Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясының фракциясы



бет1/5
Дата03.07.2016
өлшемі0.95 Mb.
#174796
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі

«Нұр Отан» партиясының фракциясы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің

депутаттары – «Нұр Отан» партиясы фракциясы мүшелерінің

2014 жылғы шілде мен тамыз аралығында республика өңірлерінде

атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы есеп

Астана 2014


МАЗМҰНЫ


беттері


  1. Парламент Мәжілісінің депутаттары – «Нұр Отан» партиясы фракциясы мүшелерінің көшпелі жұмысының қорытындысы туралы ақпарат:


2


- жалпы республика бойынша ……………………………………………………...

2

- өңірлер бөлінісі бойынша ……………………………………………………..


3

  1. Парламент Мәжілісінің депутаттары – «Нұр Отан» партиясы фракциясы мүшелерінің көшпелі жұмысының қорытындысы бойынша өңірлердің жүйелі проблемаларына қысқаша талдамалық шолу


11


  1. Парламент Мәжілісінің депутаттары – «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелерімен сайлаушылардың кездесу барысында айтқан жүйелі проблемалары мен ұсыныстарының тізбесі:




- жалпы республика бойынша……………………………………………………...

14

- өңірлер бөлінісі бойынша ……………………………………………………………..


22

Парламент Мәжілісінің депутаттары – «Нұр Отан» партиясы фракциясы

мүшелерінің көшпелі жұмысының қорытындысы туралы

АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары – «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері 2014 жылғы шілде мен тамыз аралығында республика өңірлерінде «Нұр Отан» партиясы сайлауалды тұғырнамасының, Үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмыс істеуі, шағын және орта бизнесті қолдау, Парламенттегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының заң шығармашылық жұмысы және басқалары туралы сайлаушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Көшпелі жұмыстың шеңберінде Фракция мүшелері 409 елді мекенде болып қайтты, 66 мыңнан астам адам қатысқан 874 кездесу өткізді.

Кездесудің белсенді қатысушылары халықтың осал жіктерінің өкілдері болады: мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік саланың қызметкерлері, кәсіпорындардың жұмысшылары, шағын және орта бизнес өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, зейнеткерлер.

Мәжілістің бірқатар депутаттары өз кездесулерін «Нұр Отан» партиясынан сайланған облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттармен бірлесе өткізді.

Фракция мүшелері партияның аймақтық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдауға ерекше көңіл бөлді, осы кезеңде депутаттар шамамен 845 азаматтың өтініштерін қарады, оның ішінде 302 (36%) орында шешілді, бірқатар проблемалы мәселелерді депутаттар бақылауға алды. Анықталған проблемалы мәселелердің көпшілігі зейнетақымен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, коммуналдық сала, денсаулық сақтау, білім беру салалары.

Депутаттардың өңірлердегі ақпараттық-насихаттық жұмысы, олардың халықпен кездесулерінің нәтижелері жайлы жедел медиа-сүйемелдеу жүргізілді. Барлық телерадиомен хабар тарату арналарында, электронды және баспа БАҚ 395 мақала және депутаттардың сөйлеген сөздері жарияланды.




Жалпы республика бойынша:


Барып қайтқан қалалар, аудандар және елді мекендер, ауылдар


409

Сайлаушылармен өткізілген кездесулер


874



Кездесуге қатысқандардың саны


66 288

Қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылданған азаматтар/шешілген мәселелер


845/302

БАҚ-тағы сөз сөйлеулер, жарияланымдар


395


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет