Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, нарықтық экономикаға жол ашты. Еркін экономика кезінде, алғашқы жылдары әлеуметтік экономикалық нарықтық қатынастарда әр түрлі қиындықтарды, дағдарыс кезеңін бастан өткерді



бет7/7
Дата16.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#138614
1   2   3   4   5   6   7

ҚОРЫТЫНДЫ
Кейбір экономикалық әдебиеттерде парабанктік жүйенің ішіндегі несиелік мекемелерге ломбардтырды, несиелік серіктестіктерді, несиелік қоғамдарды және одақтарды жатқызады.

Ломбардтар – бұл жылжитын мүліктерді кепілге ала отырып, қысқа мерзімге ссуда беретін несиелік мекеме.

Қазақстанда банктік емес мекемелердің мынадай түрлері дамып отыр:


  • ломбардтар;

  • несиелік серіктестіктер;

  • микрокредиттік ұйымдар;

  • жинақтаушы зейнетақы қорлары;

  • пошта-жинақ мекемелері;

  • ипотекалық компаниялары.

Соның ішінде қазіргі кезде ломбардтық мекемелер мен несиелік серіктестіктер кеңінен дамып келеді.

Экономика нақты секторын несиелеудің жалпы өсімінде теңгемен орта және ұзақ мерзімді несиелердің озық өсімдері белгіленген. Экономика саласы бойынша несие өсімінің қарқыны өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, құрылыста, транспорт пен байланыстарда басқа экономика секторындағы несие өсімінің қарқынын басып озады. Қазіргі уақытта негізгі масса банк арқылы берілген несиелерді айналым капиталын толықтыруға қарыз алушылар қолданады. Несиелеу мерзімі әр түрлі, бірақ олардың ұзақтығы негізінен үш айдан өндірісік циклдың өткізу саясатына, жеткізушінің есеп айырысу қызметінің себептеріне байланысты ұзарады.

Несие өсімі кіші және орта бизнеске банк арқылы жеткізілгенін айта кетуі керек. Кіші бизнесте несие көлемінің жоғарлауы шетел несиелерінің және халықаралық қаржы институтының инвестициясының көз қызығушылығымен түсіндіріледі.

Қазақстанда несиелеу жүйесінің барлық элементтерін қарастыра отырып, келесідей мәселелерді бөліп қарастыруға болады: объект несиелеу сапасында айналым қаражатын иемдене алады; басты субъект болып өндірістік емес экономика секторы болады; несиемен қамтамасыз етудің негізгі формасы кепіл зат түрі әлі дамымаған.

Өзгерісті қарастыру 2-ші деңгейлі банктердің қайта қаржыландыру қойылымына байланысы осы уақытта мемлекеттің негізгі банкі осы көрсеткішті арттырса немесе кемітсе жалпы іс-қимылға әсер етеді, ал 2-ші деңгейлі банктер өз кезегінде оның жайғасымын қабылдай ма, әлде қабылдамайтынын өзі шешеді. Барлық несие кезінде оны әр кезде қолдануға тартудың бір жолы – мемлекет нарығында араласу тұрақтылық және ереженің ұзақтығы арқылы олардың сеніміне кіруге болады. Тұрақтылыққа міндетті ұзақтықтардың жоқ болуы осы ережелерде банктер өзінің мүмкіндіктерін максималды дәрежеде қазіргі сәтте қолданып қалуға тырысады. Олар ұзақ мерзімді және орта мерзімді таратуларды жасайды, бірақ та құрылым үлесімде барлық қосындылар біршама қысқа мерзімді несиелер үлесінен төмен болады. Бір сөзбен айтқанда, саяси тұрақтылықтан экономикада тұрақты араласуға қажеттілік туып отыр.

ЖІӨ-дегі банктік несиенің үлесі келесі негізгі себептермен байланысты:



    • Әлемдік жағдаятының өте қолайлы макроэкономикалық жағдайының өсуі. Негізгісі мұнайға бағаның өсуі.

    • Нарық жағдайында кәсіпорындармен жеткілікті жұмыс тәжрибиесінің алмасу көрсеткішінде нақты экономикалық сектордың ұстамдылығының жоғарлауы.

Банктік капитализацияның өсімі негізінде банктік жүйенің нығаюы, банктың қадағалауы мен төлем жүйесінің артуы.

Нақты қойылымдар барлық несие бойынша өндірістің дамуына жақсы жағдай болған кезі 1999-2000 жылдар. Сол жылы оның деңгейі орташа жылдық қойылымы 2,3% және 6,6% болды.

Егер заңды тұлғаларға 2002 жылы теңгелік несиелерді алған тиімді болса, ал жеке тұлғаларға валюталық несиелерді алған тиімді.

Нақты қойылымдар теңгелік несиелер бойынша кәсіпорын үшін 2002 жылы орта есеппен алғанда валюталық несиеге қарағанда төмен болды.

Халықаралық салыстырым кезінде Қазақстанда ішкі несиелеуде банктік жүйенің жетістіктері біраз ақсап тұр және таңқаларлықтай емес сияқты. Өмір ұзақтығына қарай олар орташа жағдайды көрсетеді, ТМД елдерімен салыстырғанда жақсы.

Шаруашылық субъектілер номиналды бағаларға емес нақты бағаларға қарайды. Осы мақсатпен нақты қойылымдарды валюталық және теңгелік несиелер бойынша инфляцияны қосқанда өз елімізде және шетелдерде, сонымен бірге ұлттық курстың девальвациясын қарастырамыз.

Ақша ресурстарының донорлары болып кедей аграрлық аумақтар бөлігі басым болды, олар Алматы, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай және Қызылорда обылыстары, сонымен бірге Астана қаласы.

Өте төмен банктік маржа несие бойынша индустриалды аумақтарда байқалады. Аграрлы аумақтарда банктік маржа деңгейі бір шама жоғары және орта есеппен жылдық 12-14% құрайды. Еліміздің индустриалды және аграрлы аумақтарының банктік маржалар арасындағы айырмашылықтары жылдық 4-5% мөлшерінде құрап, ауылшаруашылық өндірісінде несиелеудің жоғарғы тәуекелділігімен байланысты шегерімдер орын тебеді.



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. –Алматы: ИздатМаркет, 2004.-248 бет. (92, 117)

  2. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. -Алматы: Экономика, 2001.-466 бет. 72-130-232-162-276.

  3. Әкімбеков С.Ә., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. – Астана: Астана полиграфия, 2002.-398 бет. (296, 299)

  4. Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжұмаев Е., Досқалиев С., Жәйшібеков Ж. Экономикалық теория негіздері. –Алматы: Санат, 1998.-479 бет. (403, 406)

  5. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Тәбеев Т.П. Экономикалық теория. –Алматы: Қазақ Университеті, 1999.-280 бет. (162)

  6. Мақыш С.Б. Банк ісі. –Алматы: Қазақ Университеті, 2004.-241 бет. (37, 156, 162, 202, 208, 213)

  7. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. –Алматы: Экономика, 2000.-328 бет. (98, 221)

  8. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. –Алматы: Экономика, 2003.-432 бет. (212, 217, 221)

  9. Нұрсейтова Р. Перспективы развития страхования экспортных кредитов и инвестиций в Казахстане. Қаржы қаражат. – 2003. –Вып.6., ч.1. с. 35-40.

  10. Мақыш С.Б. Жобалық несиелеудің ерекшеліктері. Вестник КазНУ.-2004. №6. -32-34 бет.

  11. Нурсейт Н. Расширение банковского кредитования. Аль-Пари-2002. №6. 60-65 бет.

  12. Нурсейт Н. Кредитование малого и среднего предпрнимательства. РЦБК.-2005. №3. 2 бет.

  13. Нурсейт Н. Об одобрении годового отчета Национального банка Республики Казахстан за 2004 год. Финансы, кредиты -2005. №5. 3 бет.

  14. Бекмұхаметова А.Б. Денежно кредитное и валютное регулирование экономики Казахстана. -2003. №3. 37-39 бет.

  15. Сейтбеков А. Виды и типы кредитов в банковском секторе Казахстана. Саясат.-2003. №3. с.50-53.

  16. Бохаев Д.Т. Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер. Проблемалары және болашағы. Аль-Пари-2001. №2. 9-11бет.

  17. Журнал. Экономическое образование.-НБК. №2. 2002, -50 бет.

  18. Годовой отчет НБРК за 2001г.

  19. Рамазанов Н. Кредитные риски //Деловая неделя// от 22.03.02г.-12-13 бет .

  20. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы: Учебник.-Алматы: экономика, 2001. с.512.

  21. Основных направлениях денежно-кредитной политики на 2005-2007 годы и текущей ситуации на финансовом рынке.

  22. Национальный банк Республики Казахстана Пресс-Релиз №007 от 2 февраля 2005 года. //Банки Казахстана.//-2005. вып.2., ч.1. с.2-5.

  23. Қазахстанда ипотекалық кредиттеу жүйесін ендіру бағдарламасы және оны іске асыру. Егемен Қазақстан-2001. 13 шілде.

  24. Серикбаев Ж.Д. Совершенствовение механизма денежно-кредитного регулирования экономики Казахстана. –Алматы: Экономика, 2004. 312 бет.

  25. Қазақстанның нарықтық экономикалық қаржы-несиелік проблемалары. –Алматы: ҚазҰУ 2002ж. 35 бет.

“Сырдария” университеті, «Экономика және құқық» факультеті, «Қаржы» мамандығының 4 – курс студенті Абуова Раноның «ҚР-ның несие жүйесінің дамуы және банктік несиелердің кеңеюі» тақырыбына арналған бітіру жұмысына сын пікір.




СЫН П І К І Р
Бірінші тарауда жалпы несие туралы ұғым, Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің дамуы, оның элементтері, банктік емес мекемелері туралы айқын жазылып, сызба – кестелермен көрсетілген.

Ал, екінші тарауды қарастырсақ, мұнда негізінен Қазақстан экономикасындағы банктік несиелердің түрлері мен формалары, олардың жіктелуі, несиелік құрамдас бөлігінің дамуы, депозиттік салымдар, ұзақ, орта және қысқа мерзімді несиелердің қайта қаржыландыру қойылымымен салыстыру арқылы көрсетілген.

Несиелеу жүйесінің барлық элементтері қарастырылып, басқа да мәселелер бөліп қарастырылған.

Үшінші тарауды қарастыра келе, банктік несиенің әр түрлі саларға берілуінің кеңеюі, банктік несиенің ЖІӨ-де алатын үлесі, валюталық пен теңгелік несиелерді алған кезде қандай клиенттерге тиімді болатындығы, қысқа, орта және ұзақ мерзімзі несиелердің көлемі мен қандай уақытқа дейін берілгендігі, номиналдық пайыздық қойылым мен нақты пайыздық қойылым арасындағы формулалық байланысы, оған инфляция қарқының пайызының қатысы, доллар мен теңге түрінде берілген несиелер көлемі, Қазақстанның индустиалды және аграрлық аумақтарына бөлінген несиелер, сонымен қатар дамыған капиталистік елдердің, индустриалды мемлекеттердің, дамушы және ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішкі несиенің ЖІӨ-ге қатынасы туралы әр түрлі кестелермен талдау арқылы көрсетілген.

Бұл жұмыста аздаған кемшіліктер болса да, «өте жақсы» деген бағаға әсерін тигізе алмайды.

Сын пікір беруші

студенті «ҚР-ның несие жүйесінің дамуы және банктік несиелердің кеңеюі» тақырына арналған бітіру жұмысына сынпікір.

С Ы Н П І К І Р

Бітіру жұмысында негізінен осы тақырыбына байланысты еліміздегі несие жүйесінің дамуы, оған жататын элементтері, банктік емес мекемелер туралы анық жазылған. Сонымен бірге, несиенің қажеттілігі, қызметтері және формаларын қарастырып өтуге болады.

Қазақстан экономикасындағы банктік несиелердің түрлері мен формалары, олардың жіктелуі, несиелік құрамдас бөлігінің дамуы, депозиттік салымдар, ұзақ, орта және қысқа мерзімді несиелердің қайта қаржыландыру қойылымдары динамикалар арқылы көрсетілген.

Несиелеу жүйесінің барлық элементтері қарастырылып, соған байланысты басқа да мәселелер бөліп қарастырылған.

Банктік несиенің өндіріс сферасында кеңеюі, банктік несиенің ЖІӨ-дегі алатын орнының көлемі, валюталық пен теңгелік несиелер, қысқа, орта және ұзақ мерзімзі несиелердің көлемі, номиналдық пайыздық қойылым мен нақты пайыздық қойылым арасындағы байланыс, оған инфляция пайызының қатысы, доллар мен теңге түрінде берілген несиелер көлемі, Қазақстанның индустиалды және аграрлық аумақтарына бөлінген несиелер, сонымен қатар дамыған капиталистік елдердің, индустриалды мемлекеттердің, дамушы және ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішкі несиенің ЖІӨ-ге қатынасы туралы әр түрлі кестелер мен талдау арқылы көрсетілген.

Бұл жұмыста біраз кемшіліктер болғанмен де, өте жақсы деген бағасына әсерін тигізбейді.



МАЗМҰНЫ





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет