Қазақстан Республикасында былғары, былғарыдан жасалған
бұйымдар және аяқ киім өндірісінің көлемі
№ 4 кесте
Өнімнің атауы
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру, млрд. теңге
|
2,1
|
2,6
|
3,0
|
2,8
|
Иленген немесе өңделген үлбір терілер, мың шаршы дц
|
1528,9
|
2420,7
|
2404,0
|
1761,6
|
Ірі қара малдың терісінен немесе денесінде түгі жоқ жылқы тұқымдас жануарлардың терісінен жасалған былғары, мың шаршы дц
|
115401,2
|
202728,3
|
286731,1
|
244976,0
|
Денесінде түгі жоқ қойдың, ешкінің немесе шошқаның терісінен жасалған былғары, мың шаршы дц
|
1079,4
|
295,6
|
754,3
|
249,0
|
Қайыс және ертоқым бұйымдары, чемодандар, саквояждар, сөмкелер, портфелдер және ұқсас бұйымдар, өзге былғары бұйымдары, мың теңге.
|
9358
|
10065
|
9146
|
15184
|
Спорттық және әрі қорғайтыннан және ортопедиялық басқа, аяқ киім, мың жұп
|
780,7
|
1107,5
|
1213,1
|
719,2
|
оның ішінде
|
|
|
|
|
Су өткізбейтін аяқ киімнен басқа, табаны бар және үсті резина немесе полимер материалдардан жасалған аяқ киім, мың жұп
|
460,4
|
590,9
|
676,7
|
91,6
|
Спорттық аяқ киімнен, тұмсығын қорғайтын матадан жасалған аяқ киімнен, әртүрлі аяқ киімнен басқа арнай үсті былғарыдан жасалған аяқ киім, мың жұп
|
314,4
|
508,4
|
531,7
|
622,8
|
3.5. Саланы дамытудың негізгі проблемалары
Жеңіл өнеркәсіп саласындағы бірқатар шешімін таппаған проблемалар бар, олар:
1) негізгі қорлардың айтарлықтай тозуы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі;
2) қосылған құны жоғары болатын өнім экспортының төмен үлесі;
3) отандық өнімнің тұтыну үлесінің төмендігі;
4) еңбек шарттарының тартымсыздығынан білікті кадрлық ресурстардың жетіспеушілігі.
Негізгі қорлардың айтарлықтай тозуы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында негізгі қорлардың айтарлықтай тозуы (80% дейін) ең негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Салалық кәсіпорындарда негізгі қорларды жаңарту үшін жеткілікті қаражат жоқ және ескірген жабдықтарда бәсекеге қабілетті емес өнімдерді шығарып, жұмысын жалғастыруда.
Экономикалық дағдарыс жағдайында, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында өтімділік мәселесі айтарлықтай өткір болып тұр. Оның нәтижесінде екінші деңгейдегі банктер мен даму институттары ұзақ мерзімді жеңілдікпен кредит беруді тоқтатты. Қалыптасқан жағдайда салалық кәсіпорындар ағымдағы операциялық қызмет мәселесін шешеді.
Қосылған құны жоғары болатын өнім экспортының төмен үлесі
Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қазақстандық экспортының елеулі үлесін өңделмеген шикізат, не төмен бөліністегі өнімдер құрайды, бұл саланың жалпы дамуына қауіпті әсер етеді, өйткені қайта өңделген отандық шикізат шетелден еліміздің ішкі нарығына дайын өнім түрінде қайтып келеді. Осы жағдай дағдарысты ерекше көлемде туындатты, өйткені қатердің жоғары деңгейі отандық кәсіпорындарда меншікті шикізатты қайта өңдеуге ұшыратпай, оны өңделмеген түрде сатуға мәжбүрлейді.
Отандық өнімнің тұтыну үлесінің төменділігі
Отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі және таяу және алыс шет елдерден импортталатын өнімдер санының көп болуы отандық тауар өндірушілерді қауқарсыз жағдайда қалдырып отыр. Негізінен Оңтүстік-Шығыс Азия және Қытай елдерінен импортталатын өнімдердің бағасы мен сапасы бойынша айтарлықтай төмен, бірақ бұл ретте қазіргі заманғы сән үрдістеріне жауап береді және сондықтан бәсекеге қабілетті.
Қалыптасқан жағдайда сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар бағасына, сапа нұқсанына бағдарланады.
Еңбек шарттарының тартымсыздығынан білікті кадрлық ресурстардың жетіспеушілігі
Жеңіл өнеркәсіп өнімдері өндірісін болашақта өсуінің әлеуметті проблемаларының бірі білікті кадрлардың тапшылығы, сондай-ақ тәжірибелі қызметкерлерге төлемнің жоғарғы құнына қатысты болып табылады.
Бұл еңбек шарттарының тартымсыздығынан және жалақының жоғары еместігінен, кадрлардың қайтуынан туындады, ескірудің табиғи үдерісінен - көптеген қызметкерлер зейнеткерлік және зейнеталды жасында, бұл ретте салаға жастардың келуі еңбек шарттарының тартымсыздығынан елеулі емес болып қалады.
Қазіргі уақытта еліміздің жоғары оқу орындарында елде инженерлік-техникалық бағыт бойынша жоғары және орта-мамандандырылған оқу орындарында оқитын студенттердің саны аз, сонымен қатар кадрлар дайындығы осал, бұл студенттерді оқыту үдерісінде жабдықтардың техникалық ескіргендігіне байланысты.
3.6. Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімделуі мүмкін проблемаларды шешу бойынша позитивті шетелдік тәжірибені шолу
Қазақстанға жеңіл өнеркәсіп тауарларын негізгі жеткізушілер саланы дамытуда назар аударуға лайық Қытай, Түркия, Ресей, Қырғызстан болып табылады.
Қытай
Қытай айқындалған мынадай даму қағидаттарын айғақтайды: әлемдегі бар жақсыны үйрен, оқы және өзіңдікін құр.
Қытайда импорт баждардың екі шәкілін көздейтін, едәуір күрделі мынадай импорт тарифтері қолданылады - барынша қолайлы режимді өзара ұсынуды көздейтін сауда келісімдері бар елдерден әкелінетін тауарларға - ең төменгі және мұндай келісімдері жоқ әкелінетін тауарларға - жалпы қолданылатын импорт тарифі.
Мемлекет шағын және орта бизнесті (бұдан әрі - ШОБ) қолдаудың айқындалған шараларын қолданады, олардың арасында:
жеңілдетілген кредиттер, несиелер, нысаналы гранттар беруді қоса алғанда, тікелей қаржылық көмек;
жеңілдетілген салық салу: жұмыс істеудің бірінші жылында кәсіпорын салық төлеуден толықтай босатылады, екінші және үшінші жылы - кәсіпкерлік қызмет салығынан және қызметкерлерді табыс салығынан босатады;
инновацияларды мемлекеттік көтермелеу (жаңа технологияларды енгізу, тәжірибелік және сериялық жаңа өнімді енгізу), оның ішінде кәсіпорындарға салықтарды қосымша жою жолымен ұсыну;
сыртқы экономикалық қызметті дамытудың экспортқа бағдарлануы және көтермелеу, оларға сақтандыруға көмектесу, халықаралық көрмелерді ұйымдастыру және қатысу, нарық туралы ақпаратты ұсыну, шетелдік әріптестерді іздеуге жәрдемдесу;
кешенді ақпараттарды ұсыну, жаңа технологиялар мен материалдарды құру саласындағы ғылыми жетістіктерді насихаттау, оларды пайдалану әдістемесі және нақты адресаттарды алуды коса алғанда ШОБ-ты ақпараттық қамтамасыз ету жатады.
Қытайда саланы дамыту сәтті жүргізілуде, біріншіден, экспортты субсидиялауды талап етеді, екіншіден Қытай Халық Республикасы сала бойынша орташа жалақы 120-140 АҚШ долларын құрайды, бұл біздің елдегіден айтарлықтай төмен, үшіншіден, қытайлықтар жабдықтарды сатып алуға кредиттер бойынша нөлдік ставканы талап етеді, төртіншіден, импортты шектеу бөлігінде әкімшілік және кедендік қолдау кеңінен пайдаланады.
Түркия
Түркияда еркін нарық шарттарында жұмыс істейтін және әлемдік тауар нарықтарымен ықпалдасатын экспортқа бағытталған арнайы экономикалық құрылымды құру негізгі мақсаты болып табылатын стратегия әзірленген болатын. Жаңа стратегия экспортты қарқындату мақсатында, сондай-ақ сыртқы сауданы ырықтандыруға қатысты ынталандыру шараларын қамтиды.
1995 жылдың екінші жартысынан бастап Түркия экспорттаушыларға мемлекеттік көмекті белгіледі, бірақ 1996 жылы Еуропалық одақ (бұдан әрі - ЕО) мүшесі болғанда едәуір өзгерістер болды, сондықтан бұл үкіметті ЕО нормалары мен қағидаттарына сәйкес осы саладағы өз саясатын жүргізуге мәжбүр етті. Экспорттың жаңа режимі, атап айтқанда Түркияда экспорттық тауарларды дайындау үшін әлемдік баға бойынша шикізат пен материалдар алуды көздейді.
Түркияда, сондай-ақ қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) қайтару сияқты экспорттаушыларды қолдау нысаны пайдаланылады. Бұл ретте, ҚҚС өз тауарын экспорттайтын тікелей өндірушілерге және елде сатып алынған тауарды экспорттаушы делдал құрылымдарға қайтарылады. Әдеттегідей, ҚҚС-ны қайтару бір ай аралығында жүзеге асырылады, бірақ бұл үшін экспорттаушы Ұлттық банк уәкілеттік ететін коммерциялық банктердің біріне тек экспорттық декларацияны емес, мәлімделген соманы қайтарудың дұрыстығы туралы тәуелсіз алқа аудиторының шешімін ұсынуы тиіс. Экспорттаушыларға ҚҚС-ны тікелей қайтарудан басқа, Түркияда сонымен қатар ҚҚС-ны өзара есепке алу, яғни, кәсіпорындардың берешектерді есепке ала отырып, осы бап бойынша салық органдарының тиісті қайта есептеулері бар.
Бұдан өзге, түрік компанияларына шет елдердегі елшіліктер арқылы, атап айтқанда, экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесші арқылы, сондай-ақ Түркияда арнайы құрылған Экспортты дамыту орталығы (IGEME) мемлекеттік органы едәуір ақпараттық қолдау көрсетеді. Түркияның сауда және өнеркәсіптік палатасы одағына бірлескен өнеркәсіптік және сауда палатасы, сондай-ақ мемлекет құрған 13 экспорттаушының салалық одағы айтарлықтай қолдау көрсетеді. Түркия заңнамасына сәйкес, осындай бір немесе бірнеше Одақтың сауда палатасына мүше болмауы (компания жеткізуге ниетті экспорттық тауар тізбесінен басқа) фирма экспорттық жеткізулерді жүзеге асыра алмайды.
Түркия жаппай өнімдер нарығын ығыстырады және тек премиум-сегменттегі белгілі бір ықпалды сақтайды. Мұның себебі қарапайым - салада жалақы өсе бастады. Ұқсас жағдай тұрмыс деңгейінің өсуі шегі бойынша Қытайда да қайталануы мүмкін.
Қазіргі уақытта түрік тоқыма өнеркәсібі қазіргі заманғы құралдармен жабдықтау бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі. Бұдан өзге, саланы сапалы шикізатпен қамтамасыз ету соңғы кезде түрік тоқыма өнімі өндірісі дәстүрлі әлемдік көшбасшылар - Италия мен Германияның өнімдерімен бәсекеге қабілетті.
Соңғы жылдары көптеген ірі түрік фирмалары холдингтерге бірігуде, бұл экономикалық және стратегиялық жағынан тиімді. Әдетте, холдингтерде талшықтар мен жіп дайындаудан (қайта өңдеуден) бастап дайын тігін бұйымдарын өндіруге дейін тұйықталған өндіріс циклі жүзеге асырылады, бұл бәсеке деңгейі бойынша бағаны ұстап қалуға мүмкіндік береді.
Түрік тігін компаниялары танымал шетелдік фирмалармен, сондай-ақ толлингтік сызбалар бойынша, оның ішінде алыс-беріс шикізатымен жұмыс істейтінін атап өткен жөн.
Ресей
Ресейде әкелінетін шикізатқа ҚҚС мен баждар жоқ, сондай-ақ жеңіл және тоқыма өнеркәсібін ұйымдастыру үшін кемінде 100 млн. рубльді құрайтын субсидиялар кәсіпорындардың жабдықтарын жаңартуға және жаңа технологияларға дотациялары бар. Ресей Федерациясының (бұдан әрі - РФ) Үкіметі 2008 - 2010 жылдарға арналған субсидияларды беру ережесін бекітті, РФ Орталық Банкі (бұдан әрі - РФ ОБ) кредит алу күніне қолданылатын тоқсан сайын қайта қаржыландырудың ставкасы 1/2 мөлшерінде.
Соңғы үш жыл аралығында акциздік баждарды енгізу жолымен нарықты қорғау белсенді жүргізілуде.
Федеральдық бюджетте тоқыма өндірісі кәсіпорындары үшін РФ ОБ қайта қаржыландырудың 1/3 ставкасы бойынша шикізат пен қосалқы материалдарды сатып алуға қаражат көзделген.
Қорғаудың айқындалған шаралары ішкі нарықты қорғау бойынша қолданылады, оған карго-тасымалдау жағдайында РФ аумағына әкелу кезінде импорттық баждарының ставкаларын көтеру жолымен кеден шекарасы арқылы тауарларды тасудың қатаң ережесін белгілеген РФ Үкіметінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 863 қабылданған қаулысын жатқызуға болады.
Сондай-ақ РФ жеңіл өнеркәсіпті дамытудың негізгі бағыттарының бірі айтарлықтай икемді тарифтік саясатты жүргізетін былғары-аяқ киім саласы болып табылады.
РФ Үкіметі былғары-аяқ киім саласын өнім экспорты кезінде ҚҚС-ны қайтарудың оңтайлы тәртібімен адал экспорттаушылар мәртебесі бар кәсіпорын саласындағы тізбеге қосты, бұдан өзге, РФ Үкіметінің № 999 өкімімен былғары (Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы коды-4107) шетелдік кредитпен мемлекеттік кепілдікті алуға мүмкіндік беретін тізбегіне енгізілді.
2009 жылы РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 853 бұйрығымен бекітілген Ресейде жеңіл өнеркәсіпті 2020 жылға дейінгі кезеңіне дамытудың стратегиясы қабылданды, онда аталған бағдарламаны іске асыруға бағытталған мынадай айқындалған шаралар көзделеді:
жеңіл өнеркәсіптің бәсекелестік артықшылықтарын көтеру (сұраныс және сатып алушыларға артықшылық беру, техникалық реттеу);
өндірісті техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту, институционалдық қайта жаңарту;
жеңіл өнеркәсіптің инновациялық қызметін дамыту;
ішкі нарықты және Ресей өндірушілерін тауарлардың заңсыз көлеңкелі айналымынан қорғау, тұтынатын тауарлардың өркениетті нарығын қалыптастыру, ресейлік және импорттық өнімдердің бәсекелестігі үшін адал жағдай жасау;
жеңіл өнеркәсіпті шикізаттық ресурстармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
еңбек ресурстарын дамыту, бар кадрларды сақтап калу, жас мамандар мен жұмысшыларды тарту.
Бұдан өзге, қабылданған Стратегия шеңберінде 2010 - 2013 жылдары пилоттық жобаларды іске асыратын ұйымдарға федералдық бюджеттен субсидиялар беру ережесі әзірленді, ол мынадай шараларды көздейді:
жеке меншік-мемлекеттік әріптестікті дамыту негізінде жабдықтарды сатып алуға және жобаларды іске асыруға субсидиялар беру;
тауарларды нарыққа жылжыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға жұмсалған шығындардың 90 пайыздан астамын өтеу (отандық және шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу, қосылған құн салығын есепке алмай жабдықталған көрмелік алаңдарды жалға алуға арналған шығыстар).
Қырғызстан
Қырғызстанда жеңіл өнеркәсіп өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың саны бойынша екінші орында, ал жалпы өнім бойынша - бірінші орында тұр.
Саланың дамытуына 2000 жылы қабылданған Қырғызстаннан Ресейге ұсақ тәсілмен емес, үлкен шоғырландырылған жеткізілімдермен тауар жеткізу бойынша екі жақты келісімдер түрткі болды.
Бұған коса, «Жеке экономикаға жәрдемдесу» жобасы шеңберінде Германияның Техникалық жәрдемдесу қоғамымен бірлескен жоба ойдағыдай іске асырылуда, оның қолдауымен Бішкек қаласында осы сала үшін қажетті мамандарды дайындау бойынша оқу орталығы ашылды, сондай-ақ біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылған болатын.
Саланы дамыту және Бағдарламада қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу мақсатында Қазақстан экономикасына қолдану үшін едәуір перспективалы қолдау шаралары мыналар болып табылады:
жеңілдетілген кредиттер, несиелер, нысаналы гранттар беруді қоса алғанда, тікелей қаржылық көмек;
инновацияларды мемлекеттік көтермелеу (жаңа технологияларды енгізу, тәжірибелік және сериялық жаңа өнім шығару);
сыртқы экономикалық қызметті дамытудың экспортқа бағдарлануы және көтермелеу, оларға сақтандыруға көмектесу, халықаралық көрмелерді ұйымдастыру және қатысу, нарық туралы ақпаратты ұсыну жатады;
кешенді ақпараттарды ұсыну, жаңа технологиялар мен ақпараттарды құру саласындағы ғылыми жетістіктерді насихаттау, оларды пайдалану әдістемесі және нақты адресаттарды алуды қоса алғанда, ШОБ-ты ақпараттық қамтамасыз ету;
жабдық сатып алуға арналған кредиттер бойынша нөлдік ставка;
толлингтік сызбалар бойынша танымал шетелдік фирмалармен жұмысты ұйымдастыру;
жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін шикізат пен қосалқы материалдарды сатып алуды субсидиялау;
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес экспорттаушыларға өнім эксперты кезінде кәсіпорындарға ҚҚС-ны қайтару.
Сонымен қатар, Бағдарламаның негізгі міндеттері қосылған құны жоғары сапалы өнімдермен ішкі нарықты толтыру және оның сыртқы нарыққа шығу перспективасы болып табылатындықтан, Қазақстанға өндірістің барлық кезеңдерінде қазіргі заманғы технологиялық кәсіпорындарды құру қажет. Мысалы, Түркияда 90 жылдары мемлекет тарапынан қаржылық субсидияларды бөле отырып, жеңіл өнеркәсіпті техникалық жаңғырту жүргізілгендігі көрсетілген, оның нәтижесінде тоқыма секторы еуропалық сапа стандарттарына жауап беретін өнімдерді шығара бастады.
4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары
және бағдарламаны іске асырудың көрсеткіштері
Ескерту. 4-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 № 1285 қаулысымен.
4.1. Мақсаты
Жеңіл өнеркәсіптің әлеуметтік тиімділігін күшейте отырып, ұзақ мерзімді кезеңде оны әртараптандыруды қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттігін арттыру.
4.2. Негізгі міндет
Шикізатты қайта өңдеу, қосылған құны жоғары өнім өндіру және оны сыртқы нарықтарға шығару перспективасы мен есебінен жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ еңбекке жарамды халықты жұмыспен қамтамасыз ету жолымен әлеуметтік шиеленісті азайту.
4.3. Нысаналы индикаторлар
Бағдарлама осы Бағдарламаға 2-қосымшада ұсынылған мынадай индикаторларды көздейдi:
2014 жылы жеңіл өнеркәсіптегі жалпы қосылған құнды 2008 жылғы деңгейге шаққанда нақты мәнде кемінде 9 %-ға ұлғайту;
дайын өнімдер экспортын 2008 жылғы деңгейге шаққанда 2,5 есеге ұлғайту;
жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнiмдiлiгiн 2008 жылғы деңгейге шаққанда нақты мәнде 1,5 есеге ұлғайту.
4.4 Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаның жоспарланған нысаналы индикаторларына сәйкес жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі өседі және саладағы жұмыспен қамтылғандардың саны ұлғаяды (№ 5 кесте).
№ 5 кесте
Көрсеткіш атауы
|
өлш. бірл.
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
факт
|
факт
|
жоспар
|
жоспар
|
жоспар
|
жоспар
|
жоспар
|
Саладағы жұмыспен қамтылғандардың саны
|
адам
|
15932
|
13700
|
13800
|
13985
|
14270
|
14555
|
15140
|
Тоқыма бұйымдары өндірісінің көлемі
|
млрд. теңге
|
24,7
|
13,5
|
13,7
|
13,8
|
14,0
|
14,4
|
20
|
Киім өндірісінің көлемі
|
млрд. теңге
|
11,6
|
11,8
|
12,2
|
12,6
|
13,2
|
20,2
|
Былғары және оған жататын өнім өндіру көлемі
|
млрд. теңге
|
3,10
|
2,8
|
2,8
|
2,9
|
3,0
|
3,1
|
3,1
|
Қабылданған шаралар нәтижесінде тігін саласының шикізат қоры елдегі мата, иірілген жіп, жіп өндірудің есебінен жақсарады.
Тіркелген отандық маркалары бар тігін бұйымдарын өндіру ұлғайтылады.
Өндірістік қуаттарды кеңейту және франчайзингті пайдалана отырып, сауда желілерін ұйымдастыру есебінен экспорт ұлғайтылады.
Тауар экспорта, көліктің тоқтап қалуы кезінде құжаттардың саны мен уақыт қысқарады, бұл ақша қаражатының айналымдылығын жылдамдатуды қамтамасыз етеді.
Сертификаттау жүйесін үйлестіру және Кеден одағы елдерінде өнімнің сәйкестік сертификаттарын өзара тану жеткізілімдерге қызмет көрсетуге арналған уақыт пен шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.
Отандық өндірушілердің Бірыңғай тізілімін қалыптастыру өндірістік қор мен өндірілетін өнім номенклатураларын есепке ала отырып, рәсімнің ашықтығын және мемлекеттік сатып алуды оңтайландыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге тігін бұйымдарының көлеңкелі өндірісін қысқарту есебінен бюджетке қаражат түсімі ұлғаяды.
4.4.1. Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде толық немесе кезең-кезеңімен қол жеткізілуі мүмкін материалдық және материалдық емес өзгерістер
Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде мынадай атаулар бойынша өнім шығаруды ұлғайту жоспарланып отыр:
№ 6 кесте
Өнім атауы
|
өлш. бірл.
|
жылдар
|
2008 ж. (факт)
|
2009 ж. (факт)
|
2010 ж. (болжам)
|
2011 ж. (болжам)
|
2012 ж. (болжам)
|
2013 ж. (болжам)
|
2014 ж. (болжам)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Бөлшек сауда үшін өлшеніп буып түйірілген кардо және тарақпен таралған жүннен жасалған иірілген жіп
|
тонна
|
79,0
|
134,0
|
136,0
|
138,0
|
140,0
|
143,0
|
145,0
|
Кардо таралған немесе тарақпен таралған жүннен немесе жануарлардың кылшықты қылынан жасалған маталар
|
мың кв. м.
|
75,7
|
155,5
|
156,0
|
158,1
|
161,2
|
163,5
|
165,0
|
Бөлшек сауда үшін өлшеніп салынбаған немесе өлшеніп салынған тарақпен таралған талшықтардан мақта-мата иірім жібі
|
мың тонна
|
12,6
|
8,7
|
8,9
|
9,1
|
9,3
|
9,9
|
12,7
|
Мақта-мата маталары
|
млн. ш.м
|
42,0
|
35,3
|
35,9
|
36,7
|
38,5
|
40,0
|
42,6
|
Кілемдер және кілем бұйымдары
|
мың ш.м
|
2,0
|
2,0
|
2,0
|
2,1
|
2,1
|
2,2
|
2,4
|
Спорттық аяқ киімнен басқа, сырты былғары аяқ киім, тұмсығында металл қорғағышы бар аяқ киімдер және әртүрлі арнайы аяқ киімдер
|
мың жұп
|
531,7
|
622,8
|
625,0
|
630,0
|
640,0
|
655,0
|
688,2
|
Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж сырт киім
|
мың дана
|
17,8
|
32,5
|
33,0
|
33,5
|
34,1
|
34,7
|
35,5
|
Машинамен немесе қолдан тоқылған свитерлер, жемпірлер, полуверлер, кардигандар, көкірекшелер және ұқсас трикотаж бұйымдар
|
мың дана
|
222,7
|
98,4
|
101,0
|
103,0
|
105,0
|
107,0
|
110,5
|
Жалаң жіптің сызықтық тығыздығы машинамен немесе қолдан тоқылған әйелдердің шұлықтары мен қысқа шұлықтары, ұйық бұйымдары
|
млн. жұп
|
12,6
|
5,6
|
5,9
|
6,2
|
6,7
|
7,3
|
7,9
|
Киімнен басқа дайын тоқыма бұйымдары
|
млн. дана
|
2,1
|
2,5
|
2,5
|
2,6
|
2,7
|
2,8
|
2,9
|
Тігін бұйымдары
|
мың дана
|
327,2
|
348,1
|
349,0
|
351,0
|
353,0
|
356,0
|
360,3
|
Достарыңызбен бөлісу: |