Регламенті Жалпы ұғымдар Осы «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»



Дата29.02.2016
өлшемі181.87 Kb.
#29494
түріРегламент
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2013 жылғы 28 наурыздағы
№ 78 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ұғымдар

      1. Осы «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:


      1) пайдаланушы - жеке немесе заңды тұлға;
      2) уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі;
      3) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасы.

2. Жалпы ережелер

      2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту.


      3. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес мекенжай бойынша жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдардың тиісті құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.
      4. Көрсетiлетiн мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 14-1, 150-баптарының, сондай-ақ Стандарт негiзiнде жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі бекітілген жерге орналастыру жобасы болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызмет күн сайын дүйсенбіден бастап жұма күнін қоса алғанда, 9-00-ден 18-00-ге дейін көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес мереке күндері.


      Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
      1) уәкілетті органның стендiлерiнде және бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады;
      2) «Ақтөбе облысы жер қатынастары басқармасы» ММ (бұдан әрі – басқарма) www.zher.aktobe.gov.kz ғаламтор-ресурсында орналасады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті пайдаланушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 7 жұмыс күні;
      2) құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут;
      3) құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады, егер құрастырылған жерге орналастыру жобасы:
      1) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің нормалары мен талаптарына;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргiзудiң ережесіне сәйкес болмаған жағдайда бас тартылады.
      Мемлекеттік қызметті пайдаланушыға жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекітуден бас тартуға себеп болған құжатты көрсете отырып мемлекеттік қызметті пайдаланушының кейінгі іс-қимылын көрсететін жазбаша хабарлама жолданады.
      Стандарттың 11-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік қызметті пайдаланушының құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын уақытта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде жазбаша хабардар етеді.
      Уәкілетті орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет пайдаланушыға бекітілген жерге орналастыру жобасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап бермеген жағдайда, онда беру мерзімінің өткен күнінен бастап жерге орналастыру жобасы бекітілді деп есептеледі.
      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар жер учаскесі орналасқан жердегі уәкілетті органға тапсырылады.
      Уәкілетті органның кеңсе қызметкері қабылдап алынған құжаттарды тіркейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның басшысына немесе оның міндетін атқаратын тұлғаға тапсырады.
      Уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқаратын тұлға құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама толтырады және құжаттарды келіп түскен жұмыс күні ішінде тиісті құрылымдық бөлімшеге береді.
      Уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы келіп түскен құжаттарды қарап шығады және келіп түскен жұмыс күні ішінде жауапты бөлімшеге береді.
      Уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (орындаушы) құжаттың толықтығын тексереді, құжаттың заңнамаға сәйкестігін қарайды, жауап жобасын дайындайды және 4 (төрт) жұмыс күні ішінде тиісті құрылымдық бөлімшенің уәкілетті басшысына келісу үшін жібереді.
      Уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы жауап жобасын келіседі және 1 (бір) жұмыс күннің ішінде уәкілетті органның басшысына қол қою үшін жолдайды.
      Уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқаратын тұлға орындалған құжаттың негізділігін тексереді, қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне 1 (бір) жұмыс күні ішінде жіберу үшін орындаушыға жібереді.
      Орындаушы 1 (бір) сағат ішінде қол қойылған құжаттарды уәкілетті органның кеңсесіне жібереді.
      Мемлекеттік қызметті пайдаланушыға жұмыс күні ішінде бекітілген жерге орналастыру жобасын немесе дәлелді жауапты беру үшін уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері рұқсатнаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты қабылдап алады және тіркейді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау

      12. Уәкілетті органда құжаттар қабылдаған кезде кіріс құжаттарын тіркеу журналына тиісті жазба түсіріледі. Мемлекеттік қызметті пайдаланушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:


      1) өтініштің нөмiрi және қабылданған күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) мен орны;
      5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтiнiштi қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледi.
      13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін уәкiлеттi органға Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынуы қажет.
      14. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар: уәкілетті орган қызмет пайдаланушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың cақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында мына құрылымдық - функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) іс-әрекет етеді:
      1) уәкілетті органның басшысы;
      2) уәкілетті орган бөлімінің жауапты маманы;
      3) мамандандырылған кәсіпорынның басшысы;
      4) мамандандырылған кәсіпорынның жауапты маманы;
      5) уәкілетті органның кеңсе қызметкері.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      17. Уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі сабақтастығы мен өзара іс-қимылының сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетуші лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      18. Мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдары жауапты болып табылады.


      Мемлекеттік қызметті пайдаланушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мекенжайлары және телефондары Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының жауапты лауазымды адамына жүгіне алады.
      19. Мемлекеттік қызметтерді пайдаланушы уәкілетті органның қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдемдесу үшін уәкілетті органмен белгіленген мекен жайлары мен телефондары Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жауапты қызметкеріне жолығуы қажет.
      Шағымның қаралу нәтижесі туралы өтініш иесіне жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі


жерге орналастыру жобаларын бекіту»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сипаттамасы



Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеті

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері

Уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқаратын тұлға

Уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы

3

Әрекеттің
(үдерістің,
рәсімнің,
операцияның) атауы
және олардың
сипаттамасы

Пайдаланушы ұсынған құжаттар пакетін тексеру және қабылдап алу. Жүйеде тіркеу және құжатты қабылдап алғандығы туралы қолхат беру

Құжаттың мазмұнымен танысу және бұрыштама толтыру

Құжаттарды қарау және келіп түскен құжаттарды жауапты бөлімшеге жіберу

4

Аяқтау (мәліметтер,
құжат,
ұйымдастырушылық -
өкімдік шешім)
нысаны

Пайдаланушы ұсынған құжаттар пакетін уәкілетті органның басшысына немесе оның орнындағы тұлғаға жіберу

Құжаттарды уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысына жіберу

Құжаттарды уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшенің қызметкеріне жіберу

5

Орындалу мерзімі

Құжаттардың қабылдап алынуына қарай бір сағат ішінде

Құжаттардың түсуіне қарай бір күннің ішінде

Құжаттар түсуіне қарай бір күннің ішінде

кестенің жалғасы

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағымының) әрекеті

4

5

6

7

Уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкері

Уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы

Уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқаратын тұлға

Уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкері

Құжаттардың заңнамаға сәйкестігін қарау, құжаттардың толықтығын тексеру, жауап жобасын дайындау, уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына келісуге жіберу

Жауап жобасына келісу

Құжаттың негізді орындалғандығын тексеру және құжаттарға қол қою. Уәкілетті органның кеңсесіне жіберу үшін орындаушыға жіберу

Бекітілген жерге орналастыру жобасын немесе дәлелді бас тартуды беру үшін құжаттарды уәкілетті органның кеңсесіне жіберу

Құжаттарды уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысына жіберу

Келісілген құжаттарды уәкілетті органның басшысына немесе оның міндетін атқаратын тұлғаға жіберу

Қол қойылған құжаттарды уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшенің қызметкеріне жіберу

Дайын құжатты уәкілетті органның кеңсесіне жіберу

4 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 сағат

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі
жерге орналастыру жобаларын бекіту»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі сабақтастығы мен өзара іс-қимылының сипаттамасы

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет