6-апта 2,0 балл
№16 Сабақтың тақырыбы: Біртұтас Монғол ұлысының құрылуы мен дамуы.
Тест
1.Арат –дегеніміз кімдер?
А. Мал бағатын көшпелі арабтар
В. Монғолияда ерікті шаруа
С. Жапониядағы кедейленген қауым мүшелері
Д. Жапониядағы қылмыстылар мен кедей қаңғыбастар
Е. Жапониядағы қоқыс тазалайтын, мал соятын, таза емес жұмыстарды істейтін ең төменгі адамдар тобы
2.. 1211-1221 ж.ж. Шыңғысханның сыртқы саясаты
А. Оңтүстік Африканы, Пиреней түбегін, Орта Азияны, Ауғанстан, үндістан, Армения мен Грузияны жаулап алды
В. Византиямен, Сириямен, Закавказье елдерімен соғыс жүргізді
С. Оңтүстік Сібірді, Солтүстік Қытайды, Орта Азияны, Оңтүстік иранды Ауғанстанды бағындырды
Д. Русьті, Волга мен донның төменгі ағысын, Венгрия, Чехия, Польша бағындырды
Е. Белград, Радос, Лахон, Венгрияны, Молдавия мен Валахияны, Аравияны, Солтүстік Африканы бағындырды
3. Шыңғысхан өлімінен кейінгі монғолдардың сыртқы саясаты
А. Оңтүстік Африканы, Пиреней түбегін, Орта Азияны, Ауғанстан, үндістан, Армения мен Грузияны жаулап алды
В. Византиямен, Сириямен, Закавказье елдерімен соғыс жүргізді
С. Оңтүстік Сібірді, Солтүстік Қытайды, Орта Азияны, Оңтүстік иранды Ауғанстанды бағындырды
Д. Русьті, Волга мен донның төменгі ағысын, Венгрия, Чехия, Польша бағындырды
Е. Белград, Радос, Лахон, Венгрияны, Молдавия мен Валахияны, Аравияны, Солтүстік Африканы бағындырды
4. Оломоуц шайқасы
А. Бату әскерлері мен чех-мора рыцарлары
В. Европалық одақтастар әскерімен Туркия
С. Серб әскерлері мен Турция
Д. Селджұқтар мен византиялықтар арасында
Е. Қытай мен Монғолия әскерлері
5.Монғолдардың Қытайды бағындыруы қай жылы аяқталды
А. 1279 жылы
В. 1284 жылы
С. 1275 жылы
Д. 1264 жылы
Е. 1257 жылы
6. Шыңғыс ханның шын есімі?
А. Темучин
Б. Жошы
В. Есукей
С. Субедей
Д. Темуген
7. Шыңғыс ханның руы
А. Қият-боржигин
Б. Тайшуыт
В. Жажырат
С. Меркіт
Д. Татар
8. Шыңғыс хан әкесі кім?
А. Есукей
Б. Меңлік
В. Тарғутай
С. Олеун
Д. Сүбедей
9. Монғол мемлекетін құрып, Ттемучинды Шыңғыс хан деген атпен оның билеушісі етіп жариялаған Құрылтай қашан және қай жерде өтті?
А. 1206 ж Онон өзені бойында
Б. 1203 ж Орхон өзені бойында
В. 1204 ж Керулен өзені бойында
С. 1208 ж Толы өзені бойында
Д. 1210 ж Селенгі өзені бойында
10. Қытайға басып кіргенге(1211ж) дейін монғолдар қай елдерді жаулап алды?
А. Оңтүстік Сібірді, Таңғұт хандығын, ұйғырларды
Б. Орта Азияны, Иранды, Ауғаныстанды
В. Үндістанды, Пәкістанды
С. Русті, Венгрияны, Польшаны
Д. Кавказды, аландарды, қыпшақтарды
11. Шыңғыс хан Солтүстік Қытайды (астанасы Пекинмен қоса) қай жылдары жаулап алды?
А. 1211-1215жж
Б. 1201-1205жж
В. 1207-1209жж
С. 1218-1220жж
Д. 1221-1224жж
12. Шыңғыс хан Хорезм мемлекетін қай жылдары бағындырды?
А. 11218-1223жж
Б. 1208-1213жж
В. 1211-1215жж
С. 1215-1218жж
Д. 11223-1227жж
13. Шыңғыс хан қай жылдары өмір сүрді№
А. 1155-1227жж
Б. 1115-1207жж
В. 1195-1209жж
С. 1165-1237жж
Д. 1185-1257жж
14. Шыңғыс хан Жошыға қай елдерді мұраға қалдырды?
А. Батыс Сібір, Ертістен Еділге дейінгі және одан әрі монғол атының тұяғы жеткен жерлерге дейін
Б. Орта Азияның Амудариядан шығысқа қарайғы жерлері
В. Баиыс, Монголия, Солтүстік Қытайды,
С. Монғолияның өзін
Д. Қытайды
15. Шыңғыс хан Шағатайға қай жерлерді берді?
А. Орта Азияның Амудариядан шығысқа қарайғы жерлері
Б. Батыс Сібір, Ертістен Еділге дейінгі және одан әрі монғол атының тұяғы жеткен жерлерге дейін
В. Баиыс, Монголия, Солтүстік Қытайды,
С. Монғолияның өзін
Д. Қытайды
16. Шыңғыс хан Үгедейге қай жерлерді берді?
А. Баиыс, Монголия, Солтүстік Қытайды,
Б. Орта Азияның Амудариядан шығысқа қарайғы жерлері
В. Батыс Сібір, Ертістен Еділге дейінгі және одан әрі монғол атының тұяғы жеткен жерлерге дейін
С. Монғолияның өзін
Д. Қытайды
17. Шыңғыс хан кіші ұлы Төлеге қай жерлерді берді?
А. Монғолияның өзін
Б. Орта Азияның Амудариядан шығысқа қарайғы жерлері
В. Баиыс, Монголия, Солтүстік Қытайды
С. Батыс Сібір, Ертістен Еділге дейінгі және одан әрі монғол атының тұяғы жеткен жерлерге дейін
Д. Қытайды
18. Шыңғыс хан империясының астанасы?
А. Қарақорым
Б. Самархан
В. Сарайшық
С. Алмалық
Д. Қазан
19. Моғолдардың Шығыс Еуропаға жорығын кім басқарды?
А. Батый
Б. Шыңғыс хан
В. Жошы хан
С. Хулагу хан
Д. Мұқалы
20. Батый әскерлері Шығыс Еуропаны қай жылдары жаулап алды?
А. 1235-1242жж
Б. 1215-1222жж
В. 1225-1232жж
С. 1245-1252жж
Д. 1255-1262жж
21. Иранды, Месопотамияны, Сирияны, Кавказды, Кіші Азияның бір бөлігін жаулап алған монғол билеушісі кім?
А. Хулаку
Б. Шыңғыс хан
В. Бату хан
С. Құбылай
Д. Толы
22. Калка шайқасы қай жылы болды
А. 1223 жылы
В. 1224 жылы
С. 1225 жылы
Д. 1224 жылы
Е. 1257 жылы
23. Құбылайдың кеңесшісі болған европалық саяхатшы
А. Марко Поло
В. Гильом Калл
С. Вильгельм Рубрук
Д. Фернанде Дрейк
Е. А.Никитин
24. Монғолдардың Батысқа жорығын кім басқарды
А. Бату
В. Құбылай
С. Бату
Д. Жебе
Е. Хулагу
6-апта
№17. Сабақтың тақырыбы: Біртұтас Монғол ұлысының құрылуы мен дамуы.
Жоспары:
1. XII ғ. екінші жартысы мен XIII ғ. басындағы Монғолия. біртүтас монғол мемлекетінің құрылуы
2. Шыңғысханның жаулап алу жорықтары. Ұлыстардың құрылуы.
3. Монғолдардың Қытайды түгелдей бағындыруы және Батысқа жорығы.
4.Корей, Вьетнам, Бирма және Индонезия халықтарының монғол шапқыншылығына қарсы күресі.
5.Монғол шапқыншылығының орта ғасырлық Азия мен Европа елдерінің тарихындағы алатын орны.
Монғол тайпаларының тұрмысы мен әлеуметтік құрылысы. Монғолдардың табиғат жағдайлары ежелгі уақыттан-ақ монғолдардың көшпелі мал шаруашылығымен айналысуна жағдай жасады. Ел территориясының көп бөлігі, атап айтсақ 4/5 бөлігі құрғақ далалардан, таулы жайылымдардан тұрды. Деректерде б.з.д. ІІ мың жылдықтың өзінде-ақ Монғолия территориясындағы көшпелі тайпалар туралы қысқаша мәліметтер беріледі. Монғолиядағы алғашқы мемлекеттік құрылым б.з.д. ІІІ ғасырда құрылған ғұндар державасы еді. Ғұн мемлекетінен кейін Монғолия территориясында бірінен соң бірі XII ғасырға дейін бірнеше мемлекеттер өмір сүрді. Олар: Сяньбилер мемлекеті (І-ІІІ ғ.ғ.), Жужань қағанаты (ІV-VІ ғ.ғ.), Түрік қағанаты (VІ-VІІІ ғ.ғ.), Ұйғыр қағанаты (745-840 ж.ж.), Қидандардың Ляо империясы (X-XІ ғ.ғ.). Бұл мемлекеттердің этникалық құрамы әртүрлі болды. Мұнда монғол тілдес тайпаларды, түркі тілдес тайпаларды, тунгус-манчжурлық тайпаларды ерекше бөліп айтуға болады.
XII ғасырда қазіргі Монғолияның, Манчжурияның және Шығыс Сібірдің оңтүстік бөлігінде көптеген монғол тайпалары өмір сүрді. Олардың көп бөлігі далалық жерлерде өмір сүріп, мал шаруашылығымен шұғылданды. Қой, мүйізді қара жылқы өсірді. Монғолдардың бір бөлігі ормандарда өмір сүріп, аңшылықпен, балық аулаумен шұғылданды. Далалық монғолдар анағұрлым көп және дамыған болатын. Олар ормандық монғолдарға өз биліктерін жүргізіп, олардан алым алып отырды. XII ғасырда монғолдардың әлеуметтік құрылысында әлі де тайпалық құрылыстың белгілері күшті болды. Көшпенді монғолдар ру-ру болып жасады. Оларда ата-бабалар дініне табынудың орны күшті болды. Әрбір рудың өзінің табынатын, құдайға теңелетін бабалары болды.
Дегенмен XII ғасырдың ІІ жартысында XIIІ ғасыр басында монғолдардың қоғамдық құрылысында рулық қатынастар ыдырай бастады. Рудың ыдырауының нәтижесінде бай ақсүектердің нояндар мен баһадүрлердің бөлініп шығуына жағдай жасады. Нояндарда белгілі мөлшерде құлдар болды. Нояндар мен баһадүрлер орданы (ру одағы) басқарды. Олар өз кезінде хандар басқаратын ірі тайпа одақтарына бірікті. Хандар мен оларды қолдаушы әскери-тайпалық ақсүйектер бағындырылған тайпалардан алым-салық алып отырды. Уақыт уақытымен тайпалық одақтың ақсүйектері құрылтай жиналысына жиналып отырды. Құрылтайларда хандар сайланды, өздеріне жау тайпалар мен халықтар арасындағы соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешетін кейде кінәлі нояндар менхандардың өзін де соттап отыратын.
2. Шыңғысханның монғол-татар тайпаларын біріктіруі және жаулап алу жорықтары.
ХІІІ ғасырдың басында Амур өзенінің жоғарғы ағысы мен Қытайдың солтүстік шегарасында өмір сүретін монғол тайпаларының ханы Темучин (1155-1227) монғолдың әртүрлі тайпалары мен татарларыды біріктіруге қол жеткізді. 1206 жылы Құрылтайда (Онон өзенінің жағасында өткен) Темучин ұлы хан болып жарияланып, Шыңғыс хан деп атала бастады. Монғолдардың үлкен әскери одағының құрылуы ірі жаулап алу жорықтарының басталуна әкелді. Бұл үшін алғышарттары бар еді. Темучин күшті әскери тайпалық ақсүйектерді басқарды. Оның әскери пайдаға құныққан тәжірибесі әскери күші болды. Монғол тайпаларында көп мөлшерде қатардағы әскердің резерві болды . Көшпелі мал шаруашылығы салтымен өмір сүретін монғолдарда жылқы баптау жоғарғы дәрежеде дамыды. Ал егіншілікпен өмір сүріп отырған халықтардың қарсы тұруы қиын болды. Бұнымен қатар көршілес Қытаймен көп соғыса отырып, әскери техниканы қытайлықтардан өздеріне енгізді. Шыңғысхан аз ғана жылда Оңтүстік Сібірде жасайтын көптеген халықтарды бағындырды. Олардың арасында: буряттар, якуттар, қырғыздар тағы басқалар болды. 1211 жылы Шыңғысхан Солтүстік Қытайды жаулап алуды бастады, бұл тек өмірінің соңғы жылдарында аяқталды. Қытайды түгелдей жаулап алудан алдын Шыңғысхан Орта Азияны жаулап алу саясатын бастады. 1218-1223 жылдары өте үлкен Хорезм мемлекетін бағындырды. Ол кезде Хорезмнің құрамына Хорезмнің өзінен бөлек Шығыс Иран, Бұхара, Ауғаныстан кірді. Шыңғысхан жаулап алған елдер мен қалаларын аяусыз қырып жойып отырды. Шыңғысханға қарсылық көрсетуге тырысқан Самарқан, Бұхара, Үргенш (Хорезм астанасы), Отырар қалаларының тұрғындарын аяусыз өлтіріп, тек кейін қолөнершілерді құлға айналдырды.
3. Ұлыстардың құрылуы. Шыңғысханның өлімінен кейінгі монғол жаулап алу жорықтары. 1227 жылға дейін, яғни Шыңғысханның өліміне дейін Монғолия мемлекеті өте үлкен территорияны алып жатты. Шығысында Охота теңізінен батысында Каспий теңізінің оңтүстік жағалауларына дейінгі жерлерді алып жатты. Монғолиядан бөлек оның құрамына Солтүстік Қытай, Орта Азияның көп бөлігі, Оңтүстік Сібір және Кавказдың бір бөлігі кірді. 1235 жылдан бастап Монғолияның ресми астанасы Орхон өзені бойындағы Қарақорым болды. Жаңа мемлекет ашық әскери сипатта болды.
Шыңғысхан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына бөліп берді:
Жошыға: Батыс Сібір, Ертістен Орал тауына дейін және одан ары қарай монғол атының тұяғы тиген жерге дейін берді;
Шағатайға: Орта Азияның Амудариядан Шығысқа қарайғы жерлері берілді;
Үгедейге: Батыс Монғолия, Солтүстік Қытай берілді;
Толыға: Монғолияның өзін қалдырды.
Шыңғысханның мұрагерлері оның жаулап алу соғыстарын жалғыстырды. Батый 1235-1242 ж.ж. Шығыс Европаға үлкен әскери жорық ұйымдастырды. Ол Русьты, болгарларды, половецтерді және Волга мен Донның төменгі ағысындағы халықтарды басып алды. Монғолдар Венгрияға, Чехияға, Польшаға дейін жетті. Олардың әскерлері негізінен Сібір және Болғария территорияларынан өтті. Орта Азияны жаулағыны сияқты татар-монғолдар Европада да өзінің ізін қалдырды.
XII ғасырдың 30-40 ж.ж. монғолдардар бүкіл Кавказды, Грузия, Азербайжан, Арменияны бағындырды. Орта Азияны жаулап алуды Шыңғысханның келесі бір немересң Төленің баласы Хулагу басқарды. Хулагу 50-60 ж.ж. Иранды, Месопатамияны, Сирияны бағындырды. 1258 жылы Хулагу Бағдатты алады. Бұл уақытта Бағдаттың саяси маңызы құлаған болатын, бірақ қала ірі сауда, өнеркәсіп және мәдениет орталығы болатын.
Бақылау сұрақтары:
1. XII ғ. екінші жартысы мен XIII ғ. басындағы Монғолия. біртүтас монғол мемлекетінің құрылуы
2. Шыңғысханның жаулап алу жорықтары. Ұлыстардың құрылуы.
3. Монғолдардың Қытайды түгелдей бағындыруы және Батысқа жорығы.
4.Корей, Вьетнам, Бирма және Индонезия халықтарының монғол шапқыншылығына қарсы күресі.
5.Монғол шапқыншылығының орта ғасырлық Азия мен Европа елдерінің тарихындағы алатын орны.
6-апта 1,5 балл
№18.Сабақтың тақырыбы: X-XV ғ.ғ. Корея.
Тест
1.. IX-XV ғ.ғ. Кореядағы феодалдық мемлекет
А. Аксум, Нубия
В. Коре мемлекеті
С. Гана, Мали, Сонгай
Д. Иоруба, Бенин, Дагонея, Ашанти
Е. Борну, Канем және Хаус
2. ІХ ғ. аяғында бұрынғы Пегче мемлекетінің жерінде құрылған жаңа мемлекет
а) Екінші Пегче
в) Үшінші Пегче
с) Гүлденген Пегче
д) Нұрланған Пегче
е) Ұлы Пегче
3. Бұрынғы Когуре мемлекетінің жерінде құрылған дербес «Егінші Когуре» мемлекетінің басқаша атауы
а) Тхебон
в) Пегче
с) Силла
д) Коре
е) Хан
4. Қай мемлекет 935 ж. Силла ал, 936ж. «Екінші Пегче» мемлекеттерін бағындырып алды.
а) Тхебон
в) Пегче
с) Силла
д) Коре
е) Хан
5. Тхебон (Екінші Когуре) мемлекеті Х ғасырда Силла мен Пегчені бағындырған соң қалай аталды?
А) Коре
В) Коре Сарам
С) Үшінші Когуре
Д) Төртінші Когуре
Е) Бесінші Когуре
6. Коре мемлекетінің астанасы
а) Сонгур (Кэсон)
в) Сеул
с) Пхеньян
д) Ляодун
Е) Кымсан
7. Коре мемлекетінің негізін салған алғашқы билеуші
а) Ван Гон
в) Кан Чан Чжан
с) Цой Чжун Хэн
д) Ли Хоан Чжо
Е) Ли Хван Вон
8. Коре елі 926-1125 ж.ж. аралығында қандай басқыншылармен күрес жүргізді.
А) Қидандар
В) Чжургендер
С) Монғолдар
Д) Жапондар
Е) Түріктер
9. 1018 ж. Қидандарды талқандап елден қуып шыққан Коре қолбасшысы?
А) Кан Чам Чжан
с) Цой Чжун Хэн
д) Ли Хоан Чжо
Е) Ли Хван Вон
10. 1259-1369 ж.ж Корея қай мемлекеттің бағынышты вассалы болды?
А) Монғол
В) Қытай
С) Жапония
Д)Қидан (Ляо)
Е) Түрік
11. Кореяда Чосан мемлекеті қашан құрылды?
А) 1392ж
В) 1332ж,
С) 1292ж
Д) 1492ж
Е) 1432ж
12. Чосон мемлекетінің негізін салушы
а) Ли Сон Ге
в) Ли Хван Чжо
С) Син У
Д) Ван Гон
Е) Кан Чан Чжан
13. Чосон мемлекетінің астанасы
а)Ханьян (Сеул)
в) Пхеньян
с) Сонгдо (Кэсон)
д) Кымсон
е) Ляодун
14. Чосон мемлекеті қай билеуші тұсында күшейіп Шығыс Азиядағы ірі күштердің біріне айналды?
А) Ли Хван Вон (Пхечжон),
В) Ван Гон
С) Син У
Д) Ли Хван Чжо
Е) Ли Сон Ге
15. Кореяның ХҮІ ғ. халқының саны ең көп ең ірі қаласы
а) Сеул
в) Пхеньян
С) Сонгар (Кэсон)
Д) Кымсон
Е) Ляодун
16. Кореяда қашан және қай қалада кітап шығаратын мекеме құрылды?
А) 991ж. Сэген (Пхеньян)
В) 891 ж Ханьян (Сеул)
С) 1091ж Сонгдо (Кэсон)
Д) 1191ж Кымсон
Е) 791ж Лядон
6-апта
№19. Сабақтың тақырыбы: X-XV ғ.ғ. Корея.
Бақылау сұрақтары
1. Коре мемлекеті қашан және қалай құрылды?
2. Коре мемлекетінің аумағы және астанасы?
3. Коре мемлекеті Х-ХІ ғ.ғ. басында Қытайдағы Сун империясымен не себепті одақтасқан еді?
4. Кореге Қидандардың шабуылдары, оның зардаптары
5. Коре мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
6.Кореяға монғолдар басқыншылығы және оның салдары
7. Чосон мемлекетінің құрылуы
8. Чосон мемлекетінің аумағы және астанасы
9. Ли Хван Вонның (Тхечжон) реформалары
10. Корейлердің Чжургендермен соғыстары
11. Ли әулетінің жетінші билеушісі Сечжоның жүргізген реформалары
12. ІХ-ХҮ ғ.ғ. Корея мәдениеті
7-апта
№20.Сабақтың тақырыбы: X- XVІ ғ.ғ. Оңтүстік-Шығыс Азия.
Бақылау сұрақтары:
-
Х-ХҮ ғ.ғ. Оңтүстік-Шығыс Азияның жалпы саяси жағдайы қандай?
-
Х-ХҮ ғ.ғ. Вьетнамның саяси-экономикалық жағдайы
-
Дайвьет мемлекеті
-
Вьетнамдағы халық көтерілістері
-
Дайвьетке монғол басқыншыларының енуі
-
Вьет халқының азаттық соғыстары
-
Дайвьет мемлекетінде әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың өршуі
-
Хо-Куй –Лидің реформалары
-
Х-ХҮІ ғ.ғ. Вьет халқының мәдениеті
-
Біртұтас Лан Санг мемлекетінің құрылыуы және оның саяси құрылысы
-
ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Лан Санг мемлекеті
-
Вьетнам мен Бирмаға қарсы соғыстар
-
Лан санг дәуіріндегі Лаос мәдениеті
-
ХІ-ХҮІ ғ. ортасындағы Тайланд (Сиам).
-
Феодалдық бытыраңқылығы
-
Сукотан мемлекеті
-
Аюти мемлекеті
-
Сиамды біріктіру жолындағы күрес
-
Тайландқа португалдардың енуі
-
Сиамдағы мемлекеттік құрылыс , әлеуметті-экономикалық жүйесі
-
ХІ-ХҮІ ғ.ғ. тай халқының мәдениеті мен өнері
Реферат тақырыптары
1.Ерте орта ғасырлардағы Вьет мемлекеті .
2.X- XVІ ғ.ғ Вьетнам.
3. .XІ- XVІ ғ.ғ Лаос.
4.XІІ- XV ғ.ғ Малая
5.XІ- XV ғ.ғ Индонезия
6.XІ- XVІ ғ.ғ Бирма
7-апта 2,0 балл
№21. Сабақтың тақырыбы: X- XVІ ғ.ғ. Оңтүстік-Шығыс Азия.
Бақылау сұрақтары:
1.ХІІ-ХІҮ ғ.ғ. Малайялық мемлекеттер
2. Малакк сұлтанаты,оның әлеуметтік-экономикалық құрылысы
3.Бруней мемлекеті
4.Малайяның мәдениеті мен өнері
5. Әлеуметтік-экономикалық құрылысы
6. Біртұтас Аирланги мемлекеті
7. Кедиридің құрылуы
8.Сингасарн мемлекеті
9. Шривиджайннің құлауы
10. Индонезияға ислам дінінің таралуы
11. Индонезияда жаңа мемлекеттердің құрылыуы, дамуы, құлауы.
12. ХІ-ХҮ ғ.ғ. Индонезия халқының мәдениеті мен өнері
13. Паган мемлекеті
14. ХІІІ-ХҮІ ғ. басындағы феодалдық бытыраңқылық
15. Бирманың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мемлекеттік құрылысы мен мәдениеті
7-апта
№22. Сабақтың тақырыбы: XIII-XV ғ.ғ. Индия. XII-XV ғ.ғ Шри-Ланка.
Тест
1. Үндістанның үлкен қалалары
А.Персеполь, Ктесифон, Мерв, Герат
В.Агра, Панипат, Лахор, Мультан
С.Хаката, Нагасаки, Эдо, Киото
Д.Чаньань, Нанкин, Пекин
Е.Бурса, Эдерне, Анкара
2.Үндістандағы дели сұлтанатының негізін салушы
А. Кутуб-ад-дин Айбек
В. Мұхаммед Бабыр
С. Минотама Еримото
Д. Бахмани
Е. Ағайынды Бухи мен Харихара
3. Дели сұлтанатының соңғы өкілі
А.Изергед III (632-652)
В. Аурангзеб (1658-1707)
С.Мелих шах (1082-1092)
Д. Масуд Газневи
Е. Фираз-Шах-Тоғалақ
4. Үндістандағы Бахмани мемлекетінің негізін салушы
А. Кутуб-ад-дин Айбек
В. Мұхаммед Бабыр
С. Минотама Еримото
Д. Бахмани
Е. Ағайынды Бухи мен Харихара
5. Үндістандағы Виджанаялар мемлекетінің негізін салушы
А. Кутуб-ад-дин Айбек
В. Мұхаммед Бабыр
С. Минотама Еримото
Д. Бахмани
Е. Ағайынды Бухи мен Харихара
6. XIV-XV ғ.ғ. Оңтүстік Үндістандағы мемлекеттер
А. Гуптар, Чалолар, Чалукейлер
В. Суй, Тан, Сун империясы
С. Омеядтар, Аббасидтер халифаты
Д. Сасанидтер, Тахаридтер, Сафаридтер
Е. Бахмани мен Виджаянгар
7.Доабо -
А. Оңтүстік Үндістан
В. Мауренахр және қазіргі Ауғанстанның 1 бөлігі
С. Жамина және ганга өзендерінің аралығы
Д. Амудария мен Сырдария өзендерінің аралығы
8.Дели сүлтандығындағы алғаш аттарды таңбалауды енгізген
А. Алау-ад-дин Хулджа
В. Мухаммед Тоғалақ
С. Гияс-ад-дин Балбан
Д. Кутуб-ад-дин Айбек
Е. Илтумыш
9. Виджаянагар мемлекетіндегі болған орыс саяхатшысы
А. А.Никитин
В. В.Гама
С. Х.Колумб
Д. Ф.Магеллан
Е. А.Вернадский
10. Хорасанды басқарған Темірдің мұрагері?
А. Шахрух
Б. Ұлықбек
В. Бабыр
С. Серзебар
Д. Мираншах
11. Дели сұлтандығының негізін кім қалады?
А. Кутуб ад-Дин Айбек
Б. Мұхаммед Гури
В. Мұхаммед Тоғалақ
С. Шамс ад-Дин Ильтумыш
Д. Алау ад-Дин Хильджа
12. Айбек тұсындағы Дели сұлтандығының мемлекеттік діні?
А. Ислам
Б. Буддизм
В. Индуизм
С. Синтоизм
Д. Джайнизм
13. Дели сұлтандығында Айбектен соң билікке кім келді?
А. Илтумыш
Б. М. Тоғалақ
В. Г. Тоғалақ
С. Хильджа
Д. Гаван
14. Дели сұлтандығында алғаш рет аттарды таңбалауды енгізген кім?
А. Хильджа
Б. М. Тоғалақ
В. Г. Тоғалақ
С. Илтумыш
Д. Гаван
15. Дели сұлтандығының астанасын Делиден Деогирге ауыстырған және сәтсіз ақша реформасын жүргізген кім?
А. М. Тоғалақ
Б. Илтумыш
В. Г. Тоғалақ
С. Хильджа
Д. Гаван
16. XIV-XVI ғғ Деканда (Оңтүстік Үндістан) қандай екі мемлекет өмір сүрді?
А. Бахмани мен Виджаянгар
Б. Гуридтер мен газневидтер
В. Дели және бахмани сұлтандықтары
С. Шығыс және Батыс Чалукилер
Д. Паллав және Панди мемлекеттері
17. Афанасий Никитан Үндістанда неше жыл болды?
А. 3
Б. 2
В. 4
С. 5
Д. 6
8-апта
№23. Сабақтың тақырыбы: XIII-XV ғ.ғ. Индия. XII-XV ғ.ғ Шри-Ланка.
Жоспары:
1. XI-XII Үндістандағы саяси жағдай
2.Үндістанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
3.Дели сұлтандығының құрылуы және оның саяси-мемлекеттік құрылысы.
4. Аграрлық қатынастар. Алау-ад-Дин Құлжа, М. Тоғалақ түсындағы Дели сұлтандығы.
5. Әмір Темірдің Үндістанға шапқыншылығы. Виджаянгар және Бахмани мемлекеті.
6. Шриланканың саяси дамуы.
7.Шриланканың әлеуметтік –экономикалық дамуы.
.Дели сұлтандығының құрылуы. XII ғасырдың аяғында Солтүстік Үндістан жаулап алушылардың қолында қалды. 1175 жылы Гуридтер әулетінің өкілі Газни Шихаб-ад-дин Мухаммед Гури Газнавилер әулетін құлатып билікке келген соң Газнавилер әулетінің соңғы билеушісі тығылған Пенжабқа шабуыл жасады. Бұл облысты басып алған соң одан әрі шығысқа жылжи берді. 1192 жылы Тараин түбінде Аджимира мен Дели князі Притхви Раджей басқарып келе жатқан үнді княздарының одақтастар әскерін жеңіп, ол бүкіл Доабо (Джамна мен Ганга) арасына өз билігін орнатты. 1199-1200 жылдары ол Бихар мен Бенгалияны бағындырды. Жаулап алынған жерлер Гуридтер державасының мемлекеттік жерінің құрамына енгізіліп, оның жоғарғы егесі Мухаммед Гури болды. Ол бұл жерлерді әскербасыларға феодалдығ негізде берді. Оған Кутуб-ад-дин Айбекті басшы етіп қояды.
1206 жылы Мухаммед Гури қайтыс болады. Әскербасылар жаңа билеші Газнидің билігін мойндамады және олар Солтүстік Үндістан территориясында өздерінің жеке Газниге тәуелсіз, астанасының атымен аталатын Дели сұлтандығының негізін қалады. Бұл мемлекеттің басшысы болып алдыңғы намесник Кутуб-ад-дин Айбек тағайындалды.
Кутуб-ад-дин Айбек сұлтан болған соң Делиде 100 жылға жуық түрік гулямдарының билігі орнады. Айбек Делиде бірнеше ірі құрылыс жұмыстарын жүргізді. Мысалы: Лал Кот (Қызыл бекініс), “Кувват ул ислам” (Ислам күші).
Кутуб-ад-дин Айбектің негізгі әлеуметтік тірегі - әскері болды. Мемлекеттік дін ислам діні болып, жарияланды. XII ғасырдың аяғы мен XIIІ ғасырдың басында мүсылмандар саны артты. Айбек мыңдаған храмдарды жойып, орнына мұсылман мешіттерін тұрғызды. Мемлекеттік тілі – фарсы тілі болды.
1210 жылы Кутуб-ад-дин Айбек ат үстіндегі ойындарда (чауган) аттан құлап қайтыс болады. Түрік ақсүйектері Шамс-ад-дин Илтумышты (1210-1236 ж.ж.) отырғызады. Илтумыш түсында Дели сұлтандығының территориясы кеңейе түсті. 1225 жылы Дели сұлтандығына Бенгалия билеушілері алым-салық төлеп тұруға келісім берді. 1232 жылы Шамс-ад-дин Илтумыш Гвалиурды, 2 жылдан соң Бхилсу мен Уджжаинды бағындырды. Шамс-ад-диннің әскери жетістіктері ақсүйектердің бірігуіне және сұлтандықтың күшейуіне жағдай жасады.
Бұған осы кезде шығыс елдерінде басталған монғол шапқыншылығы да үлкен әсер етті. Илтумыш өлімінен соң оның жақындар мен әскери гулямдар арасында өзара күрес басталды.
2.Дели сұлтандығының гүлденуі мен құлдырауы. XІІI ғасырдың ІІ жартысында монғол хандарының жағынан қауіп күшейді де Дели сұлтандары Үндістанның жаулап алынбаған басқа территорияларына басып кіруін тоқтатуға мәжбүр болды. Сыртқы жаулардан басқа сұлтанға ірі феодалдармен күресуге тура келді. Сұлтан Алау-ад-Дин Хильджа (1296-1316 ж.ж.) өзінің күшті жалдамалы әскерінің арқасында қауіпті қарсыластарын жойды және монғолдардың үш шабуылына тойтарыс берді. Алау-ад-Дин салық есебінен мемлекеттік кірісті көтеруге, әскерді нығайтуға, феодалдарға өзінің абсолюттік билігін орнатуға бағытталған реформалар бастады. Алау-ад-Диннің негізгі іс шаралары:
-
салық жүйесін өзгертті;
-
“базарлық құрылымды” енгізді;
-
әскерді қайта құрып, оны күшейтті;
-
икталық жүйені қайта қарады;
-
алғаш рет аттарды таңбалауды енгізді;
-
елде қатаң репрессиялық режим орнатты;
-
бай адамдардың бір-біріне қонаққа баруына тыйым салды.
Мемлекеттік ресурстарды мобилизациялау әскерді күшейтті, солтүстік-шығыс шегарада монғолдарға бірқатар ауыр шабуылдар жасауға және Деканға жорық бастауға мүмкіндік берді. Атақты әскербасы Малик Кафур кішкене облыстармен, Малабарадан басқа түгел Деканды бағындырды. Алау-ад-Дин – талантты қолбасшы, ақылды, шешімтал саясаткер болды. Оның өлімінен соң оның орнатқан жүйесінің тіпті ізі де қалған жоқ деп жазды Барани.
Сұлтанаттың экономикалық жағдайының гүлденуі Мұхаммед Тоғалақ (1316-1320 ж.ж.) кезінде болды. Ол өз әкесін жасанды түрде өлтіру арқылы билікке келді. Мұхаммед Тоғалақ тәжірибелі әскербасы еді және өзі ІІ Александр Македонский сияқты әлемді билегісі келді. Салық жүйесінде өзгеріс жасады, икталық жүйені нығайтуға бағытталған іс-шаралар жүргізді. Мемлекет астанасын Делиден Деогирге ауыструы, Дели сұлтандығының әлсіреуіне жол ашты. Мұхаммед Тоғалақтың сәтсіз іс-әрекеттерінің бірі – ақша реформасы болды. Елде ашаршылық басталып, халық көтерілістер көбейді. 1358 жылы Гуджараттағы көтеріліс кезінде Мұхаммед Тоғалақ қайтыс болды.
3. Виджаянгар мен Бахмани. Дели сұлтандығы өзінің соңғы күндерін өткізіп жатқанда, Деканда екі мемлекет пайда болды. Бірі Деканның солтүстік бөлігінде мұсылман әулетінің билеушісінің атымен аталған Бахмани мемлекеті болса, екіншісі Тунгабхадр өзенінің қасындағы астанасының атымен аталған - Виджаянгар мемлекеті болды. Бұл индус билеушісінің билігінде болды. Бахмани мемлекетін М.Тоғалаққа қарсы көтерілген Дели сұлтандығының наместниктер мен Декан иктадарлары құрды. Мемлекет басына ірі жергілікті иктадар – Ала –ад-дин Бахманиді шах титулымен отырғызды. Феодалдық тәртіп бұрынғы Дели сұлтандығындағыдай жүйеде сақталды. Бахмани шахтары өз феодалдарына үлкен билігі болды. Мұндай билікті Дели сұлтандары ең гүлденген кезде де ие болмаған еді. Бахмани мемлеетінде 1469-1492 ж.ж. орыс көпесі Афанасий Никитин 3 жыл болып, олардың өмір сүру үрдісі туралы көп деректер қалдырды. Мұхаммед шах (1463-1482 ж.ж.) тұсында оның күшті бас уәзірі Махмуд Гаван декандық феодалдардың кірісінің бір бөлігін алып қояды. Ол облыстарды тарафдарлардан (бұрынғы наместник) тартып алып, өз жақтастарына берді. Гаван тарафдарлардан кірістің бір бөлігін қазынаға беруін, әскер ұстауын талап етті. Ол Виджаянагарға шабуыл жасап, бай Гоа портын тартып алды. Гаван феодалдардың талабымен шахтың келісімімен өлім жазасына кесілді. Махмуд Гаван өлімінен соң мемлекет тез ыдырай бастады.
Бақылау сұрақтары:
1. XI-XII Үндістандағы саяси жағдай
2.Үндістанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
3.Дели сұлтандығының құрылуы және оның саяси-мемлекеттік құрылысы.
4. Аграрлық қатынастар. Алау-ад-Дин Құлжа, М. Тоғалақ түсындағы Дели сұлтандығы.
5. Әмір Темірдің Үндістанға шапқыншылығы. Виджаянгар және Бахмани мемлекеті.
6. Шриланканың саяси дамуы.
7.Шриланканың әлеуметтік –экономикалық дамуы.
8-апта 2,0 балл
№24. Сабақтың тақырыбы: X-XV ғ.ғ. Иран.
Достарыңызбен бөлісу: |