Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығы.
2 - тарау. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдардың негізгі бағыттары, құрылымы 11. МСАК негізгі бағыттары: 1) ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару; 2) профилактикалық қарап-тексерулер, оның ішінде халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) қарап-тексеру; 3) аурулардың мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау және мониторингілеу, анықталған қауіп факторларын төмендету дағдыларына оқыту; 4) иммундау; 5) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау; 6) психикалық және репродуктивтік денсаулықты сақтау, оның ішінде отбасын жоспарлау бойынша қызметтер көрсету; 7) босанғаннан кейінгі кезеңде жүкті және босанған әйелдерді бақылау; 8) фертильді жастағы әйелдерді динамикалық байқау; 9) репродуктивтік жастағы әйелдерді контрацепциямен қамтамасыз ету; 10) бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау және 5 жасқа дейінгі балаларды әмбебап-прогрессивті патронаждық бақылау; 11) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту; 12) халықтың сырқаттанушылығын, мүгедектігін және өлімін төмендетуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және жүргізу;
13) созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдарды, оның ішінде ауруларды басқару бағдарламасында динамикалық байқау;
14) халыққа медициналық-әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету;
15) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар;
16) медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына қанағаттану бойынша қоғамдық мониторинг және халықпен кері байланыс;
17) МСАК үздік тәжірибелер орталықтарын дамыту және инновациялық технологияларды енгізу;
18) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен сабақтастықты қамтамасыз ету және ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
12. МСАК жұмысының қағидаттары отбасылық қызмет көрсетуді, аумақтық қолжетімділікті, аумақтық қолжетімділік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдауды, пациенттің медициналық көмектің сапасына қанағаттануын, меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан тең құқықты және адал бәсекелестікті қамтиды.
13. Халыққа МСАК:
1) елді мекендерде үй-жайы жоқ үйде;
2) медициналық пунктте;
3) фельдшерлік-акушерлік пунктте;
4) дәрігерлік амбулаторияда;
5) медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығында;
6) аудандық емханада;
7) нөмірлі аудандық емханада;
8) қалалық емханада көрсетіледі.
Қалалық МСАК деңгейінен төмен емханалар болмаған жағдайда халыққа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінде көрсетіледі.
Шақыруларды қабылдау МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын аяқталады.
27. Медициналық пункттің мейіргері үйде мыналарды жүзеге асырады:
1) пациентті мейірімділікпен қарсы алу;
2) пациентті сәйкестендіру;
3) пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмек алуға ақпараттандырылған келісімін рәсімдеу;
4) алғашқы, дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек осы Стандарттың 15-тармағына, 21-тармағының 8-10-тармақшаларына сәйкес мейіргерлік күтім көрсету.
Үйде мейіргерлік күтім ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін, бірақ денсаулық жағдайы мейіргерлік күтімді қажет ететін пациенттерге көрсетіледі;
5) үйде мейіргерлік емшаралар, сондай-ақ дәрігердің тағайындауы бойынша биологиялық материал алуды жүргізу;
6) дәрігер тағайындауды орындау қағидалары туралы пациентпен түсіндірме әңгіме;
7) стационардан шығарылғаннан кейін үйде белсенді барып тұру;
8) созылмалы аурулары бар пациенттерді, оның ішінде 65 жастан асқан адамдарды динамикалық байқау;
9) пациентпен және оның отбасы мүшесімен кері байланысты қолдау, олардың дәрігерлік тағайындауларды орындауға бейілділігін арттыру аурулардың (аурулар болмаған кезде) және аурулардың асқынуларының (олар болған кезде)қаупін төмендетуге ықпал ететін мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;
10) пациентті және оның отбасы мүшелерін инфекциялық емес аурулардың қаупін азайту үшін қауіп факторларын бақылауға ауыр науқастарға, жауыржарасының алдын алуға, күтім әдістеріне үйрету;
11) жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге, гинекологиялық науқастарға және әлеуметтік тәуекел фертильді жастағы әйелдер тобына үйде медициналық қызмет көрсету, жүкті әйелді жүктіліктің 12 аптасы мен 32 аптасына дейінгі мерзімдерде, олардың өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы тәуекелдер анықталған жүкті әйелдерді патронаждық байқау жүкті әйелдерді күтудің әмбебап прогрессивті моделінің схемасы бойынша әмбебап патронаждық байқау;
Патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі кезінде міндетті жоспарлы сапарлармен қатар (әмбебап тәсіл), баланың өмірі, денсаулығы немесе дамуы үшін медициналық немесе әлеуметтік қауіптердің болуына байланысты жүкті, жаңа туған және ерекше қолдауға мұқтаж балаларға арналған жеке жоспар бойынша (прогрессивті тәсіл) қосымша патронаждар жүргізіледі;
Достарыңызбен бөлісу: |