Сабақтың ортасы
40 мин
|
Ультрадыбыс датчигі – дыбыс толқындарын жіберіп, қайтып келген сигналдарды оқитын және нысандарды тауып, оларға дейінгі қашықтықты есептейтін құрылғы. Ультрадыбыс датчигі жоғары жиіліктегі дыбыстық толқынды (ультрадыбыстық) жібереді, нысаннан шағылысқан кері толқынды ұстайды және ультрадыбыстық импульсті қайтару уақытын өлшейді, нысанға дейінгі қашықтықты жоғары дәлдікпен есептейді.
Датчик «көздерінің» айналасындағы қызыл түсті жыпылықтамайтын жарық -оның «Өлшеу» режимінде тұрғанын білдіред.
Ультрадыбыс датчигінің ерекшеліктері:
• 1-ден бастап, 250 см-ге дейінгі ауқымда қашықтықты өлшеу;
• өлшеу дәлдігі ±1 см-ге дейін;
• қызыл түсті жарық сигналды беру кезінде үнемі жанып және эфирді тыңдау барысында жыпылықтап тұрады;
• егер ультрадыбыстық сигнал анықталса, датчик «Ақиқат» логикалық мәнін береді
|
Дәптерге анықтаманы жазады
Тапсырманы орындайды
|
«Бас бармақ» әдісі
|
Презентация
Презентация
Дәптер
|