“Ќазаќстан Республикасы Мемлекеттік ќызметіне 10 жыл”



Дата29.11.2023
өлшемі36.5 Kb.
#484816
эссе УОБ Ардак


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, тәуелсіз мемлекетік әлемге таныстырды. Ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Осы аз ғана уақыт ішінде мемлекетімізді қайта құрып, бірқатар құқықтық заңнамалық актілерге өзгертулер енгіздік.


Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында конституциялық негізде, жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет. Менің ойымша, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу, әрбір азаматқа үлкен жауапкершілікті жүктейді.
Қзақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің құрылуын, 1995 жылдың 25 желтоқсанындағы “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңдық күші бар Қазақстан Республикасының Жарлығын санауға болады. Аталған нормативтік құқықтық актімен алғашқы рет мемлекеттік қызмет жүйесі, оны ұйымдастырудың негізгі қағидалары қалыптастырылған.
1999 жылдың 23 шілдесінде жаңадан ҚР “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңы қабылданған, осының негізінде жаңа қазақстандық мемлекеттік қызмет құрылды, бұл мемлекеттік қызмет мәселелерін белсенді және сапалы шешуге қол жеткізді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде жұмыс атқаратын әрбір азамат, қай жағынан салыстырып қарасақта, мемлекеттік органдар мен халық арасындағы көпір сияқты. Халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқаратын болғандықтан, өз қызметімізге адал және адамгершілікпен қарап, зор ілтипатпен атқарғанымыз жөн. Өйткені осындай мемлекеттік қызмет жаңадан құрылған, “Егеменді еліміздің” тамыры болып есептеледі, сондықтан енді ғана бой түзеп жапырық жайып гүлденіп келе жатқан мемлекеттіміздің одан әрі гүлденуі біздің қолымызда.
Қазақ Елінің тәуелсіз ел екендігін растайтын тарихымыз туралы қысқаша айта кетсек, елі мен жері, бүгінгі болашақ ұрпақтың азат өмір сүруі үшін аянбай күрескен батырларымыздың ерліктері бүгінгі таңда ұмытылмайды. Сонау тарих соқпақтарына тоқталсақ, ел басқарған билер мен хандар, сол заманда-ақ ел басқару мәселесіне көп көңіл бөлген. Тәуке ханның “Жеті жарғысы”, Есім ханның “Ескі жолы”, Қасым ханның “Қасқа жолы” сияқты, тарихта қалған “ел басқару іздері” осының дәлелі іспеттес.
Әлемде мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың көптеген дәстүрлері бар. Сондықтан мемлекеттік қызмет тиімді қолданылатын елдердің тәжірибесіне теориялық және практикалық қызығушылық туындайды.
Тәуелсіздіктің көк туы төбемізде желбіреп, енді ғана жас баладай талпынып, өсіп келе жатқан мемлекетіміздің көркеюі үшін, бәріміз бір кісідей жемқорлыққа қарсы күресте жұмыла күрессек, көптеген жетістіктерге қол жеткізуге болады. Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері қазіргі таңда көз жұма қарайтын мәселе емес, сонымен қатар бұл тек мемлекеттік қызметте жұмыс атқаратындардың ғана емес, барлық халықтың жауапкершілігін дәріптейтін мәселе болуы тиіс.
Адам мен қоғам бір-бірімен тығыз байланысты. Қоғамды өзгертіп және жаңартатын да сол Адамның өзі. Сондықтан бұл екеуін екі болып ажыратуы мүмкін емес. Сол сияқты да мемлекеттік қызметкер мемлекеттік лауазымға ие бола отырып, ең бірінші өзінің қоғам алдындағы жауапкершілігін ұмытпауы керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады» деген нақыл сөзді алып қарасақ астарында қаншама мән-мағына жатыр, бұл дегеніміз қоғам мен адам арасындағы елеулі мәселелерді шешуге жұмыла кіріссек, тиімді жолдарын табуымыз да мүмкін.
Әлеуметтік орта және қоғамда мемлекеттік қызметкердің алатын орны ерекше. Ол халықпен етене тығыз жұмыс жасайтындықтан, өз міндеттерін адал атқарғаны дұрыс деп есептеймін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет