Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы 2014 жылғы 25 ақпан №04-2-4/42 Астана қаласы



бет1/4
Дата03.07.2016
өлшемі1.03 Mb.
#173679
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы

2014 жылғы 25 ақпан №04-2-4/42 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Төрағасының кейбір бұйрықтарына

өзгерістер енгізу туралы


бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7384 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 шілдедегі № 209-210 (27028-27029) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

Аталған бұйрықпен бекітілген Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9063 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі (Сәрсенов Ж.Ш.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.


Төраға А. БАЙМЕНОВ.

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Төрағасының 2014 жылғы 25 ақпандағы

№ 04-2-4/42 бұйрығына

1-қосымша


Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

1. Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесін (бұдан әрі – Жүйе) іске асыру мақсатында әзірленген.

2. Әдістеме орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарында персоналды басқару жөніндегі шаралардың тиімділігін анықтауға арналған.

3. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) жүзеге асырады.

Орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволары, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аудандық бөлімшелерін қоспағанда, облыстар, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары персоналды басқару тиімділігін бағалау объектісі болып табылады.

Агенттікке қатысты персоналды басқару тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі) іске асырады.

4. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды өткізу үшін Агенттікте орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жөніндегі Сараптамалық комиссияның кіші тобы болып табылатын жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылады. Жұмыс тобының құрамы Агенттіктің бұйрығымен бекітіледі.

5. Персоналды басқару тиімділігін бағалау есепті (күнтізбелік) жылдың қорытындылары бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бекіткен Кестеге (бұдан әрі – Кесте) сәйкес жүзеге асырылады.

6. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды өткізу үшін ақпаратты Агенттікке орталық мемлекеттік органның аппараты, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің аппараттары Кестесіне сәйкес қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.

7. Персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды Агенттікпен Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.

Орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарда персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындылар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және бағаланушы мемлекеттік органдарға ұсынылады.

Президент Әкімшілігі дайындаған Агенттікте персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.

8. Персоналды басқару тиімділігін бағалау үшін өлшемдер мен көрсеткіштер бойынша баллдар Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес беріледі.

9. Персоналды басқару тиімділігін бағалау Агенттікке осы Әдістемеге


3-6 қосымшаларға сәйкес мемлекеттік органдар жолдаған ақпаратты талдау, мемлекеттік қызметшілердің арасында сауалнама жүргізу арқылы жүргізіледі.

10. Мыналар персоналды басқару тиімділігін бағалау үшін ақпарат көздері болып табылады:

1) мемлекеттік органдардың статистикалық деректері және автоматтандырылған электрондық өткізу жүйесінің мәліметтері;

2) осы Әдістеменің өлшемдеріне сәйкес келетін бағыттар бойынша уәкілетті органдар жүргізген тексерістердің барысында алынған мәліметтер;

3) мемлекеттік қызметшілерге жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері;

4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараты.

11. Жүйенің 51-тармағына сәйкес Агенттік бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпараттарындағы мәліметтерге қайта тексеру жүргізеді.

12. Мемлекеттік органның персоналды басқару тиімділігін бағалау мынадай өлшемдер бойынша іске асырылады:

1) адам ресурстарын пайдаланудың тиімділігі;

2) мемлекеттік қызметшілерді оқыту;

3) мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейі;

4) мемлекеттік қызметшілердің қанағаттану деңгейі.


2. «Адам ресурстарын пайдаланудың тиімділігі» өлшемі

13. Осы өлшем бойынша бағалау орталық мемлекеттік органдар осы Әдістемеге 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынатын ақпарат негізінде жүргізіледі.

14. «Кадрлардың ауысушылығы деңгейі» көрсеткіші бойынша бағалау жүргізу барысында мемлекеттік органдар есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша Агенттікке тоқсан сайын ұсынатын кадрлар есеп деректері ескеріледі.

15. Баға мына формуламен есептеледі:


К1 = Р1 + Р2 + Р3 + Р4
К1 – осы өлшем бойынша мемлекеттік органның бағасы;

Р1 – «кадрлардың ауысушылығы деңгейі» көрсеткіші;

Р2 – «мемлекеттік орган штатының жасақталуы» көрсеткіші;

Р3 – «мемлекеттік органның қызметкерлерін жоғарылату» көрсеткіші;

Р4 – «мемлекеттік органдағы жұмыс уақытының нақты ұзақтығы» көрсеткіші.

Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 38 балл болып саналады.

16. «Кадрлардың ауысушылығы деңгейі» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:
P1 = 

k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (14-ке тең);

a – есепті кезеңде жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілердің саны;

b – мемлекеттік органның штат кестесіне сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың орташа саны;

5 – қатаңдық көрсеткіші.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың орташа саны мемлекеттік органның бірінші тоқсаннан бастап төртінші тоқсанға дейінгі қоса есептелетін мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың орташа саны сомасының орташа мәні ретінде анықталады.

Ауысу бойынша бағалауды есептеген кезде төмендегідей жағдайда жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілер есептелмейді:

зейнетке шығуына байланысты;

мемлекеттік органның қайта құрылуы немесе штаттың қысқартылуына байланысты;

ауруға, қайтыс болуына байланысты;

саяси қызметке тағайындалуына байланысты;

әскери және құқық қорғау органдарына кетуіне байланысты;

негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты (бала күтіміне байланысты демалыстан, мемлекеттік тапсырыс немесе шетелде кадрлар даярлау бойынша Республикалық комиссия бекіткен басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқу оқуына байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыстан);

бұрынғы лауазымына қарағанда мемлекеттік қызмет өтілі бойынша жоғары немесе тең талаптар белгіленетін лауазымға, оның ішінде «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаауысуға байланысты.

Сонымен бірге, бір орталық мемлекеттік орган жүйесінде жұмыстан босатылған қызметкерлер де есептелмейді.

Егер мемлекеттік органнан саяси мемлекеттік қызметшілер (министр, агенттік төрағасы, министр орынбасарлары, агенттік төрағасының орынбасарлары, облыс, астана, республикалық деңгейдегі қалалар әкімдері (әрі қарай – әкім), әкім орынбасарлары, әкім аппаратының басшылары), сондай-ақ «А» корпусының кейбір әкімшілік қызметшілері (жауапты хатшылар, аппарат басшылары) ауысқаннан кейін өз еркімен жұмыстан шыққан басшылық қызметтегі қызметкерлер (комитеттер төрағалары, олардың орынбасарлары, департамент директорлары мен олардың орынбасарлары, басқармалар басшылары, әкім аппараты басшысының орынбасарлары, бөлім меңгерушілері мен әкім аппаратының бас инспекторлары, облыстық жергілікті атқарушы органдар басшылары мен олардың орынбасарлары) саны 3%-дан жоғары болса (тоқсан қорытындысы бойынша), онда 3 балл алынып тасталады.

Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, мемлекеттік органға осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.

Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 14 балл болып саналады.

17. «Мемлекеттік орган штатының жасақталуы» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:

S>5 болған жағдайда 1) формула қолданады:


P2 = k 

k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (10-ға тең);

a – бос лауазым орындарынан пайда болған, оның ішінде қызметкерлердің ұзақ мерзімді оқуға немесе бала күтімі демалысына кету себептері бойынша (Агенттікке сұраным жолданғаннан кейін осы бос лауазымға орналасу үшін конкурс өткізуге жұмсалған 45 жұмыс күні, сондай-ақ Агенттікке сұрату жіберілгеннен кейін осы бос лауазымға ауысу тәртібімен немесе кадр резервінен орналасуға жұмсалған 11 жұмыс күні қоспағанда) адамға арналған күндердің саны;

b – мемлекетік қызметшілердің науқас болуы себебімен лауазымдар бос болған күндердің саны (жүкті болған мерзімі 20 аптадан астам аяғы ауыр әйелдердің уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты жұмыста болмау себебімен, өндірістік жарақаттануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы, қызметкерлердің онкологиялық аурумен науқастануына орай уақытша еңбекке жарамсыздығына, сондай-ақ «Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы


4 желтоқсандағы № 1171 Қаулысына сәйкес, жеке тізіммен анықталған өзге де аурулар) және басқа себептермен (жалақы сақталмайтын демалыс, жұмыстан шеттету). Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көрсетілген негізде қызметкелердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында, іссапарда, жүктілікке және босануға байланысты демалыста, жалақысы сақталмайтын демалыста болуы бес күнтізбелік күнге дейін бұл күндердің санына кірмейді;

c – адамға арналған күндердің жалпы саны;

10 – бағалау қатаңдығы көрсеткіші.

Адамға арналған күндердің жалпы саны мына формула арқылы анықталады:

c = m n

m – мемлекеттік органның орташа штат саны;

n – жыл ішіндегі жұмыс күндерінің саны.

Орташа штат саны мемлекеттік органның бірінші тоқсаннан бастап төртінші тоқсанға дейінгі қоса есептелетін штат саны сомасының орташа мәні ретінде анықталады (мәтін бойынша бұдан әрі – орташа штат саны).

S<немесе=5 болған жағдайда, мынадай формула қолданады:
P2 = k

S коэффициентін есептеуге мына формула қолданады:

S = 
S коэффициенті арқылы орташа әр қызметкерге келетін науқаспен және басқа себептермен байланысты бос күндер саны есептеледі. Бұл коэффициент үшін шекті өлшем 5 жұмыс күнге тең.

Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, мемлекеттік органға осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.

Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 10 балл болып саналады.

18. «Мемлекеттік органның қызметкерлерін жоғарылату» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:


Р3 = k 

k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (8-ге тең);

a – осы мемлекеттік органның қызметкерлері ішінен осы мемлекеттік органда жоғары лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің саны;

b – осы мемлекеттік органда конкурс бойынша және кадр резервінен тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны (С-5, С-О-6, D-5,


D-O-5 санаттарын қоспағанда).

Егер бос жоғары лауазымдардың болмауына байланысты мемлекеттік органда жоғары лауазымға тағайындау жүргізілмесе, мемлекеттік органға осы көрсеткіш бойынша 4 балл қойылады.

Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 8 балл болып саналады.

19. «Мемлекеттік органдағы жұмыс уақытының нақты ұзақтығы» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:


Р4 = k (2 – a/b)

k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (6-ға тең);

a – мемлекеттік органда орташа адам-сағат саны;

b – еңбек заңнамасымен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығы (аптасына 40 сағат).

Орташа адам-сағат мына формуламен есептеледі:
а = m / n
m – есептік кезеңде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс істеген жалпы адам-сағаты, оның ішінде мерзiмiнен тыс, мереке және демалыс күндердегi жұмыс (мемлекеттік органның бірінші басшысының, оның орынбасарларының, сондай-ақ жауапты хатшының (әкімдікте – аппарат басшысының) жазбаша өкiмi бойынша мемлекеттік қызметшілердің жұмыс істеген адам-сағаттарын қоспағанда, егер «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 17-бабы 2-тармағына сәйкес өкімдерді растайтын жазбаша құжаттар болса, сондай-ақ артық жұмыс үшін өтемақы төлемдері төленсе);

n – мемлекеттік органның орташа штат саны.

Есептік кезеңде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс істеген жалпы адам-сағаты автоматтандырылған электрондық өткізу жүйесінің мәліметтері арқылы есептелетін болады.

Осы көрсеткіш бойынша жергілікті атқарушы органдар 2015 жылдан бастап бағаланатын болады.

Автоматтандырылған электрондық өткізу жүйесі болмаған жағдайда, мемлекеттік органға осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.

Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, осы көрсеткіш бойынша


0 мәні қойылады.

Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 6 балл болып саналады.


3. «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту» өлшемі
20. Осы өлшем бойынша бағалау орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынатын ақпарат негізінде жүргізіледі.

21. Бағалау мына формула бойынша есептеледі:


К2 = k (a/b + c/d)

К2 – мемлекеттік органның осы өлшем бойынша бағасы;

k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (10-ға тең);

a – есепті кезеңде өтуге тиістілер ішінен тақырыптары мемлекеттік органның алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге, сондай-ақ қызмет бағытына сәйкес келетін біліктілікті арттырудан өткен мемлекеттік қызметшілердің саны;

b – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығына сәйкес, есепті кезеңде біліктілікті арттыру семинарларынан өтуге тиісті мемлекеттік қызметшілердің саны;

с – есепті кезеңнің белгіленген мерзімінде өтуге тиістілер қатарынан қайта даярлау курстарынан өткен мемлекеттік қызметшілердің саны;

d – тиісті есепті кезеңге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қалыптастыратын оқытылатындардың контингентіне сәйкес қайта даярлаудан өтуге жататын мемлекеттік қызметшілердің саны.

Біліктілікті арттырудан өтуге тиісті мемлекеттік қызметшілер болмаған жағдайда, a/b = 1.

Қайта даярлау курстарынан өтуге тиісті мемлекеттік қызметшілер болмаған жағдайда, c/d = 1.

Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 20 балл болып саналады.


4. «Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейі» өлшемі
22. Осы өлшем бойынша бағалау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараты негізінде жүргізіледі.

23. Бағалау мына формула бойынша есептеледі:


К3 = Р1 + Р2 + P3

К3 – аталған өлшем бойынша мемлекеттік органның бағасы;

Р1 – «сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде қылмыс жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болғандар саны» көрсеткіші;

Р2 – «сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде құқықбұзушылық жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болғандар саны» көрсеткіші;

Р3 – «сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны» көрсеткіші.

Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 18 балл болып саналады.

24. «Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде қылмыс жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болғандар саны» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:
P1 = 6 – 0,4 а

a – сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған, оның ішінде қылмыс жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болған мемлекеттік қызметшілердің саны;

0,4 – бағалау қатаңдығы көрсеткіші.

Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, мемлекеттік органға осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.

Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 6 балл болып саналады.

25. «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде құқықбұзушылық жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болғандар саны» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:


P2 = 6 – 0,3 а

а – сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған қызметшілердің, оның ішінде құқықбұзушылық жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болған мемлекеттік қызметшілердің саны;

0,3 – бағалау қатаңдығы көрсеткіші.

Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, мемлекеттік органға осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.

Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 6 балл болып саналады.

26. «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:


P3 = 6 – 0,2 а

а – сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны;

0,2 – бағалау қатаңдығы көрсеткіші.

Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, мемлекеттік органға осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.

Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 6 балл болып саналады.
5. «Мемлекеттік қызметшілердің қанағаттану деңгейі» өлшемі

27. Осы өлшем бойынша бағалау Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне жүргізген сауалнама нәтижелері бойынша анықталады.

28. Сауалнама анонимдік сұрау жүргізу түрінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшілер осы Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес сауалнама нысанын толтырады.

Персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) мемлекеттік қызметшілердің сауалнамаға қатысуын қамтамасыз етеді.

29. Осы өлшем бойынша баға мына формуламен есептеледі:
К4 = k (r1 + r2 + r3 + r4 + r5 + r6)
К4 – осы өлшемі бойынша мемлекеттік органның бағасы;

k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (4-ке тең);

r1 – қызметкерлердің мемлекеттік орган қызметіне қатысу дәрежесі;

r2 – көтермелеу жүйесімен қанағаттану дәрежесі;

r3 – мансаптық өсу мүмкіндіктерімен қанағаттану дәрежесі;

r4 – еңбектің ұйымдастырылуымен қанағаттану дәрежесі;

r5 – персоналды іріктеу тәртібімен қанағаттану дәрежесі;

r6 – персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыс тиімділігімен қанағаттану дәрежесі.

Қызметкерлердің мемлекеттік орган қызметіне қатысу дәрежесі мына формуламен есептеледі:
r1= (a1 + b1 + d1 + e1 + f1)/5c

a1 – сауалнаманың 1-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

b1 – сауалнаманың 2-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

d1 – сауалнаманың 3-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

e1 – сауалнаманың 4-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

f1 – сауалнаманың 5-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

с – сұралған мемлекеттік қызметшілердің саны.

Көтермелеу жүйесімен қанағаттану дәрежесі бойынша баға мына формуламен есептеледі:


r2= (a2 + b2 + d2 + e2 + f2 + g2)/6c

а2 – сауалнаманың 6-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

b2 – сауалнаманың 7-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

d2 – сауалнаманың 8-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

e2 – сауалнаманың 9-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

f2 – сауалнаманың 10-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

g2 – сауалнаманың 11-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

с – сұралған мемлекеттік қызметшілердің саны.

Мансаптық өсу мүмкіндіктерімен қанағаттану дәрежесі бойынша баға мына формуламен есептеледі:
r3= (a3 + b3 + d3 + e3 + f3 + g3)/6c

а3 – сауалнаманың 12-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

b3 – сауалнаманың 13-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

d3– сауалнаманың 14-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

e3 – сауалнаманың 15-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

f3 – сауалнаманың 16-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

g3 – сауалнаманың 17-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

с – сұралған мемлекеттік қызметшілердің саны.

Еңбектің ұйымдастырылуымен қанағаттану дәрежесі бойынша баға мына формуламен есептеледі:
r4= (a4 + b4 + d4 + e4)/4c

а4 – сауалнаманың 18-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

b4 – сауалнаманың 19-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

d4 – сауалнаманың 20-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

e4 – сауалнаманың 21-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

с – сұралған мемлекеттік қызметшілердің саны.

Персоналды іріктеу тәртібімен қанағаттану бойынша баға мына формуламен есептеледі:
r5= (a5 + b5 + d5 + e5 + f5)/5c

а5 – сауалнаманың 22-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

b5 – сауалнаманың 23-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

d5 – сауалнаманың 24-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

e5 – сауалнаманың 25-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

f5 – сауалнаманың 26-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

с – сұралған мемлекеттік қызметшілердің саны.

Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыс тиімділігімен қанағаттану дәрежесі баға мына формуламен есептеледі:


r6= (a6 + b6 + d6)/3c

а6 – сауалнаманың 27-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

b6 – сауалнаманың 28-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

d6 – сауалнаманың 29-сұрағына «иә» деп жауап берген қызметкерлердің саны;

с – сұралған мемлекеттік қызметшілердің саны.

Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 24 балл болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет