Жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық
шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп
беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері
үшін сервитуттарды белгілеу жөніндегі қаулыны алуға
өтініш
20 _____ жылғы «__» _______________ (елді мекен)
Жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық
шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен
аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін
сервитуттарды белгілеу жөніндегі қаулыны беруіңізді сұраймын.
1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:
2. Меншік нысаны: ____________________________________________
3. Құрылған жылы: ____________________________________________
4. Өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама:
_____________________________________________________________________
(№, кім және қашан берді)
5. Заңды мекенжайы: ___________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі,
үй №, тел/факс)
6. Қоса берілген құжаттар: ____________________________________
7. ___________________ облысы әкімдігінің 20 _____ жылғы «__»
______________ № _____ қаулысына және _________________ аумақтық
бөлімшесімен балық шаруашылығын жүргізуге жасалған 20 _____ жылғы
«__»______________ № _____шартқа сәйкес бұрын бекітіп берілген
аңшылық алқаптар, балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі:
_____________________________________________________________________
8. Мәлімделген аңшылық алқаптар, балық шаруашылығы су айдыны
және (немесе) учаскесі: ____________________________________________
Жеке/заңды тұлға ___________________ __________________________
(қолы) (Т.A.Ә.)
М.О.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 26 маусымдағы
№ 702 қаулысымен
бекітілген
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметі).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру кезінде - Министрліктің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші);
балық ресурстары мен басқа да су жануарлары бөлігінде жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру кезінде (заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде мекендейтін балық ресурстары мен су жануарларын қоспағанда) - Министрліктің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.e.gov.kz, «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсат беру - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қағаз жеткізгіштегі не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы/тегін негізде көрсетіледі.
Жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемақы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлемақы екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырыла алады.
Төлемақы мынадай кезде алынбайды:
1) жануарларды кейіннен табиғи ортаға шығара отырып, оларды таңбалау, сақиналау, қоныс аударту, жерсіндіру, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда жасанды өсімін молайту және будандастыру үшін табиғи ортадан алған;
2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілген және еріксіздікте және (немесе) жартылай еркін жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесінің объектілерін пайдаланған;
3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган балық ресурстарын және басқа да су жануарларының түрлерін пайдалану үшін биологиялық негіздеу мақсатында балықтарды және басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған;
4) саны халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарлары ауруларының алдын алу, қоршаған ортаға зиянның алдын алу, ауыл шаруашылығы қызметке маңызды залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында реттеуге жататын жануарлар түрлерін алған кезде алынбайды.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) портал - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) мынадай:
жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауға, бақылау үшін аулауға, ғылыми-зерттеулік аулауға, эксперименталдық аулауға, мелиоративтік аулауға, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес;
жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (өсімін молайту мақсатында аулауға, жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес;
жануарлар дүниесін пайдалануға (аң аулауға) рұқсаттар беру кезінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 499-бабында көзделген жағдайларда жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжаты;
3) жануарлар дүниесі объектілерін алуға қатысатын адамдардың тізімі.
Қосымша пайдалану түріне байланысты (мелиоративтік аулаудан басқа) тізбеге мыналар қоса беріледі:
аң аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):
1) аңшылық шаруашылығын жүргізу шартының көшірмесі;
жануарлар дүниесінің объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда - аңшылық шаруашылығы субъектісінің аң аулауды ұйымдастыруға шетелдіктермен жасаған шарттың және олардың тұратын елінде берілген аң аулау құқығын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ аңшылық атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге ішкі істер органдары рұқсатының көшірмелері;
кәсіпшілік балық аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):
1) балық шаруашылығын жүргізу шартының көшірмесі (жағалау маңында балық аулауды жүзеге асыру үшін);
2) балық аулау шартының көшірмесі;
ғылыми-зерттеулік аулауға:
1) бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардың үзінді көшірмесінің және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
2) жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюдың көзделіп отырған көлемін негіздейтін материалдар;
3) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомстволарымен жасалған шарттың көшірмесі;
бақылау үшін аулауға:
1) ведомствоның аумақтық бөлімшесі бекіткен ихтиологиялық жұмыстар жоспарының көшірмесі, бақылау үшін аулауды жүргізуге шығу кестесі;
өсімін молайту мақсатында аулауға:
1) балық ресурстарының өсімін молайтуға мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, биологиялық негіздеме;
2) балық ресурстарының өсімін молайтуға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомствосымен жасалған шарттың көшірмесі;
эксперименталдық аулауға;
1) биологиялық негіздеме мен ғылыми ұйымдардың ұсынымдары;
жануарларды ғылыми мақсатта пайдалануға:
1) бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардың және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының үзінді көшірмелері;
2) жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдар (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен биологиялық негіздеменің көшірмелері);
3) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомстволарымен жасалған шарттың көшірмесі;
жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
1) жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдар (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен биологиялық негіздеменің көшірмелері);
әуесқойлық (спорттық) балық аулауға:
1) жеке куәлік.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған мынадай:
жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеулік аулауға, эксперименталдық аулауға, мелиоративтік аулауға, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес;
жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (өсімін молайту мақсатында аулауға, жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес;
2) электрондық үкіметтің төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 499-бабында көзделген жағдайларда, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжаты электрондық көшірмесі түрінде;
жануарлар дүниесін пайдалануға (аң аулауға) рұқсаттар беру кезінде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
3) электрондық үкіметтің төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 499-бабында көзделген жағдайларда, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжаты электрондық көшірмесі түрінде;
4) мәліметтер нысаны түрінде жануарлар дүниесі объектілерін алуға қатысатын адамдардың тізімі.
Қосымша пайдалану түріне байланысты (мелиоративтік аулаудан және әуесқойлық (спорттық) балық аулаудан басқа) тізбеге электрондық түрде не мәліметтер нысаны түрінде мыналар қоса беріледі:
аң аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):
1) мәліметтер нысаны түрінде аңшылық шаруашылығын жүргізу шарты;
кәсіпшілік балық аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):
1) мәліметтер нысаны түрінде балық шаруашылығын жүргізу шарты (жағалау маңында балық аулауды жүзеге асыру үшін);
2) мәліметтер нысаны түрінде балық аулау шарты;
ғылыми-зерттеулік аулауға:
1) бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардың және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының үзінді көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері электрондық құжат түрінде (бірінші және соңғы парағы);
2) электрондық құжат түрінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюдың көзделіп отырған көлемін негіздейтін материалдар;
3) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - мәліметтер нысаны түрінде уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомстволарымен жасалған шарттың көшірмесі;
өсімін молайту мақсатында аулауға:
1) балық ресурстарының өсімін молайтуға мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, электрондық құжат түріндегі биологиялық негіздеме;
2) балық ресурстарының өсімін молайтуға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - мәліметтер нысаны түрінде уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомствосымен жасалған шарт;
эксперименталдық аулауға:
1) электрондық құжат түрінде биологиялық негіздеме мен ғылыми ұйымдардың ұсынымдары;
жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға:
1) бейінді ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық құжат, құжаттың электрондық көшірмелері түріндегі үзінді көшірмелері (бірінші және соңғы парағы);
2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомствосымен жасалған шарттың құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі сканерленген көшірмесі;
жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
1) электрондық құжат түріндегі жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдар (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен биологиялық негіздеме).
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, төлемақы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркелуі туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
10. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемесі болып табылады:
1) өтінімде көрсетілген мәліметтердің толық көлемінде ұсынылмауы;
2) өтінімде көрсетілген мәліметтердің дұрыс болмауы;
3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы не оның болмауы.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не мына мекенжай бойынша: 010000, Aстана қаласы, Министрліктер үйі (сол жағалау), Орынбор көшесі № 8, № 14 кіреберіс, телефон 8 (7172) 74 08 09 Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша түрде почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинетінен» көре алады, ол өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымда:
1) жеке тұлға - оның тегі, аты, қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлға - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қоюға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары:
1) Министрліктің: www.eco.gov.kz;
2) көрсетілетін қызметті берушінің: www.fhc.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі интернет-ресурстарында орналастырылған.
14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
«Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
____________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
____________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
Мекенжайы ____________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі,
үйдің №, телефоны)
Өтініш берушінің деректемелері________________
(БСН, ЖСН)
Өтініш нөмірі:
Өтініш
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат» беруді сұраймын.
Пайдалану түрі: _______________________________________________
Су айдынының атауы_____________________________________________
Aлып қою мақсаты: _____________________________________________
Aлып қою тәсілдері: ___________________________________________
Рұқсатты пайдалануға жауапты адамдар:__________________________
Мекендеу ортасынан алып қою үшін жоспарланатын объектілердің
тізбесі мен саны:
Балықтар мен басқа да жануарларының түрлері
|
Саны
|
|
|
Жыныстық-жас құрамы (қажет болған жағдайда):
____________________________________________________________________
Aлып қою мерзімі: ____________бастап, ________________ дейін.
Болжамды алып қою учаскесінің ауданы (аумағы) және шекарасы _______
Нақты орналасқан жері ________________________________________
Жүзу құралдары:
Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою құралдары:
Өтініштің мәліметтер нысандарына енгізілген деректердің
дұрыстығын растаймын.
____________________________________ Берілген күні ________ ж.
(өкілдің Т.A.Ә., өтініш берушінің
лауазымы/Т.A.Ә.)
«Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
__________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
__________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
Мекенжайы ______________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі,
үйдің №, телефоны)
Өтініш берушінің деректемелері_________________
(БСН, ЖСН)
Өтініштің нөмірі:
Достарыңызбен бөлісу: |