9-тарау. Жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар үшін
120.
|
Жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралары жоспарының орындалуы жөніндегі талапты сақтау
|
Өрескел
|
121.
|
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорындағы мәліметтерге сәйкес келетін жеке нөмірлері көрсетілген дауалау, аллергиялық зерттеулер, вакцинация жүргізілген жануарлар тізімінің және осы туралы актілердің болуы
|
Өрескел
|
122.
|
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі талаптың сақталуы:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу уақытын және орнын айқындайды;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізеді;
3) жануарға жеке нөмір береді;
4) дерекқордың жүргізілуін жүзеге асырады (дерекқорға мәлімет енгізу);
5) жануар иесіне ветеринариялық паспорт береді
|
Өрескел
|
123.
|
Биологиялық материалдардан сынама алып ветеринариялық зертханаға жеткізу жөнінде талаптардың сақталуы
|
Өрескел
|
124.
|
Көшірмелері мен түбіртектері үш жыл сақталуға жататын, берілген ветеринариялық анықтамалардың есептілігінің болуы және оларды беру тәртібін сақтау
|
Өрескел
|
125.
|
Жануарлардың аса қауіпті және энзоотикалық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге арналған аспаптар мен құралдардың ең төменгі қажетті санының болуы:
1) Ветеринариялық іс-шаралар жүргізуге арналған жануарларды қозғалтпай ұстауға арналған құрылғы;
2) Инесіз инъектор;
3) Термочемодандар;
4) Жаппай екпе жасауға арналған аппарат (металдан жасалған);
5) Кутиметр;
6) Ұнтақ беру құрылғысы (дәрі-дәрмек үшін);
7) Бұқаға арналған мұрын сақинасы;
8) Қайшылар;
9) Мақта (зарарсыздандырылмаған);
10) Ветеринариялық термометр
|
Өрескел
|
126.
|
Ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған тоңазытқыштың және хладогенті бар термосыйымдылықтың (мөлшері 100x100x200 см көп емес), сондай-ақ металл шкафтың болуы
|
Өрескел
|
127.
|
Ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған және бүкіл сақтау мерзiмi ішінде олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн арнайы қойма үй-жайларының болуы
|
Өрескел
|
128.
|
Ветеринариялық препараттардың қозғалысын есепке алудың болуы, үй-жайдың температурасы мен ылғалдылығына бақылау жүргізу, сондай-ақ үй-жайларды жинау және өңдеу
|
Өрескел
|
129.
|
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы ведомостердің болуы
|
Елеулі
|
130.
|
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттардың қажетті ең аз мөлшерімен қамтамасыз ету жөніндегі талапты сақтау:
1) суық және ыстық таңбалауды жүргізуге арналған аппарат;
2) сырғалауды жүргізуге арналған аппарат;
3) өздігінен желімдейтін штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтер;
4) жануарлардың жеке нөмірлерін санауға арналған сканер;
5) аспаптарға, құралдарға және атрибуттарға арналған сөмке
|
Елеулі
|
131.
|
Дезинфекциялау қондырғысы бар автокөліктің (сыйымдылығы 500-600 литр) болуы
|
Елеулі
|
132.
|
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға және жоюға арналған аспаптар мен құралдардың болуы және оларды аулау және жою талаптарының сақталуы
|
Елеулі
|
133.
|
Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес ұстау жөніндегі талаптарды сақтау:
биіктігі 2,5 м, ұзындығы 6 м, ені 3 м болатын қалқа;
жануарлардың өлекселерін союға, дезинфекциялаушы құралдарды арнайы киімдерді және құрал-саймандарды сақтауға арналған үй-жай;
шұңқырдан шығарылған диаметрі 25 сантиметр және биіктігі 3 м мұржа;
биіктігі 2 м кем емес кіру қақпасы бар дуал;
дуалдың ішкі жағынан тереңдігі 0,8-1,4 м және ені 1,5 м кем емес қазылған ор;
екі қабаттан жасалған шұңқырдың жабыны;
көпір
|
Өрескел
|
134.
|
Ветеринариялық есепке алу журналдарының болуы және толтырылуы:
1) ветеринариялық-профилактикалық iс-шараларды жазуға арналған журнал (ветесеп, № 1-вет нысан);
2) жануарлардың ауруларын тiркеуге арналған журнал (ветесеп, № 2-вет нысан)
|
Өрескел
|
135.
|
Жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған аспаптармен құралдардың ең төменгі қажетті санымен қамтамасыз етілуі (қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызмет көрсету кезінде) жөніндегі талапты сақтау:
1) ұрақтандырушы техниктің чемоданы (жинақталған);
2) микроскоп;
3) дьюар ыдысы, 35 литр;
4) дьюар ыдысы, 6 литр
|
Болмашы
|
10-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері үшін
|
136.
|
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізу) ұйымдастыру жөнінде талапты сақтау (ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда)
|
Өрескел
|
137.
|
Өндіріс объектісіне жануарлар келіп түскен кезде эпизоотологиялық зерттеп қарау (карантиндеу кезеңіндегі эпизоотияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар) актісінің болуы
|
Өрескел
|
138.
|
Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда эпизоотологиялық зерттеу актісінің болуы
|
Өрескел
|
139.
|
Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру
|
Өрескел
|
140.
|
Энзоотиялық және жануарлардың басқа ауруларын сонымен қатар, уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес жануарлардың аса қауіпті ауруларына диагностикалық зерттеу жүргізу үшін биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу және оны жеткізу, профилактика бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы
|
Өрескел
|
141.
|
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспорттарды жасау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөнінде талапты сақтау
|
Елеулі
|
142.
|
Ішкі сауда объектілерінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамада қарастырылған талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы
|
Елеулі
|
143.
|
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен айналысатындарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы
|
Елеулі
|
144.
|
Ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы
|
Елеулі
|
145.
|
Экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарының орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы
|
Елеулі
|
146.
|
Экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы
|
Елеулі
|
147.
|
Тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы қарастырылған талаптарының орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауда атқарылған жұмыс нәтижелерінің болуы
|
Елеулі
|
148.
|
Экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерінің болуы
|
Елеулі
|
149.
|
Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алу, оларды сақтау және аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегі талапты сақтау
|
Елеулі
|
150.
|
Жүргізу мерзімін көрсете отырып ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру және жүргізу жөнiндегі талапты сақтау
|
Елеулі
|
151.
|
Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының бекітілген тізбесінің болуы
|
Елеулі
|
152.
|
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі талапты сақтау
|
Елеулі
|
153.
|
Ветеринариялық есептілік журналдарының болуы және толтырылуы
|
Өрескел
|
154.
|
Көшірмелері және түбіртектері үш жыл сақталуға жататын берілген ветеринариялық құжаттардың есебінің болуы
|
Елеулі
|
155.
|
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу ұйымдарына есептік нөмір беру тәртібін сақтау
|
Болмышы
|
|