Қазақстан Республикасы



бет2/7
Дата24.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#13146
1   2   3   4   5   6   7

Бақылау сұрақтары:


1. .Гуптар дәуіріндегі Индия

2.VI-XI ғ.ғ. Декан және ондағы феодалдық мемлекеттер.

3. Солтүстік Үндістандағы феодалдық мемлекеттер

4.Үнді княздіктеріндегі аграрлық қатынастар

5. Касталық жүйе және әлеуметтік құрылысы

6. Шри-Ланканың әлеуметтік экономикалық дамуы.



3-апта


№7. Сабақтың тақырыбы: Иранда феодалдық қарым-қатынастардың пайда болуы мен дамуы

Тест

1. Сасанидтер әулетінің негізін салушы

А. Ардашир (226-241)

В. Чандрагупта I

С. Янцзянь

Д. Ли Юань

Е. Сефи-ад дин

2. Ерте орта ғасырлардағы Ирандағы мемлекеттер

А. Гуптар, Чалолар, Чалукейлер

В. Суй, Тан, Сун империясы

С. Омеядтар, Аббасидтер халифаты

Д. Сасанидтер, Тахаридтер, Сафаридтер

Е. Бахмани мен Виджаянгар

3. Сасанидтердің соңғы патшасы

А.Изергед III (632-652)

В. Аурангзеб (1658-1707)

С.Мелих шах (1082-1092)

Д. Масуд Газневи

Е. Фираз-Шах-Тоғалақ
4. Сасанидтік Иранның астанасы

А. Паталипутра

В. Чаньань

С. Персеполь

Д. Бағдат

Е. Исфахан

5. Ираннның үлкен қалалары

А.Персеполь, Ктесифон, Мерв, Герат

В.Агра, Панипат, Лахор, Мультан

С.Хаката, Нагасаки, Эдо, Киото

Д.Чаньань, Нанкин, Пекин

Е.Бурса, Эдерне, Анкара


6. Хосров I Аношорван реформалары қай елде жүргізілді?

А. Қытайда

В. Осман империясында

С. Сасанидтік Иран

Д. Хулагидтер мемлекетінде

Е. Үндістанда


7. Хосров I Аношорванның сыртқы саясаты

А. Оңтүстік Африканы, Пиреней түбегін, Орта Азияны, Ауғанстан, үндістан, Армения мен Грузияны жаулап алды

В. Византиямен, Сириямен, Закавказье елдерімен соғыс жүргізді

С. Оңтүстік Сібірді, Солтүстік Қытайды, Орта Азияны, Оңтүстік иранды Ауғанстанды бағындырды

Д. Русьті, Волга мен донның төменгі ағысын, Венгрия, Чехия, Польша бағындырды

Е. Белград, Радос, Лахон, Венгрияны, Молдавия мен Валахияны, Аравияны, Солтүстік Африканы бағындырды


8.Буидтер әулетінің негізін салушы

А. Тахир ибн Хусейн

В. Иакуб ибн Лейс

С. Исмаил

Д. Ағайынды Али, хасан, Ахмет

Е. Субектегин


9.Сасанидтік Иранның билеушісінің титулы

А. Сұлтан

В. Ильхан

С. Шахиншах

Д. Халиф

Е. Сегун
10. Сасанидтік иранның мемлекеттік діні

А. Зороастризм

В. Синтоизм

С. Ислам

Д. Буддизм

Е. Ламаизм

11. VI ғ. басындағы Ирандағы бұқаралық қозғалыс

А. Сербердарлар көтерілісі

В. Хуан Чао көтерілісі

С. Бабек көтерілісі

Д. Маздакиттер

Е. Симабара көтерілісі

12. Сасанидтер мемлекетінің ең гүлденген кезі

А. Ақбар тұсында

В. Хосров I Аношорван тұсында

С. I Аббас тұсында

Д. Озуд-ад-Доум тұсында

Е. I Сүлеймен тұсында

13. Буидтер мемлекетінің ең гүлденеген кезі

А. Ақбар тұсында

В. Хосров I Аношорван тұсында

С. I Аббас тұсында

Д. Озуд-ад-Доум тұсында

Е. I Сүлеймен тұсында

14. Буидтер мемлекетінің территориясы

А. Хорасан (Мауренахр және қазіргі ауғанстанның 1 бөлігі)

В. Иранның шығысы және ауғанстанның 1 бөлігі

С. Ирак, Хузистан, Фарс, Керман, Исфахан облыстары, Хамадан, Рей

Д. Мауренахр, Хорезм, Хорасан, Сейстан мен Гурган

15.Кадиси шайқасы

А. 756 ж


В. 637 ж

С. 642 ж


Д. 1623 ж

Е. 1498 ж


16. Нехавенде шайқасы

А. 756 ж


В. 637 ж

С. 642 ж


Д. 1623 ж

Е. 1498 ж

17.Сасанидтер әулетінің негізін салушы

А. Ардашир (226-241)

В. Чандрагупта I

С. Янцзянь

Д. Ли Юань

Е. Сефи-ад дин

18.Ираннның үлкен қалалары

А.Персеполь, Ктесифон, Мерв, Герат

В.Агра, Панипат, Лахор, Мультан

С.Хаката, Нагасаки, Эдо, Киото

Д.Чаньань, Нанкин, Пекин

Е.Бурса, Эдерне, Анкара


19. 226-ж иранда билік басына келген әулет.

А. Сасанилер

Б. Ахеменидтер

В. Парфяндар

С. Аюбилер

Д. Фатимидтер


20 .Сасанидтер тұсында ел неше сатрапта бөлінді?

А. 18


Б. 14

В. 5


С. 34
Д. 12

21. Сасанидтер мемлекетінің құлауына әсер еткен оқиға?

А. Арабтардың шабуылы

Б. Рим империясымен соғыс

В. Тақ талас

С. Діни фактор

Д. Әлеуметтік қайшылық

3-апта 1,5 балл

№8. Сабақтың тақырыбы: Ерте орта ғасырлардағы Арабстан


Тест

1.Аббасидтердің астанасы

А. Паталипутра

В. Чаньань

С. Персеполь

Д. Бағдат

Е. Исфахан

2. "Алтын алқаптар" деген еңбектің авторы, араб географы, тарихшысы

А. Масуди

В. Ибн Сина

С. Табари

Д. Әбу-л-Каси Фирдоуси

Е. Ашық-паша
3. "Пайғамбарлар мен патшалар тарихы"-деген еңбекті жазған араб тарихшысы

А. Масуди

В. Ибн Сина

С. Табари

Д. Әбу-л-Каси Фирдоуси

Е. Ашық-паша

4.Омеядтар халифатының астанасы?

А. Дамаск

Б. Бағдат

В. Дели


С. Тир

Д. Мекке
5. Аббасидтер халифатының астанасы

А. Бағдат

Б. Дамаск

В. Дели

С. Мекке


Д. Мәдина
7. «Халиф» титулы қандай мағына береді?

А. Пайғамбардың орынбасары

Б. Пайғамбардың туыстары

В. Пайғамбардың достары

С. Пайғамбардың құлдары

Д. Пайғамбардың қызметшісі


8. Ислам дінінің бүкіл Арабияға тараған жылы?

А. 631


Б. 617

В. 622


С. 627

Д. 630
10. Ең алғашқы халиф кім?

А. Абу Бакр

Б. Абу Талип

В. Омар

С. Оспан


Д. Али
11. Ерте орта ғасырлардағы Аравиядағы мемлекеттер

А. Гуптар, Чалолар, Чалукейлер

В. Суй, Тан, Сун империясы

С. Омеядтар, Аббасидтер халифаты

Д. Сасанидтер, Тахаридтер, Сафаридтер

Е. Бахмани мен Виджаянгар


12. Арабтардағы вакфтық жерлер

А. Діни адамдарға, діни ұйымдарға берілетін жерлер

В. Әскери қызметі үшін берілетін жер иелері

С. Халиф жерлері

Д. Жеке меншікке берілетін, салық толеп тұратын шартты жер иелену
13. Арабтардағы Икталық жер иелену

А. Діни адамдарға, діни ұйымдарға берілетін жерлер

В. Әскери қызметі үшін берілетін жер иелері

С. Халиф жерлері

Д. Жеке меншікке берілетін, салық толеп тұратын шартты жер иелену
14.Арабтардағы Саваф жерлері

А. Діни адамдарға, діни ұйымдарға берілетін жерлер

В. Әскери қызметі үшін берілетін жер иелері

С. Халиф жерлері

Д. Жеке меншікке берілетін, салық толеп тұратын шартты жер иелену
15.Арабтардағы Мүліктік жер иелену

А. Діни адамдарға, діни ұйымдарға берілетін жерлер

В. Әскери қызметі үшін берілетін жер иелері

С. Халиф жерлері

Д. Жеке меншікке берілетін, салық толеп тұратын шартты жер иелену
16. Ұшыр -

А.Мұсылмандардан алынатын жер салығы

В. Мешіт үшін салынатын мал салығы

С. Мұсылман еместерден алынатын егін салығы

Д. Мұсылман еместерден алынатын жан басы салығы
17. Зекет -

А.Мұсылмандардан алынатын жер салығы

В. Мешіт үшін салынатын мал салығы

С. Мұсылман еместерден алынатын егін салығы

Д. Мұсылман еместерден алынатын жан басы салығы
18. Харадж -

А.Мұсылмандардан алынатын жер салығы

В. Мешіт үшін салынатын мал салығы

С. Мұсылман еместерден алынатын егін салығы

Д. Мұсылман еместерден алынатын жан басы салығы
19. Джизия -

А.Мұсылмандардан алынатын жер салығы

В. Мешіт үшін салынатын мал салығы

С. Мұсылман еместерден алынатын егін салығы

Д. Мұсылман еместерден алынатын жан басы салығы
20. Аравия тарихында 610 жылдар шамасы

А. Ислам дінінің пайда болуы

В. Курейш тайпасының хашимидтерге байкот жариялауы

С. Мұхаммедтің Меккеден Мадинаға кошуі

Д. Мұхаммедтің Меккені бағындыруы

Е. Бағдад қаласының негізі қаланды


21. Аравия тарихында 617 жылы

А. Ислам дінінің пайда болуы

В. Курейш тайпасының хашимидтерге байкот жариялауы

С. Мұхаммедтің Меккеден Мадинаға кошуі

Д. Мұхаммедтің Меккені бағындыруы

Е. Бағдад қаласының негізі қаланды


22. Аравия тарихында 622 жылы

А. Ислам дінінің пайда болуы

В. Курейш тайпасының хашимидтерге байкот жариялауы

С. Мұхаммедтің Меккеден Мадинаға кошуі

Д. Мұхаммедтің Меккені бағындыруы

Е. Бағдад қаласының негізі қаланды


23. Аравия тарихында 630 жылы

А. Ислам дінінің пайда болуы

В. Курейш тайпасының хашимидтерге байкот жариялауы

С. Мұхаммедтің Меккеден Мадинаға кошуі

Д. Мұхаммедтің Меккені бағындыруы

Е. Бағдад қаласының негізі қаланды


24. Аравия тарихында 762 жылы

А. Ислам дінінің пайда болуы

В. Курейш тайпасының хашимидтерге байкот жариялауы

С. Мұхаммедтің Меккеден Мадинаға кошуі

Д. Мұхаммедтің Меккені бағындыруы

Е. Бағдад қаласының негізі қаланды


25. Бедуиндер - дегеніміз кімдер?

А. Мал бағатын көшпелі арабтар

В. Монғолияда ерікті шаруа

С. Жапониядағы кедейленген қауым мүшелері

Д. Жапониядағы қылмыстылар мен кедей қаңғыбастар

Е. Жапониядағы қоқыс тазалайтын, мал соятын, таза емес жұмыстарды істейтін ең төменгі адамдар тобы


26.Омеядтар халифатының сыртқы саясаты

А. Солтүстік Африканы, Пиреней түбегін, Орта Азияны, Ауғанстан, үндістан, Армения мен Грузияны жаулап алды

В. Византиямен, Сириямен, Закавказье елдерімен соғыс жүргізді

С. Оңтүстік Сібірді, Солтүстік Қытайды, Орта Азияны, Оңтүстік иранды Ауғанстанды бағындырды

Д. Русьті, Волга мен донның төменгі ағысын, Венгрия, Чехия, Польша бағындырды

Е. Белград, Радос, Лахон, Венгрияны, Молдавия мен Валахияны, Аравияны, Солтүстік Африканы бағындырды


27. Аббасидтер мемлекетінің билеушісінің титулы

А. Сұлтан

В. Ильхан

С. Шахиншах

Д. Халиф

Е. Сегун
28. Испанияда Араб халифатының құрамынан бөлініп кеткен мемлекет

А. Хордова эмираты

В. Тахиридтер

С. Саманидтер

Д. Аглабидтер


29. Хоросанда Араб халифатының құрамынан бөлініп кеткен мемлекет

А. Хордова эмираты

В. Тахиридтер

С. Саманидтер

Д. Аглабидтер
30. Мавренахрда Араб халифатының құрамынан бөлініп кеткен мемлекет

А. Хордова эмираты

В. Тахиридтер

С. Саманидтер

Д. Аглабидтер
31. Солтүстік Африкада Араб халифатының құрамынан бөлініп кеткен мемлекет

А. Хордова эмираты

В. Тахиридтер

С. Саманидтер

Д. Аглабидтер

32. Кордова халифатының құрылуы

А. 756 ж

В. 637 ж


С. 642 ж

Д. 1623 ж

Е. 1498 ж
33. Гази-

А.Кәпірлерге қарсы қасиетті соғыс

В. Самурайлардың мінез-құлық кодексі

С. Дін үшін соғыста көзге түскендерге беретін құрметті лауазым

Д. Қауым басшысының тапсырмасын орындау үшін өз өмірін өзі құрбандыққа шалған исмаилшындар

Е. Мұсылмандардың бірінші жылы


34. Фидай-

А.Кәпірлерге қарсы қасиетті соғыс

В. Самурайлардың мінез-құлық кодексі

С. Дін үшін соғыста көзге түскендерге беретін құрметті лауазым

Д. Қауым басшысының тапсырмасын орындау үшін өз өмірін өзі құрбандыққа шалған исмаилшындар

Е. Мұсылмандардың бірінші жылы

35. Хижра-

А.Кәпірлерге қарсы қасиетті соғыс

В. Самурайлардың мінез-құлық кодексі

С. Дін үшін соғыста көзге түскендерге беретін құрметті лауазым

Д. Қауым басшысының тапсырмасын орындау үшін өз өмірін өзі құрбандыққа шалған исмаилшындар

Е. Мұсылмандардың бірінші жылы


36. Діни адамдарға, діни ұйымдарға берілетін жерлер

В. Әскери қызметі үшін берілетін жер иелері

С. Халиф жерлері

Д. Жеке меншікке берілетін, салық толеп тұратын шартты жер иелену


37. Ұшыр -

А.Мұсылмандардан алынатын жер салығы

В. Мешіт үшін салынатын мал салығы

С. Мұсылман еместерден алынатын егін салығы

Д. Мұсылман еместерден алынатын жан басы салығы

38.Аравия тарихында 610 жылдар шамасы

А. Ислам дінінің пайда болуы

В. Курейш тайпасының хашимидтерге байкот жариялауы

С. Мұхаммедтің Меккеден Мадинаға кошуі

Д. Мұхаммедтің Меккені бағындыруы

Е. Бағдад қаласының негізі қаланды
39. Бедуиндер - дегеніміз кімдер?

А. Мал бағатын көшпелі арабтар

В. Монғолияда ерікті шаруа

С. Жапониядағы кедейленген қауым мүшелері

Д. Жапониядағы қылмыстылар мен кедей қаңғыбастар

Е. Жапониядағы қоқыс тазалайтын, мал соятын, таза емес жұмыстарды істейтін ең төменгі адамдар тобы


40. Омеядтар халифатының сыртқы саясаты

А. Оңтүстік Африканы, Пиреней түбегін, Орта Азияны, Ауғанстан, үндістан, Армения мен Грузияны жаулап алды

В. Византиямен, Сириямен, Закавказье елдерімен соғыс жүргізді

С. Оңтүстік Сібірді, Солтүстік Қытайды, Орта Азияны, Оңтүстік иранды Ауғанстанды бағындырды

Д. Русьті, Волга мен донның төменгі ағысын, Венгрия, Чехия, Польша бағындырды

Е. Белград, Радос, Лахон, Венгрияны, Молдавия мен Валахияны, Аравияны, Солтүстік Африканы бағындырды



3-апта

№9. Сабақтың тақырыбы: Ерте орта ғасырлардағы Арабстан



Жоспары:
1. III-VI ғ.ғ. арабтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, діні, саяси 2тарихы

2. Мұхаммед және оның ілімі

3.Мекке мен Мәдинә арасындағы күрестер

4. Мұсылман дінінің бүкіл Аравияға таралуы.

5. Алғашқы халифтар тұсындағы Аравия

6. Омеядтар мемлекетінің құрылуы

әлеуметтік-экономикалық дамуы

7. Халифаттағы жер иелену түрлері, аграрлық қатынастар

8. Омеядтар халифатының саяси тарихы және оның ыдырауы

9.Аббасидтер халифаты, ішкі, сыртқы саясаты

10.Халифаттың құлауы.

Арабия түбегі 3 млн. шаршы шақырым жерді алып жатыр. Ежелден бұл территорияны арабтар мекендеді. Бұл аймақтың әртүрлі аудандарының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы біркелкі болған жоқ. Табиғат жағдайларына қарай оның тұрғындарын отырықшы егіншілер, көшпелі малшылар деп бөлуге болады. Аз ған бөлігінде егіншілік дамыды. Иеменнің қару жарақ шығарумен, тері өңдеумен даңқы шықты. Оңтүстік Арабияда алтын шығарылды. Иеменнің ертерек дамуына оның сауда жолында делдалдық саудамен айналысуы себеп болды. Арабиядағы көшпелі малшыларды – бедуиндер деп атады. Бедуиндер негізінен түйе өсірумен, сонымен бірге жылқы, қой, ешкі өсірумен шұғылданды. VI-VII ғасырларда бедуин тайпаларында алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау процесі жүріп жатты. Тайпа ақсүйектері қора-қора малымен, жайылымдарымен ерекшеленіп тұрды. Бұлармен қатар өздерін заңды түрде тәуелсіз деп есептейтін, бірақ мәжбүрлі түрде ақсүйектерге жұмыс істейтін тәуелді адамдар болды. Арабтарда маңызды мөлшерде құлдықта таралды. Құлдар негізінен Африкадан әкелінген шетжерліктер болды. Құл еңбегі экономикалық құрылыстың негізі болған жоқ.

Иемендегі құлиеленушілік құрылыстың дағдарысы және бедуиндердегі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңі Арабияның сыртқы жаулап алушылардың обьектісіне айналу кезіне сәйкес келді. VI ғасырда Византия мен Иран Иемен мен Батыс Арабия арқылы өтетін сауда жолдары үшін күрес жүргізді. 572-628 жылдары Иемен Сасанидтік Иранның сатырабына айналды.

2. Исламның пайда болуы. Аравияның біргуі. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, тайпалық ақсүйектердің жерді, малды, маңызды кіріс бөлігін жеке меншікке айналдыруға ұмтылуы Арабияның саяси бірігуінің негізгі алғышарттарына айналды. Бұған оңтүстік Арабия құлиеленушілік мемлекетінің құлауы және сыртқы жауларға қарсы тұрудың қажеттілігі де әсер етті. Бірігудің орталығы егіншілікпен, сауданың, қолөнердің біршама дамыған ауданы Хиджаз болды. Хиджаздың Мекке, Таиф, Ясриб сияқты қалалары көшпелі тайпалармен тығыз байланысты болды. Меккенің географиялық орналасуы оның тұрғындарының отырықшы мал шаруашылығымен айналысуына жағдай жасады. Мекке тұрғындарының көп бөлігі Курейш тайпасынан тұрды. Қаланы Омейядтар руы басқарды. Тайпалық жіктелуді жеңіп, біртұтас араб мемлекетін құру бір құдайға табыну идеологиясына келіп тірелді. Аравияның әртүрлі аудандарында бір құдайға сыйынуды уағыздаушылар пайда бола бастады. Меккеде мұндай насихаттаушы Мұхаммед (570-632 ж.ж.) болды. Ислам діні 610 жылдар шамасында пайда болды. Алғашқыда ол Меккеде кең қолдауға ие болмады. Мұхаммедтің насихатын алғашқыда тек отбасы мұшелері мен бірнеше жақын туыстары ғана мойындады. Мұхаммедтің жақтастары “өздерін құдайға тапсырғандар” (муслимуна, мұсылмандар) деп атай бастады. 614 жылдан мұсылмандар саны 40-50 адамға жетіп, Мұхаммед көпшілік алдында үгіт-насихат жасай бастады. Мекке билеушілері Мұхаммедтің жақтастарын қуғындай бастады. 616 жылдың аяғы мен 617 жылдың басында кураиш руының рулары хашимит руына байкот жариялады. Ол бойынша: хашимиттермен сауда жасауға, іс жүргізуге, некеге тұруға тыйым салынды. Байкот 619 жылға дейін созылды. Осы кезде Мұхаммедті қолдаушы Абу-Талиб, сүйікті әйелі Хадиша қайтыс болды. 620 жылдан араб және иудей тайпаларының өзара қырқысынан әбден шаршаған Иасриб қаласында Мұхаммедтің үгіт-насихаттары естіле бастады. Иасриб қаласының тұрғындары Мұхаммедпен ауызша келісім жасады. Келісім бойынша: Иасрибтықтар Мұхаммедтің рухани абыройын мойындап, қалада өмір сүруіне кепілдік берді. Мұсылмандардың Меккеден Иасрибке көшуі басталды, ол 622 жылы 22 қыркүйекте Мұхаммедтің Иасрибке келуімен аяқталды. Мұхаммедтің Иасрибке келуі ислам тарихында төңкерісті оқиға болып, сол жыл хиджра (өз тайпасынан байланысты үзіп, басқадан пана табу) деп аталды да, мұсылман жыл санауының басы болды.

Иасрибке келген соң Мұхаммед дін уағыздаушы ғана емес, саяси қайраткерге айналды. Иасриб қаласы Мадина (Мадинат ан-наби –Пайғамбар қаласы) деп атала бастады. Жаңа жерде бекініп алған соң Мұхаммед меккеліктермен күрес бастады.

Ұзаққа созылған соғыстан кейін 630 жылы Мекке қаласының билеушісі Абу Суфиан Мұхаммедтің билігін мойындайды. 631 жыл ислам дінінің бүкіл Арабияға таралу жылы болды. Бұл жылы Таиф қаласының тұрғындары, Иеменнің, Орталық Арабияның және Бахрейннің әртүрлі тайпалары ислам дінін қабылдады.

3. Алғашқы халифтар тұсындағы Аравия және олардың жаулап алу жорықтары.

Мұхаммедтің өлімінен кейін мемлекет билеушілері оның туыстарынан сайланып, “халиф” титулын (пайғамбардың орынбасары) алды. Сайланған халифтар төртеу болды: Абу Бакр (632-634ж.ж.), Омар (634-644ж.ж.), Осман (644-656ж.ж.), Али (656-661ж.ж.). Алғашқы халифтар жаулап алу жорықтарын жүргізді. Араб жаулап алу жорықтарына халқаралық жағдай да қолайлы болды. Византия мен Иран арасындағы ұзаққа созылған соғыс (602-628 ж.ж.) сол уақыттың екі державасының күштерін сарқыған еді. Арабтар көп әскер жинап, бір уақытта Иранмен де Византиямен де соғыс бастады.

640 жылы Палестинаны, Сирияны, Египетті (640-642 ж.ж.), одан әрі Солтүстік Африкаға, ал 649 жылы Карфагенге жетті. 634-651 жылдары Иранды түгел жаулап алды. VII ғасыр ортасында Армения мен Грузияның бір бөлігі арабтардың вассалына айналды.

VIIІ басына дейін араб жаулаушылары бағындырған елдерінде жергілікті тәртіпті сақтап қалды. Жаулап алу нәтижесінде арабтар жаңа жерлерге қоныс аударды. Олардың бір бөлігі отырықшылыққа көшіп, басқалары көшпенділер күйнде қала берді. Бірқатар жерлерде арабтану процесі жүрді. Мысалы Иракта, Сирияда және Египет пен Солтүстік Африкада арабтану процесі жүріп, олар ислам дінін, араб тілі мен жазуын қабылдады. Ал Кавказға, Иран мен Орта Азияға қоныс аударған арабтар жергілікті тұрғындармен араласып, олардың мәдениетін қабылдады.

VII ғасыр ортасында Халифатта азамат соғысы басталды. Оны Мұхаммедтің туысқан інісі және күйеу баласы Али басқарды. Алидің жақтастары өздерін шейіттер деп атады. VII ғасыр ортасында исламның үш ағымы қалыптасып болды. Олар сунидтер, шейіттер және хариджиттер.

4. Омейядтар халифаты. Азамат соғысында араб феодалдық ақсүйектері жеңіске жетті. 661 жылдан 750 жылға дейін араб халифатын Омейядтар руы басқарды. Халифаттың астанасы Дамаск қаласы, Халифаттың орталық облысы Сирия болды. Сирия Азөамат соғысы салдарынан үзіліп қалған жаулап алу жорықтарын жалғастыру үшін тірек орталығы болды. VII ғасыр соңы мен VIIІ ғасыр басында арабтар Солтүстік Африкада берік тұрақтанды. 711 жылы Испанияға еніп бүкіл территориясын басып алды. Византияның астанасы Константинопольді бірнеше рет қоршауға алды, бірақ арабтар бұл жерлерде түрақтана алмады. VIIІ ғасыр басында арабтар Армения, Картли, және Картли түбегі жаулап алынды. 705-715 жылдары Орта Азиядағы соғыс қимылдарынан соң Хорезм мен Амудария аудандары жаулап алынды. 751 жылғы арабтардың Қытай әскерімен күресіндегі жеңісі халифаттың Орта Азиядағы ықпалын күшейтті.

Византия мен Иранның африкалық, азиялық провинциялары, Закавказье, Орта Азия, Испания елдері араб жаулаушылығы кезінде алғашқы феодалдану сатысында еді. Халифатта феодалдану процесі шапшаң жүрді. Жердің жоғарғы егесі –мемлекет болып есептелді. Халифатта жер иеленудің бірнеше формалары болды. Шаруашылықта анық дайындайлған салық жүйесі өмір сүрді. Салықтың түрлері: Зекет салығы – қолөнермен, саудамен және малшаруашылығымен айналысатын малшылар төледі; Джизья – мұсылман еместерден алынатын жан басы салығы; Ұшыр – мұсылмандардан алынатын жер салығы; Харадж мұсылман еместерден алынатын жер салығы;

Саяси құрылысында бірқатар өзгерістер жасалды. Омейядтар мемлекеттік қызметке тек арабтарды алды. Барлық іс қағаздары араб тілінде жүргізілді. Араб тілі Батыс Азия, Солтүстік Африка және Испанияға дейінгі жерлерде халқаралық тіл ролін атқарды. Халифат өз теңгесін шығарды. Почта байланысы жолға қойылды. Халиф – барлық азаматтық және рухани (діни) билікке ие болып, оның билігі мұрагерлікке берілді. Өте үлкен мемлекетті басқару үшін наместниктік жүйе ұйымдастырылды.

Омейядтар Сирия мен Египеттегі ақсүйектерге арқа сүйеді. Ал оларға қарсы оппазицияға Алидің ұрпақтарымен Аббасидтер (пайғамбардың туысы Аббастың ұрпақтары) және пайғамбардың Мекке мен Мединадағы сыбайластары болды. Араб емес феодалдармен мұсылмандар да наразылық танытты.

VIIІ ғасыр ІІ ширегінде халифатта көтерілістер етек алды. 728-737 ж.ж. Мауренахрда соғдылықтар, 734-743 ж.ж. Магрибте берберлер және Испанияда, 740 жылы Куфте шейттер, 744-747 ж.ж. Қосөзенде, Батыс Иранда және Оңтүстік Аравияда хариджиттер көтеріліске шықты.

747 жылы Аббасид имамы Ибраһим ибн Мухаммад көтеріліс ұйымдастыру үшін өзінің құлы Абу Муслимді жібереді. Ол Мервке келіп өзін 7 пайғамбардың бірімін деп уағыздай бастады. Бұндай ұран Омейядтарға қарсы барлық топтарды шейіттерді, хариджиттерді біріктірді. Көтеріліс негізінен Хорасанды қамтып, көтерілісшілер ірі қалаларды бағындырды. 749 жылы Аббасид Абу-аль-Аббас-ас Сафах халиф болып жарияланды. Аббасидтер билікке келген соң көтерілісшілер Абу Муслимнің ұрандарының барлығы тек билік үшін жасалғандығын түсінді. Елде жаппай қырып-жою басталды.



5. Аббасидтер халифаты. Аббасидтер халифы билікке иран жер имеленушілерінің көмегімен келгендіктен оларды маңызды мемлекеттік билік орындарына қойды. Аббасидтердің астанасы – Бағдат қаласы болды (762 жылы салынған). Аббасидтердің Омеядтардан ерекшелігі жаулаушылық соғыстарын жүргізбеді. Халифаттың құрамынан Испания, Магрибтың бірқатар аудандары шығып кетті. Византиямен үзілмес соғыс жүргізді. Феодаллдық қатынастар одан әрі дамыды. Жер – мемлекет меншігі болды. Мемлекеттік жер иелену ірі суғару жүйелері бар Ирак пен Египетте кең қолданылды. Икталық жер бұрын мемлекетке салық төлеп тұрған жағ,дайда берілсе, енді әскери және азаматтық қызмет көрсететіндерге берілді. IX ғасырдан феодалдық жер иеленудің жаңа түрі - вакфтық жер иелену қалыптасты. Бұл жерлерді мемлекет немесе жеке меншік иелері әртүрлі мұсылман ұйымдарына, мешіттереге, мектептерге, жеке діни тұлғаларға сыйға тартты.

Халиф әскерлері бірнеше категориядан тұрды: араб тайпаларының жасағы, жалдамалылар және гулямдар. Гулямдар жасөспірім кезінен арнайы әскери тәрбиеленетін, түрік, словян, африкалық құлдардан тұратын халифтың берілген малайлары. Бірақ гулямдар аз уақыт ішінде үлкен күшке айналып, өз еріктерін халифке жеткізетін дәрежеге жетті.

Аббасидтер билікке халық көтерілісінің нәтижесінде келген еді. Бірақ бұлардың халық мүддесін ойламауы елде наразылыққа әкелді. 751 жылы Бұхарада, 755 жылы Нишапур мен Рейде, 776-778 ж.ж. Мауренахрда, 778-779 ж.ж. Гурганда көтерілістер болды. Ең ірі көтеріліс Азербайжандағы Бабек көтерілісі.

IX ғасырдың басынан Аббасидтер халифаты жеке-жеке эмираттарға бөліне бастады. Себебі: халықтардың жеке облыстардың экономикалық дамуы, этникалық құрамы, мәдениеті, тілі, діні әртүрлі болды. Мемлекеттік жер иелену есебінен ірі жер иеленушілердің күшейуі, бағынышты халықтардың тәуелсіздік күресінің өсуі араб халифатының құлауына әсер етті.

Бақылау сұрақтары:
1. III-VI ғ.ғ. арабтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, діні, саяси 2тарихы

2. Мұхаммед және оның ілімі

3.Мекке мен Мәдинә арасындағы күрестер

4. Мұсылман дінінің бүкіл Аравияға таралуы.

5. Алғашқы халифтар тұсындағы Аравия

6. Омеядтар мемлекетінің құрылуы

әлеуметтік-экономикалық дамуы

7. Халифаттағы жер иелену түрлері, аграрлық қатынастар

8. Омеядтар халифатының саяси тарихы және оның ыдырауы

9.Аббасидтер халифаты, ішкі, сыртқы саясаты

10.Халифаттың құлауы.


4-апта 2,0 балл

№10. Сабақтың тақырыбы: Ерте орта ғасырлардағы Корея.


Тест
1.Кочуре, Пекче, Силла мемлекеттері қай елде өмір сүрді?

А. Корея


Б. Қытай

В. Япония

С. Вьеинам

Д. Үндістан


2. Корей түбегінің Оңтүстік –Шығысында алғаш құрылған мемлекет?

А. Силла


Б. Пекче

В. Кочуре

С. Ямато

Д. Хан
3.Тэгалар -

А.Ерте орта ғасырлық Грузиядағы феодалдар

В.Ерте орта ғасырлық Армениядағы князь тұқымдары

С. Ерте орта ғасырлардағы өндістандағы ең ірі жер иелері

Д. Ерте орта ғасырлардағы Кореядағы қауымдастық ішіндегі байлар

Е. Жапониядағы ірі феодалдар
4.VI ғасырда Корея территориясында өмір сүрген мемлекеттерді атаңыз

А. Когуре, Окчо, Хан

В. Когуре, Пэкче, Силла

С. Силла, Хан, Окчо.

Д. Пэкче, Хан, Инь.

Е. Силла, Пэкче, Емэк


5.Корей түбегінің солтүстігінде алғаш құрылған феодалдық мемлекет.

А. Кочуре

Б. Силла

В. Пенче


С. Ямато

Д. Хан


6. Кочуре, Пекче, Силла мемлекеттері қай елде өмір сүрді?

А. Корея


Б. Қытай

В. Япония

С. Вьеинам

Д. Үндістан


7. Корей түбегінің Оңтүстік –Шығысында алғаш құрылған мемлекет?

А. Силла


Б. Пекче

В. Кочуре

С. Ямато

Д. Хан
8. Корей түбегінің Оңтүстік –Батысында алғаш құрылған мемлекет?

А. Пекче

Б. Силла


В. Кочуре

С. Ямато


Д. Хан
9. 670-676 жж Силла қай мемлекетпен күрестік?

А. Тан


Б. Мин

В. Сун


С. Цинь

Д. Хань
10. Кочура мемлекетінің астанасы

А. Пхеньян

Б. Кымсан

В. Кенду

С. Ханган

Д. Сеул
11. Силла мемлекетінің астанасы?

А. Кымсан

Б. Ханган

В. Сеул


С. Пхеньян

Д. Пекин
12. IV ғасырда Кочуре күрес жүргізген тайпалар

А. Сянбилер

Б. Маньчжурлар

В. Қидандар

С. Тұнғұстар

Д. Монғолдар

13. VIІ ғасырдың ІІ жартысында Корей түбегін біріктірген мемлекет

А. Когуре

В. Пэкче


С. Силла

Д. Хан


Е. Емэк
14. Корей түбегінің Оңтүстік –Батысында алғаш құрылған мемлекет?

А. Пекче


Б. Силла

В. Кочуре

С. Ямато

Д. Хан


4-апта

11. Сабақтың тақырыбы: Ерте орта ғасырлардағы Корея.



Жоспары:
1Үш мемлекет кезіндегі Корея

2. Әлеуметтік-экономикалық дамуы және қоғамдық құрылысы

3.Біртұтас Силла мемлекетінің құрылуы.

4.Үндіқытай түбегінде буддизмнің таралуы.


1.Үш мемлекет кезіндегі Корея. Корей түбегінің географиялық жағдайы, құнарлы топырағы, өсімдіктер дүниесімен жануарлар әлемінің байлығы ертеден-ақ Азия құрлығы мен тұнық мүхит аралдарының тұрғындарының назарын өзіне аударды. Сондықтан корей халқының этникалық түр-тұлғасының қалыптасуында тунгус-манчжур және полинезиялық элементтердің ықпалы басым болды. Сонау неолит кезінен-ақ корей халқының ата-бабалары корей түбегі оған жапсарлас жатқан Оңтүстік Манчжурия (қазіргі Солтүстік-шығыс Қытайдың оңтүстік аудандары) аудандарын қоныстана бастады. Коредағы алғашқы қауымдық қатынастардың ыдырауы, таптық қоғамның пайда болуы өндіргіш күштердің дамуының прогресімен байланысты болды. Кореда алғашқы мемлекеттің пайда болуы кезеңі және оның әлеуметтік-экономикалық құрылымы туралы мәселе тарих ғылымында талас тудыратын мәселе. Деректерде Корей түбегінің территориясын әртүрлі тайпалар одағы қоныстанғандығы айтылады. Солтүстікте когурё емэк, окчо тайпалары, оңтүстігін (Ханган өзенінен оңтүстікке қарай) хан тайпалары қоныстанды. Хан тайпалары үшке бөлінді: махан, чинхан, пёнхан. Түбектің тұрғындары үй жануарларын өсірді, аң шаруашылығымен, балық шаруашылығымен айналысты. Ал негізгі шаруашылығы егіншілік болды. Өндіргіш күштердің дамуы феодалдық қатынастардың дамуына жағдай жасады. Бірақ бұл процесс біркелкі жүрген жоқ. Таптық бөліну Амноккан өзені бассейінін мекендеуші солтүстіктегі когурё тайпаларында тезірек дамыды. Тайпа арасынан тайпа билігін бағындырған бай ақсүйектер бөлініп шыға бастады. Олар өз орталарынан әскери көсемді таңдап, ол жиналыста қылмыстық істерді талқылап, тайпа мүшелерін көршіперге қарсы тонаушылық соғыстарда басқарды.

Окчо, емэк тайпалары когурё тайпаларына тәуелді болып, алым-салық төлеп, құл беріп отырды. Оңтүстікте топтық қоғамның қалыптасу процесі кеш жүрді. Хан тайпалары 78 ру-тайпалық қауымнан тұрып, қытай деректерінде оларды протоменлекеттер деп атады.

Когурё тайпаларында мемлекетті басқару ертеректен пайда болды. Бұрынғы әскери-көсем ван атымен (король) ұйымдастырған мемлекеттің басына отырды, ру аристократиясы әскери-чиновниктік ақсүйктерге айналды. Корей жазбаларында жеке меншікті қорғауға арналған зағдар жмнағы туралы айтылады. Сол заңда: ұрлық үшін ұрланған нәрсенің 12 есесін, ал біреудің малына зиян келтірсе, кінәліні құлға айналдырған жағдай да болды.

Когурё мемлекетінің құрылған кезі туралы зертеушілердің пікірі әртүрлі . Бірақ ІV ғасырдың соңы мен V ғасырда Когурё түгел Корей түбегі мен көрші Ляодун түбегін қамтыған күшті мемлекет болды. Корей түбегінің оңтүстігінде мемлекеттің құрылуын анағұрлым дамыған, күшті тайпалардың ұсақ тайпаларды бағындыруы нәтижелесінде жүрді.

Пэкче тайпалары ІІІ-ІV ғ.ғ көрші қауымдар мен тайпаларды біріктірді. Пэкче аристократиясы оңтүстік-батыс Кореяда, Ханган және Кымган өзендерінің төменгі ағысында айтарлықтай күшті мемлекет құрды.

V-VІ ғ.ғ алғашқы қауымдық қатынастардың ыдырауы нәтижесінде түбектің оңтүстік-шығысындағы тайпаларда Силла мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін Саро қауымы құрады, ол біртіндеп Нактонган өзені бассейініндегі тайпаларға өз билігін жүргізді.

Сонымен ІV ғасырда Корей түбегінде Когурё, Пэкче және Силла мемлекеттері өмір сүрді және олардың арасында билік үшін аяусыз күрес басталды. Бұл мемлекеттегі әлеуметтік – экономикалық қатынастар ұзақ уақыт корей таирхнамасында талас-тартыс тудырып келді. Кейін корей тарихшылары бұл 3 мемлекетті құлиеленуші құрлыстың белгілеріне қарамастан негізінен феодалдық мемлекеттер деп атады. Жаңа пайда болған мемлекеттік құрылым жерге корей феодалдық меншіктігін орнатып, жериеленуші феодалдардың тәуелді шаруаларды қанауына жағдай жасады. Шаруалар қауымы түгелдей жаулап алушы мемлекететрдің меншігі ретінде салық төлеуге , міндеткерлік өтеуге мәжбүр болды (әсіресе әскери және еңбекпен өтеу). Құлдар өндірісте басты роль ойнаған жоқ. Осы кезеңде құлдардың құқықтық жағдайы өзгерді. Мысалы VІ ғасыр басында Силла мемлекетінде ванның (королдің) көму рәсіміне 10 құлды өлтіру салты жойылды. 858 жылы Силла әскербасы Садахам көрші тайпаларды бағындырғаны үшін 200 тұтқын сыйға алады, бірақ құлға айналдырмай егіншілер ретінде бостандыққа жібереді. Өздерінің билігін нығайту үшін ақсүйектер Қытайдан тек мемлекетті ұйымдастыруда ғана емес, идеологияны да енгізді. Корей мемлекетінің билеушілері Қытайдан конфуцишылдықты енгізді. Чиновниктерді мемлекеттік қызметке даярлау мемлекеттің арнайы конфуцилік оқу орындарында жүргізілді.

Қытайдан корей мемлекетіне феодалдық құрлыстың орнауына үлкен ықпал еткен будизм енді. Когурёге алғашқы будда монахтары 372 жыл келді. Пхеньянның қасынан 2 будда монастыры салынды. 384 жыл Пэкченнің королінің ұсынысымен оның астанасына Оңтүстік Қытайдан будда монахтары келді. Силла мемлекетіне буддизм Когурёден VІ ғасырдың І жартысынан бастап ене бастады. Силланың астанасы –Кымсан (қазіргі Кендсу) ірі қалаға айналды.



2. Корей мемлекеттері арасындағы күрес және олардың Қытаймен, Жапониямен қарым-қатынасы. Бұл үш мемлекет өзара және түбектен тыс жатқан мемлекеттермен жиі-жиі соғыс жүргізді. Когурё мемлекетіне Қытай мемлекетінің феодалдары шабуыл жасап тұрды. IV ғасырда Когурё сянбилермен (Солтүстік Қытайда Янь мемлекеті) ұзаққа созылған соғыс жүргізді. IV-V ғасыр басында Квангэтхо ван тұсында Когурё біршама күшейді. Когурё территориясының оңтүстікке қарай кеңейуі астананы Пхеньянға ауыстыру Пэкче мемлекетімен қақтығысқа әкелді. V ғасырда Когурё мемлекеті бүкіл Корей түбегінің солтүстігін қамтып, Пэкчені ығыстыра бастады. Пэкче VІ ғасырда қатты күшейген Силла мемлекетімен одақтасты. 551 жылы одақтастар Когурёні Ханган өзені бассейнінен ығыстырды, бірақ қайтарып алған жерлерін Пэкчеге бермей Силланың өзі алады. Пэкче енді Когурёмен, жапондықтармен жақындасуды көздеді. Пэкче мен Когурё одақ құрған соң, Силла Қытаймен одақтасуды көздеді. VІ ғасырдың аяғында Қытай билеушілері Когурёні қауіпті қарсылас санап, соғыс ашты. 598 жылы Суй әулетінің негізін салушы Когурёні бағындыру үшін әскер жіберді, бірақ сәтсіз аяқталды. 612, 613, 614 жылдары Суй әулеті Когурёге күшті әскерін жіберді, тұрғындардың кескілескен қарсылығы және әскербасы Ыльчи Мундоктың әскери тактикасы арқасында Қытай әскерін жеңіліске ұшыратты. Бұдан соң Когурё мен Пэкче одақтасып, Силлаға қарсы әскери қимылдар бастады. Силла Қытайдағы Тан империясынан көмек сұрады. 645 жылы Тан әскері Когурёге енді. Бірақ сәтсіздікке ұшырады.

660 жылы Пэкчеге 60 мыңдық Силла мемлекетінің әскері және теңіз арқылы 130 мыңдық Қытай әскері енді. Пэкче әскері жеңіліске ұшырап, барлық территориясы Қытай провинциясына айналды.

668 жылы Тан және Силла әскерлері Когурёнің астанасы Пхеньянды алды. Бұл мемлекеттің де территориясы Тан феодалдарының билігіне көшті.

3.Біртұтас Силла мемлекетінің құрылуы. Шетелдік билеушілердің басқаруы аз уақыт өтісімен халық көтерілісіне әкеп соқтырды. Тан билеушілерінің Пэкче мен Когурёнің барлық жерлеріне орныға алмады. Себебі басталған халық көтерілістерін Корей түбегінде Қытай билігін мойындағысы келмеген Силла билеушілері қолдады. Бір жағынан Пэкче мен Когурё тұрғындарына Қытайдан гөрі тілі, әдет-ғұрыпы, мәдениеті жағынан Силлалықтар жақын еді. Силла енді үш Корей мемлекетін біріктірушіге айналды.

670-676 жылдары Силла мен Тан әскерлері арасында күрес басталды. Нәтижеде Корей түбегінің бүкіл территориясы Силла мемлекетінің құрамына енді. Ақыр аяғында оны Тан империясы да қолдады. Силла мемлекетінің елді біріктіруі Кореядағы феодалдық өндірістің дамуында үлкен маңызды кезең болды. Өзара соғыстардың аяқталуы көрші мемлекеттермен қатынастың орнауы елдегң өндіргіш күштердің дамуына жағдай жасады.


Бақылау сұрақтары:
1.Үш мемлекет кезіндегі Корея

2. Әлеуметтік-экономикалық дамуы және қоғамдық құрылысы

3.Біртұтас Силла мемлекетінің құрылуы.

4.Үндіқытай түбегінде буддизмнің таралуы.



4-апта 1,5 балл

№12. Сабақтың тақырыбы: Ерте орта ғасырлардағы Орта Азия


Тест

1.Орта Азияны Ү ғасырда қандай ел басып алды?

А) Эфталиттер

В)Ғұндар


С)Түріктер

Д) соғдылар

Е) ауғандар
2. Орта Азияда феодалдық қатынастардың дамуы шамамен қай ғасырға жатады?

А) ҮІІ ғ.

В) ІХғ.

С)Хғ.


Д) ХІІғ.

Е) Ү ғ.
3. ҮІ ғ. 80 ж.ж. соғдыда шаруалар көтерілісін кім басқарды?

А)Абруй

В)Мұқанна



С) Қара Чурин

Д)Бабек


Е) Саман-Худа
4. Наршахидің мәліметі бойынша Абруй қай қаланы басып алып, онда қатыгез билік орнатты?

А) Пайкенд

В)Самарқанд

С)Бұқара


Д)Ташкент

Е) Балх


5. мауереннахрда “ақ киімді адамдардың” қозғалысы деп аталатын үлкен қозғалыс қашан болды?

А) 776-783ж.ж.

В) 786-883ж.ж.

С) 676-683ж.ж.

Д) 976-983 ж.ж.

Е) 576-583ж.ж.

6. “ақ киімді адамдар” қозғалысын кім басқарды?

А) Муханна

В) Бабек

С)Абруй


Д)Қара Чурин

Е) Самен-Худа


7. Саманидтер мемлекетінің орталағы

а) Бұқара

В) Самарқанд

С) ташкент,

Д) Пайкент

Е) Тараз
8. Саманидтер мемлекеті қай жылдары өмір сүрді?

А) 819-999 ж.ж.

В) 719-899 ж.ж.

С) 619-799 ж.ж.

Д) 519-699 ж.ж.

Е) 919-1099 ж.ж.

4-апта



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет