6.3.3. Өңірлердің «экономикалық арақашықтығын» қысқарту
Өңірлерді, оның ішінде агломерацияларды дамытудың негізгі тетіктерінің бірі олардың инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі, агломерациялар ішінде көліктік коммуникацияларға қол жеткізудің жеңілдігі және олардың қоршаған аудандармен және негізгі нарықтармен байланысын жақсарту, сондай-ақ кросс-агломерациялық көлік инфрақұрылымын дамыту болып табылады.
Осыған байланысты өңірлер арасындағы, бірінші кезекте қалыптасып келе жатқан қалалық агломерациялар арасындағы табиғи және «экономикалық арақашықтықты» қысқарту жөніндегі шаралар көзделетін болады.
Агломерациялардың өзара барлық коммуникациялық инфрақұрылым кешенімен, ықпалдастырылған көлік жүйесімен байланысы магистральдық желілер салу арқылы қамтамасыз етіледі.
Айталық, 2012 жылдың өзінде-ақ Алматы – Петропавл бағыты бойынша екі жүрдек маршрут, сондай-ақ екі агломерация орталықтарын – Астана мен Ақтөбені байланыстыратын маршрут іске қосылды. Аталған маршруттар жолдағы уақытты екі есе қысқартады.
Бұдан басқа, 2013 жылы агломерациялар орталықтарын, Астана мен Алматы қалаларын Каспий маңы өңірінің қаласы Атыраумен байланыстыратын тағы екі жүрдек теміржол маршруты іске қосылды. Аталған маршруттар агломерациялар орталықтары мен Каспий маңы өңірі арасындағы «экономикалық арақашықтықты» едәуір қысқартады.
Сондай-ақ, 2014 жылы төрт бағыт бойынша жолдағы уақытты екі есе азайту арқылы «экономикалық арақашықтықты» қысқартатын жүрдек теміржол бағдарлары іске қосылатын болады. Аталған бағыттар: Астана – Қызылорда, Астана – Защита, Алматы – Защита, сондай-ақ екі агломерация орталықтары – Алматы мен Ақтөбе арасындағы «экономикалық арақашықтықты» қысқартатын бағдар.
Қазақстанның өңірлерін байланыстыратын автомобиль магистральдары ерекше назар аударуды талап етеді. Аталған бағытта «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолының құрылысы жүргізілуде, оны аяқтау 2015 жылға белгіленген. Аталған магистральдық жол Қазақстанның ішінде үш агломерация орталықтары Ақтөбе – Шымкент – Алматы арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етеді. Бұл ретте, аталған автомобиль дәлізі жүктерді Қытай Халық Республикасынан Еуропаға және кері бағыттауға арналған негізгі транзиттік дәліз болады.
Бұдан басқа, Орталық – Оңтүстік, Орталық – Шығыс және Орталық – Батыс бағыттары бойынша автомобиль жолдарын салу жөніндегі үш жобаны іске асыру басталды.
Айталық, «Орталық – Оңтүстік» жобасы Қарағанды және Балқаш қалалары арқылы Астана және Алматы агломерацияларының орталықтарын байланыстыратын автомобиль жолын салуды және реконструкциялауды көздейді.
Орталық – Шығыс бағыты бойынша автомобиль жолын салу және реконструкциялау Павлодар мен Қалбатау елді мекендері арқылы Астана және Өскемен қалаларының арасындағы сапалы көлік байланысын қамтамасыз етуді көздейді.
Сондай-ақ 2020 жылға қарай Арқалық, Шалқар және Бейнеу елді мекендері арқылы Астана – Ақтау автомобиль жолы салынады және қайта реконструкцияланады.
6.3.4. Ауылдарды, шағын қалаларды және шалғайдағы өңірлерді сапалы көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету және өңірлердің қоғамдық көлік жүйесін дамыту
Аумақтарды дамыту бағдарламаларын «көлік» бөлімімен толықтыру кезінде жергілікті атқарушы органдар олардың өңірді дамытудағы басымдығын, сондай-ақ аталған өңірлерде агломерацияларды дамыту қажеттігін ескере отырып, автостанцияларды, автовокзалдарды, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін, такси тұрақтарын, жергілікті желідегі автомобиль жолдарын және ЖӘЖ әуеайлақтарын салу мен реконструкциялаудың егжей-тегжейлі тізбесін айқындайды. Жоғарыда көрсетілген барлық іс-шаралар аумақтарды дамыту бағдарламаларының «көлік» бөлімін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізіледі.
Бұдан басқа, аумақтарды дамыту бағдарламаларының «көлік» бөлімінде өңірлердің шалғайдағы елді мекендерінің өмірлік маңызы бар көлік инфрақұрылымын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады. Әрбір өңірде шалғайдағы елді мекендер тізбесі айқындалады, оларды сапалы көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету аумақтарды дамыту бағдарламаларының «көлік» бөлімін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізіледі. Аталған елді мекендерді көлік инфрақұрылымымен, оның ішінде жаңа маршруттық желілермен қамтамасыз етуді жергілікті атқарушы органдар олардың экономикалық орындылығын және аталған өңірлердегі ауылдық тірек елді мекендерді дамытуды ескере отырып, қаржыландыру тұрғысынан басым тәртіппен қарайды.
Аумақтарды дамыту бағдарламалары «көлік» бөлімінің тағы бір негізгі аспектісі қоғамдық көлік жүйесін дамыту болып табылады. Қазіргі уақытта өңірлердің жол инфрақұрылымында және қоғамдық көлік жүйесінде тұрғындардың қоғамдық көлікті пайдалануына, сондай-ақ велосипедпен жүруіне жағдай жасалмаған.
Осыған байланысты, аумақтарды дамыту бағдарламаларының «көлік» бөлімі өңірлерде жұмысты, білім беруді, сауда қызметтері мен денсаулық сақтауды қоса алғанда, тұрғындарға тіршілікті қамтуға қажетті негізгі қызмет түрлерінің жайлы қолжетімділігін қамтамасыз ететін қоғамдық көлік жүйесін құру жөніндегі түбегейлі шараларды қамтитын болады.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе және Шымкент қалалары елдің бес агломерациясының орталықтары болып айқындалды.
Агломерациялық ареалдың шекарасын белгілеу үшін агломерация орталығына (өзек) бару үшін қажетті уақыт шығынын негізге ала отырып, агломерация шекараларын айқындауға негізделген изохрон әдісі пайдаланылды. Агломерация шекарасы ретінде бірінші деңгейдегі агломерациялар үшін 1,5 сағаттық изохрон (Астана, Алматы және Шымкент) және екінші деңгейдегі агломерациялар үшін 1,0 сағаттық изохрон (Ақтау және Ақтөбе) қабылданды. Осы әдістің көмегімен агломерациялар аумағы шегіндегі қоныстар айқындалды.
Аумақтарды дамыту бағдарламаларының «көлік» бөлімі көрсетілген өзек-қалалардың тиісті облыстарында агломерациялар ареалы ішінде, оның ішінде агломерациялар аумақтарының шегінде агломерациялардың өзектері мен қоныстар арасындағы «экономикалық арақашықтықты» қысқарту тұрғысынан көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қамтитын болады.
Бұл ретте өңірлердегі қоғамдық көлік оларды пайдаланушылар үшін ғана емес, сондай-ақ көлік құралдарының энергия тиімділігі тұрғысынан қоршаған ортаны қорғау үшін де сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Айталық, қазіргі уақытта Қазақстанда тауарлардың өзіндік құнындағы тасымалдауға жұмсалатын шығындар 8-11%-ды құрайды, бұл ретте аталған көрсеткіш өнеркәсіптік дамыған елдерде 4%-да индекстеледі. Бұл ретте автомобиль көлігі, оның ішінде автомобиль тасымалдарының үлесі 87%-ға дейін жететін көлік секторының негізгі энергия тұтынушы сегменті болып табылады.
Осыған байланысты аумақтарды дамыту бағдарламаларының «көлік» бөлімі қалалық/өңірлік көліктің қоршаған ортаға тигізетін әсерін барынша азайтуды көздейтін энергиялық тиімді қоғамдық көлік жүйесін дамытуға да бағдарланады.
Осы тұрғыда жергілікті атқарушы органдар Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық көлікті газ отынына көшірудегі оң тәжірибесіне қарайтын болады.
Жергілікті атқарушы органдардың аумақтарды дамыту бағдарламаларының толықтырылған көлік бөлімінің түпкілікті нәтижесі жолаушыларды автомобиль көлігінен қоғамдық көлікке ауысуға ынталандыру, сондай-ақ ауылдарды, шағын қалалар мен шалғайдағы өңірлерді сапалы көлік инфрақұрылымымен кешенді қамтамасыз ету болады.
6.3.5. Каспий маңы өңірінің көлік инфрақұрылымын дамыту
Халықаралық тәжірибенің негізінде Қазақстанның көлік-логистика жүйесін дамыту бойынша негізгі назар шекара маңындағы аудандардың, оның ішінде шығыс қақпалары – Қорғас және Достық арасындағы көлік торабының функцияларын қамтамасыз ететін батыс қақпаларына айналатын Ақтау теңіз портының ауданындағы көлік-логистикалық орталықтарды дамытуға бағытталады.
Осыған байланысты қызметті үйлестіру және жоғарыда аталған қақпалар арасындағы барынша тиімді байланысты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданатын болады, бұл Қазақстан арқылы Қытайдың батыс және орталық өңірлерінен Иранға, Парсы шығанағы елдеріне, Түркияға және Қара теңіз арқылы Еуропа елдеріне жүк тасымалдау үшін тиімді маршрут құруға мүмкіндік береді.
Айталық, 2012 жылы ұзындығы 146 км «Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» және ұзындығы 293 км «Жетіген – Қорғас» екі теміржол желісінің құрылысы аяқталды.
Аталған жобалар Қазақстан аумағы арқылы Қытай – Парсы шығанағы елдері бағытындағы тасымалдар арақашықтығын 1 000 км-ге, осыған орай жүк жеткізу мерзімін 3 күнге қысқартуға мүмкіндік берді.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта Достық және Алтынкөл станцияларынан Ақтау теңіз портына дейінгі транзиттік тасымалдау арақашықтығын 1 200 км-ге дейін қысқартуға мүмкіндік беретін ұзындығы 988 км «Жезқазған – Бейнеу» теміржол желісін салу бойынша жаңа жоба басталды.
Жоғарыда аталған жобалардың бәрі Қазақстан аумағы арқылы, оның ішінде Ақтау теңіз порты арқылы Қытай Халық Республикасы мен Парсы шығанағы және Еуропа елдері арасындағы транзиттік жүктер көлемін арттырады, сондай-ақ экспортқа бағдарланған отандық өндірушілер үшін жоғарыда көрсетілген елдердің нарықтарына неғұрлым қысқа маршрут ашады.
Осыған байланысты тасымалданатын жүктердің, оның ішінде құрғақ жүктердің көлемі өсімінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өткізу қабілетін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдай отырып, Ақтау портының үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілетін болады.
Айталық, қазіргі уақытта Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, ол 2015 жылға қарай аяқталды. Аталған жобаның шеңберінде түбін тереңдету жұмыстары мен үш құрғақ жүк терминалының құрылысы жүргізілетін болады. Салынып жатқан терминалдардың бірі отандық астықты Парсы шығанағы елдеріне тасымалдауға арналған қуаты 1 млн. тоннаға дейін астық терминалы болып табылады.
Бұдан басқа, Ақтау портының 12-айлағы толығымен реконструкцияланады, сондай-ақ жаңа 11-айлақ салынады.
Сондай-ақ, тиеу-түсіру жұмыстары автоматтандырылып, Ақтау портының қойма операциялары оңтайландырылады, ол порттың өткізу қабілетін 1 млн. тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесінде «Солтүстік – Оңтүстік» және «Еуропа – Кавказ – Азия трансазия дәлізі», сондай-ақ Қазақстанның аумағында дәліз құрайтын «Шығыс – Батыс» халықаралық көлік дәліздерінің тиімді жұмыс істеуі қамтамасыз етіліп, Ақтау портының өткізу қабілеті 16,8 млн. тоннадан 20,5 млн. тоннаға дейін ұлғаяды.
Жоғарыда аталған іс-шаралар Каспий маңы өңірінің Орталық және Шығыс Қазақстанмен экономикалық және географиялық байланыстылығын қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, Каспий маңы өңірінің сапалы инфрақұрылымын дамыту мақсатында Каспий теңізі акваториясының Атырау ауданында су көлігін дамыту, сондай-ақ Ақтау теңіз портының негізінде халықаралық деңгейдегі көлік-логистикалық хаб құру жөніндегі түбегейлі шаралар қабылданатын болады.
Аталған Бағдарлама шеңберінде автомобиль жолдары саласында «Атырау – Ақтау» автомобиль жолының «Бейнеу – Шетпе – Актау» учаскесі реконструкцияланады, бұл ретте «Бейнеу – Шетпе» учаскесі 2014 жылы пайдалануға беріледі.
Құрық кентінде жалпы ұзындығы 14,4 км жаңа «Ералиев – Құрық» теміржол желісі салынады.
Ірі кемелерді жөндеу бойынша сервистік көрсетілетін қызметтер деңгейін арттыру мақсатында Құрық кенті ауданында кеме жөндеу/кеме жасау зауыты салынады.
Сондай-ақ, Орал – Каспий бассейнінде жағалау инфрақұрылымы (крандар, қойма үй-жайлары және т.б.) бар өңірлік көлік-логистикалық орталық салынады.
Атырау облысында Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзені арқылы паромдық өткелдер жаңғыртылады.
Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығы Каспий маңы өңірінің инфрақұрылымын дамытуға жаңа серпін береді, жаңа жұмыс орындарын құра отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді және аталған өңірді халықаралық деңгейдегі көлік-логистикалық хаб ретінде жаңа даму деңгейіне шығарады.
6.3.6. Көлік жүйесінің қолданыстағы инфрақұрылымын жетілдіру және жаңасын құру арқылы туризм индустриясын дамыту
Әлемдік экономиканы дамытудың заманауи жағдайында туризм жетекші және серпінді даму үстіндегі салалардың біріне айналып келеді. Дүниежүзілік туристік ұйымның (ЮНВТО – UNWTO) деректері бойынша туризм тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әлемдік экспортында автомобиль, химия мен отын өнімдері экспортына ғана жол бере отырып, 4-орын алады (7,4%). Кірістілігі бойынша аталған сала мұнай өңдеу мен автомобиль жасау өндірісінен кейін әлемде үшінші орында.
Алайда, туристік-рекреациялық әлеуеті бай бола тұрып, Қазақстанда туризмді дамыту деңгейі жеткіліксіз. Оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі шамамен 0,3%-ды құрайды.
Барлық өңірлерге тән елдің туристік саласының негізгі проблемалы мәселелерінің бірі – бұл туристер үшін тартымды аудандарда инженерлік-көліктік және туристік инфрақұрылымды дамытудың қажеттілігі.
Айталық, қазіргі уақытта елде туристік кластерлерді қалыптастыру мен ілгерілету бағыты басталды және республикадағы туризмді дамыту негізгі бес кластер бойынша қарастырылады:
1. «Астана» кластері – Астана қаласын, Ақмола облысын, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігін, Павлодар облысының батыс бөлігін және Қарағанды облысының солтүстік-шығыс бөлігін қамтиды. Астана қаласы кластердің орталығы болады.
2. «Алматы» кластері – Алматы қаласы мен Алматы облысының бір бөлігін қамтиды. Алматы қаласы кластердің орталығы болады.
3. «Шығыс Қазақстан» кластері Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс бөліктерін қамтиды. Орталығы – Өскемен қаласы.
4. «Оңтүстік Қазақстан» кластері – Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерін, Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік бөлігін және Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігін қамтиды. Шымкент қаласы кластердің орталығы болады.
5. «Батыс Қазақстан» кластері – бүкіл Маңғыстау облысын және Батыс Қазақстан облысының бір бөлігін қамтиды. Ақтау қаласы осы кластердің орталығы болады.
Жоғарыда аталған барлық кластерлерде табиғаты көркем жерлер мен мәдени мұра объектілеріне апаратын автомобиль жолдарын реконструкциялау, аудан орталықтарында жаңа автостанциялар салу, қолданыстағы автовокзалдарды стандарттарға сәйкестендіру және оларды әртүрлі тілдердегі туристік көрсеткіштермен жарақтандыру қажет.
Сондай-ақ қолданыстағы теміржол желілерін жетілдіру және жаңаларын салу, қолданыстағы шекара маңы станцияларының инфрақұрылымын жетілдіру, қалалар арасында жол жүру ұзақтығын қысқарту мақсатында жаңа (жоғары жылдамдықты) пойыздарды пайдалану, алыс шетелдермен халықаралық қатынастарды ашуды қамтитын, теміржол маршруттарын кеңейту қажет.
Туризмді дамыту мақсатында әуе көлігін дамыту үшін:
1) өткізу қабілетін арттыру мақсатында Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әуежайларын кеңейту;
2) Өскемен және Ақтау қалаларындағы әуежайларды жаңғырту;
3) Маңғыстау облысының «Кендірлі» курорттық демалыс аймағында әуеайлақ салу;
4) Катон-Қарағай ауданының Үлкен Нарын кентінде әуеайлақ және Шығыс Қазақстан облысы «Песчанка» курортына таяу жерде гидроұшақтар қонатын орындар салу;
5) Шарын шатқалында (Алматы облысы), «Катон-Қарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, Марқакөл көлінің жағалауы маңында (ШҚО), Шерқала таулы алқабы мен «Кендірлі» курорттық аймағында (Маңғыстау облысы) тікұшақ алаңдарын салу қажет.
Туризмді дамыту үшін су көлігін дамытудың да маңызы аз емес. Осыған байланысты қолданыстағы порттарды жетілдіру және жаңаларын салу, оның ішінде «Песчанка» курортындағы портты және Ертіс өзені бойындағы басқа порттарды, сондай-ақ Ақтау қаласындағы портты реконструкциялау қажет.
Бұдан басқа ішкі көлік инфрақұрылымын дамыту үшін:
-
автобус аялдамаларын жаңғырту және қазіргі заманғы қалалық жолаушылар көлігімен қамтамасыз ету арқылы қолданыстағы жергілікті көлік қызметтерін жетілдіру;
-
шолу экскурсиялары үшін туристік автобус маршруттарын ашу;
-
аялдамаларды көрсеткіштермен қамтамасыз етуді, жаңа автомобильдерді ескеретін жергілікті такси қызметтерінің сапасын айқындау мен енгізу, сондай-ақ такси қызметтері бар/немесе талап етілетін барлық негізгі туристік қызығушылық бар жерлерде жүру бағасы оның сапасымен сәйкес келуі қажет.
Сонымен қатар, өңірдің ірі қалаларында, сондай-ақ қазіргі заманғы стандарттар (көрсеткіштер мен тақтайшалар, тротуарлар, шағын сәулет объектілері, жайластырылған қоғамдық дәретханалар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жайлылық элементтері) негізінде қолданыстағы курорттық аймақтар орталықтарында көше инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын әзірлеу қажет.
Туризм индустриясын сәтті дамыту туристік кластер ішінде және одан тыс жерлерді қосатын жоғары сапалы және дамыған көлік жүйесінің болуымен сипатталады.
Осыған байланысты бұл Бағдарлама жаңа инфрақұрылымды құру және қолданыстағысын жетілдіру арқылы өңірлердегі туризм индустриясын тұрақты дамытуға да бағытталатын болады.
7. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Бағдарлама іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:
1-кезең: 2014 – 2020 жылдар;
2-кезең: 2021 – 2030 жылдар.
Осы Бағдарлама шеңберінде барлық нысаналы индикаторлардың мәндері бірінші кезең бойынша белгіленген.
Бірінші кезеңде Бағдарламаның жылдар бойынша іске асырылу барысын және жүргізілетін іс-шаралардың көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытуға әсерін сипаттайтын көрсеткіштер белгіленген.
Барлық көлік салаларының (теміржол көлігі, автожол саласы, автомобиль көлігі, су көлігі және азаматтық авиация) одан әрі жұмыс істеуінің әдіснамалық және институционалдық базасын жетілдіруге, оның ішінде өңірлердің «инфрақұрылымдық орталықтарын» құруға бағытталған шаралар кешенін жүргізу көзделеді.
Бағдарламаның бірінші кезеңі осы Бағдарлама қабылданған кезде белсенді іске асырылу сатысында болған, оның ішінде EXPO-2017-ге дайындық шеңберіндегі объектілер бойынша жобаларды аяқтауға және жаңа ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды бастауға бағытталатын болады.
Бірінші кезең Бағдарламаны толық ауқымды іске асырумен сипатталады. Бұл кезеңде өңірлерде «инфрақұрылымдық орталықтар» құруды және транзиттік әлеуетті іске асыруды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы көлік инфрақұрылымын қалыптастыру жоспарлануда.
Бағдарлама шеңберінде белгіленген барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізу қамтамасыз етілетін болады, бұл өз кезегінде Қазақстан көлік жүйесінің озыңқы инфрақұрылымын құрады.
Айталық, 2020 жылға қарай негізгі инфрақұрылымдық: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Орталық – Оңтүстік», «Орталық – Шығыс», «Орталық – Батыс», «Жезқазған – Бейнеу» және «Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту» жобаларын іске асыру аяқталатын болады.
Бағдарламаның бірінші кезеңін сәтті іске асырудың көрсеткіші көлік саласының барлық секторларын дамытуды – инфрақұрылымның сапасын, кеден тиімділігін, тауарлардың халықаралық жеткізілімін ұйымдастырудың қарапайымдылығын, жүкті қадағалау мүмкіндігін, жүктерді жеткізу мерзімін сақтау мен логистикадағы құзыреттілікті көздейтін Дүниежүзілік банктің логистика тиімділігі индексі бойынша Қазақстанның позициясын жақсарту болмақ.
Айталық, 2020 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанның жоғарыда көрсетілген рейтингтегі позициясын 40-орынға жеткізу көзделеді.
Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде теміржол саласында бәсекеге қабілетті теміржол дәліздерін қалыптастыруға және көмір, кен және мұнай кен орындарын көліктік қамтамасыз етуге, магистральдық теміржол желісін, сондай-ақ вокзал шаруашылығын дамытуға және жаңғыртуға бағытталған жобалар іске асырылатын болады.
Жылжымалы құрам тозуының қазіргі жоғары деңгейін төмендету мақсатында локомотивтер, жүк және жолаушылар вагондары паркі, оның ішінде, Қазақстанда шығарылғандары жаңартылатын болады, бұл саладағы қазақстандық қамту деңгейін арттырады, сондай-ақ республикалық және өңірлік теміржол қатынастарындағы тасымалдауды дамытуға ықпалын тигізеді.
Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде ұлттық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін жағдайды жақсарту, нарықтың салалық субъектілерінің жұмыс істеуіне тең жағдайды қамтамасыз ету мәселелері пысықталатын болады және жетілдіруді талап ететін көлік мәселесі бойынша заңнамалық актілер тізбесі айқындалады.
Автожол саласында Бағдарламаның бірінші кезеңі осы Бағдарлама қабылданған кезде белсенді іске асырылу сатысында болған, оның ішінде EXPO-2017-ге дайындық шеңберіндегі объектілер бойынша жобаларды аяқтауға бағытталатын болады. Болжамды кезең азаматтық қоғам алдындағы қоғамдық маңызы бар мемлекеттік көрсетілетін қызмет ретінде автомобиль жолын салалық қабылдауға көшумен сипатталады. Даму әлеуеті жоғары барлық елді мекендер сапалы жол инфрақұрылымымен қамтамасыз етіледі. Бұл кезең өнімділік пен нәтижелілікті арттырудан, сондай-ақ жол саласының қоғам алдында бюджет қаражатының жұмсалуы және жекеше секторға тән басқару стилін енгізу жөнінде ашық есеп беруінен көрініс табатын басқарушылық тәжірибенің өсуімен ерекшеленетін болады.
Осы іс-шараның нәтижесі ретінде операторлар инфрақұрылым элементтерін күтіп-ұстауға тек «техникалық» бағдарланудан қызметтер көрсету мен автожол пайдаланушыларына ыңғайлы болуды ескеретін тәсілдерді қолдануға көбірек бағдарлануға көшетін болады.
2014 жылдан бастап 2020 жыл аралығы кезеңінде қажетті сұранысты ескере отырып, елді мекендер жолаушылар тасымалының инфрақұрылымымен қамтамасыз етіледі, бұл өз кезегінде маршруттық желіні дамытуға мүмкіндік береді. Бұл елді мекендерді тұрақты автобус қатынастарымен 100 % қамтуға және халықтың жолаушылар тасымалының сапасына қанағаттануын 85 % деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстандық тасымалдаушылардың халықаралық автокөлік қызметтері нарығындағы үлесі шетелдік тасымалдаушылар үшін квоталарды азайту, отандық тасымалдаушылардың жүк көлік құралдарының санын арттыру, экспедиторлық қызметтерді дамыту есебінен ұлғаятын болады және 50 %-ға жуықтайды.
Су көлігі саласында бірінші кезеңде Ақтау портының қуатын өсіруге және оның өткізу қабілетін 20,5 млн. тоннаға дейін жеткізуге бағытталған жобаларды іске асыру көзделеді.
Порттың өткізу қабілетінің артуына тиеу-түсіру қызметін автоматтандыру және қызметтер көрсетудің сапасын жақсарту жөніндегі шаралар да ықпал етеді.
Жүктерді теңіз арқылы тасымалдау нарығында көрсетілетін қызметтерді әртараптандыру мақсатында 2020 жылға дейін құрғақ жүк кемелері санын 20 бірлікке дейін жеткізу және 2 паром сатып алу көзделген.
IMO аудитінің сәтті өтуі мемлекеттік басқару жүйесі, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кеме және порттар сияқты теңіз саласының барлық буындарының халықаралық талаптарға сай келетінін растайды және кемелердің Қазақстан туының астында ашық теңізде кедергісіз жүзуіне мүмкіндік береді.
Өзен көлігінде бастапқы міндет жағалау инфрақұрылымын және көлік флотын қалпына келтіру болып табылады.
2020 жылға қарай азаматтық авиация саласында халықаралық талаптарға сай келетін нормативтік құқықтық база құрылатын болады, шектес мемлекеттермен азаматтық авиация саласында өзара іс-қимыл жолға қойылады, ұшу қауіпсіздігінің және авиациялық қауіпсіздіктің заманауи жүйесі, сондай-ақ әуе қатынастарының дамыған желісі құрылады.
Екінші кезеңде (2021 – 2030 жылдар) бірінші кезеңнің инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру жалғасады.
2030 жылға қарай барлық көлік түрімен транзиттік тасымал көлемін 4 есе (60 млн. тоннаға дейін) ұлғайтуға, сондай-ақ Қазақстанды ЖБИ «Темір жол инфрақұрылымының сапасы» көрсеткіші бойынша 20-орынға шығаруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы ұлттық көлік-логистика жүйесін құру жоспарлануда. Өңірлік ынтымақтастықты дамыту және сауда дәліздерін пайдалану кезінде логистикалық шығындарды азайту бойынша шаралар қабылданады, сондай-ақ логистикалық көрсетілетін қызметтер провайдерлерінің мүмкіндіктері, оның ішінде логистикалық провайдерлердің біліктілігін арттыру есебінен кеңейтілетін болады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ құзыреті мен активтері жеткілікті және логистика саласында көліктік көрсетілетін қызметтердің үйлестірілуін қамтамасыз ететін базалық салалық компания болып табылмақ, оның міндеті – Қазақстанның тиімділігі жоғары ұлттық көлік-логистикалық корпорациясына айналу.
Осыған байланысты көрсетілген кезеңде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ны теміржол компаниясынан кез келген типтегі жүкті тасымалдау бойынша кызметтер көрсетуді, оның ішінде логистикалық көрсетілетін қызметтердің толық спектрі бар «есіктен есікке дейін» мультимодальды тасымалдарды, сондай-ақ халықаралық, облысаралық және қала маңы қатынасында жолаушыларды интермодальды тасымалдауды қамтамасыз ететін халықаралық деңгейдегі көлік-логистикалық холдингке айналдыру жүзеге асырылады.
-
Табиғи-монополиялық көрсетілетін қызметтерді тасымалдау қызметінен бөлу.
Нысаналы құрылым құру шеңберінде жеке мультимодальды логистикалық оператор құрылатын болады.
Бұл міндетті іске асыру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүктер мен жолаушыларды тасымалдау, МТЖ көрсетілетін қызметтері, мультимодальды тасымалдар бойынша корпоративтік орталық пен еншілес компанияларды қамтитын холдингтік құрылымға қайта ұйымдастырылады.
Атап айтқанда, салада инфрақұрылым операторы, ұлттық жүк тасымалдаушысы, ұлттық жолаушылар тасымалдаушысы және лицензиясы мен меншікті немесе жалға алынған жылжымалы құрамы бар тәуелсіз жолаушылар тасымалдаушысы, жергілікті инфрақұрылымның қажетті объектілері жұмыс істейтін болады.
Осылайша, компанияның нысаналы ұйымдық құрылымы теміржол тасымалдарының, мультимодальды және логистикалық көрсетілетін қызметтердің ықпалдастырылған процесінің өзегін құрайтын бизнес-бірліктері бар тігінен ықпалдастырылған көліктік холдинг болады.
Қызметі Қазақстан Республикасының теміржол саласаның дамуына түйінді ықпал ететін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның сала құрушы рөлін, сондай-ақ саланы реформалау жөніндегі іс-шараларды аяқтаудың басым қажеттілігін ескере отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ компанияларын бағалы қағаздар нарығына шығару мүмкіндігі мәселесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ны қайта ұйымдастыру процесі толыққанды аяқталған соң қарастырылатын болады.
Бағдарлама шеңберінде белгіленген барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізу қамтамасыз етілетін болады, бұл өз кезегінде Қазақстанның көлік жүйесінің озыңқы инфрақұрылымын құрады.
-
Теміржол көлігінің энергия тиімділігін арттыру
Поездар тартқышының энергияны көп жұмсайтынын ескере отырып, Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі шеңберінде энергия тиімділігін арттыру мақсатында 2030 жылға дейін қолданыстағы 1 400 км-ға жуық теміржол желісін электрлендіру жоспарланып отыр, бұл электрлендірілген темір жолдардың үлесін магистральдық желінің жалпы ұзындығының 27 %-ынан 35 %-ына дейін арттырады.
Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту, сондай-ақ дамыту мақсатында қатарлас жолдарды салу, автоматтандырылған жүйелерді енгізу, сондай-ақ станцияларды реконструкциялау бойынша іс-шаралар іске асырылатын болады.
Сонымен қатар, IRI халықаралық тегістік индексіндегі ел көрсеткішін 2013 жылғы 11,7-ден 2030 жылға қарай 8,2-ге дейін жеткізу арқылы ДЭФ ЖБИ «Жолдардың сапасы» көрсеткіші бойынша 80-позицияға қол жеткізу, сөйтіп ЖКО, жолдағы уақытты және автокөлік құралдарын пайдалану бойынша операциялық шығындарды қысқарту есебінен қоғамның экономикалық шығындарын 2 есеге қысқарту екінші кезеңнің басты мақсаты болып табылады.
Мақсатқа қол жеткізу міндеттерді іске асырудың сапалы жаңа деңгейіне көшу есебінен жүзеге асырылатын болады:
-
ұлттық экономиканың шығындарын төмендетуге мүмкіндік беретін республикалық жол желілерінің техникалық сипаттамасын жоғарылату.
Республикалық маңызы бар 3,7 мың км жолда құрылыс пен реконструкциялау жүргізу жоспарланған, бұл ретте бірінші сатыны есептегенде 2023 жылға қарай негізгі инвестициялық сатыны (халықаралық маңызы бар автожолдар) аяқтау көзделген. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығында I және II техникалық санаттағы жолдардың ұзындығы 2030 жылдың соңына қарай 69 % құрайды. Бұдан әрі инвестициялық мүмкіндіктерге сәйкес стратегиялық басымдықтар жол секторының пайдалану шығынын арттыруға қарай 60/40 деңгейінде түзетіледі. Мәселен, республикалық желінің ескерілмей қалған жөндеуаралық циклдерін қысқарту үшін 2030 жылға қарай 23 мың жол қосымша жөнделетін болады. Осы арқылы халықаралық автомобиль дәліздері бойынша жүк тасымалдаудың орташа жылдамдығын 25 %-ға 53,4 км/сағаттан 60 км/сағатқа ұлғайту жоспарланады.
Құрылған ақылы жолдар желісі жалпы пайдаланымдағы жолдардың 8 %-ын жабады, бұл желіні күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет шығынын 14 %-ға қысқартуға мүмкіндік береді.
Жол сервисінің көрсетілетін қызметтері сапалық тұрғыдан өзгеріске ұшырайды, олар трансеуразиялық дәліздердің барлық жерүсті маршруттарын үздік әлемдік стандарттардың деңгейінде қамтамасыз етуге қабілетті болады. 2030 жылға дейін 6 негізгі транзиттік дәліз, республикалық маңызы бар өңіраралық және өңірішілік қатынас жолдары жол сервисі объектілерімен толыққанды қамтамасыз етілетін болады;
-
даму әлеуеті жоғары және орташа елді мекендерді сапалы жол инфрақұрылымымен қамтамасыз ету.
Егер бірінші кезеңде даму әлеуеті жоғары елді мекендердің сапалы жолдарға қажеттілігі өтелетін болса, осы кезеңде барлық күш-жігер әлеуеті орташа АЕМ-ге шоғырландырылатын болады. Даму әлеуеті жоғары және орташа 2,9 мың ауылдық елді мекендердің кірме жолдарының техникалық ахуалын жақсарту көзделеді. Жөндеумен орташа жылдық қамтылуды жергілікті желінің бүкіл ұзындығының 8 %-ына дейін жеткізу көзделген. Бұл жергілікті маңызы бар жолдардағы құрылыс және жөндеу жұмыстарының қарқынын 25 %-ға арттыруға мүмкіндік береді;
-
жол конструкцияларының пайдалану мерзімдерін ұлғайту.
Наноматериалдар, наноконструкторлар саласындағы инновацияларды таратудың технологиялық диффузиясы жол конструкцияларын пайдаланудың сапалық сипаттамаларын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді, осыған байланысты инновациялық даму шеңберінде жол жабдығының қызмет ету мерзімін және жөндеуаралық мерзімдерді 20 %-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр, бұл ретте жол конструкцияларының салмағы азаяды, күрделі шығындардың өзіндік құны мен саланың энергия тиімділігі 25 %-ға дейін төмендейді;
-
ЖКО салдарының ауыртпалығын төмендетуді қамтамасыз ететін қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру.
Осы кезеңде қауіпсіз жайлы қозғалысқа кепілдік беретін, жол қозғалысына қатысушылардың қателіктерін барынша азайтатын және ЖКО салдарының ауыртпалығын төмендететін қазіргі заманғы және қауіпсіз жол инфрақұрылымын қалыптастыруды аяқтау жоспарлануда. Автомобиль жолдарындағы ЖКО-да өлім-жітімнің коэффициентін 100 мың адамға шаққанда 2013 жылғы 19-дан 2020 жылға қарай 15-ке және 2030 жылға қарай 10-ға азайту жоспарланған;
-
адами фактор қателіктерін барынша азайтатын автожол саласының процестерін басқарудың инновациялық технологиялық деңгейі.
Саланы автоматтандыру процесі мүлдем жаңа технологиялық деңгейге көшетін болады. Жоба туралы, оны орындау процесі және ықтимал тәуекелдерді басқару туралы түйінді деректерге шоғырланатын жол құрылысы мен жөндеу жобаларын іске асырудың тыныс-тіршілік циклін интерактивті мониторингтеу жүйесі жол секторының ажырамас бөлігіне айналады. Бұл жүйені енгізу ықтимал проблемаларды алдын ала анықтау және оларды жедел жою үшін техникалық сүйемелдеу қызметтері тіркейтін жоба сатыларының бақылау нүктелерін бақылау және мониторингтеу нысанын күшейтуге де байланысты. Жалпы түрде автожол саласын басқарудың кешенді жүйесі 4 модульден тұратын болады: 1) автомобиль жолдарын пайдалану және күтіп-ұстау кезеңінде басқару жүйесі; 2) күрделі құрылыс объектілерін инвестиция алдында модельдеу жүйесі; 3) жол конструкцияларын 3d жобалауға көшу; 4) инвестициялық жобалардың тәуекелдерін басқару жүйесі.
Осылайша, экономика мен халықтың сапалы және қауіпсіз автомобиль жолдарына қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті автожол инфрақұрылымын құру бойынша қойылған міндеттерді шешудің біртұтастығы мен жүйелілігі ұлттық жол жүйесінің ағымдағы жай-күйінің шығынындағы қоғамның экономикалық шығындарын 3 және одан көп есе қысқартуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, ДЭФ ЖБИ «Жолдардың сапасы» көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасының әлемнің 80 елінің қатарына кіру және одан жоғары көтерілу әлеуеті бар, бұл өз кезегінде 21-ғасырдағы әлемнің ең үздік бәсекеге қабілетті инновациялық 30 экономикасының қатарына кіру жөніндегі мақсатқа жақындауға мүмкіндік береді.
Халықаралық практикада жолаушылар тасымалының сапа көрсеткіші халықтың қанағаттану деңгейімен айқындалады және ең жоғары мәні 90 % болып табылады. Жүк тасымалдарында – бұл жеткізу жылдамдығы, сақталуы және дамыған елдерде 5-8 % құрайтын түпкі өнімнің құнындағы көлік шығындарының үлесі. Осылайша, 2030 жылға қарай дамудың көрсетілген деңгейіне қол жеткізу қажет.
Жолаушылар автотасымалында жоғары сервис көрсету үшін жылжымалы құрам жаңартылады, осы көрсетілетін қызметтердің бүкіл процесі автоматтандырылады, жолаушыларды жеткізу мерзімі қысқартылатын болады.
Тасымалдаудың сапасын арттыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолаушылар көлігінің паркін жаңарту бойынша іс-шаралар жүргізу арқылы жолаушылар маршруттарына тартылған автобустарды пайдаланудың орташа мерзімі қазіргі уақыттағы 15 жылдан 6 жылға қысқаратын болады.
Республиканың ірі қалаларындағы жолаушылар автобусы қозғалысының ең үздік жылдамдық көрсеткіші 18-20 км/сағатты құрайды, бұл дамыған елдердегі көрсеткіштен 2 есе төмен. Жедел автобус құрамаларын енгізу, маршруттарды оңтайландыру, ЗКЖ өзара байланыстыру сияқты жоспарланған іс-шаралар жеткізу уақытын 2 есе азайтуға мүмкіндік береді.
Швейцария, АҚШ сияқты дамыған елдерде жолаушылар тасымалы саласындағы автоматтандыру деңгейі соңғы 20-25 жылда 70-90 %-ға жетті, ал Жапония көшбасшы болып табылады, одан кейін Оңтүстік Корея және Сингапур. Қазақстанда жолаушылар автотасымалын автоматтандыру деңгейі бастапқы кезеңде (3-5 %) тұр.
Осыған байланысты 2030 жылы республикада жолаушылар тасымалын 70 % автоматтандыруға қол жеткізу үшін қала аялдамаларында, интернет (мобильдік) ресурстарда, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерінде тасымалдау туралы ақпаратты онлайн-режимінде ұсыну арқылы жолаушыларды тасымалдау процесіне IT-технологияларын енгізу бойынша жұмыс атқарылатын болады. Бұдан басқа, жолақысын төлеу кезінде электрондық билет және қолма-қол ақшасыз есептесу нысаны үстем болады.
Жолаушылар көлігі саласында энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін эконологиялық таза көлік пен технологияларды пайдаланудың маңызы зор.
Қазақстан Республикасының ірі қалаларындағы атмосфераны ластаушы шығарындылардың 60 %-ға жуығы автомобиль көлігінің үлесіне тиесілі. Жалпы тіркелген автокөліктер санының (4 млн.) ішінде 1,1 %-ы (46 мың) экологиялық болып табылады.
Әлемнің дамыған мегаполистерінде барлық қоғамдық көлік экологияға кері әсер етпейтін газбен жұмыс істейді және қосалқы объектілерде энергияның балама көздері кеңінен пайдаланылады.
2030 жылға дейін тұрақты қала маршруттарындағы автобустардың 80-85 %-ы отын ретінде газды пайдаланатын болады және аялдамаларда, сигнал беретін белгілерде, ақпараттық таблоларда энергияның балама көздері пайдаланылады, бұл экологиялылықтан басқа 20 % үнемдеуді қамтамасыз етеді.
Халықтың қоғамдық көлікте жүріп-тұруын кеңінен насихаттау және энергия тиімділігін арттыру мақсатында құрылатын жедел автобус қатынастары жолаушыларды жеткізу мерзімін қысқартады және қоғамдық көлік түрін барынша ыңғайлы етеді.
Халықаралық жүк тасымалы саласында қазақстандық операторлар көрсететін қызметтерді сапалық тұрғыдан өзгерту күтілуде.
ХЖТ жүйесі бойынша автокөлік құралдары паркін 3 есе жаңартуды және толықтыруды ескере отырып, 2020 жылға қарай саны Еуро-5 және одан жоғары сыныпта 20 мың бірлікті (2013 жылы – 6 мың) құрайтын отандық автотасымалдаушылар халықаралық тасымалдау саласындағы көшбасшы елдердің (Еуропа, Түркия, Балтық жағалауы елдері) көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекеге әбден қабілетті болады.
Бұдан басқа, осы кезеңде Еуропа мен Балтық жағалауының дамыған елдеріндегідей Қазақстанда да экспедиторлаудың көрсетілетін қызметтері жеткілікті дәрежеде дамиды, ұтымды логистика құрылады, барлық негізгі әріптестермен автокөлік бойынша үкіметаралық келісімдер жасалатын болады.
Көрсетілген шаралар қазақстандық тасымалдаушылардың халықаралық көрсетілетін қызметтер нарығындағы үлесінің 2013 жылғы 37 %-дан 2020 жылға қарай 50 %-ға өсуіне әкеледі, бұл өсім одан әрі сақталатын болады.
Сонымен қатар, қазақстандық тасымалдаушылар КО және БЭК елдерінің ішінде кедергісіз тасымалдауды жүзеге асыра алады, бұл қызмет үшін қосымша нарықтар береді, себебі олар қазіргі уақытта паркі тиісінше 12 және 25 мың АКҚ құрайтын белоруссиялық және ресейлік үздік тасымалдаушылармен салыстырғанда бәсекеге барынша қабілетті болады.
Қытайдан келетін тасымалдарға ерекше назар аударылады. Елдің батыс өңірлерін дамыту бойынша ҚХР жүргізіп отырған саясатты ескеріп қазақстандық тасымалдаушы қазіргі уақытта осы нарықтағы көрсетілетін қызметтер доминанты бола отырып (жыл сайынғы көлем шамамен 30 мың тонна), өзінің үстем жағдайын сақтайды.
Су көлігі саласын дамытудың келесі кезеңі шеңберінде Каспийде үстем жағдайды иелену бойынша шаралар қабылдау, бірыңғай мультимодальды жүйенің тиімді жұмыс істеуі жағдайында перспективалы жүк ағынының тасымалдануын қамтамасыз ету көзделеді.
Атап айтқанда, сабақтас салаларда инфрақұрылымды дамытуға барабар ден қою жағдайында Баутино портының қуатын жаңғырту және Құрық портында терминалдар салу көзделген, нәтижесінде 2030 жылға қарай Қазақстанның теңіз порттарының қуаты 25 млн. тоннаға жеткізілетін болады.
Мемлекеттік кеме қатынасы компаниялары не мемлекет қатысатын компаниялар бәсекелесетін Каспийдегі қатаң бәсекелестік жағдайында мемлекеттік қолдау шараларын Каспий маңындағы мемлекеттерде көрсетілетіндей деңгейге дейін жеткізу үшін ұлттық кеме қатынасы компаниялары үшін осы шараларды одан әрі жалғастыру көзделген.
Қабылданған шаралар Қазақстанның теңіз порттарынан ауыстырып тиелетін жүктердің 75 %-ға дейінгісін Қазақстан Республикасының кемелерімен тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, ішкі су жолдарының өткізу қабілетін ұлғайту, өзен тасымалына қатысушылардың белсенді өзара іс-қимыл жасауы, физикалық емес кедергілерді жою есебінен өзен көлігімен тасымалдау көлемін тағы да 1,5 есе арттыру және өңірлік тасымалдауда дәстүрлі көлік түрлеріне лайықты бәсекені қамтамасыз ету көзделуде.
Бағдарламаның екінші кезеңін сәтті іске асыру көрсеткіші жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша ДЭФ (ДЭФ БҒИ) рейтингіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту болады, ол 2030 жылға қарай азаматтық авиация саласында – әуе көлігінің инфрақұрылым сапасына (50-орын) және бір километрге орындардың қолжетімділігіне (30-орын) қатысты екі индикаторға қол жеткізуді көздейді.
Атап айтқанда, ұшу қауіпсіздігінің және авиация қауіпсіздігінің алдыңғы қатарлы жүйесін құру есебінен Қазақстан планетаның ең қауіпсіз (сенімді) 60 авиакомпаниясы (БЮРО JACDEC рейтингі, Германия) қатарына енеді. Ұлттық сапа стандартын енгізу, жетілдіру және өзектілендіру арқылы ұшу қауіпсіздігі жүйелерінің жаңа буындары авиакөліктік инфрақұрылым объектілері мен әуе кемелерінің техникалық және технологиялық қауіпсіздігінің артуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қатаң бәсекелестік жағдайында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес саланы кезең-кезеңмен ырықтандыру бойынша қабылданған шаралар қазақстандық авикомпанияларға әлемнің бүкіл континенттерін қамтитын дамыған авиамаршруттар желісін құруға мүмкіндік береді. Skytrax жайлылықтың ең жоғары деңгейі мен әуе кемелерінің қазіргі заманғы қауіпсіз паркі Орталық Азия мен ТМД елдерінен едәуір жолаушылар ағынын, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік жолаушыларды тартады. Қабылданған шаралардың тиімділігі ұлттық авиатасымалдаушының ТМД-ның аса ірі 3 авиакомпаниясының және әлемнің аса ірі 100 авиакомпаниясының (жолаушы/айналым, млн. жолаушы/км, Airlines Inform рейтингі) қатарына кіру қорытындысы бойынша бағаланатын болады.
Қазақстан Республикасының ұлттық аэронавигациялық жоспарын іске асыру алдыңғы қатарлы аэронавигациялық көрсетілетін қызметтердің дамуына және әуе кеңістігінің өткізу қабілетінің ұлғаюына алып келеді. Сонымен қатар 2030 жылға қарай елдің әуе көлігінде дамыған маршруттық желілері бар қазіргі заманғы тораптық әуежайлары болады. Іске асырылған барлық іс-шаралар экономикалық өсудің катализаторы болады және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырады.
Азаматтық авиация қызметіне, өндірісте, авиатасымалдаушылар мен әуежайларға техникалық қызмет көрсетуді пайдалануда ақылы қызметтер көрсету және жұмыс істеу бөлігінде шағын және орта бизнес субъектілері тартылатын болады. Азаматтық авиация қызметінің экологиялық қауіпсіздік міндеті жаңа технологиялар енгізу және зиянды заттарды пайдалануды қысқарту арқылы орындалатын болады.
Тұтастай алғанда, авиация билігінің және азаматтық авиацияның басқа субъектілерінің тиімді қызметі авиатасымалдаушылар мен әуежайлар нарығының тұрақтануына әкеледі. Дамыған бәсекелі орта ұлттық тасымалдаушының ғана емес, жергілікті авиатасымалдаушылардың, шағын авиация субъектілерінің позицияларын күшейтуге де мүмкіндік береді.
8. Қажетті ресурстар
Осы бағдарламаны іске асыру үшін шамамен 5220000 млн. теңге мөлшерінде қаражат жұмсалады, оның ішінде қаржыландыру түрлері (млн. теңге) бойынша:
Қаржыландыру көздері
|
Қажетті қаражат
(млн. теңге)*
|
БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАР:
|
5220000
|
1.
|
Республикалық бюджет
|
2724245
|
2.
|
Ұлттық қор
|
234000
|
3.
|
Жергілікті бюджет
|
178068
|
4.
|
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниялар тобының меншікті және қарыз қаражаты**
|
1535565
|
5.
|
«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ меншікті және қарыз қаражаты
|
24640
|
6.
|
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС қарыз қаражаты
|
12000
|
7.
|
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
|
146498
|
8.
|
Жекеше инвестициялар***
|
276005
|
9.
|
Ақылы қызметтерден түсетін алымдар
|
88980
|
Ескертпе:
* Бағдарлама іс-шараларын іске асырумен байланысты бюджеттік қаражаттың көлемі мемлекет экономикасының макроэкономикалық көрсеткіштерін және республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің мүмкіндіктерін, сондай-ақ республикалық бюджетке Ұлттық қордан берілетін трансферттің болжамды көлемін негізге ала отырып, тиісті жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
** Бұл ретте республикалық бюджеттің мүмкіндіктерін негізге ала отырып және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның орта мерзімді кезеңге арналған Даму жоспарын түзетуге сәйкес теміржол саласының инвестициялық жобаларын қаржыландыру көздері мен көлемдері өзгеруі мүмкін.
*** Жекеше инвестициялар көлемі сыртқы және ішкі параметрлер мен факторлар өзгерісінде түзетілуі мүмкін.
_________________________
Достарыңызбен бөлісу: |