Девиантты мінез-құлықтың туындауына келесідей факторлар себеп болады:
Отбасы, бұл - балалық шақтағы әлеуметтенудің ең басты институты. Баланың ерте кезден әлеуметтенуі отбасында өтеді, бұл кезең балалардың дамуындағы оның қорғау, даму, өзін-өзі бағалау сиякты негізгі қажеттілдіктерінің даму кезеңі болып табылады. Қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың күрделенуіне байланысты ата-аналар көп уақыттарын жұмыста өткізеді де, балаларына уақыттары жетпей жатады. Соның нәтижесінде балалар көп уақыттарын далада өткізеді. Демек, отбасында балалардың өмірі мен әрекетін нақты ұйымдастырып, тұрмыста баланы қадағалап, балаға деген талаптарды дұрыс коя білу қажет.
Мектеп, ол - отбасынан кейінгі баланың әлеуметтенуіне әсер ететін негізгі институт. Бала өзіне жауапкершілік деген сезімді дәл осы мектеп кезінде қалыптастырады. Қазіргі кезде мектеп балаға әлеуметтік ортаға тиімді болуға көмектеспейді десе де болады, сонымен қатар мектеп балалардың қажеттіліктері мен күтетін нәтижелеріне сәйкес бағыт-бағдар бере алмайды. Сонымен қоршаған ортасы жасөспірімге әлеуметтік және кәсіби әрекетін таңдауға, тұлғалық және әлеуметтік статусын көтеруге көмектессе, ал «қиын» жасөспірімдер үшін көп жағдайда қылмыстық істер т.б. әрекеттер жасауына итермелейді. Осындай олқылықтарды болдырмау үшін педагогтар тарапынан баланы, оның отбасындағы тәрбие шарттарын дұрыс біліп, балалардың ата-анасымен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық жұмысты жан-жақты білген дұрыс.
Ақпараттық құралдар да балалардың ой-өрісінің дамуына, тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына бірден-бір әсер ететін фактор (телевизор, радио, кино, газетжурнал т.б.). Қазіргі қоғам жағдайында ақпараттық құралдар қоғамдық көзқарастың қалыптасуына, адамдар мен жаңалықтарды бағалауда үлкен мәнге ие. Сонымен қатар ақпараттық құралдар индивидтің дамуы мен
қалыптасуындағы көптеген ауытқулардың пайда болуының бірден-бір себебі болып табылады.
Девиантты мінез-құлықтың қоғамдағы жағымсыз көрініске жататыны анық. Адамзат мінез-құлық нормасынан ауытқымас үшін, балаларға өмірдің жағымсыз қырларын уакытында жеткізіп отыру қажет. Себебі мінез-құлықтың негізі дәл осы бала кезде қалыптасып үлгереді. Девиантты мінез-құлық көбіне тәрбие, білім беру, қоғамдағы әлеуметтік жағдай, отбасылық ахуал сияқты факторларға байланысты туындайтыны анық.
Яғни біздің балаларымыздың білімді, тәрбиелі, мәдениетті, коғамда өздерін ұстай алуды білуі үшін қолымыздан келгеннің бәрінен аянбауымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |