«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 2016 жылғы 24 наурыздағы №006 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі



Дата14.06.2016
өлшемі149.93 Kb.
#136014




«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының
2016 жылғы 24 наурыздағы №006 қаулысына


қосымша



Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі

«Нұр Отан» партиясының фракциясы

туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Нұр Отан» партиясының фракциясы (бұдан әрі - Фракция) «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің (бұдан әрі – Парламент Мәжілісі) регламентіне және «Нұр Отан» партиясының (бұдан әрі - Партия) Жарғасына сәйкес құрылған депутаттық бірлестік болып табылады.

2. Фракция өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының, Қазақстан Республикасы Парламентінің және Парламент Мәжілісі регламенттерінің, сондай-ақ Партияның Жарғысы мен осы Ереженің негізінде атқарады.

3. Фракцияны тіркеу Парламент Мәжілісінің Бюросында келіп тіркелу тәртібімен жүргізіледі.

4. Фракцияның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Партия Төрағасының, Партия Саяси кеңесі Бюросының (бұдан әрі – Саяси кеңес Бюросы) шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.


2. Фракцияның негізгі функциялары мен құзыреті
5. Фракцияның негізгі функциялары:

  1. Партияның басқарушы органдарының бағдарламалық құжаттарын және Партия Төрағасының шешімдерін Қазақстан Республикасының заңнамаларына және осы Ережеге сәйкес заң шығарушылық және басқа да қызметте іске асыру;

  2. Парламент Мәжілісіндегі ел дамуының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері, Сайлауалды тұғырнамада бекітілген негізгі қағидалары бойынша Партияның және Партия Төрағасының ұстанымдарын білдіретін саясат жүргізу;

  3. Парламент пен Парламент Мәжілісінің пленарлық отырыстарында Фракция жиналысы қабылдаған тиісті шешімге сәйкес, Фракция мүшелерінің ынтымақты түрде дауыс беруін қамтамасыз ету болып табылады;

  4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттіктері шеңберінде партияның Сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

6. Фракцияның құзыреті:

1) Парламент Мәжілісінің заң шығарушылық және заңнамалық қызметіне қатысу;

2) Қазақстан Республикасы Президенті өткізетін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің (бұдан әрі – Премьер-Министр) кандидатурасы бойынша консультацияларға қатысу;

3) Үкіметке және оның мүшелеріне сенімсіздік вотумын білдіру туралы мәселені қарау бойыншы Парламент Мәжілісінде бастама жасау;

4) Фракцияның ұстанымын әзірлеу және:

Қазақстан Республикасы Президенті енгізетін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар жобаларын;

конституциялық заңдардың, Парламент пен оның палаталарының заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын;

Парламент Мәжілісінің Төрағасы және Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасарлары, Парламент Мәжілісі жұмысшы органдарының төрағалары лауазымына кандидатураларды, оларды лауазымынан кері шақыртып алу және олардың отставкаға кетуі мәселелері бойынша Фракцияның ұстанымын;

Үкімет мүшелерінің лауазымына кандидатураларды;

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің екі мүшесі, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесі, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесі лауазымына кандидатураларды;

Парламенттің, Парламент Мәжілісінің және Үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарларының жобаларын;

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің әртүрлі бағыттары бойынша өзге де мәселелерді талқылауға қатысу.

5) Парламент Мәжілісінің депутаттары – Фракция мүшелеріне жазалау шараларын қолдануға, депутаттық этика ережелеріне байланысты, сондай-ақ депутаттар өкілеттіктерінің тоқталуына әрі олардың өкілеттіктерінен және депутаттық қол сұқпаушылықтан айырылуына байланысты мәселелерді дайындау;

6) депутатты қылмыстық жауаптылыққа тартуға, сот тәртібімен қолданылатын қамауға алу немесе әкімшілік жаза шараларын қолдануға келісім алу үшін Мәжіліс Парламентіне Қазақстан Республикасы Бас прокуроры енгізген ұсынысты талқылау;

7) халықаралық ұйымдармен, саяси партиялармен, Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялардың фракцияларымен және басқа да азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық;

8) Парламент Мәжілісінде Үкімет мүшелері қызметінің мәселелері бойынша олардың есептерін тыңдау туралы мәселені қарауға бастама жасау;

9) Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Парламент Мәжілісінің Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы Қазақстан Республикасының Президентіне өтінішін қабылдауға қатысуын қамтамасыз ету;

10) Фракция мүшелерінің Парламент Мәжілісіндегі заң шығару бастамасы құқықтарын қамтамасыз ету;

11) Премьер-Министрді, Үкімет мүшелерін, орталық атқарушы органдардың, жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларын Партияның Сайлауалды тұғырнамасын іске асырумен байланысты өз қызметінің мәселелері бойынша тыңдау;

12) Фракцияның ішкі қызметін ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешу.

7. Фракция өз қызметінде партияның басшылық етуші және өкілді органдарымен, Партия орталық аппаратымен, Партиялық бақылау комитетімен, орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен, Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялардың фракцияларымен, қоғамдық бірлестіктермен және басқа да азаматтық қоғамның басқа да институттарымен өзара әрекет етеді, сондай-ақ партияның қабылдау бөлмелерінің жұмысына қатысады.

8. Фракция партия Саяси кеңесі Бюросының алдында жылына кемінде бір рет партияның Сайлауалды бағдарламаны іске асыру туралы есеп береді.

9. Фракция партияның Сайлауалды тұғырнамасының іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру кезінде оны іске асыру бойынша тізбелер көрсеткіштерін басшылыққа алады.

10. Фракция мүшелері Партияның қоғамдық қабылдауында кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, өңірлерге шығу кезінде халықпен кездесулер өткізеді және Фракция Жетекшісіне арыздардың сипаты мен оларды шешу жөнінде қабылданған шаралар бойынша есеп береді.

11. Партия Фракциясының қызметіне Партияның Жарғысына сәйкес жәрдемдеседі.
3. Фракцияның қызметін ұйымдастыру
12. Фракцияны Партия Төрағасының ұсынуы бойынша Фракция мүшелері сайлайтын Фракция Жетекшісі басқарады.

13. Фракцияның Жиналысы (бұдан әрі - Жиналыс) Фракцияның жоғары органы болып табылады.

14. Фракция Жетекшісінің жанында құрылатын Фракцияның Төралқасы Фракцияның үйлестіруші органы болып табылады.

15. Фракцияның Жиналысы:

1) партия Төрағасының ұсынуы бойынша Фракция Жетекшісін сайлайды;

2) Фракция Жетекшісінің ұсынуы бойынша Фракция Жетекшісінің орынбасарларын және Фракция Төралқасының жеке құрамын сайлайды;

3) Партияның саяси ұстанымына сәйкес Фракция қызметінің стратегиясы мен тактикасын айқындайды;

4) Фракция мүшелерінің есептерін тыңдайды;

5) Фракцияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша оның ұстанымын айқындайды;

6) Парламент Мәжілісіндегі басшы лауазымдарына сайлау үшін кандидатуралар ұсынады, сондай-ақ Парламент Мәжілісінің тұрақты комитеттерінің төрағалары – Фракция мүшелерін олардың денсаулық жағдайы бойынша өз міндеттерін атқаруы мүмкін болмағанда немесе жұмысы қанағаттанарлықсыз деп танылғанда лауазымынан босату жөнінде ұсыныстар енгізеді;

7) Жиналыстың өкілеттіктерінің бір бөлігін Фракцияның Төралқасына беру туралы шешім қабылдайды;

8) Партия Төрағасының ұсынуы бойынша Фракция Жетекшісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешеді;

9) Фракция Жетекшісінің ұсынуы бойынша Фракция Жетекшісі орынбасарларының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешеді;

10) Фракция және оның құрамына кіретін депутаттар қызметінің өзге де мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;

11) Жиналыстың айрықша өкілеттігіне:

- Фракцияға мүшелікке қабылдау;

- Фракция Жетекшісінің, оның орынбасарларының және Фракция Төралқасы мүшелерін сайлау және өкілеттіктерін тоқтату;

- ынтымақты түрде дауыс беру туралы шешім қабылдау жатады.



  1. Жиналыстарды Фракция Басшысы қажеттілігіне қарай өткізеді, ашық, жабық, көшпелі болуы мүмкін.

17. Егер Фракция мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, Жиналыс шешім қабылдауға құқылы.

18. Жиналыстың шешімі оның жұмысына қатысқан Фракция мүшелері жалпы санының көпшілік дауысымен, ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Фракция Жетекшісі қол қоятын Фракцияның қаулысымен рәсімделеді.

19. Фракцияның Жиналысы – Фракция Жетекшісінің төрағалығымен, ол болмаған кезде Фракция Жетекшісінің тапсырмасы бойынша оның орынбасарларының бірінің төрағалығымен өткізіледі.

20. Фракция құрамына кірмейтін депутаттар және басқа да шақырылған адамдар Фракция Жетекшісінің шешімі бойынша Жиналыстың жұмысына қатыса алады.

21. Төралқа Жиналыстың шешімі бойынша құрылады, оның мүшелері Фракция Жетекшісінің ұсынуы бойынша Фракция мүшелері жалпы санының көпшілік дауысымен, ашық дауыс беру арқылы сайланады. Фракция Жетекшісі және Фракция Жетекшісінің орынбасарлары лауазымы жөнінен Төралқаның мүшелері болып табылады.


  1. Фракция Төралқасы:

        1. Фракцияның жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады және үйлестіреді;

        2. Жиналыстар арасындағы кезеңде Фракция қызметінің мәселелерін қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды;

        3. кезекті Жиналысқа аталған кезеңде қаралған мәселелер мен олар бойынша қабылданған шешімдер туралы хабардар етеді;

        4. Фракция мүшелерінен келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, Фракция Жиналысының күн тәртібін қалыптастырады;

        5. Фракцияның, Төралқа мүшелерінің; Фракция мүшелері – партиялық тәлімгерлердің және Фракция мүшелерінің қызметі туралы есептерді қарайды;

        6. Жиналыс және Төралқа қабылдаған шешімдерді орындау жөнінде Фракция мүшелеріне тапсырмалар береді;

7) Мәжіліс депутаттары – Фракция мүшелерінің бастамашылық заң шығарушылық қызметінің мәселелері бойынша Үкіметпен тұрақты негізде консультациялар жүргізеді;

8) орталық атқарушы органдар басшыларын шақыру арқылы партия Сайлауалды тұғырнамасының іске асырылу барысын кеңейтілген отырыстарда тыңдайды.

23. Төралқаның отырысын өткізудің уақыты мен орнын Фракция Жетекшісі айқындайды.

24. Төралқа отырысының шешімі оның ішінде сауалнама жүргізу арқылы Фракция Төралқасы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен, ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Фракция Жетекшісі қол қоятын Төралқаның хаттамалық шешімімен рәсімделеді.

25. Жиналыс немесе Төралқа Фракция жанында консультативтік-кеңес органдарын құру туралы шешім қабылдайды. Партия Саяси кеңес Бюросы, Жиналыс немесе Төралқа олар туралы ережелерді бекітеді.
4. Ынтымақты дауыс беру
26. Ынтымақты дауыс беру - Парламент пен Парламент Мәжілісінің және Фракцияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Фракцияның бірыңғай ұстанымын білдірудің партиялық принципі.

27. Ынтымақты дауыс беру қажет болатын мәселені Фракция Төралқасына Фракция Жетекшісі, ол болмаған кезде Фракция Жетекшісінің орынбасарлары, Төралқаның мүшелері енгізеді.

28. Ынтымақты дауыс беруді көздейтін мәселе бойынша Фракцияның шешімі, егер оған қатысып отырған Фракция мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берсе, Фракцияның Жиналысында қабылданады.

29. Фракция мүшелері Парламенттің бірлескен отырыстарында және Парламент Мәжілісінің отырыстарында Жиналыстың ынтымақты түрде дауыс беру туралы қабылдаған шешіміне сәйкес дауыс беруге міндетті.



5. Фракция Жетекшісі
30. Фракция Жетекшісі:

    1. Фракцияға жалпы басшылықты жүзеге асырады;

    2. Парламент Мәжілісінің пленарлық отырыстарында Парламент Мәжілісі қарайтын мәселелер бойынша Фракцияның келісілген ұстанымын білдіреді, олар бойынша ресми мәлімдемелер жасайды; бұл функция Фракция Жетекшісінің шешімімен бір реткі тәртіппен Фракция мүшелерінің біріне жүктелуі мүмкін;

    3. Парламент Мәжілісінің басшы органдарымен және тұрақты комитеттерімен өзара қарым-қатынастарда Фракция атынан әрекет етеді;

    4. Фракцияның Партия Төрағасымен, сондай-ақ оның Бірінші орынбасарымен, Партияның басшы және өкілді органдарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

    5. орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялардың фракцияларымен және қоғамдық бірлестіктермен, басқа да азаматтық қоғам институттарымен, ұйымдармен, лауазымды адамдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, шетелдік және халықаралық органдармен және ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Фракция атынан әрекет етеді;

    6. Төралқа жиналыстарының, отырыстарының отырысының күн тәртібін ұсынады;

    7. Төралқа жиналыстары мен отырыстарының жұмысын басқарады, оларда төрағалық етеді, Фракция стенограммаларына, Фракция қаулыларына және Төралқаның хаттамаларына қол қояды;

    8. Премьер-Министрді, Үкімет мүшелерін, орталық атқарушы органдардың басшыларын, жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларын Жиналыстарға қатысуы және тыңдалуы үшін шақырады;

    9. басқа депутаттық бірлестіктердің лауазымды адамдарын, басшыларын, сарапшыларды, саяси партиялар мен басқа да азаматтық қоғам институттарының өкілдерін Фракцияның Жиналыстарына қатысу үшін шақырады;

    10. Фракция Жетекшісі орынбасарлары мен Президиум мүшелерінің арасында міндеттерді бөледі;

    11. Фракция мүшелеріне тапсырмалар береді;

    12. партия Төрағасы мен Саяси кеңес Бюросына Фракцияның қызметі туралы есеп ұсынады;

    13. Партия Төрағасының алдында Фракция мүшелерінің партиялық тәртіпті сақтауына, олардың партия Жарғысы талаптарын орындауына, депутаттық қызметінде партияның саясатын жүргізуіне жауап береді. Аталған талаптарды бұзған жағдайда Саяси кеңес Бюросының қарауына депутаттар – Фракция мүшелерін кері шақырып алу туралы ұсыныс береді;

    14. Фракцияның Аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады;

    15. Фракцияның атына келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарымен, сондай-ақ өзге де хат-хабарлармен жұмыстың біріңғай жүйесін ұйымдастырады;

    16. Фракциядан шығатын құжаттарға қол қою құқығы болады;

    17. Фракция жанынан консультативтік-кеңесші органдарды құруға бастама жасайды, олардың қызметіне жалпы басшылық жасайды және олардың қызметін үйлестіреді.

    18. Фракцияның қызметімен байланысты басқа да өкілеттіктерді атқарады.

31. Фракция Жетекшісі Парламент Мәжілісі Бюросының құрамына кіреді.

32. Фракция Жетекшісінің Фракция Жиналысы сайлайтын орынбасарлары болады.



  1. Фракция Жетекшісінің міндетін, ол болмаған кезде, оның жазбаша өкімі бойынша Фракция Жетекшісі орынбасарларының бірі атқарады.


6. Фракция Жетекшісінің орынбасарлары
34. Фракция Жетекшісінің орынбасарлары оның тапсырмасы бойынша:

    1. заң шығару қызметі мәселелері және Фракция қызметінің өзге де мәселелері бойынша мемлекеттік билік органдарының өкілдерімен, Парламент Мәжілісіндегі басқа депутаттық бірлестіктердің өкілдерімен консультациялар жүргізеді;

    2. бұқаралық ақпарат құралдарында Фракцияның өзекті қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелер және заңнамалық қызмет жөніндегі ұстанымы туралы мәлімдеме жасап, сөз сөйлейді;

    3. Фракцияның жанында құрылатын бір немесе бірнеше консультативтік-кеңесші органдардың қызметін үйлестіреді;

    4. міндеттердің бөлінуіне қарай өзге де қызметті жүзеге асырады.

35. Фракция Жетекшісі орынбасарының (орынбасарларының) өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім Фракция Жетекшісінің ұсынысы бойынша Фракция Жиналысында қабылданады.

36. Фракция Жетекшісі болмаған кезде оның тапсырмасы бойынша Парламент Мәжілісі Бюросының отырыстарына Фракция Жетекшісінің орнына оның орынбасарларының бірі қатысады.


7. Фракция мүшелері
37. Партиялық тізіммен сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттары Фракция мүшелері болып табылады. Фракцияның құрамына Парламент Мәжілісінің депутаттары кіре алады.

38. Депутаттың Фракцияға мүшелігі депутаттың Фракция құрамына кіру туралы жазбаша өтініші негізінде қабылданатын Фракция Жиналысының шешімімен ресімделеді.

39. Фракция мүшесі Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес оның өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда Фракциядан шығарылады.

40. Депутаттың Фракциядан шығуы (шығарылуы) туралы ақпарат Парламент Мәжілісінің, Партияның Саяси кеңесі Бюросының назарына жеткізіледі.

41. Фракция мүшелерінің:

1) тек қана бір Фракцияда тұруға;

2) Фракцияның басшы лауазымдарына сайлауға және сайлануға;

3) Фракция Жиналысының қарауына:

- партияның Сайлауалды тұғырнамасын іске асыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;

- Парламент Мәжілісі қарайтын мәселелер бойынша Фракцияның ұстанымын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар;

- заңдардың, қаулылардың, депутаттық сауалдардың, мәлімдемелер мен өзге де құжаттардың жобаларын;

- Жиналыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар;

- Үкімет мүшелерінің өз қызметтері мәселелері бойынша есептерін тыңдау туралы мәселе;

- осы Ережені өзгерту мен толықтыру туралы ұсыныстар енгізуге;

4) Фракция Жетекшісінің қарауына ынтымақты дауыс беру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

41. Фракция мүшелері:

1) Фракция туралы Ережені, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Парламенттің және Парламент Мәжілісінің регламенттеріне сәйкес тәртіпті және мінез-құлық этикасын сақтауға;

2) Фракция өткізетін немесе оның қатысуымен өткізілетін іс-шараларға және Фракцияның Парламент Мәжілісіндегі қызмет мәселелерін талқылауға қатысуға;

3) Фракция жиналыстарының жұмыстарына және Фракция ұйымдастыратын өзге де іс-шараларға қатысуға;

4) Партияның қоғамдық қабылдау орындарында бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауды жүргізуге;

5) сайлаушыларға партияның саясатын насихаттауға және түсіндіруге, сондай-ақ Партияның Сайлауалды тұғырнамасын іске асыруға белсене қатысуға;

6) өзінің сайлаушылармен кездесу үшін баратын іс-сапарларын Фракция Жетекшісімен келісуге;

7) жариялы сипаттағы сөздерінде, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөздерінде өзінің Фракция мүшесі екенін айтуға;

8) Фракция жиналыстарының, Төралқасының шешімдерін, Фракция Жетекшісі мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындауға;

9) Фракция әзірлеп, жасаған ұстанымды қолдауға;

10) Парламенттің бірлескен отырыстарында, Парламент Мәжілісінің пленарлық отырыстарында Фракцияның ынтымақты дауыс беру туралы шешіміне сәйкес дауыс беруге;

11) Фракция басшылығына Парламент Мәжілісіндегі өз жұмысы туралы хабардар етуге;

12) Фракция қызметінің қандай да бір мәселесі бойынша Фракцияның келісілген ұстанымына сай келмейтін ерекше пікірі бар екені туралы Фракция басшылығына хабарлауға;

13) Жиналыста қабылданған шешімдерге қарама-қайшы келетін сипаттағы мәлімдемелерді Фракция атынан, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жасаудан тартынуға міндетті;

14) Парламент Мәжілісіндегі депутатық фракциядағы өз жұмысы туралы Партияның Саяси кеңесі Бюросының алдында есеп береді;

15) партиялық тәлімгерлердің сараптама топтарының жұмысына қатысуға көмек көрсету және олардың жұмысына қатысу.

43. Фракция мүшесі басқа депутаттық бірлестіктер құрамына тек Фракция Жетекшісінің келісімімен ғана кіре алады.


8. Фракцияның Аппараты және Фракцияның қызметін қамтамасыз ету
44. Фракцияның қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық және өзге де қамтамасыз етуді Фракцияның Аппараты жүзеге асырады.

45. Фракцияның Аппараты Партияның орталық аппаратының дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Партия Жарғысының, Парламент Мәжілісі Регламентінің, партия орталық аппараты туралы ереженің, Партия орталық аппараты регламентінің және осы Ереженің негізінде әрекет етеді.

46. Фракция Аппаратының құрылымы мен штат санын айқындау Партияның Жарғысында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Фракция Аппаратының Басшысын Фракция Жетекшісінің ұсынуымен Партия Төрағасының Бірінші орынбасары тағайындайды.

47. Фракция Аппаратының басшысы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырыстарына, Палата Бюросының, Парламент Мәжілісі жұмысшы органдарының отырыстарына, Фракцияның және Фракция Төралқасының Жиналыстарына қатыса алады.

48. Фракцияның қызметін инженерлік, шаруашылық-тұрмыстық, көлікпен, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді Партия жүзеге асырады.

9. Қорытынды ережелер

49. Фракцияның өкілеттігіне, ұйымдастырылуы мен қызметіне байланысты өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Парламенттің және Парламент Мәжілісінің регламенттерімен реттеледі.



50. Фракция қызметінің тоқтатылуы Қазақстан Республикасының заңнамасы бекіткен тәртіпте жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет