Жылдарға арналған



бет1/8
Дата15.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#137734
  1   2   3   4   5   6   7   8


Ұжымдық шарт 2015 жылғы

« 5 » қаңтар

«Транстелеком» АҚ-ның еңбек

ұжымының жалпы жиналысында

бекітіліп, тараптардың өкілдерімен

қол қойылды



«Транстелеком» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасындағы

2015-2017 жылдарға арналған

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ

Астана, 2015


«Транстелеком» акционерлік қоғамы мен оның еңбек
ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға жасалған
ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ


«Транстелеком» акционерлік қоғамы бұдан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын, Жарғы негізінде әрекет ететін Президент Д.М.Пшембаев тарапынан бір жағынан және «Транстелеком» акционерлік қоғамының қызметкерлері атынан сайланатын кәсіподақ органы болып табылатын «Қазақстан Республикасы теміржолшылар кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Транстелеком» акционерлік қоғамы филиалы бұдан әрі «Кәсіподақ» деп аталатын Ереже негізінде әрекет ететін «Қазақстан Республикасы теміржолшылар кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі «Транстелеком» акционерлік қоғамы филиалының төрағасы К.А.Әбенов тарапынан екінші жағынан бірге алғанда «Тараптар», жеке алғанда «Тарап» төмендегілер туралы осы Ұжымдық Шартты (бұдан әрі-Шарт) жасасты.
І бөлім. Жалпы ережелер
1. Шарт Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі (бұдан әрі-Еңбек кодексі), «Кәсіподақ ұйымдары туралы» Заңы, басқа нормативтік-құқықтық актілері, сондай-ақ 2015-2017 жылдарға Әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша Салалық келісім, басқа нормативтік–құқықтық актілер негізінде жасалған және ол құқықтық акт болып табылады.

2. Шарт Тараптардың міндеттері мен құқықтарына шек қою, заңды мүдделері мен құқықтарын сақтау принциптері негізінде жасалған және Қоғамның тиімді жұмыс істеуін, қызметкерлердің және жасы бойынша немесе денсаулығына қатысты зейнеткерлікке шығуына байланысты, Қоғаммен еңбек қатынасын бұзған және Коғамның есебінде тұрған зейнеткерлердің (бұдан әрі- Қоғам зейнеткерлері) әлеуметтік-экономикалық және құқықтық кепілдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Шарт Қоғам қызметкерлері үшін әлеуметтік кепілдіктерді және жеңілдіктерді, ақы төлеу, шарттар және еңбекті қорғау, сондай-ақ демалыс мәселелерін реттеуші құқықтық акт болып табылады.

3. Шарт 2015-2017 жылдарға жасалған және 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап өз күшіне енеді.

4. Шарттың әрекет етуі:

1) Жұмыс берушіге;

2) Осы Шартқа қол қоятын және жазбаша өтініш негізінде осы Шартқа қосылатын, қызметкерлергетаралады. Қосылу тәртібі ұжымдық шартта белгіленген (10 қосымша);

3) Зейнеткерлер, оның ішінде «Құрметті теміржолшы», «Құрметті байланысшы» «Yздiк байланысшы» белгісімен марапатталған зейнеткерлер үшін, осы Шартпен жеке кепілдіктер мен жеңілдіктер түрлері қарастырылады.

5. Шарттың ережелері басшылық үшін міндетті болып табылады және Тараптармен орындалуға тиіс. Тараптардың бірде біреуінің бір жақты тәртіпте Шарттың қандай да бір тармағының әрекетін өзгертуге немесе тоқтатуға құқы жоқ.

Шартқа өзгертулер мен толықтырулар екі жақтың келісімі бойынша енгізіледі. Бір Тараптың келіссөздер бастау туралы талабы басқа Тарап үшін міндетті болып табылады. Шартқа барлық өзгертулер мен толықтырулар, Жұмыс беруші мен Кәсіподақ өкілдерінен құрылатын комиссиямен қарастырылады, Тараптармен қол қойылған қосымша келісіммен ресімделеді, ол Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және Шартпен заңды күші бірдей. Шарттың ережелеріне түсінік беру Тараптар келісімі арқылы жүзеге асырылады. Келіссөздердің басталуы туралы жазбаша ұсынысты алған Тараптар, он күнтізбелік күн ішінде оны қарастыруға және келіссөздер өткізуге міндетті.

6. Ұйым мүлігінің меншік иесі ауысқан кезде Шарттың әрекеті үш ай бойы сақталады. Бұл кезде тараптар жаңа ұжымдық шартты дайындау үшін немесе қолданыстағы шартты сақтап қалу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін келіссөздер жүргізуге құқылы.



ІІ бөлім. Еңбекті мөлшерлеу және еңбек төлемі, еңбек және демалыс режімі



Еңбекке ақы төлеу

7. Жұмыс беруші:

7.1. Еңбекақыны төлеудің ең аз кепілдігі ретінде жұмыскерлер үшін - жұмысшылардың еңбекақысын төлеу бойынша тарифтік кесте негізінде белгіленген тарифтік  ставкалар  және  еңбекақы, немесе  лауазымдық  еңбекақы  және  белгіленген  ең  төменгі  көлемдегі  еңбек  ақы  кестесін  қолданады. Жұмысшылардың  еңбек  ақы  төлемінің  Ережесі  кәсіподақ  комитетімен  келісімделуге  тиісті.

7.2. Ресей Федерациясы территориясында орналасқан құрылымдық бөлімшелердің  жұмысшылары  үшін  тарифтік  ставкалар (еңбекақы) рубльмен  белгіленеді

7.3.

а) бірінші дәрежелі жұмысшының тарифтік ставкасының мөлшері Қазақстан Республикасында белгіленген ең аз жалақыдан төмен емес;



б) жұмыскерлердің тарифтік ставкалары (еңбекақы) бірінші разрядты жұмысшының белгіленген айлық тарифтік ставкасы (еңбекақы) негізінде, қолданыстағы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік анықтамалығы бойынша оларға біліктілік дәрежесін және санатын беруді жүргізу арқылы белгілеуге.

7.4. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен сәйкесті кезеңге белгіленген инфляция деңгейінен Тараптар келісімі бойынша жылына бір рет жалақыны индекстеу жүргізуге;

7.5. Қоғам қызметкерлерінің еңбегін, еңбекақыны уақытпен есептеу жүйесі бойынша төлеуге;

7.6. Қоғам қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу кесімді және айналмалы бөліктері негізінде жүзеге асырылады. Кесімді бөліктеріне: тарифтік ставкалар және лауазымдық еңбекақы, тарифтік үстемеақы және өтемақы түріндегі төлемдер жатады. Айналмалы бөліктеріне: ынталандыру түріндегі қосымша ақы және төлемдер, сыйақы және сыйлықақы берулер жатады;

7.7. Еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру кезінде, кәсіптің немесе мамандықтың телекоммуникация және ақпараттық қызмет көрсету нарығындағы тапшылығын және еңбек процесіндегі басқа сипаттамалары, еңбек жағдайы және қарқындылығы, жұмыстың орындалу қиындығының түрлерін есепке алуға;

7.8. Негізгі еңбекақы үлесін (еңбекақының тұрақты бөлігіне қатысты) Қоғам қызметкерлерінің бір жолғы ынталандыру төлемдерін есепке алмай, орташа айлық еңбекақысының 75 пайыздан кем болмайтындай етіп қамтамасыз етуге. Жұмыс уақыты нормасын орындаған және еңбек нормасын (еңбек міндеттемелерін) орындаған қызметкердің айлық жалақысы Қазақстан Республикасында белгіленген ең төмен жалақы көлемінен төмен бола алмайды;

7.9. Зиянды еңбек жағдайы жұмыстарында, ауыр жұмыстарда істейтін қызметкерлердің еңбекақысының ең төмен стандартын, Салалық коэффициенттерін көтеретін Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген және сәйкесті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген айлық жалақының ең төмен мөлшері есебімен анықтауға;

Қызметкерлердің тарифтік ставкаларын және еңбекақысын белгіленген коэффициенттерді есепке ала отырып қайта есептеуді, Тараптардың келісімі бойынша нақты қаржы-экономикалық мүмкіндіктері негізінде жүргізуге;

7.10. Шарт Еңбек кодексі және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілерімен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын төмендетпеуге тиіс. Мұндай жағдайлар жарамсыз деп танылады;

7.11. Еңбек кодексі, Шартпен қарастырылған жағдайларда, Жұмыс беруші Кәсіподақтың келісімін немесе пікірін есепке ала отырып актілер шығаруға;

7.12. Жұмыс берушінің1 осы Шартпен, Еңбек кодексімен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын төмендететін актілері жарамсыз болып табылады;

7.13. Қызметкерлерге және жұмысшыларға біліктілік дәрежесін және санатын беруі, қолданыстағы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік анықтамалығы , қызметкерлер және мамандардың, басшылар лауазымдарының жалпы салалық біліктілік анықтамалығын басшылыққа ала отырып жүргізуге;

7.14. Мамандығы жоқ және кәсіпті игеру мерзімінде жұмыс өтілі жоқ қызметкерге, егер осы кәсіпке арнайы оқыту қажет болмаған жағдайда, сол кәсібі бойынша ең төмен дәреже белгілеуге;

7.15. Қызметкерлердің тарифтік ставкасына (еңбекақысына) нақты жұмыс істеген уақытына қосымша белгіленетін зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіптер Тізбесіне сәйкес, жұмыс орнын аттестациялау нәтижелері бойынша сараланған қосымша ақы белгілеуге (1 қосымша);

7.16. Зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайындағы, сонымен қатар пойыздардың қауіпсіз қозғалысымен байланысқан, жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкерлерге, олардың зейнеткерлік жасына жетуіне 3 жыл қалғанға дейін,  салалық жәрдемақы енгізу мүмкіндігін қарастыруға

7.17. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау м.а. министрінің 2007 жылғы 31 шілдесіндегі № 182-п бұйрығымен бекітілген, Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың

_______________________

Жұмыс берушінің актілері – бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар, ережелер, Жұмыс беруші шығаратын еңбек тәртібі ережелері
еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес қосымша демалыстар мен қысқартылған жұмыс күніне құқық беретін (2 қосымша) зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін кәсіптер мен лауазымдар тізбесіне сәйкес қосымша демалыс ұсынуға;

7.18. Еңбек жағдайының өзгеруіне байланысты актілерді қабылдауды2, тек қана Кәсіподақтың келісімі арқылы жүзеге асыру: егер осындай өзгертулер барлық ұжымды немесе жеке филиал жұмысшыларының мүддесіне әсер еткен жағдайда және жалпы сипатта болса- Кәсіподақпен; егер осындай өзгертулер жеке сипатта болса, бастапқы кәсіподақ ұйымдары комитетімен жүзеге асырылады.

7.19. Қоғам қызметкерлерінің жалақысын төлеуді, есептілік айдан кейінгі айдың 10-на дейін төлеуді қамтамасыз етуге;

7.20. Қызметкерлерге жалақыны төлеу, олардың жеке карточкалық шоттарына ақша аудару арқылы жүргізіледі, сонымен бірге төлем карталарына қызмет көрсету бойынша шығындарды Жұмыс беруші өзіне алады.

7.21. Еңбек шартын тоқтатқан кезде Жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі соманы төлеу, шартты тоқтатқан күннен бастап, үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі, ал еңбек демалысының ақысын төлеу, оның басталуына дейін, үш күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүргізуге;

7.22. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасының уақытында бөлінуін, жұмысшылардың еңбек қызметін растайтын құжаттарының және  олардың  зейнетақымен қамтамасыз етілуіне қаражатты  ұстап  қалу  және  бөлу  туралы  мәліметтерінің  мемлекеттік  мұрағатта  сақталуын  және  тапсырылуын  қамтамасыз ету;

7.23. Аса ауыр метеорологиялық жағдайлар (аяз, қарлы боран, борасын) кездерінде ашық ауада тұрақты жұмыс істейтін мерзімді жұмыскерлерге және жұмысшыларға, белгіленген регламентке сәйкес: ауа температурасы -25 градустан (Цельсия бойынша) және одан төмен кезде, борасынға әкелетін қар көшкіні және қарлы боран кездері температура -10 градустан (Цельсия бойынша) төмен кезде және ауа температурасының плюс 35 градустан (Цельсия бойынша) жоғары болған кезде арнайы үзілістер беріп, тарифті жалақысын 10 пайыздан 15 пайызға дейін көтеруге;

Жоғарыда көрсетілген жағдайларда ақы төлеу және еңбекті мөлшерлеуді қолдану, филиал басшысы бұйрығының негізінде, ашық ауада ұзақтығы 2/3 жұмыс ауысымынан артық жұмыстарды орындаған күндеріне сәйкесті актілерімен ресімделген метеорологиялық мәліметтері негізінде жүргізуге;

Жеделхат жеткізушілерге 01 желтоқсаннан 01 наурызға дейін қиын қысқы жағдайларда атқаратын жұмыстары үшін, тарифтік ставкасын (еңбекақы) 10 пайызға көтеруге;

Жазғы мезгілдері температура 35 градустан (Цельсия бойынша) көтерілген кезде үнемі ашық ауада орындалатын жұмыстардың жұмыс режімін өзгертуге;

7.24. Жұмысшыларға  ай сайын отын  үшін үстемеақы  белгіленсін:

5-кластағы  стансаларда,  разъездерде  және  шалғай  пункттерде – 2 айлық  есеп көрсеткіштері  көлемінде  (бұдан әрі  - АЕК);

  4- кластағы  стансаларда – 1,5 айлық  есептік  көрсеткіш  көлемінде;

  3-кластағы  станцсаларда  - 1 айлық есептік  көрсеткіш  көлемінде.

Тасымалдау  бойынша  шығыстары  енгізілетін  отынды  сатып  алу  құны  жұмысшылар  жұмсайтын  соманың  одан әрі  өтелуі арқылы  Жұмыс берушімен, сондай-ақ  3,4,5-ші  кластағы стансаларда тұратын зейнеткерлермен  жүзеге асырылады (12-қосымша).

7.25. . Аса күрделі еңбек жағдайында, күрделі климат жағдайында жұмыс атқаратын шекараға жақын стансалардың жұмысшалары үшін тарифтік ставкаларына (еңбекақы) 10 пайыз үстеме ақы бөлу: байланыс торабының бастығы, байланыс инженері, Интернет желісінің инженері, электромеханик, электромонтер.

7.26. Түнгі уақыттағы және үстеме жұмыс уақыттарына қызметкердің күндізгі жұмыс уақыты (сағаттық) ставкасын, оның ішінде жұмыс уақыты (ауысым қызметкерлеріне) есебін қосу кезіндегі сомасын негізге ала отырып, қызметкерлерге кемінде бір жарым есе мөлшерде ақы төлеу.

7.27. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмыстарына төлемақы жүргізу қызметкердің күндізгі (сағаттық) жалақысын есепке ала отырып, екі есе мөлшерден төмен болмауы қажет.

7.28. Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыссыз бос тұрып қалу уақытына төлемді жүргізу қызметкердің орташа еңбекақысының 50 %-нан кем болмауы қажет. Қызметкердің кінәсінен болған жұмыссыз бос тұрып қалу уақыты төленбейді.

7.29. Қызметкердің өміріне немесе денсаулығына қауіп төну себебі бойынша (мұндай



2 еңбек жағдайы- төлем жүргізу жағдайы, еңбекті, жұмыс уақыты режімін және демалу уақытын мөлшерлеу, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару тәртібі, қызмет көрсету аймағын кеңейту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін орындау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайы, сондай-ақ тараптар келісімі бойынша басқа еңбек жағдайлары.

жағдайларды Қоғамның еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметінің, ал дау туындаған жағдайларда – Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметкерлерінің растауымен) жұмыссыз бос тұрып қалу мерзіміне орташа еңбекақы мөлшерінде төленеді.

7.30. Лауазымдар және кәсіптердің бекітілген тізбесіне (3 қосымша) сәйкес, тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатындағы, сондай-ақ олардың қызмет көрсететін учаскелері шегінде қызметтік жол жүру кезінде қызметкерлердің шығындарын толтырудың бірыңғай тәртібін қолдануға;

7.31. Негізгі жұмысынан босатылмаған, Қоғамның құрылымдық бөлімшелері басшыларының бұйрығымен жұмысшы кәсібіне оқытуға тартылатын маманданған қызметкерлерге ақы (әр айға) төлеу:

бір оқушыны оқытуға- тарифтік ставкадан (еңбекақы) 20 пайыз мөлшерінде;

екі оқушыны бір уақытта оқытуға – 15 %, үш оқушы және одан да көп – әр оқушыға тарифтік ставкадан (еңбекақы) 10 %, бірақ тарифтік ставкадан 30 % артық емес.

Мамандаған қызметкерлерді негізгі жұмысынан босатпай басқа жұмысшылардың кәсіби деңгейін көтеру немесе оларды екінші кәсіпке оқытуға тартқан кезде (әрбір айға):

бір қызметкерді оқытуға - тарифтік ставкадан (еңбекақы) 20 пайыз мөлшерінде;

екі және одан да көп қызметкерді бір уақытта оқытуға – әрбір оқитын қызметкерге тарифтік ставкадан (еңбекақы) 15 % – бірақ тарифтік ставкадан 30 % артық емес төлем жүргізіледі.

7.32. Негізгі жұмысынан босамай, олардың келісімі бойынша құрылымдық бөлімшелер басшыларының бұйрығымен, өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан студенттерге тәлімгерлік жасауға тартылған, білікті қызметкерлерге жұмыс берушінің актілеріне сәйкес, әр бір ұстаздық жасалынған ай үшін тарифтік ставкадан (еңбекақы мөлшерінен) 10 пайыз мөлшерінде қосымша ақы төлеуді жүргізу.

7.33. Кәсіподақ ұйымымен келісілген, Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес, қызметкерлерді моральды және материалды ынталандырудың барлық түрлерін қолдануға;

7.34. Семинарларда немесе кәсіби деңгейін көтеру курстарында қайта дайындықтан өту кезінде қызметкердің бұрынғы жұмыс орны (лауазымы) және орташа еңбекақысын сақтау, қызметкерге купелі вагонда жол жүру және белгіленген мөлшерде тұратын жеріне (егер тұратын жерінің ақысы оқыту ақысына енгізілмеген жағдайда), тәуліктік шығынын төлеуге міндеттенеді.

Жұмыс берушінің қаражаты есебінен оқудан өткен қызметкерлермен, оқуға кеткен шығын сомасына байланысты, Жұмыс берушінің актілерімен белгіленетін, Жұмыс берушіде белгіленген мерзімді жұмыспен өтеу туралы міндеттемесімен қоса оқу шарты жасалады. Оқу шартында қызметкердің бастамасы бойынша немесе Жұмыс берушінің бастамасы бойынша Еңбек кодексінің 1) және 2) тармақшаларын есепке алмағанда, 54 бабында қарастырылған негіздемелер бойынша еңбек шартын тоқтатқан жағдайларда, аяқталмаған жұмыспен өтеу мерзіміне мөлшерлес, оқуға байланысты кеткен Жұмыс берушінің шығындарын қызметкердің өтеу міндеттемесі қарастырылады.

Қызметкерді күндізгі оқу формасы бойынша ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес Жұмыс берушімен берілген грант аясында магистратура, аспирантура және доктарантура (PhD) бағдарламалары бойынша оқуға жіберген кезде, қызметкерге жұмыс орнын сақтау және еңбекақысы сақталмай оқу демалысы, сондай-ақ Жұмыс берушінің ішкі нормативті құжаттарымен қарастырылған басқа кепілдіктер беріледі.


Қосымша ақылар мен үстемеақылар
7.35. Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес, қызметкерлердің тарифтік ставкаларына (еңбекақы) қосымша ақылар мен үстемеақылар жүргізу, оның ішінде:

а) қосымша ақылар:

- кәсіпті (лауазымды) қоса атқару;

- қызмет көрсету аймағының кеңеюі немесе жұмыс көлемінің ұлғаюы;

- уақытша жұмыста жоқ қызметкердің міндеттерін орындауға байланысты жұмыс көлемінің ұлғаюы;

- негізгі жұмысынан босатылмаған қызметкерлер ішінен бригадаға басшылық жасау;

б) үстемеақылар:

- қызметкерлерге жоғары кәсіби шеберлігі үшін;

- еңбектегі жоғарғы қол жеткізген жетістіктері, жұмыс қиындығы мен жауапкершілігі, маманның немесе оның біліктілігінің ерекшелігі үшін–басшыларға, мамандарға және қызметкерлерге;

- аса маңызды жұмысты атқарғаны үшін, оны жүргізу мерзіміне;

- «Кәсібі бойынша үздік» атағы үшін;

- «Құрметті байланысшы», «Құрметті теміржолшы», «Үздік байланысшы», белгісімен марапатталған қызметкерлерге тарифтік ставкасынан (еңбекақы) 10 пайыздан аз емес төлемдер жүргізу.

Көрсетілген қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, жыл сайын Жұмыс берушінің актілерімен жұмыс көлемі және еңбекақы қорына байланысты қарастыру және белгілеу.

Басшылардың штаттық орынбасарларына, уақытша жоқ басшылардың міндеттерін атқарғаны үшін үстемеақы төленбейді;

7.36. Қызметкерлерге экологиялық апатты аудандарда өмір сүріп жатқаны үшін қосымша ақы төлеуді еңбекақыларын есептеу кезінде қолдану (4 Қосымша);

Экологиялық қолайсыз аудандарда өмір сүріп жатқаны үшін қосымша ақы есебін қызметкердің сағатты тарифтік төлем мөлшеріне (лауазымдық еңбекақыға) сүйене жүргізу.

7.37. Қоғамның еңбекақы қоры немесе сыйақы қоры үнемделген жағдайда, еңбек ұжымына өндірістік-қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізгені немесе асыра орындағаны үшін аса маңызды тапсырмаларды орындағаны үшін жеке қызметкерлерге сыйақы төлеуді, мемлекеттік мерекелерді мерекелеуге байланысты сыйақы төлеуді, сондай-ақ Жұмыс берушінің актілерімен белгіленетін басқа да төлемдерді жүргізеді.

7.38. Жұмысшылардың  барлық  категорияларына  күнтізбелік  кезең  үшін  сыйақының  мына  түрлерін  қарастыру: 

- бір  тоқсандағы жұмыс  қорытындылары  бойынша;

- бір  жылғы  қорытындылар  үшін (еңбек  төлеміне  бөлінген  қаражаттарды  үнемдеу  есебінен);

- сонымен қатар еңбек төлемі бөлінген қаражаттар шегінде  Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігі Күніне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының байланыс  және  ақпарат  қызметкерлерінің Күні»  кәсіби мерекесіне  белгіленген көлемде  - 10-нан (он)  аспайтын ЕАТК  (тиісті  жылға  республикалық  бюджет туралы Қазақстан Республикасының  заңымен  белгіленген  еңбекақының  төменгі  көлемі)біржолғы сыйақы  төлемін  жүзеге асыру.  Сыйақы  төлемі  жұмыс  берушінің  филиалдарындағы  штатта  тұратын жұмысшыларға  беріледі,  сыйақы  туралы  бұйрық  шыққан күні  жұмысшылардың  мынадай  санатын:

а) жүктілік  және  босану  демалысындағы,  бала  асырап  алғандығы  туралы демалыстағыларды;

б) Қазақстан Республикасының  қолданыстағы  нормативтік  құқықтық  актілерімен  белгіленген,  баланың  жасына  толғанына  дейін  бағу  бойынша еңбекақысы  сақталмайтын  қосымша  демалыстағыларды;

в) жұмысшының  өтініші негізінде еңбек  шарты тараптарының  келісімі  бойынша  еңбекақысы сақталмайтын  30 күнтізбелік  күннен аса ұзақ мерзімді  демалыста  болғандарды қоспағанда.

7.39. Сыйақы төлеу үшін кезекті еңбек демалысында болған уақыт (жұмыс күндері), қызметтік іссапарда болған кезеңдер (біліктілік арттыру курсын қоса алғанда),оқу демалысы нақты еңбек еткен уақытқа енеді.
Еңбек және демалыс режімі
7.40. Еңбек нормасын енгізу, ауыстыру және қайта қарауды (өндірім, уақыт, қызмет көрсету және саны) қол жеткізген еңбек өнімділігін ұйымдастыру, технология, техника деңгейінің есебімен жүргізеді;

Еңбек нормасының өзгеруіне қатысты қызметкерлерді, нақты өзгертулердің күшіне енуіне дейін бір ай бұрын хабардар ету;

7.41. Жұмыс уақытының бірыңғай ұзақтығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету. Жұмыс уақытының нақты режімі ішкі еңбек тәртібі Ережесімен және Жұмыс берушінің басқа да актілерімен Кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша белгіленеді.

7.42. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 (қырық) сағаттан аспауға тиіс;

7.43. Өндіріс жағдайлары бойынша белгіленген күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығы сақталмайтын үздіксіз тәуліктік жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін, Жұмыс беруші қызметкермен (қызметкер өкілімен) келісе отырып айлық, тоқсандық есептік мерзімімен жұмыс уақытының жиынтық есебін енгізеді. Есептік мерзімге жұмыс сағатының нормасы алты жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс уақытының балансына сүйене отырып белгіленеді.

Жұмыс уақытын және демалыс уақытын реттеу, барлық есептік мерзімге бекітілген ауысым кестесі негізінде жүргізіледі, осы кезде қабылданған есептік мерзімдегі күндер саны осы есептік мерзімдегі демалыс күндері санына тең болуы керек.

7.44. Жұмыс уақыты жиынтық есебін қосқан кезде, ауысым қызметкерлеріне жұмыс уақытының нормасы шегінде тамақтануға үзіліс беруге жағдай жасау. Ауысымның ұзақтығы, үзілістердің басталуы мен аяқталу уақыты және тәртібі Ішкі еңбек тәртібі ережесі және Жұмыс берушінің басқа актілерімен Кәсіподақ келісімі бойынша белгіленеді;

Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беруге мүмкіндік болмайтын жұмыстарда, қызметкерге жұмыс уақытында тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз ету. Көрсетілген сағат (тамақтану уақыты) жұмыс уақытында есепке алынады. Мұндай жұмыстардың тізбесі, тамақтану тәртібі мен тынығу орны Жұмыс берушінің актісімен белгіленеді;

Жылдың суық уақыттарында ашық ауада жұмыс істейтін жұмысшыларға әрбір жұмыс сағаты ішінде он минут жылынуға уақыт беру. Бұл уақытты жұмыс уақытына қосу. Көрсетілген жұмысшыларды жылыну және тамақтану үшін жабдықталған тұрғынжаймен қамтамасыз ету.

7.45. Зиянды еңбек жағдайы жұмыстарында үстеме жұмыс сағаттарына жол бермеу;

7.46. Мереке және демалыс күндері жұмыстарды орындау үшін еңбек заңнамасымен қарастырылған тәртіпте қызметкерлерді тарту.

Өндірістік қажеттілікке байланысты бес күндік жұмыс аптасы кезінде сенбі күні Жұмыс берушінің актісімен жұмыс күні болып жарияланады және демалыс күні аптаның басқа күніне көшіріледі, осындай жағдайларда екі демалыс күндері қатар берілмеуі мүмкін;

7.47. Қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысы белгіленген ұзақтығымен (5 қосымша) жұмыс орны (лауазымы) және орташа еңбекақысы сақталып беріледі. Демалыстарды беру кезектілігі үздіксіз өндірістік процестің қамтамасыз етілуін есепке ала отырып, бекітілген кесте бойынша белгіленеді.

Экологиялық апатты аймақтарда (Арал аймағы) және радиациялық қауіпті аймақтарда (4 қосымша) тұрып жатқан қызметкерлерге, зиянды еңбек жағдайларына байланысты қосымша демалысқа және қысқартылған жұмыс күніне (2 қосымша) құқық беретін жұмыс лауазымы және мамандар Тізбесіне сәйкес, зиянды еңбек жағдайлары үшін жыл сайынғы қосымша ақылы демалыс және жыл сайынғы еңбек демалысына материалдық көмек беріледі;

7.48. Теміржол көлігі және байланыс ұйымдарындағы жұмыс  өтілі  үшін  жұмысшыларға  үш жылдан астам берілсін - әрбір алдағы  жыл  бойынша  2 күн,  бірақ  6 (алты) күнтізбелік  күннен  аспайды.

7.49. Тараптар келісімі бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан қызметкерді шақыртып алған жағдайда, демалыстың пайдаланылмаған бөлігі, ағымдағы жыл ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі немесе өтемақы төленеді. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді, жүкті әйелдерді және ауыр жұмыстарда, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға жол берілмейді;

7.50. Тараптар келісімі бойынша қызметкердің жазбаша өтініші негізінде оған жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін;

7.51. Толық емес жұмыс уақыты режімін енгізу кезінде демалысты төлеу үшін (пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы) орташа күндік (орташа сағаттық) жалақысын есептеу нақты жұмыс істелген уақыт есебінен жүргізу;

7.52. Арнайы орта және жоғары білім беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге, өндірістен босатпай, лауазымына сәйкес мамандығы бойынша сессияны тапсыру уақытына емтихандарды тапсыру, дипломдық жұмысты дайындау және қорғау үшін қосымша ақылы демалыстары беріледі. Оқу демалысына ақы төлеуді, білім беру ұйымының мөрімен расталған жұмыс жоспарының орындалғанын растайтын құжаттарын бергеннен кейін жүргізу. Осы кезде төлемді жыл сайынғы еңбек демалысы төлемін есептегендей ағымдағы жылға белгіленген 20 айлық есептік көрсеткішінен аспайтындай орташа айлық еңбекақысы сомасынан жүргізілуі тиіс.

7.53. Әйелдерге жүктілікке және босануға байланысты демалыстарды босанғанға дейін ұзақтығы 70 күнтізбелік күн және босанғаннан кейін 56 күнтізбелік күн, ал қиын босану кездерінде немесе екі және одан да көп бала туғанда – 70 күнтізбелік күн беріледі. Демалыстар күні қоса есептеу арқылы жүргізіледі және Жұмыс берушіде жұмыс істеу ұзақтығы мен туғанға дейінгі нақты пайдаланылған күнге байланысты емес толық беріледі;

7.54. Жүктілікке және босануға байланысты демалыстарынан басқа анасына немесе әкесіне өтініші бойынша бала үш жасқа толғанға дейін және оның күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын қосымша демалыс беріледі. Қосымша демалыс уақытында жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

Жаңа туған балаларды тікелей перзентханадан асырап алған әйелге (еркекке) оның өтініші бойынша бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын, осы уақыттарда жұмыс орны (лауазымы) сақталып қосымша демалыс беріледі.

Бұл демалыс толық немесе бала үш жасқа жеткенге дейін кез келген уақытта бөліп пайдаланылуы мүмкін;

7.55. 1 және 2-топтағы мүгедектер үшін қысқартылған жұмыс күні және 15 күнтізбелік күннен кем емес еңбекақысы төленетін қосымша жыл сайынғы демалыс  бекітілсін.

7.56. Имидж топқа тартылған қызметкерлердің Компания өткізетін спорттық, әлеуметтік-мәдениет шараларына, жастар форумына, конференциялар, тренингтерге, сондай-ақ Қоғамның құрама командаларының республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу мерзіміне жұмыс орнын (лауазымын) және орташа еңбекақысын сақтау.

7.57. Қоғам қызметкерлеріне уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақыны қолданыстағы заңнамаға сәйкес есептелген орташа еңбекақысы мөлшерінде төлеу. Осы кезде уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша айлық жәрдемақының мөлшері АЕК отыз (30) айлық есептік мәнінен аспауға тиіс.

7.58. Еңбекте мертігуге, кәсіби ауыруларға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақыны МӘС3 қорытындысына дейін орташа еңбекақысы мөлшерінде төлеу. Онкологиялық ауруларға және тубуркулезге байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақыны орташа еңбекақы мөлшерінде төлеу, бірақ жылына 4 айдан артық емес.

7.59. уакытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі жәрдемақыны:



      1. заңды күшіне енген соттың үкімімен оның кінәлігі айкындалган жағдайда, уакытша еңбекке жарамсыздығы ол қылмыс жасаган кезде жарақат алуының салдарынан болған қызметкерге;

      2. соттың ұйғарымы бойынша қызметкерді мәжбүрлі емдеу уакытында (психикальқ аурулардан басқа);

      3. заңды күшіне енген соттың үкімімен немесе сот қаулысымен оныц кінәлігі айкындалган жағдайда қызметкерді қамауда болган уақытында және соттық-медициналық сараптама уақытында;

      4. алкогольдік ішімдіктерді, ecipткі және токсикологиялық заттарды қолдану салдарынан ауырып қалган немесе жарақат алган қызметкерді уақытша еңбекке жарамсыздығы кезінде;

      5. қолданыстағы заңнамага сәйкес қызметкер жұмысынан (лауазымынан) алшақтатылған кезеңде уақытша еңбекке жарамсыздық туындаган кезде;

      6. кезекті немесе қосымша демалыста, ол уақытша еңбекке жарамсыз отбасы мүшесіне күтім жасауды жүзеге асырған кезде еңбекақысын сақтаусыз демалыста болған қызметкерлерге;

7) жыл сайынғы еңбек ақысы төленетін демалыс кезінде еңбекке жарамсыз болған күндері үшін төленбейді.

7.60. Қызметкерлерге сәйкесті құжаттарды ұсынған кезде төленетін қосымша демалыстар келесі жағдайларда беріледі:

а) жақын туыстары (әкесі, шешесі, күйеуі, әйелі, баласы, қызы, ағасы, әпкесі) қайтыс болуына байланысты – 3 жұмыс күні;

б) некеге тіркелуіне байланысты – 3 жұмыс күні;

в) бала туылуына, бала асырып алуына байланысты – 1 жұмыс күні.

Бұл демалыстар кезекті ақылы еңбек демалысының ұзақтығына кірмейді, олар бойынша ақы төлеу және есеп жүргізу жыл сайынғы еңбек демалысының ақысын есептеу тәртібінде жүргізіледі.

7.61. Мектеп жасындағы баласы бар қызметкер қажетті құжаттарды (қызметкердің мектеп жасындағы балаларының санын растайтын аньқтамаларды, мектептің орналасқан жерін және балалардың осы мектепте оқитынын растайтын мектеп анықтамаларын) тапсырған кезде қалалар мен ipi тораптық станцияларда орналаскан мектептердегі, мектеп-интернаттардағы оку орнына барып келу үшін бip оқушыға арналған бip айлық есептік көрсеткіш (бұдан әpi - АЕК) мөлшерінде (орналасқан жері Ресей Федерациясының аумағындағы филиалдарында — Қазақстан Республикасында белгіленген АЕК баламада - рубльмен) оқу жылы кезеңінде ай сайын косымша ақы төлеуге.
ІІІ бөлім. Еңбек қатынастары
8. Жұмыс беруші:

8.1. Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес, міндетті түрде еңбек жағдайымен, осы Шартпен және Ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен таныстырып жұмысқа қабылдауды жүзеге асыруға;

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде олардың мамандығына, кәсібіне сәйкес Еңбек шарттарын жасауды қамтамасыз ету және Шартқа еңбек жағдайы өзгерген жағдайда қызметкердің келісімі бойынша толықтыруларды енгізуге міндеттенеді. Ұйымда өндірістің өзгеруіне және жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты, сол мамандықта, кәсібінде, лауазымда жұмысын жалғастырған жағдайда, осы жөнінде бір айдан кешіктірмей қызметкерді жазбаша хабардар ете отырып еңбек жағдайын (ақы төлеу, күзет және еңбекті нормалау, жұмыс режімі, қызметті қоса атқаруы және т.б.) өзгертуге жол беріледі;

8.2. Қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде қызметкердің толық материалдық жауапкершілігі, сондай-ақ Жұмыс берушінің бекітілген актісімен, үлгі шартымен және толық материалдық жауапкершілікте болатын (6 қосымша) қызметкерлердің лауазымдық тізбесіне сәйкес, еңбек міндеттемелерін орындау үшін пайдалануға алынған еңбек құралдары мен Қоғам мүлігінің сақталуына жазбаша шарт жасауды қарастыруға міндеттенеді (7 қосымша).

8.3. Жұмысқа қабылдау кезінде Еңбек кодексінің 29 бабын басшылыққа ала отырып, Жұмыс берушіге таңдау құқығын ұсынумен қызметкерлермен еңбек шартын жасауға:
МӘС – медико-әлеуметтік сараптама
а) белгіленбеген мерзімге;

б) бір жылдан аз емес уақытқа белгілі бір мерзімге;

Алдында бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкерлермен қайтадан еңбек шартын жасаған жағдайда, оның ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып саналады;

Егер белгілі бір мерзім өткеннен кейін еңбек қатынастары нақты түрде жалғаса берсе, онда еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған деп саналады.

Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалынатын қызметкерлер үшін қарастырылған өтемақы және кепілдіктерді беруден жалтару мақсатында белгілі бір мерзімге:

в) уақытша жұмыста жоқ қызметкердің міндетін атқару мерзімінде, маусымды жұмыстарын орындау уақытына, белгілі бір жұмысты орындауға байланысты бір жылдан аз мерзімге еңбек шартын жасауға тыйым салынады.

8.4. Қызметкерден лауазымдық нұсқаулықта және еңбек шартында келісілмеген жұмыстарды орындауын талап етпеуге міндеттенеді.

8.5. Жұмысқа қабылдау кезінде 3 айға дейінгі сынақ мерзімін белгілеуге. Қызметкердің сынақ мерзімі кезінде жұмыс теріс нәтиже берсе, Жұмыс беруші оны сынақ мерзімінің аяқталуына дейін жеті күнтізбелік күн бұрын, бұл қызметкерді сынақ мерзімінен өте алмады деп тануға негіз болған себептерді көрсете отырып, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы.

8.6. Қызметкердің денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындымен расталған қайшылықтар болған кезде, оны басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді.

8.7. Еңбек шартын:

а) үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және жүкті әйелдерді, он төрт жасқа дейінгі балаларды (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) өсіріп отырған жалғыз басты аналарды, Еңбек кодексінің 54 бабы 1 бөлімінде 1), 3)-18) тармақшаларында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, көрсетілген категориядағы аналары жоқ баларды өсіріп отырған басқа тұлғалармен;

б) қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіздік кезеңінде және Қоғамның заңды тұлға ретінде таратылатын жағдайын қоспағанда, қызметкердің содан кейін жұмыстан шығу туралы өтініші жоқ болған кезде, жыл сайынғы еңбек демалысында жүрген кезеңінде бұзуға жол берілмейді.

8.8. Денсаулық жағдайы бойынша еңбек міндеттемелерін дұрыс орындауға кедергі келтіретін немесе егерде еңбек міндеттемелерін орындау қызметкердің өзіне қарсы немесе айналасындағы тұлғаларға қауіп тудыратын, тек жұмыс қабілеттілігі едәуір төмендегенде, қызметкердің орындайтын жұмысына сәйкес келмеген жағдайда еңбек шартын бұзу.

Қызметкердің денсаулық жағдайы бойынша еңбек міндеттемелерін орындауын жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысымен расталуы тиіс.

8.9. Қызметкерлермен жасалынатын еңбек шартындағы, еңбек заңнамаларымен белгіленген басқа талаптарын:

а) өндірістің зиянды факторларын, зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыстарына өтемақы және кепілдемелерін қоса алғанда, еңбек жағдайының сипаттамасын;

б) жеке жұмысшылар кәсіптері, қызметкерлер және мамандар үшін Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес келесі жұмыс режімін қолдануды көрсету: белгіленген сағат нормасы шегінде объектілердегі арнайы жабдықталған бөлмеде немесе үйінде кезекшілік; икемді жұмыс кестесі, толық емес жұмыс күні және басқаларын қарастыру.

8.10. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша кіріспе нұсқамалықты жүргізгенде кәсіптік аурудың пайда болу мүмкіндігі туралы қызметкерді ескерту.

8.11. Жоғары білікті кадрларды тарту, әлеуметтік қолдау және лауазымына бекіту мақсатында қызметкерлерге меншікке жеңілдікпен Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес тұрғын үй беру немесе қаржылық мүмкіндік болған жағдайда тараптар келісімі бойынша белгілі тәртіпте және мөлшерде тұрғынжайды жалдауға кететін шығындарды өтеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет