Қазіргі уақытта Қазақстан күш-жігері экономиканың мынадай басым салаларын дамытуға шоғырландырған:
дәстүрлі (мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешені, шикізат өндірістерін кейіннен барынша жоғары қайта бөлулерге ауыстыратын атом және химия өнеркәсібі);
жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компаниялар және мемлекет сұранысына негізделген (машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика);
шикізаттық сектормен байланыстырылмаған және экспортқа басым бағдарланған өндірістер (агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм);
кейінгі 15 – 20 жылда әлемдік экономикада үстем рөлге ие болатын «болашақ экономикасының» секторлары (ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызметі).
Осыған байланысты, әріптестікті дамыту жаһандық экономикада республиканы дамыту және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді, атап айтқанда 2010 – 2014 жылдары:
1) дәстүрлі нарықтарды қазақстандық экспорттаушылар мен инвесторлардың ұстанымдарын ұлғайтуды және мынадай жолдармен жаңа нарықтарды игеруді қамтамасыз ететін сауда байланыстарын географиялық әртараптандыру:
Қазақстанның экономикалық мүдделерін есепке ала отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу;
ірі сауда және экономикалық әріптестер – Еуропа одағы, АҚШ, Қытай, Үндістанмен келіссөзді, сондай-ақ стратегиялық әріптестік шеңберінде (Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқалар), оның ішінде Қазақстан Республикасы мен Еуропа одағы арасында жаңа Негіздемелік келісімді әзірлеу және жасау, сауда және инвестициялар саласындағы қатынастарды дамыту жөніндегі Келісім шеңберінде (ТИФА) өзара қарым-қатынастарды жандандыру арқылы дамыту.
Кеден одағы бойынша әріптестермен бірлесіп алыс шет елдермен өзара қарым-қатынастарды еркін сауда аймағы туралы келісімді, атап айтқанда Еркін сауданың Еуропалық қауымдастығына мүше мемлекеттермен (Швейцария, Лихтенштейн, Норвегия, Исландия), Сербиямен және Черногориямен еркін сауда туралы, Египетпен, Иорданиямен, Израильмен, Ауғанстанмен, Парсы шығанағы елдерімен (Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Бахрейн, Оман, Катар, БАӘ) және басқа да елдермен преференциялық сауда туралы келісімдер жасасу арқылы дамыту.
Кеден одағы бойынша әріптестермен бірлесіп ТМД елдерімен өзара қарым-қатынастар үшін бірыңғай сыртқы саясатты бірыңғай сауда режимін қалыптастыру, оның ішінде Түркіменстанмен еркін сауда туралы келісімді жасасу арқылы жүргізу.
2) әлемдік нарықта ауыл шаруашылығы өнімдерін перспективалы экспорттаушы ретінде өңірдің инвестициялары үшін тартымды республиканың ұстанымдарын күшейту, сондай-ақ азық-түлік емес тауарлар импортына тәуелділікті азайту.
3) мыналарға бағытталған құқықтық базаны әзірлеу арқылы Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру:
келісілген экономикалық саясатты, атап айтқанда бірыңғай макроэкономикалық саясатты, бәсекелестік саясатты, табиғи монополиялар, өнеркәсіптік субсидиялар, мемлекеттік сатып алу, ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы саясатты қалыптастыру;
инвестициялық қызмет және валюталық саясатпен келісілген капиталдың еркін қозғалысы үшін жағдайлар жасау;
қызметтің еркін қозғалысы үшін жағдайлар жасау;
жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін жағдайлар жасау;
БЭК-ке қатысушы елдер инфрақұрылымына, атап айтқанда электр энергетикасы, темір жол көлігі, мұнай мен газды тасымалдау саласындағы кемсітушіліксіз қол жетімділік ұсыну. Ақпараттық тұғырнаманы қалыптастыру
Сервистік қолдау. Экономиканың кез келген саласын ұзақ мерзімді дамыту көбінесе нарықтың ашықтығына, хабардар болушылыққа және болжампаздығына байланысты болады. Осыған байланысты, жалпы алғанда сала үшін және жекелеген бағыттар бойынша проблемаларды зерделеумен, шешімдерді қарастырумен және стратегиялар мен тәсілдерді қалыптастырумен үнемі айналысуы қажет. Нәтижесінде, нарықтың хабардар болуы мен ашықтығы жергілікті және шетелде шығарылатын салаларға қосымша инвестицияларды белсенді тартуға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты 2010 – 2014 жылдары мыналарды:
«Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ базасында бөлшек сауданы дамытуға мамандандырылған зерттеу және талдау тұғырнамасын, оның ішінде мамандандырылған электрондық Интернет-ресурс құру;
сауда саласының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер бойынша сілтеуіш әзірлеу;
тәжірибе және бөлшек сауда бизнесіндегі, бөлшек сауданы мемлекеттік реттеудегі және қолжетімді қолдау шараларының жаңалықтары туралы ақпарат алмасу мақсатында ірі шетелдік бөлшек сауда желілері өкілдерінің қатысуымен бөлшек сауда бизнесі өкілдері үшін жыл сайын форумдар мен семинарлар ұйымдастыру қажет.
Біліктілікті арттыру. Қатардағы сауда персоналын және басқарушы буынның менеджерлерін оқыту мен кәсібилігін арттыру жүйесін енгізу үшін мыналар:
1) жыл сайын тұрақты негізде барлық республика бойынша кадрлардың қамтамасыз етілуінің мониторингін жүргізу қажет. Әрбір елдің жекелеп алған өңірінде түрлі бейінді мамандардың көлемі мен тапшылығын бағалау керек. Кадрлардың аса тапшылығы жалпы алғанда, республика бойынша және жекелей алған өңірлерде сауда жүйесі тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір кадрға мұқтаж өңірлерде қысқа мерзімде оқу курстарын ұйымдастырудың маңызы зор;
-
салалық қауымдастықтармен бірлесіп сауда компанияларының персоналы үшін қысқа оқыту курстары бар тренингтік орталықтарды құру мәселесін пысықтау қажет. Семинарлар мен дәрістер жүргізу үшін Батыс және Шығыс Еуропа елдерінен тәжірибелі мамандарды тұрақты түрде шақыру керек.
Осылайша, қатардағы персонал деңгейінде және сондай-ақ топ менеджер деңгейінде кадрлық мәселелерді шешу қазақстандық сауда компанияларының тиімділік деңгейін осы саладағы үздік әлемдік стандарттарға барынша жақындатуы тиіс.
6.Қажеті ресурстар
Іс-шараларды іске асыруға 2011 жылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің «Экономика, сауда және мемлекеттік басқару саласындағы қолданбалы зерттеулерді жүргізу» деген 007 бюджеттік бағдарламасы бойынша 20 млн. теңге, 2012 жылы – 35 млн. теңге, 2013 жылы – 25 млн. теңге бөлінетін болады. 2014 жылы іс-шараларды іске асыруға арналған қажетті қаражат 2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет шеңберінде қарастырылатын болады.
Бағдарламаны қаржыландыру даму институттарының қаражаты, кәсіпорындардың меншікті қаражаты, отандық және шетелдік инвестициялар есебінен және республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |