Автомобиль көлігі
1. Саланың ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 4,2 млн. астам АКҚ, оның ішінде 3,6 млн. жеңіл автомобиль, 429 мың жүк және арнайы автомобильдер және қызметін 34 автовокзал мен 138 автостанцияда жүзеге асыратын 97 мыңға жуық автобус тіркелген.
Автомобиль көлігі көліктің ең ұтқыр түрі болып табылады, оның жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудағы үлесіне көліктің барлық түрімен тасымалдау көлемінің тиісінше 99% және 84%-ы тиесілі. Алайда, 2012 жылдың қорытындылары бойынша автомобиль көлігінің жалпы жолаушылар айналымы мен жүк айналымындағы үлесі тиісінше шамамен 87%-ды және 28%-ды құрады.
Аталған салада 156,3 мың адам жұмыс істейді, оның кірісі 579,1 млрд. теңгені құрайды.
Бүгінгі күні саны 100 адамнан астам елді мекендердің 76%-ы тұрақты автобус маршруттарымен қамтылған.
Жолаушыларды автобуспен тұрақты тасымалдау бойынша халықаралық, облысаралық, облысішілік және қалалық бағдарларда бағдарлық желі қалыптастырылды. 2012 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеудің қорытындылары бойынша халықтың автомобиль көлігімен жолаушы тасымалдау сапасына қанағаттану деңгейі 64,6%-ды құрады.
Соңғы жылдары ресми тасымалдаушы таксилердің ұлғаю үрдісі байқалады. Осыған байланысты, республика қалаларында таксомоторлық тасымалдарды дамыту үшін бүкіл республика бойынша саны 1 000 бірліктен асатын жабдықталған такси тұрақтарын салу қажет етіледі.
Қазақстандық автотасымалдаушылардың халықаралық нарықта жұмыс істеуі үшін 59 халықаралық шарттар негізінде құқықтық база құрылған, олардың 40-ы екіжақты және 19-ы көпжақты шарттар.
Халықаралық жүк тасымалдауды 12 мыңнан астам АКҚ паркі бар 3 мыңға жуық компания жүзеге асырады.
Қазақстандық тасымалдаушылардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жыл сайын шамамен шетелдік 40 мемлекеттің құзырлы көлік саласындағы органдарының рұқсат бланкілерімен алмасу жүргізіледі.
Отандық тасымалдаушылардың үлесі 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 2,8%-ға өсті және 36%-ды құрады.
2. Аталған саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері
Автомобиль көлігі саласының дамуы халықтың ұтқырлығына және бизнес-процестерге ықпал етеді, бұл тұтастай алғанда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жағымды әсерін тигізеді.
3. Қолданыстағы заңнама және саланың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері
Автомобильдердің шамамен 60%-ы (2 млн. астам) 12 жылдан артық пайдаланылып келеді және батыс стандарттарына сәйкес ескірген болып табылады. АКҚ паркінің 70%-дан астамының пайдалану мерзімі 7 жылдан асады, оның ішінде 500 мыңы 20 жылдан артық мерзім бойы пайдаланылуда.
Қазіргі уақытта «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» және «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының заңдары сияқты негізгі заңнамалық актілерден, сондай-ақ заңға тәуелді актілер мен халықаралық көпжақты және екіжақты шарттардан тұратын нормативтік құқықтық база толығымен қалыптасты. Барлық нормативтік құқықтық база автокөлік саласының бәсекелес ортада жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және дамыған елдердің халықаралық тәжірибесіне сәйкес келеді.
Бұдан басқа, саланы орнықты дамыту мақсатында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың автокөлік саласындағы мемлекеттік саясатты реттеуге бағытталған өкілеттіктері заңнамалық деңгейде айқындалды.
4. Саланың негізгі проблемалары
Автомобиль көлігінің негізгі проблемаларына мыналарды жатқызуға болады:
1) жұмыс істеп тұрған автовокзалдар мен автостанциялардың бірде-біреуі белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкес келмейді;
2) қазіргі заманғы телекоммуникациялық және спутниктік жүйелер арқылы электрондық билеттендіруді және жолаушылар тасымалдарын диспетчерлеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер дамымаған;
3) әлеуметтік маңызы бар тұрақты облысішілік (қалалық) жолаушылар тасымалдарын субсидиялау барлық өңірлерде және толық шамада жүзеге асырылмайды;
4) заңсыз тасымалдаушы таксилердің жоғары деңгейі;
5) такси тұрақтары мен сервистік қызмет көрсету инфрақұрылымының дамымауы;
6) халықаралық автокөлік қызметтері нарығындағы отандық тасымалдаушылар үлесінің төмен болуы;
7) халықтың, сондай-ақ жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін компаниялардың экологиялық емес көлікті пайдалануы;
8) бірнеше мәрте тексеру фактілері, соның салдарынан бұзушылықтар жойылғанға дейін, атап айтқанда, отандық және шетелдік тасымалдаушылардың заңнама талаптарын, атап айтқанда:
көлік құралдарының рұқсат етілген салмақ-габариттік параметрлерін;
халықаралық автотасымалдаудың рұқсаттар жүйесін;
қауіпті жүктерді тасымалдауға қойылатын талаптарды сақтамағаны үшін автокөлік кідіртіледі.
Су көлігі
1. Саланың ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы
Қазіргі уақытта Қазақстанның Каспий теңізінің жағалауындағы көлік инфрақұрылымы қолданыстағы екі – Ақтау және Баутино теңіз порттарын қамтиды.
Бұл ретте Ақтау порты экспорттық-импорттық және транзиттік қатынастағы жүктерді ауыстырып тиеуде пайдаланылады, оның Каспий бассейніндегі жүк тасымалдарын қамтамасыз етудегі үлесі шамамен 25 %-ды құрайды. Баутино порты теңіз мұнай операцияларын қолдау базасы ретінде мамандандырылған.
Бұған қоса, 2013 жылы 10,1 млн. тонна ауыстырып тиелді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 8 %-ға төмен.
Жыл сайын теңіз порттары арқылы ауыстырып тиелетін жүктердің негізгі номенклатурасын мұнай, металл, астық, паромдық және басқа жүктер құрайды.
Бұл ретте, Иранға қатысты экономикалық санкциялардың жеңілдеуі және теңіз порттары арқылы мультимодальды қатынастарды дамыту кері ескерініп, басты және контейнерлік жүктердің өсуі байқалады, бұл тиісті порттық қуаттарды арттыру бойынша барабар шаралар қабылдауды қажет етеді.
Каспий бассейніндегі теңіз тасымалдары нарығында ең қуатты флот Әзербайжанға тиесілі, Қазақстанның флоты 5 %-ды құрайды. Отандық сауда флоты жүк көтергіштігі 12-13 мың тонна болатын 8 танкерді және 2 құрғақ жүк кемесін құрайды. Бұл ретте отандық танкерлермен Ақтау порты арқылы ауыстырып тиелетін мұнайдың жалпы көлемінің шамамен 70 %-ы тасымалданады.
Құрғақ жүктің бүкіл көлемі шетелдік кемелермен тасымалданады, нәтижесінде Қазақстанның жыл сайынғы алынбай қалған пайдасы шамамен 6,8 млрд. теңгені құрайды. Бұл қазақстандық экспорттаушылардың келісімшарттарды FOB шартында жасайтынымен байланысты, оларға сәйкес шетелдік әріптестер көбінесе өздерінің кеме қатынасы компанияларын жүктейді.
КТҚС пайдаланылатын кемелердің орташа жасы 13-15 жылды құрады.
Фрахт мөлшерлемесі маңызды шарт болып табылатын жұмыстардың қысқа мерзімділігі мен қатаң бәсекелестікке байланысты КТҚС-те әрекет етуші кәсіпорындар жаңа кемелер жасаудың орнына шетелдік кемелерді тартуға бейім.
Қазіргі уақытта КТҚС-те шамамен 280 кеме жұмыс істейді.
Осы кемелерге сервистік қызметтерді Маңғыстау облысының кеме жөндеу базалары көрсетеді. Бұл ретте аталған кеме верфьтерінің салмағы 600 тоннаға дейінгі кемелерді ғана жөндеу мүмкіндігі бар және кеме иелері кемелерді негізінен қысқы кезеңде жөндеуге жіберетініне байланысты аталған кеме жөндеу қуаттары қазіргі қажеттіліктің 30 %-ын ғана қамтамасыз ете алады.
Бүгінгі күні Ақтау порты арқылы жүк тасымалдау маршруты Каспий маңындағы мемлекеттердің басқа порттары, сондай-ақ теміржолдың жаңа желілері арасында қатаң бәсекелестік болуымен сипатталады.
Қазақстанның теңіз порттарын дамыту үшін экспорттық-импорттық жүктерді ауыстырып тиеу көлемін тарту қажет.
Халықаралық қоғамдастық кадрлық әлеуетке қойылатын талаптарды күшейтуге және барлық деңгейдегі теңізшілердің даярлығын жетілдіруге ерекше көңіл бөледі.
Қазақстан Республикасының теңізшілерді даярлау бойынша білім беру жүйесі халықаралық талаптарға сәйкес келмейді, осыған байланысты салада ұлттық кадрлардың тапшылығы орын алып отыр. Қазіргі кезде жалпы саны шамамен 1 400 адам болатын жүзу құрамындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының үлесі шамамен 50 %-ды, ал командалық құрам деңгейінде небәрі 28 %-ды құрайды.
Сонымен қатар, КТҚС-те қауіпсіздікті күшейту үшін шетел кемелері үшін транзиттік дәліздерді белгілеу, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды бір жүйеге келтіру және навигациялық жүйелерді орталықтандыру жолымен олардың заңсыз жүзуін болдырмауға байланысты мәселелерді шешу қажет етіледі.
Көліктік бақылау органдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуының жеткіліксіз болуы, оның ішінде жалпы тозуы 90 %-дан асатын қызметтік кемелердің 2002 жылдан бері қажетті жаңартылмауы бақылау жүргізудің тиімділігіне теріс ықпалын тигізеді және су көлігіндегі авария деңгейін төмендетуге мүмкіндік бермейді.
Қазіргі уақытта өзендегі кеме қатынасы Ертіс, Жайық, Қиғаш, Есіл, Іле өзендерінің бассейндерінде, Қапшағай су қоймасында және Балқаш көлінде жүзеге асырылады. Пайдаланылатын су жолдары учаскелерінің жалпы ұзындығы 4 108,5 км құрайды, оның ішінде 4 040,5 км учаскеде кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралар іске асырылады.
Жолаушылар мен жүк тасымалдауды 659 кемесі бар жекеше кеме иелері жүзеге асырады, олардың ішінде 248 кеме пайдалануға тыйым салынған күйде тұр.
Соңғы 5 жылда өзен көлігімен жолаушылар тасымалдау көлемі 6 есе дерлік ұлғайып, 217,7 мың адамға, жүк тасымалдау 1,5 есе ұлғайып, 1 млн. тоннаға жетті.
2. Аталған саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері
Елдің су көлігінің дамуы жүк тасымалдаудың қосымша экспорттық және транзиттік бағдарын құруға, қазақстандық тауарлардың әлем нарықтарына шығуына және аталған салада қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.
3. Қолданыстағы заңнама және саланың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері
Қазақстан Халықаралық теңіз ұйымының (International Maritime Organization (IMO), бұдан әрі – ИМО) мүшесі болып табылады және соңғы 20 жылда ИМО мен Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен қабылданған 12 негізгі конвенцияға қосылды.
Бүгінгі күні «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» және «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының заңдары теңіз көлігі саласындағы негіз қалаушы нормативтік құқықтық актілер болып табылады.
Аталған заңнамалық актілер мемлекеттік басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негіздерін айқындайды және жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдауға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты қатынастарды реттейді.
Көрсетілген заңдарды іске асыру үшін су көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін нақтылайтын және айқындайтын 70-тен астам заңға тәуелді акті қабылданды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тасымал процесінің барлық қатысушылары сауда мақсатында теңізде жүзу қауіпсіздігі мен теңіз ортасын қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Қазақстан Республикасының Үкіметі кемелерге техникалық куәландыру және оларды жіктеуді жүргізу үшін шетелдік алты жіктеу қоғамын қабыл алды.
4. Саланың негізгі проблемалары
Су көлігінің негізгі проблемаларына мыналарды жатқызуға болады:
1) отандық флоттың бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы;
2) мемлекеттік техникалық флот тозуының жоғары деңгейі;
3) отандық кеме жасау және кеме жөндеу кәсіпорындарының дамымауы;
4) жағалау инфрақұрылымының нашар дамуы;
5) су көлігіндегі бақылауды іске асыру үшін қызмет бабында жүріп-тұру катерлерінің жеткіліксіздігі;
6) білім беру жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкес келмеуі, бұл білікті кадрлардың жетіспеушілігін тудырады.
Азаматтық авиация
1. Саланың ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы
Қазақстан Республикасы өңірдегі аса ірі елдердің бірі болып табылады және Ресейдің, Үндістан мен Қытайдың қуатты экономикаларының ортасында тұр. Қазақстан Республикасының аумағы әуе тасымалдарының еуропалық-азиялық нарығының қиылысында геостратегиялық тұрғыдан тиімді орналасқан.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 44 авиакомпания тіркелген, оның ішінде 5 авиакомпания тұрақты тасымалдарға (97 %-ы батыста шығарылған әуе кемелері) жұмылдырылған, 14-і тұрақты емес тасымалдарды (63 %-ы батыста шығарылған әуе кемелері), 3 авиакомпания жүк тасымалдарын (20 %-ы батыста шығарылған әуе кемелері) жүзеге асырады, 22 пайдаланушы (52 %-ы батыста шығарылған әуе кемелері) авиациялық жұмыстарды орындайды.
Тұрақты халықаралық қатынастар нарығында 32 авиакомпания жұмыс істейді, ондағы қазақстандық компаниялардың үлесі 52 %-ды, еуропалық компаниялардың үлесі 25 %-ды, азиялық тасымалдаушылардың үлесі 13 %-ды және басқалардың үлесі 10 %-ды құрайды.
Ішкі маршруттарды 5 тұрақты авиакомпания орындайды: «Эйр Астана» АҚ, «Скат» авиакомпаниясы» АҚ, «Bek Air» АҚ, «Жетісу» АҚ, «Жезқазған» АҚ. Ішкі жолаушылар тасымалының шамамен 75 %-ын «Эйр Астана» АҚ және 20 %-ын – «Скат» авиакомпаниясы» АҚ, 5 %-ын басқа авиатасымалдаушылар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары тасымалдаған жолаушылар саны 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 9,5 %-ға ұлғайып, 5 млн. адамға жетті. Әуе жолымен жолаушылар тасымалдау айналымының үлесі 4,2 %-ды құрады. 2013 жылы Қазақстан Республикасының әуежайлары 9 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетті. 2013 жылдың қорытындылары бойынша әуе жолымен жүк тасымалдау 24 мың тоннаны құрады.
Азаматтық авиация саласының кірісі 2013 жылы 315 млрд. теңгені немесе Қазақстан Республикасының ЖІӨ-нің 1 %-ын құрады. 2012 жылғы кірістерге қатысты өсім 2 %-ды құрады.
Азаматтық авиация саласында жұмыспен қамтылған халық саны шамамен 16 500 адамды құрайды.
Республикада республикалық және облыстық маңызы бар 18 әуежай жұмыс істейді. Бүгінгі күні халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат етілген 15 әуежайдың 12-сі ICAO стандарттары бойынша санат алған, олар:
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының республикалық және облыстық маңызы бар әуежайларының тізбесі
Р/с №
|
Әуежайдың атауы
|
Санаты
|
Қызмет көрсетілген жолаушылар саны, мың адам
|
Қарбалас сәттегі өткізу қабілеті, жолаушылар саны
|
Ірі әуежайлар (бір жылда 300 мыңнан астам жолаушы)
|
1
|
Алматы
|
III В
|
4 002,9
|
1 600
|
2
|
Астана
|
III А
|
2 303,1
|
750
|
3
|
Ақтау
|
I
|
731,7
|
450
|
4
|
Атырау
|
II
|
599,1
|
350
|
Орташа әуежайлар (бір жылда 100 мың және одан көп жолаушы)
|
1
|
Ақтөбе
|
I
|
292,2
|
500
|
2
|
Шымкент
|
I
|
193,5
|
100
|
3
|
Қарағанды
|
I
|
172,1
|
500
|
4
|
Орал
|
с/ж
|
152,1
|
200
|
5
|
Павлодар
|
I
|
125,8
|
200
|
6
|
Өскемен
|
I
|
113,0
|
200
|
Шағын әуежайлар (бір жылда 100 мыңға дейінгі жолаушы)
|
1
|
Қызылорда
|
I
|
71,1
|
150
|
2
|
Қостанай
|
с/ж
|
56,2
|
200
|
3
|
Семей
|
с/ж
|
26,5
|
400
|
4
|
Тараз
|
с/ж
|
24,2
|
200
|
5
|
Жезқазған
|
I
|
14,4
|
150
|
6
|
Талдықорған
|
с/ж
|
13,7
|
100
|
7
|
Көкшетау
|
I
|
12,4
|
200
|
8
|
Петропавл
|
с/ж
|
11,8
|
200
|
Елдің әуе кеңістігінде әуе қозғалысын ұйымдастырудың аса маңызды элементі аэронавигациялық қызмет көрсету болып табылады. «Қазаэронавигация» РМК Қазақстанда аэронавигациялық көрсетілетін қызметтердің провайдері (әуе қозғалысын басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және басқалары) болып табылады.
Қазақстан аэронавигациялық қызмет көрсетудің үш трансазиялық бағыттан тұратын бәсекелес өрісінде орналасқан:
1) Транссібір маршруттары (51 %) (Қазақстан аумағынан солтүстікке қарай, Ресей, Моңғолия және Қытай аумақтарының үстімен);
2) Қазақстан аумағының үстімен өтетін трансазиялық маршруттар (26 %);
3) Азиялық маршруттар (23 %) (Қазақстан аумағынан оңтүстікке қарай, Қара теңіз, Әзербайжан, Иран/Түрікменстан арқылы).
Қазақстан Республикасы әуе трассаларының жалпы саны – 90, бұл ретте олардың ұзындығы 83 876 км құрайды. Шектес мемлекеттермен шекарадағы әуе дәліздерінің жалпы саны – 73. 2013 жылы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде қызмет көрсетілген әуе кемелерінің саны 230 355 болды, бұл ретте 2012 жылмен салыстырғанда қозғалыс өсімі 106,5 %-ды құрады.
2013 жылы ICAO Техникалық ынтымақтастық бюросымен бірлесіп, коммерциялық тасымалдауды жүзеге асыратын 28 эксплуатантты қайта сертификаттау жүргізілді, соның нәтижесінде 8 сертификат/куәлік қайтарып алынды, 4 авиакомпанияның қызметі тоқтатылып қойылды.
Жұмыс орындарында және азаматтық авиация объектілерінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің мамандарын оқыту, оларға тағылымдамалар мен тренингтер, пайдаланушыларды, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету ұйымдарын қайта сертификаттау жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ мемлекеттік авиация инспекторларын шетел авиакомпаниялары әуе кемелерінің перрондық инспекциялары әдістемесіне оқыту жүргізілуде.
2. Осы саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы.
Соңғы онжылдықта Қазақстанда жолаушылар тасымалы көлемінің айтарлықтай өскені (15 %-дан астам) байқалды.
Қазақстан әуе қатынасы туралы 36 халықаралық келісім жасады, бұл ретте халықаралық авиатасымалдар желісі 64 қатынасты ұсынады.
2012 жылы ішкі нарыққа ішінара ырықтандыру жүргізілді.
Қазақстанда облысішілік тасымалдарды субсидиялау бағдарламасы қолданылады, оның шеңберінде қазіргі уақытта 1,5 млрд. теңге сомасына 8 маршрут субсидияланды.
Бүгінгі күні еліміздің әуежайларында 13 ұшу-қону жолағы және 9 терминал реконструкцияланды, бұл жолаушылар ағынын ұлғайтып, авиациялық қызметтердің сапасын арттырды.
Азаматтық авиацияның жай-күйі ДЭФ БҒИ елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілік рейтінгінде де көрініс тапты, оған сәйкес Қазақстан 2012 жылы «Әуе көлігі инфрақұрылымының сапасы» көрсеткіші бойынша 87-орын және «Бір километрге шаққандағы орындардың қолжетімділігі» көрсеткіші бойынша 57-орын алады.
3. Қолданыстағы заңнама және саланың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері
Қазіргі уақытта азаматтық авиация саласы «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңдармен және 100-ден астам заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Қазақстан 1992 жылы қосылған Халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго конвенциясына 19 қосымшада жазылған стандарттар мен ұсынылатын практика ережелері азаматтық авиация саласында нормативтік өріс құру үшін негізі болып табылады.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылаудың ұйымдастырылуына тексеру жүргізу бойынша ICAO аудитімен 2009 жылы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне жататын елеулі кемшіліктер анықталуына байланысты ЕК Ұшу қауіпсіздігі комитетінің тексеру қорытындылары бойынша қазақстандық авиакомпаниялардың Еуроаймақтағы қызметіне шектеу қойылған болатын.
Ұлттық заңнаманың және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ұйымдық құрылымы мен рәсімдердің ICAO талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында азаматтық авиация саласындағы заңнамаға сараптама жүргізілді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына түзетулер енгізілді.
Қазіргі кезде қазақстандық авиакомпанияларының ЕО аймағына ұшуды орындауына шектеулерді жою жөнінде шаралар қабылдануда. Атқарылған жұмыс нәтижесінде «Эйр Астана» АҚ-дан ЕО елдеріне ұшуды орындауға шектеулер алып тасталды.
Бұл ретте, 2009 жылғы аудит ескертулерін жою бойынша ICAO миссиясы өткізілді. ICAO валидациялық миссиясының қорытындылары бойынша ұшу жарамдылығына қатысты елеулі ескерту алынып, ААК қызметінің ICAO стандарттарына сәйкестігі пайызы 18%-ға артты, яғни 47 %-дан 65%-ға дейін өсті. Бұл ретте, әлемдік орташа көрсеткіш 60 %-ға сәйкес келеді.
4. Саланың негізгі проблемалары
Азаматтық авиация саласының негізгі проблемаларына мыналарды жатқызуға болады:
1) жеткіліксіз жүктелуіне, әуежайлар менеджменті мен мемлекеттік қолдау деңгейінің төмен болуына байланысты әуежайлардың жерүсті инфрақұрылымының техникалық нашар жарақтандырылуы және тозуы (50 %);
2) авиациялық жұмыстарға арналған әуе кемелерінің ескірген паркі, ШОБ кәсіпорындарын шағын авиацияны дамытуға тарту үшін төмен коммерциялық тартымдылық және әкімшілік кедергілердің болуы;
3) рентабельділігінің төмен болуы және мемлекеттік қолдаудың болмауы себебінен жергілікті әуе желілерінің қолданыстағы әуеайлақтары санының аз болуы;
4) жаһандық ырықтандыру жағдайындағы бәсекеге қабілеттіліктің төмен болуы;
5) әуе кеңістігін пайдалану тиімділігінің төмен болуы;
6) ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі;
7) кадрларды даярлаудың қазіргі заманғы жүйесінің, балалар мен жасөспірімдердің авиациялық-техникалық шығармашылығы жүйесіндегі мемлекеттік қолдаудың, аэроклубтар мен спорттың авиациялық түрлерінің болмауынан білікті кадрлардың аса жетіспеушілігі;
8) инфрақұрылымның дамымауы және оны дамыту жағдайларының болмауы себебінен транзиттік авиатасымалдардың даму деңгейінің төмендігі;
9) авиакөліктің қоршаған ортаға зиянды әсері.
Достарыңызбен бөлісу: |