Қазақстан Республикасы Премьер-министрі К.Қ. Мәсімовке Депутаттық сауал Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!



Дата04.07.2016
өлшемі15.43 Kb.
#176217


Қазақстан Республикасы

Премьер-министрі

К.Қ. Мәсімовке


Депутаттық сауал

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

Бұл сауалға Алматы облысындағы депутаттық кездесу барысында облыс тұрғындарының айтқан өтініштері себеп болды.

Алматы облысы тұрғындарының бақылауы бойынша еліміздің фаунасы тез қарқынмен сиреп бара жатыр. Жабайы құстар мен аңдар жойылуға таяу, бұған дәлел ретінде «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлар санының көбеюін атап айтуға болады. Осыған қарамастан, аң және құс аулау шаруашылығы тез дамып келеді. Жалға берілген аң шаруашылықтары фаунаны қайта жаңғыртумен айналыспайды, олар тек пайда табу мәселесін көздейді. Фаунаны қорғауға уәкілетті органдардың қажетті деңгейде бақылау жүргізуге қауқары жоқ. Себебі, техникалық жабдықталуы төмен, әрі үлкен аумақты бақылауға штат қызметшілерінің саны жеткіліксіз. Сонымен бірге, аң аулау қару-жарақтарының шексіз көлемде сатылуы біз мақтаныш ететін жануарлар әлемінің толығымен жойылыуына себеп болып отыр.

Уәкілетті органдар жабайы жануарлардың миграциялық процесі мен олардың бас санын зерттеуді тоқтатқан, бұл фаунаның тез арада жойылуына ықпал етуде.



Жоғарыда айтылған мәселелерді ескере отырып, мыналарды:

  1. жануарлар әлемін зерттеумен айналысатын институттарға қосымша қаржы бөлуді және аң шаруашылықтарына өз құзыреті шегінде рұқсат беру құқығын қарастыруды;

  2. фаунаны қайта жаңғырту және жануарлар миграциясын азайту мақсатында көктем мезгілінде аң мен құстың барлық түрін аулауға қатаң тыйым салуды;

  3. аңның төлдейтін, құстың балапандайтын жерлерін зерттеп, сол жерлерді қорғалатын ұлттық табиғи қорықтарына айналдыру мәселесін қолға алуды қамтамасыз етуді ұсынамын.

Сауалға белгіленген тәртіппен жауап беруіңізді сұраймын.



Құрметпен, Омархан Оксикбаев








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет