Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Жасөспірімдердің қылмыскерлігі және оның алдын алу шараларының психологиялық және педагогикалық негіздері



бет5/18
Дата14.05.2024
өлшемі377.36 Kb.
#501060
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Тұрсын Меруерт курстық жұмыс (2) (1)

2.3. Жасөспірімдердің қылмыскерлігі және оның алдын алу шараларының психологиялық және педагогикалық негіздері.

Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі ағзалардың барлығына тән ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Бала мінез-құлқында әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өз-өзіне бақылау жасау арқылы мінезіндегі кемшіліктерін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, тапсырылған істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.


Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік нормадан ауытқуды айтады. Оны қоғамда қабылданған нормаға қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды.
Психикалық әрекетіне өзгеру күйін тудыратын улы заттарды қолдану девиантты мінез-құлық формасы болып табылады. Осы заттарды қолданған кезде ол психикалық үдерістерге әсер етеді.
Қандайда бір іс-әрекеттің бағалануы оны қандайда бір нормамен салыстыру арқылы іске асады. Проблемалық іс-әрекетті жиі девиантты деп атайды. Девиантты мінез-құлық психологиялық денсаулық, құқықтық, мәдениеттік немесе жалпы қабылданған нормадан ауытқу әрекетінің жүйесі.
Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын антиәлеуметтік іс-әрекеті.
Қиын бала тақырыбында 20-30-жылдары П.П. Блонский, Г.А. Фартунатова, Л.С. Выготский, А.С Макаренко, С.Т. Шацкий, В. И. Куфаев, С. Балаубаев, И.Л. Стычинский, В.Н. Мясищев және басқалар зерттеп, еңбектер жазды. Ал 30-жылдардың аяғы мен 40-жылдарда аталған зерттеу жұмысы аз жүргізілді, немесе мүлдем жүргізілмеді десе де болады. 50-шы және 60-жылдары бұл мәселе тереңірек зерттеліп, ол туралы бірқатар еңбектер жазылды. Қазіргі кезде қозғалып отырған тақырып Л. Бажович, Л.С. Славина, Т. Миньковский, Г.П. Медведев, И.Ф. Назаров, М.М. Муканов, Г.А.Уманов, Э.Шыныбекова, К. Бегалиев, Қ.Б. Жарықбаев және басқалардың еңбектерінде әр қырынан сөз болды. Аталған еңбектердің авторлары осы мәселенің пайда болу себептерін ашып көрсетіп, тәрбиеленуі қиын балаларға сипаттама береді және оларға педагогикалық әсер етудің жолдарын көрсетеді. Осыған қарамастан, «қиын» балаларды тәрбиелеу мәселесі педагогика, психология және криминалистика ғылымдарының әлі де болса толық зерттелмеген мәселесі болып отыр. Көптеген ғалымдар қиын бала мәселесі туралы өздерінің еңбектерін жазды. Атап өтсек қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Л.С.Выготский (1928) еңбектерінде талқыланады, сондай-ақ А.С.Макаренконың, С.Т. Щацкийдің, П.П.Блонскийдің, В.Н.Мясищевтің тәжірибелерінен де үлкен орын алады. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлкен орын алады. Аталмыш мәселенің ары қарай талқылануына үлкес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.
Мәселен, бұлардың ішінде В.Н. Куфаевтың еңбегі назар аударарлық. Ол «қиын» балалардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады, «…өсіп, ер жету, әлеуметтік жағдайына байланысты, бетімен кету дәрежесіне қарай, әр түрлі себептерге байланысты өз мінез-құлқының ерекшелігіне қарай... мұндай балалар өздеріне ерекше тәсілмен қатынас жасауды және олармен тиісінше жұмыс жүргізуді талап етеді»,- деп көрсетеді.
Тәрбиелеуі «қиын» жасөспірімдерді психологиялық жақтан бақылап зерттеу туралы М.А. Алемаскин-тәрбиелеуі «қиындар» проблемасы көп факторлы құбылыс, бұл проблеманы педагогтар, психологтар және заң қызметкерлері зерттеуі қажет,-деп жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет