Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Астана қаласы



бет1/2
Дата13.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#131384
  1   2


Қазақстан Республикасы

Өңірлік даму министрлігі

Астана қаласы

2013 жылғы 17 мамырдағы

№ №01-04-03/77НҚ






Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрлігі
Астана қаласы

2013 жылғы 15 мамырдағы № 358


БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ



«Автомобиль және темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 385 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда

министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 192 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағын, 15-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Автомобиль және темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 385 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 192 бірлескен бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7089 нөмiрмен тiркелген, «Заң газеті» газетінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 114 (2104), 2011 жылғы 11 тамыздағы № 115 (2105) нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Автомобиль және темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерінде:

5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) автомобиль көлiгi саласында:

жоғары дәрежелi тәуекелге:

жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тексерiлетiн субъектiлер;

қауiптi жүктер тасымалын жүзеге асыратын тексерiлетiн субъектiлер;

механикалық көлiк құралдарына және олардың тiркемелерiне


мiндеттi техникалық байқау жүргiзуді жүзеге асыратын тексерiлетiн субъектiлер жатады;

орташа дәрежелi тәуекелге:

iрi габариттi және ауыр салмақты жүктер тасымалын жүзеге асыратын тексерiлетiн субъектiлер;

автостанциялар, автовокзалдарға иелiк ететiн тексерiлетiн субъектiлер жатады;

болмашы дәрежелi тәуекелге:

өзге де жүктер тасымалын жүзеге асыратын тексерiлетiн субъектiлер жатады;»;

8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

2) темір жол көлігі саласында:

өрескел бұзушылықтарға мыналар жатады:

поездар қозғалысына байланысты қызметкерлердi кезеңдік медициналық тексеруден өткiзудiң, сондай-ақ поездар қозғалысына тiкелей байланысты локомотив бригадалары мен қызметкерлерiнiң денсаулығын рейс алдында бақылаудың болмауы;

поездар қозғалысына байланысты қызметкерлердiң қозғалыс қауiпсiздiгi мәселелерiн регламенттейтiн қолданыстағы нұсқаулықтар мен ережелердi және лауазымдық нұсқаулықтарды бiлу мәнiне кезеңдік тексеру жүргiзілмеуі;

дефектоскопия мен диагностика жүйелерi құралдарын жарамды жағдайда ұстамау және тиiмдi пайдаланбау;

"Қозғалыс қауiпсiздiгi күнi" тақырыбы бойынша апта сайынғы тексерулер өткiзілмеуі;

анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде шаралар қабылдаумен қауiпсiздiктi бақылау құрылғылары мен аспаптарының жай-күйiн тексеру мен пайдалануды бекiтiлген график бойынша орындамау;

жүргiзiлетiн жұмыс ерекшелiгiне сәйкес техникалық жарамды аспаптармен және техникалық құралдармен қамтамасыз етпеуi;

темір жол көлігінің техникалық құралдарын пайдалану кезінде қозғалыс қауіпсіздігін сақтамау;

жылжымалы құрамда жарамды бастапқы өрт сөндіру құралының болмауы;

темір жолдар, темір жол станциялары, жолаушы платформалары, сондай-ақ поездар қозғалысына және маневр жұмыстарына байланысты темір жол көлiгiнiң басқа да объектiлерiнде сигналдық қоршауларының болмауы;

жұмыс өндірісі орындарын сигнал белгілерімен қоршамай аралықтар мен станцияларда жол жұмыстарын жүргiзу;

жұмыскерлерді қорғаныс құралдарын қолданбай тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруы;

жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тиеу және түсіруге байланысты, өртке қарсы қауіпсіздікті сақтау нұсқаулығын өтпеген адамдарды жұмысқа жіберу;

бастапқы өрт сөндірудің толық жиынтығы жоқ, ақаулы немесе зарядталмаған өрт сөндіру қондырғылары, ақаулы өрт сигнализациясы, сонымен бірге ақаулы авариялы шығулар мен түтінді кетіру жүйлелері бар жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу;

темiр жол көлiгiнде оның салдарынан қирауға әкеп соққан қауiпсiздiк шараларын сақтамау;

темiр жол көлiгiнде оның салдарынан аварияға әкеп соққан қауiпсiздiк шараларын сақтамау;

темiр жол көлiгiнде оның салдарынан ақаулықтың ерекше жағдайына әкеп соққан қауiпсiздiк шараларын сақтамау;

темiр жол көлiгiнде оның салдарынан ақаулық жағдайына әкеп соққан қауiпсiздiк шараларын сақтамау;

темiр жол көлiгiнде оның салдарынан жұмыстағы қиындыққа әкеп соққан қауiпсiздiк шараларын сақтамау;

локомотивте және моторвагонды жылжымалы құрамда, сонымен бірге арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда ақаусыз радиобайланыстың, қозғалыс жылдамдығын бақылау құрылғысының, қозғалыс параметрін тіркеушінің, автоматты локомотив сигнализациясының болмауы;

жылжымалы құрамдағы жүктеме түсірілмеген доңғалақтарда доңғалақтар арасындағы ішкі жақтаулардың 1440 миллиметр (бұдан әрі- мм) кем немесе артық болуы;

локомотивтерде және вагондарда, сонымен бірге 120 км/сағ-тан 140 км/сағ жылдамдықпен поездарда айналатын арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда жылжымалы құрамды пайдалану кезінде доңғалақтардың ішкі жақтауларының арасында ұлғаю жағына 3 мм-ден аса және азаю жағына 1 мм-ден аса 1440 мм-ден болуы;

локомотивтерде, жолаушылар және жүк тиелмеген вагондарда рельстердің үстіңгі қалпақшасының деңгейінен автотіркегіш білігінің қашықтығы 1080 мм аса болуы;

локомотивтерде және адамдары бар жолаушылар вагондарында рельстердің үстіңгі қалпақшасының деңгейінен автотіркегіш білігі қашықтығының биіктігі бойынша 980 мм аса болуы;

жүк (жүк тиелген) вагондарында рельстердің үстіңгі қалпақшасының деңгейінен автотіркегіш білігі қашықтығының биіктігі бойынша 950 мм аса болуы;

жүк тиелмеген күйдегі арнайы жылжымалы құрамда рельстердің үстіңгі қалпақшасының деңгейінен автотіркегіш білігі қашықтығының биіктігі бойынша 1080 мм аса болуы;

жүк тиелген күйдегі арнайы жылжымалы құрамда рельстердің үстіңгі қалпақшасының деңгейінен автотіркегіш білігі қашықтығының биіктігі бойынша 980 мм аса болуы;

жүк поезында автотіркегіштің бойлық біліктерінің арасындағы биіктік бойынша 100 мм аса қашықтықтың болуы;

120 км/сағ жылдамдықпен жүретін жолаушылар поезындағы автотіркегіштің бойлық біліктерінің арасындағы биіктігі 70 мм аса болуы;

жүк поезының локомотиві мен бірінші жүк тиелген вагоны арасындағы автотіркегіштің бойлық біліктерінің арасындағы биіктік бойынша қашықтықтың 110 мм болуы;

121-160 км/сағ жылдамдықпен жүретін жолаушылар поезында автотіркегіштің бойлық біліктерінің арасындағы биіктік бойынша қашықтықтың 50 мм болуы;

жолаушылар поезының локомотиві мен бірінші вагоны арасындағы автотіркегіштің бойлық біліктерінің арасындағы биіктік бойынша қашықтықтың 100 мм болуы;

арнайы жылжымалы құрамның локомотиві мен жылжымалы бірлігінің арасындағы автотіркегіштің бойлық біліктерінің арасындағы биіктік бойынша қашықтықтың 100 мм болуы;

радиусы 349 м-ден 300 м-ге дейін кезде тік қиғаштан кем емес жолтабанның ені бойынша 1530 мм қашықтықтың болуы;

радиусы 299 м-ге дейін кезде тік қиғаштан кем емес жолтабанның ені бойынша 1535 мм қашықтықтың болуы;

рельсшпальдік тордың кешенді ауыстырылуы жүргізілмеген радиусы 650 м-ден кем емес жолдың тік және қиғаш учаскелерінде жолтабанның ені бойынша қашықтық 1524 мм болуы;

тік және радиусы 350 м және одан аса қиғаш жолдардың учаскелерінде рельстердің қалпақшаларының ішкі жақтаулары арасындағы жол табан енінің 1520 мм болуы;

тарылу бойынша (-4мм), кеңеюі бойынша (+8 мм) аспауы қажет тік және қиғаш жол учаскелерінде, ал жүру жылдамдығы 50 км/сағ және одан да кем деп белгіленген және тарылу бойынша (-4 мм), кеңеюі бойынша (+10 мм) учаскелерде жолтабан енінің атаулы өлшемдерден ауытқуының бар болуы;

жолтабан енінің 1512 мм кем және 1548 мм артық болуы;

жүккөтергіштігінен асатын жүк тиелген вагондардың жолға шығуы;

кузовтың қисаюына немесе вагонның рамасы мен кузовының жүру бөлшектеріне соғылуына алып келетін отырып қалған рессорлары бар вагондарды, сонымен бірге оның беттерінің үзілу қаупін төндіретін ақаулы шатыры бар вагондарды жолға шығару;

оларды тексергенге және қозғалыс үшін жарамды деп танығанға дейін поездарды шығару және рельстен шығып кеткен немесе қирауға тап болған поездарда болған вагондарды жолға жіберу;

поезда ақаулы электропневматикалық тежеуіші бар жолаушылар вагонының болуы;

поезда ақаулы электржабдығы бар жолаушылар вагонының болуы;

поезда жолаушылар поезының бастығы (механик-бригадир) мен локомотив машинистімен ақаулы радиобайланысы бар радиокупесі (штабтық) бар жолаушылар вагонының бар болуы;

жолаушылар поезының вагондарында жолаушылардың химиялық улануына қауіп және багажды, жүк багажын (тезтұтанатын сұйықтар, газдар, жарылғыш және улы заттар) және пошта жөнелтілімдерін тасымалдаудың қауіпсіз жағдайына қауіп төндіруі мүмкін заттардың, нәрселердің немесе өзге материалдар мен бұйымдардың бар болуы;

вагондарды жөндеу кезінде қолданылатын құрылымдық элементтер мен материалдардың, сонымен қатар жану жағдайында оттың, түтіннің пайда болуын, таралуын және әсер етуін шектеуді қамтамасыз етпейтін өртке қарсы қорғаныс жүйесінің сәйкессіздігі;

жолаушылар поезында жолаушылар вагонының корпусына тоқтың ағуымен вагонды пайдалану;

осы шынжыр үшін белгіленген номиналға сәйкес келмейтін сақтандырғыш қойылған жолаушылар вагонын пайдалану;

жолаушылар вагондарында вагондарды жасаушы зауыттың схемасымен және нұсқаулығымен қарастырылмаған жылыту құрылғыларының және өзге электр аспаптардың болуы;

жолаушылар вагондарында электр аппараты бар қуыстарда өзге заттардың, жылыту құрылғыларының, электржарықтың жанында жанғыш материалдың болуы;

жолаушылар вагондарында желдеткіштің жұмыс жасамауы кезінде электркалориферді қосуы және олардың дистанциондық термометрдің көрсеткіші бойынша рұқсат етілген температурадан 28 ºС жоғары қызуына жол беру;

жол жүру кезінде бос розеткалармен және қорғаушы коробкалармен қорғалмаған вагонаралық электр байланыстарды (штепсель, қалпақша және өзге) пайдалану;

ашық жылжымалы құрамда жүктерді тасымалдау кезінде (орауды және беткітуді есепке алғанда) жүк тиеудің габаритті емес болуы;

қауіпті жүктерді бүлінген ыдыста немесе ашық тығынмен (қақпақпен, люкпен) тасымалдау;

бақылау рамасы бар жүктің тиісті біліктілігі бар жол қашықтығы жұмыскерінің алып жүруінсіз жол жүруі;

бұдан бұрын қауіпті жүктер тасымалданған көлік құралдарында тамақ өнімдерін тасымалдау;

тасымалдау кезінде жүктің қозғалып кетуі және бүлінуі мүмкін ашық жылжымалы құрамда жүктерді орналастыру және бекіту;

радиациялық фактор бойынша нормаланатын жүктерді тасымалдағаннан кейін көлік құралдарын пайдалану кезінде радиациялық бақылаудың болмауы;

жолаушылар локомотивінде электрпневматикалық тежеуішті басқарудың ақаусыз қондырғысының жоқтығы;

жүк поездарына арналған ақаулы тежеуіш магистралінің тығыздығын бақылау қондырғысы бар локомотивті пайдалану;

локомотивтерде ақаулы поезды тежеуді немесе қауіпсіздіктің кешенді локомотив қондырғысын автоматты басқару жүйесінің, сонымен бірге машинистің сергектігін бақылау жүйесінің, артқы көрініс айнасының және өзге де осындай құрылғылардың бар болуы;

моторвагонды поездарда өту бағдаршамдарына, өткелдер мен станцияларға, «жолаушы-машинист» байланысына, есіктің жабылуын бақылау сигнализациясына, автоматты өрт сигнализациясына кірме жолдар кезінде ақаулы қозғалыс жылдамдығын және сөйлеу ақпаратын бақылауды қамтамасыз ететін автожүргізу жүйесінің бар болуы;

маневрлік локомотивтерде ақаулы оларды вагондардан дистанциондық түрде ажырату құрылғысының, екінші басқару пультінің, артқы көрініс айнасының және машинисттің локомотивті жүргізу қабілеттілігі кенеттен жоғалған сәтте автоматты тоқтатуды қамтамасыз ететін құрылғысының жоқтығы;

локомотивтерде, моторвагонды поездарда және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда ақаулы автоматты локомотив сигнализациясының бар болуы;

жолаушылар вагондарында, мотовагонды жылжымалы құрамда және локомотивтерде техникалық құжаттамаға сәйкес жарықтандырудың жеткілікті жиілігін және оның ұзақтығын қамтамасыз ететін ақаулы авариялық жарықтандыру жүйесінің бар болуы;

қызмет мерзімінің техникалық құжаттамасында көрсетілген жылжымалы құрамның доңғалақ жұбының доңғалақ, білік және бандаж төзімділігі қорының жоқтығы;

темір жол жылжымалы құрамындағы дизельдің, электр машинасының, желдеткіштің, компрессордың және өзге де жабдықтың айналатын бөлшегі қоршауының жоқтығы;

жолаушылар вагондарында және моторвагонды жылжымалы құрамда ақаулы ауаны желдету жүйесінің, поезішілік телефон байланысының, букстің қызуын бақылау жүйесінің, поезд радиобайланысының болмауы;

габарит еместің, инфрақұрылым құрылысының жақындауы және темір жолда темір жол жабдығының жақындауы болуы;

жолаушылар поездарында жолаушылар ережесін сақтамауы;

жолаушылар вагондарында қол жүгін және багажды тасымалдау тәртібін және шартын сақтамау;

жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру, қолдану мерзімін ұзарту және билет кассаларының жұмыс тәртібін сақтамау;

тасымалдаушылардың қауіпті жүктерді тасымалдау шарттарын сақтамауы;

оларды қайта құруға дейін қазіргі кезде бар желілерде жер төсемі енінің бір жолды желілерде 5,5 м кем емес, екі жолды желілерде 9,6 м кем емес, ал бір жолды желілерде жарлы және құрғақ жерлерде 5 м кем емес, екі жолды желілерде 9,1 м кем емес болуы;

жолаушылар поездарында билетсіз жолаушылардың және ресімделмеген багаждың, жүк-багаждың болуы;

темір жол вокзалдарында медициналық көмек пунктісінің болмауы;

жолдарды, жасанды құрылыстарды, локомотивтерді, вагондарды, дабыл және байланыс, электр жабдықтау құрылғыларын, темір жол өтпелерін және басқа да көліктің техникалық құралдарын жөндеу және ұстау сапасын көтеру бойынша қажетті жұмыстың болмауы;

қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулары бар жылжымалы құрамды, соның ішінде арнайы жылжымалы құрамды (бұдан әрі - АЖҚ) пайдалануға және поездарда жүруге жіберуі;

жөндеудің жоспарлы-ескерту түрлерінен және техникалық қызмет көрсетуден уақтылы өтпеген жылжымалы құрамды және АҚЖ пайдалануы;

жыл сайынғы метрологиялық тексеруден, аппаратурасы өндірушінің пайдалану құжаттарына сәйкес аппаратура жоспарлы жөндеуден, мыналардан: техникалық қызмет көрсетуден кемінде жылына 1 рет, орташа жөндеуден 2 жылда кемінде 1 рет, жаңғыртудан 4-6 жылда кемінде бір рет өтпеген жол өлшеуіш және дефектоскопты аппаратурамен жабдықталған АЖҚ пайдалануы;

жұмыс істеп тұрған локомотивтерді, моторвагонды және АЖҚ, оларды пайдалана алатын қызметкердің қадағалауынсыз депо жолдарында және кәсіпорындар жолдарында, ал АЖҚ машиниссіз және жүргізушісіз немесе олардың көмекшісінсіз станциялық жолдарда қалдыруы;

жолаушылар локомотивінде электрпневматикалық тежегіштерді басқару құрылғыларының, жоғары вольтті жылыту үшін қуатты іріктеудің болмауы;

жүк поезының локомотивтерінде тежегіш магистральдың тығыздығын бақылау үшін құрылғылардың, аспаптардың болмауы;

жүк поездарына арналған ақаулы тежеуіш магистралінің тығыздығын бақылау қондырғысы локомотивте болмауы;

бір машинист қызмет көрсеткен кезде поезды локомотивте немесе моторвагонды поезда поездың тежелуін немесе кешенді локомотивтік қауіпсіздік құрылғысын автоматты басқару жүйесінің, сондай-ақ машинистің сергектігін бақылау жүйесінің болмауы;

бір машинист қызмет көрсеткен кезде поезды локомотивте және моторвагонды поезда автожүргізу жүйесі құрылғысының болмауы;

моторвагонды жылжымалы құрамда есіктің жабылуын бақылау сигнализацияларының және «жолаушы-машинист» байланысының болмауы;

бір машинист қызмет көрсететін маневрлік локомотивте оларды вагондардан қашықтық ажырату құрылғыларының болмауы ;

бір машинист қызмет көрсететін маневрлік локомотивте басқарудың екінші пультінің болмауы;

жылына екі рет (көктемде және күзде) комиссиялық түрде қарауынсыз тартқыш жылжымалы құрам, жолаушылар вагондары және АЖҚ рұқсат етілуі;

бір машинист қызмет көрсететін маневрлік локомотивте машинистің локомотивті жүргізу қабілеттілігі кенеттен жоғалған жағдайда автоматты тоқтатуды қамтамасыз ететін құрылғының болмауы;



локомотивтердің және моторвагонды жылжымалы құрамның белгіленген қызмет мерзімін өтеген жүк және жолаушы поезына жіберілуі;

дыбыс сигналын беруге арналған аспаптың ақаулығымен локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;

пневматикалық ақаулығымен локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;

ең болмаса бір тартымдық электр қозғалтқышының ақаулығы немесе өшіп қалған локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;



автоматты локомативтік сигнализациясы немесе қауіпсіздік құрылғылары ақаулы локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;

автотоқтату немесе машинистің сергектігін тексеру құрылғылары ақаулы локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;

электрпневматикалық ақаулығымен локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;



поездық және маневрлік радиобайланысы ақаулығы, ал моторвагонды жылжымалы құрамда – «жолаушы - машинист» байланысының ақаулығы бар локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды жіберуі;

гидродемпферлерінің, аккумуляторлық батареясының ақаулығы бар локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;

автотіркегіш құрылғыларының ақаулығы бар, соның ішінде ағыту тұтқышы шынжырының үзілуі немесе оның деформациясы бар локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;

құм беру жүйесінің ақаулығы бар локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;

прожекторының, буферлік шамының, жарықтандыруының, бақылау немесе өлшеу аспабының ақаулығы бар локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;

қамыты, серіппелі іліністе немесе серіппесінің түпкі табанында жарығы, серіппе табағының сынуы бар локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;

букс корпусындағы жарық локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;

букстық немесе моторлы – осьтік мойынтірегі ақаулы локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;

бөлшектердің жолға түсіп қалуынан сақтандыратын конструкцияда көзделген құрылғының болмауы немесе оның ақаулығы бар локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;

тартқыш тісті берілістің ең болмағанда бір ғана тісінің жарығы немесе сызаты болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілуі;

жаққыш майдың ағып кетуіне әкелетін тісті беріліс қаптамасының ақаулығымен локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілуі;

жоғары вольтты камераның қорғағыш бұғаттауының ақаулығымен локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілуі;

ток қабылдағыштың ақаулығымен локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілуі;

өрт сөндіру құралдарының, автоматты өрт сөндіру сигнализациясының (локомотив конструкциясында көзделген) ақаулығы болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілуі;

электр жабдығының қорғану қаптамаларының болмаған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілуі;

локомотивті басқарудың микропроцессорлық жүйесінің ақаулығы болған жағдайда локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілуі;

қол тежегіштердің немесе сығымдағыштың ақаулығымен локомотивті, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға жіберуі;

поездарға электрпневматикалық тежегішінің, электр жабдықтарының, өрт сөндіру сигнализациясының, тасымалдау жағдайларын бұзатын ауаны баптау, желдету, жылыту жүйесінің ақаулықтары және жолаушыларды, жолаушылар вагондарын қосуға рұқсат етілуі;

жүк тиеуге және адамдарды отырғызуға техникалық қызмет көрсетуге ұсынылмаған вагондарды беруге рұқсат етілуі;

құрастыру және тарату станцияларында, жүру жолында поездар қозғалысы графигінде көзделген станцияларда техникалық қызмет көрсетуді өтпестен поезда вагонды пайдалануы;

жолаушылар вагондарындағы электр қорғау құрылғылары, өрт сөндіру құралдары, өрт сигнализациясы және автоматика кезеңдік сынақтан өткізілуі;

қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары жөндеудің жоспарлы-ескерту түрлерінен, техникалық қызмет көрсетуді уақытылы өткізу және пайдалану процесінде техникалық жарамды күйде пайдалануы;



деполық немесе күрделі жөндеуден өтпеген, жедел резервтегі қар жинағыш және қар тазалағыш техниканы қар жинау бойынша жұмысқа жіберу;

жедел резервтегі АЖҚ - ны техникалық қарап тексермей станциядан жөнелтілуі;

автоматты тежегіштермен жабдықталмаған арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет