебі;

3) корпусты және қондырманы нығайту бойынша сызбалар;

4)* корпуста және кеме қондырмаларында тесіктерді жабу сызбалары және схемалары, сондай-ақ кеменің теңізде жүру жылдамдығын жоғарылатуға арналған құрылым қондырғылары (толқынды шабатын, қондырмаларды қорғау, рубкалар және с.с);

5)* сүйреуге және/немесе итеруге арналған құрылғылардың сызбалары, брагтау схемалары;

6)* сигналды-ажыратқыш шамдардың және сүйретілетін кеменің күндізгі сигналдарының орналасу сызбалары;

7) энергетикалық қондырғының, энергетикалық, радио және навигациялық жабдықтардың сипаттамалары;

8) рульдік, зәкірлік, швартовты құрылғылардың, өрттен қорғаудың, құтқару және сигнал құралдарының сипаттамасы;

9)* апаттық жабдықтаулар тізбесі және оның орналасу схемасы;

10)* кемені айдап әкелуші капитанға немесе сүйрету - кемесінің капитанына арналған, ауа райы бойынша шектеу, кемені балластировкалау бойынша, кемелік қорларды жұмсау және апатты жағдайларда кеменің өмір сүруіне күресу бойынша нұсқау белгіленген ұйымдастыру шараларын қосатын Нұсқаулық.

 

 

4. Ірі габаритті және/немесе ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға кемені дайындау бойынша техникалық құжаттама

 

16. Құжаттама мына материалдарды қамтиды:

1)* кемеде тасымалданатын жүктің габаритті өлшемдерін, ауырлық орталығының координатын және жүктің әрбір бірлігінің салмағын, бекіту тәсілдерін және бөлшектерін (көрілген брусь, тіректер, найтов және т.б.) көрсетумен орналасу схемасын;

2)* сигналды - ажыратқыш шамдардың және найзағайды бұрғыш құрылғының орналасу схемасы, егер олар өзгеріске шыдаса;

3)*нығайтулар сызбасы - қалқалар және жартылай қалқалар, фермалар, рамалық белдемдер, тіректік конструкцияның жүктен тарайтын жүктемелер; түзетуші төсеніштер, тербеліс және арқандап байлау кезінде жүктің қозғалып кетуінен сақтайтын құрылғы;

4) кеменің жалпы және жергілікті қосымша беріктілік есебі және тиеу-түсіру және тасымалдау кезінде жүктің тең бөлінбеуін ескерумен тіректік конструкцияларға үлесті жүктеме шоғырлану. Жүктен жергілікті жүктемені анықтау кезінде тербелістен инерциялық жүктеме ескерілуі қажет;

5) онда тербеліс және арқандап байлау кезіндегі инерция күші ескерілген босату және күш салу беріктілігінің есебі. Егер үйкеліс күші ығыстыру күшіне артса, босатуды көздемеуге болады. Жүктің тіректік беті бойынша немесе түзетуші төсеніш бойынша шекті рұқсат етілетін қысым белгіленуі қажет.

6)* кеменің беріктілік және орнықтылық есебі негізінде әзірленген, балластировкалау мүмкіндігі және қажеттілігі көрсетілген, сондай-ақ бірізділігі, қосымша конструкциялардың сызбаларымен тиеу-түсіру тәсілін және схемалары көрсетілген тиеу-түсіру бойынша қосымша нұсқаулық;

7)* орнықтылық, суға батпаушылық және дифференттеудің беріктілік есебі негізінде жасалған орнықтылық туралы қосымша ақпарат.

8)* ұйымдастыру іс-шаралары, ауа райы бойынша шектеу белгіленген тасымалдау маршруты кіретін, жүкті қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша капитанға арналған нұсқаулық.

17. Авариялық орнықтылықты тексеру кезінде ІСЖКЖҚ-ның 12 және 13-бөлімдерінің талаптары орындалады.



 

 

5. Кемелік техникалық құралдардың және жабдықтардың техникалық жобасының құжаттамасы

 

18. Іштен жану қозғалтқыштары, редукторлар:

1) түсіндірме жазба;

2)* жеткізуге техникалық шарт;

3)* жалпы түрдің сызбалары және жауапты бөлшектердің сызбалары;

4)* отын, майлау, салқындату, іске қосу, электржабдық, дистанционды басқару, автоматтандыру, АШС және қорғау жүйелерінің принципті схемалары;

5)* стенділік сынаудың бағдарламасы;

6)* қозғалтқыштың жауапты бөлшектерінің беріктілікке есептері, желдеткіш құрылғысының және картердің сақтандырғыш клапандарының есептері, мойынтіректердегі жоғары және орташа үлесті қысымдары бойынша мәліметтер (түпкі, бұлғақ, тіректік), біліктердің және редуктордың ирек ілінісінің беріктілікке есебі, иірмелі жүйелердің жорамал бөліміндегі иірмелі тербеліс параметрлерінің есебі;

7) шығарындылардың техникалық паспорты.

19. Булы және су қыздыратын қазандар:

1) техникалық тапсырмаларымен түсіндірме жазба;

2)* жеткізуге техникалық шарттар;

3)* 1:10 кем емес масштабтағы бойлық және көлденең тіліктермен құрастыру сызбалары және 1:2 кем емес масштабтағы жалғау бөлшектері;

4) қазандарды, жылу ауыстырғыш аппараттарды және қысымдағы ыдыстардың беріктілігін есептеу бойынша басшылыққа сәйкес қазанның еріктілік есебі;

5) сақтандырғыш клапандардың қима ауданының есебі;

6)* құрастыру және дәнекерлеудің технологиялық процесі;

7)* АШС және қорғауды автоматтандырудың принципті схемалары;

8)* сынау бағдарламасы.

20. Жүк көтеру құрылғысы:;

1) техникалық тапсырмасымен түсіндірме жазба;

2)* жеткізуге техникалық шарттар;

3)* металлконструкцияны, механизмдерді әкелуші жүк көтеруші құрылғысының жалпы түрінің сызбасы;

4) кинематикалық схема;

5)* электр жабдықтың принципті схемалары;

6) қауіпсіздік құралдары және құрылғыларының схемалары (олардың

қолданылуын бейнелеумен);

7) жүк көтеру құрылғысының элементтеріндегі күш және кернеу есебі;

8)* сынау бағдарламасы.

21. Тізбектік жабдықтар:

1) техникалық тапсырмаларымен түсіндірме жазба;

2)* жеткізуге техникалық шарттар;

3)* стендте сынаудың бағдарламасы;

4)* құлыптың немесе керу станциясының құрастыру сызбалары;

5)* жауапты бөлшектің сызбалары;

6) бөлшектердің беріктілік есебі.

22. Палубалық және қосымша механизмдер:

1) техникалық тапсырмаларымен түсіндірме жазба;

2)* жеткізуге техникалық шарттар;

3)* жалпы түрінің сызбалары;

4) жауапты бөліктердің құрастыру сызбалары;

5)* басқарудың, АШС және қорғауды автоматтандырудың принципті схемалары;

6)* Қағидада айтылған есептер;

7)* сынау бағдарламасы.

23. Тісті және гидравликалық берілістер:

1) техникалық тапсырмаларымен түсіндірме жазба;

2)* жеткізуге техникалық шарттар;

3)* жалпы түрінің тіліктерімен сызбалары;

4) кинематикалық схема;

5) осы Қағидада айтылған есептер;

6) авариялық-сақтандырғыш сигнал беруді және қорғауды басқарудың принципті схемасы;

7)* сынау бағдарламасы.

24. Электр жабдықтар:

1) техникалық тапсырмаларымен түсіндірме жазба;

2)* жеткізуге техникалық шарттар;

3)* жалпы түрінің тіліктерімен сызбалары;

4)* принципті электр схемалар, авариялық-сақтандырғыш сигнал беру және қорғауды автоматтандыру схемалары;

5) осы Қағидада айтылған есептер;

6)* сынау бағдарламасы.

25. Байланыс және навигация құралдары:

1) түсіндірме жазба;

2)* жеткізуге техникалық шарттар;

3) жалпы түрінің сызбалары, есептер;

4) құрылымдық схемалар;

5)* сынау бағдарламасы.

 

 

6. Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің келісуіне жататын кеменің жұмыс құжаттамасы

 

26. Корпустық бөлім (сызбалар және мәтіндік құжаттар):

1) мидель-шпангоут және көлденең қималар;

2) жиынтық кестесімен корпустың конструктивтік сызбасы;

3) қондырманың конструктивтік сызбасы;

Ескерту. Осында және бұдан әрі «қондырма» сөзінің астарында кеменің жалпы иілуіне қатысатын қондырмалар және рубкалар түсіндіріледі.

4) корпустың сыртқы қаптамасын және ішкі борттарды керу;

5) палубаның және екінші түптің төсеніші;

6) корпус және қондырма бойынша типтік бөліктердің және конструкцияның альбомы

7) дәнекерлеу кестесі;

8) дәнекерленетін тігістерге жарық түсіру схемасы;

9) штевень, кильдер, еспелі біліктердің кронштейндері, дейдвудты құбырлар, төлкелер, бұрылмайтын қондырмалар;

10) палубалардың, платформалардың, түп бортының, көлденең және бойлық су өткізбейтін аралықтардың, ішкі борттардың және екінші түп бортының жазықтық секциялары, цилиндрлік салу шегіндегі жалғыз секцияларды қоспағанда;

11) кеменің және қондырманың ұшындағы екі есе түптің көлемді секциялары, екінші түптің және цилиндрлік салу шегіндегі екі бортты жалғыз секцияларды қоспағанда;

12) кеме корпусының блок-секциясы;

13) басты қозғалтқыштар астындағы іргетастар, тіректік мойынтірек, тізбектік жабдықтар, жүк крандары;

14) жүк, палубалық, жарықтық және авариялық люктер және олардың жабылуы, су өткізбейтін есіктер, терезелер, иллюминаторлар және басқа Номенклатураға сәйкес іскер заттар;

15) фальшборттар және леерлік қоршаулар, металдан тірейтін бөренелер, итеруге арналған тіректер, тізбектік белдемдер;

16) лаздардың, траптардың, сыртқы шығулардың комингстерінің биіктігі және габаритті өлшемдері көрсетіліп орналасуы;

17) дуалдық, Дондық саңылаулардың және шпигаттардың орналасуы;

18) өртке қарсы аралықтар және саңылаулар;

19) корпусты су өткізбеушілікке сынаудың нұсқаулығы және схемасы;

20) құрастыру-дәнекерлеу жұмыстарына типтік және күрделі бөліктерді, секцияларды, блоктарды және дайындау және корпусты стапельде жинау бойынша технологиялық нұсқаулық;

21) корпусты және қондырманы секцияға және блоктарға бөлу схемасы;

22) жүк маркасы және тұнба шкалалары;

23) технологиялық тіліктер және саңылаулардың схемасы;

24) қалың дуалдық және қапталған бөлшектерді дәнекерлеу және дәнекерлеу технологиясы (кронштейндер, штевеньдер, дейдвудты құбырлар, рульді басқарушы қүбыр).

Темір бетонды корпус бойынша қосымша келесі сызбалар ұсынылуы мүмкін:

25) секцияларды жалғау бөліктері;

26) секциялардың монолитті аудандарын арматуралау;

27) тіліктер ауданындағы кеме корпусын, кемелік техникалық құралдар қондырғысын, құрылғыларды және іскер заттарды күшейту;

28) салынатын бөлшектердің белгіленген сызбалары.

27. Рульдік және рульді басқарушы құрылғы (сызбалар):

1) рульдік құрылғының жалпы орналасуы;

2) руль, баллер, сектор, рульдің негізгі жетегі, рульдің қосалқы жетегі, бұрылмалы қондырма, су атқыш жылжытқыштарымен кемелердегі қалқалағыш, рульді, қондырманы орнату, гельмпортты құбырлар, рудерпис, руль баллерінің мойынтіректері, румпель, рульді және қондырманы ауыстыруды шектегіш;

3) рульді басқарушы қүрылғының жалпы орналасуы.

28. Зәкірлік құрылғы (сызбалар):

1) зәкірлік құрылғының жалпы орналасуы;

2) жвака-галсты бекіту,

3) зәкірлік клюздер;

4) зәкірлік тізбектің дистанционды беру құрылғысы.

29. Құтқару құралдары (сызбалар):

1) шлюпкалы құрылғының жалпы орналасуы;

2) қайық белдемдер, оларды бекіту және оларға бел;

3) қайықтар және оларды жүріс бойынша бекіту;

4) құтқару құралдары (салдар, скамейкалар) және оларды орналастыру схемалары.

30. Арқандап байлау және сүйреткіш құрылғы (сызбалар):

1) арқандап байлау және сүйреткіш құрылғының, итергіш гактың, аркалардың, итергіш арқандардың рамалық шектеуіштері, бтенгілер, клюздар;

2) итергіш арқандардың қашықтықтан және жергілікті берілуіне арналған құрылғы.

31. Тізбектік құрылғы (сызбалар):

1) тізбектік құрылғының жалпы орналасуы;

2) тізбектік жабдықтың қондырғысы;

3) ағытқыш жетектерінің монтаждық сызбалары.

32. Қанатты құрылғы:

1) көтергіш жазықтықтардың, тіректердің, кронштейнердің, тұрақтандырғыш, жапқыштардың сызбалары;

2) құрастырушы сызбалар;

3) қанатты құрылғының монтаждық схемасы.

33. Иілу құрылғысы (сызбалар):

1) иілу құрылғысының жалпы орналасуы;

2) гидроцилиндрлер, бұрылмалы рама, сорғы станция, тіректік металлконструкциялар;

3) құрылғы элементтерін кеме корпусымен жалғаудың конструктивтік ресімделуі (іргетастар, корпусты нығайту).

34. Жүк люктерін жабу құрылғы:

1) люктік жабудың жалпы орналасу сызбасы;

2) люктік жабудың конструктивтік сызбалары;

3) жетекті құрылғы элементтерінің құрастыру сызбалары.

35. Жүк көтеру құрылғысы:

1) жүк көтеру құрылғысының жалпы түрінің сызбасы;

2) басқару кабинасының ондағы жабдықтардың орналасуымен жазбасы;

3) бөліктер мен бөлшектердің сызбалары: металлконструкциялар (ұш, хобот, тіректік-бұрылмалы құрылғының іргетастары, жылжымайтын блоктардың бағаналары, тұтқалар және қарсы салмақтарды керу, хоботты тарту құрамдағы механизмдер (көтеру, тұйықталу, бұрылыс, аралықтың және қозғалыстың өзгеруі), құрамда жүк көтерімділігінің шектеуіші, аралықты көрсеткіш, құрамдағы ілмектік аспалар, тарту және жүк арқандарын бекіту бөліктері, сақиналы тоқ түсіруді бекіту, ақырғы ажыратқыштарды, блоктарды, гактарды, қоршаулардың қондырғылары;

4) монтаждауға технологиялық құжаттама.

36. Жүйелер:

1) энергетикалық қондырғылар жүйесінің монтаждық сызбалары (жұмыс қысымын және гидравликалық сынау қысымын көрсетіп): салқындату, майлы, отынмен қоректену, әуе, газды бұру, бу құбырларын,  конденсатты-қоректік;

2) жүйелер және механизмдер блоктарының жабдықтарының сызбалары (тақтайшаларды қоспағанда, жобалаудың агрегатты әдісінде);

3) жалпы кемелік жүйелердің монтаждық сызбалары (жұмыс қысымын және гидравликалық сынау қысымын көрсетіп): желдеткіштер, өрт сөндіргіш; құрғату, балласты, трюмдік мұнайы бар суларды жою, жүкті қыздыру, қосымша және палубтық тетіктердің гидропневможетегі, сұйытылған газдың тұрмыстық қондырғысы, сығылған ауаның әуе, құймалы және өлшегіш құбырлары;

4) тоңазытқыш қондырғыларымен кеме жүйелерінің монтаждық сызбалары;

5) құйма кемелердің монтаждық сызбалары: жүк, тазарту, газды бұру.

37. Білікөткізгіштер және жылжытқыштар (сызбалар):

1) дейдвудты құрылғысымен және жылжытқышымен білікөткізгіш;

2) тіректік, аралық және еспелі біліктер;

3) тіректік және тіреуіштік мойынтіректер;

4) болттарымен бірге жалғағыш муфтылар;

5) дейдвудты құрылғы;

6) еспелі білікті қаптау;

7) жылжытқыш.

38. Энергетикалық қондырғылар:

1) басты және қосымша қозғалтқыштардың, булы және су қыздыратын қазандардың іргетастарына орнатудың құрастыру сызбалары;

2) өшіргіштер және ұшқын өшіргіштердің сызбалары.

39. Автоматтандыру:

1) принципті схемалар және дистанционды басқару жүйесінің құрастыру жазбалары (қозғалтқышпен, колонкалармен, қадамның өзгеру механизмдерімен);

2) басқару постыларының және пульттерінің құрастыру сызбалары.

40. Электр жабдықтар:

1) электрлі принципті жалғаулар және қосулардың схемалары, сондай-ақ басты және авариялық таратқыш қалқандардың, басқару пульттерінің, топтық күштік және жарықтандыру қалқандарының, қалқандар және бақылау, сигнал беру және басқару пульттерінің құрастыру сызбалары;

2) Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкес кемелік техникалық құралдардың электр жетектерін принципті жалғау схемалары;

3) электр машиналарын, еспелі қондырғыларды, кемелік электрстанциялардың генераторларын, күштік желіні, жарықтандыру желісін, байланыстар және сигнал беру, бақылау, қорғау, блоктау және сигналды-ажыратқыш шамдар;

4) су өткізетін қалқалар, палубтар және платформалар арқылы барлық бөлме және кеме кеңістігі бойынша кабельді трасстарды салу сызбалары;

5) барлық бөлме және кеме кеңістігі бойынша бекіту және жерлендіру бөліктерімен электр жабдықтың орналасу және орнату сызбалары;

6) өткізбейтін корпусты кемелер үшін жерлендіру сызбалары.

41. Байланыстар және навигация құралдары:

1) антендік құрылғыны бекіту және орналасу, антенді конструкцияны енгізу және оларды қоршау сызбалары;

2) барлық бөлме және кеме кеңістігі бойынша бекіту және жерлендіру бөліктерімен жабдықтарды орнату, орналастыру сызбалары;

3) барлық бөлме және кеме кеңістігі бойынша бекіту және жерлендіру бөліктерімен кабельді трастарды салу және бекіту сызбалары;

4) радоқабылдағыш кедергісімен күресу бойынша құрылғылардың схемалары және сызбалары;

5) толқынды бұратын радиолокациялық байланыстарды салу схемасы;

6) эхолот шахтасының, эхолот және кабель төсемінің дірілінің орналасу және бекіту сызбалары.

42. Әр түрлі:

1) жалпы кемелік және корпус бөліктері, құрылғылар, қозғалтқыштар, білікөткізгіштер, қазандар, энергетикалық қондырғы жүйелері және кемелік жүйелер, электр-радио жабдықтар бойынша сипаттамалар;

2) қабылдау-тапсыру сынаудың бағдарламасы және әдістемесі (сериялық кемелер үшін);

3) кеме бөлмесінің жалпы түрі және орналасуы;

4) өртке қарсы және апатты жабдықтаулардың орналасу схемасы;

5) сигналды-ажыратқыш шамдарды орнату схемасы;

6) Қағидамен регламенттелген бөлімдегі кемелік жабдықтаулар ведомосі;

7) доктық сызба;

8) кемені жасау бойынша барлық негізгі жұмыстарға типтік технологиялық процестер және нұсқаулықтар (дайындаушы - ұйыммен әзірленеді және жасауға техникалық бақылау жүргізуші Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерінің учаскесімен келісіледі);

9) кемені салыстырмалы және имитациялық сынау бағдарламасы және әдістемесі;

10) техникалық жоба бойынша Кеме қатынасы тіркелімінің ескертулерін орындау жинағы (мөртабанды қойма);

11) Кеме қатынасы тіркелімі қызметкерімен келісілген жұмыс жобасы материалдарының тізбесі.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет