Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы №137 және 2006 жылғы 23 қазандағы №1016 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына (Қазақcтан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 4, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «және құмар ойын бизнесіне» деген сөздер алынып тасталсын;
аталған қаулыға 1-қосымшада:
тақырыбындағы «және құмар ойын бизнесіне» деген сөздер алынып тасталсын;
«Өндірілетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары» баған тақырыбындағы «және құмар ойын бизнесіне» деген сөздер алынып тасталсын;
мына жолдар:
-
«
|
Ойын бизнесі (лотереядан басқа)
|
ойын үстелі
|
300-1400 АЕК
|
|
|
|
бір ойыншы ойнауға арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы
|
20-70 АЕК
|
|
|
|
бірнеше ойын-шының қатысуы-мен ойын өткі-зуге арналған ақшалай ұтысы бар ойын автома-ты (электронды рулетканы қоспағанда)
|
70- 100 АЕК
|
|
|
|
тотализатор кассасы
|
160-400 АЕК
|
|
|
|
букмекер кеңсесінің кассасы
|
40-200 АЕК
|
|
|
|
электронды рулетка
|
70-150 АЕК
|
» алынып тасталсын;
|
2) «Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық cтавкаларының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 434-құжат):
аталған қаулымен бекітілген тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық cтавкаларының мөлшерінде* реттік нөмірі 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 13-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |