3.4. Саланы дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
Минералдық шикізатты өңдеу ұғымын реттейтін нормативті құқықтық акті «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы (бұдан әрі - Жер қойнауы туралы Заң).
Жер қойнауы туралы Заңға сәйкес минералдық шикізатты өңдеу болып минералдық шикізаттан пайдалы қазбаларды алуға байланысты жұмыстар түсініледі одан әрі жер қойнауы туралы заң минералдық шикізатты өңдеу жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға жатпайтындығын айқындайды.
Жер қойнауы туралы заңға сондай-ақ, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасында минералдық шикізатты өңдеу лицензияланатын, қызмет түрлеріне жатады және Қазақстан Республикасының лицензиялық заңңамасында көрсетілген жалпы тәртіппен лицензияланады.
Минералдық шикізатты өңдеуге берілетін лицензиялар негізгі, яғни мерзімі шексіз мерзімде қолданыста болатын лицензиялар болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қатты пайдалы қазбалардың, мұнайдың, газдың, жер асты суларының кең орындарын игеру кезінде жер қойнауын қорғаудың бірыңғай ережесіне сәйкес кен орнын әзірлеу жобасы басқа да ережелермен қатар пайдалы қазбаларды кен орындарын әзірлеу және минералдық шикізатты өндіру кезінде өндірістік қалдықтарды ұтымды пайдалануды ұтымды көздеуге тиіс.
Мұндай жалпы реттеу негізгі міндет «шикізатты ұтымды пайдалану» тұжырымдамасының негізі болып табылатын аз қалдықты және қалдықты технологияларды енгізуді шешуге көмектеспейді.
Қазіргі уақытта минералды шикізатты өңдеуге байланысты көптеген мәселелер жер қойнауынан минералдық шикізатты алу меншік иесі ретінде тиісінше оны басқару құқығына ие жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылатындықтан азаматтық заңнаманың нормаларымен реттеледі.
Алайда, тек қана азаматтық заңнамалардың нормалары ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны ластағаны үшін жауаптылық белгілеуге жеткіліксіз.
Осылайша минералдық шикізатты өңдеу мәселесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен жалпы сипаттарда реттеледі.
Қара және түсті металлургия бойынша заңдық мәселені жеке реттейтін құқықтық базаны талдау тиісті заңнамалық актілердің жоқ екендігін анықтады.
Жоғарыда келтірілген заңнамалық актілер мәні бойынша металлургия саласына жанама қатынасқа ие. Минералдық шикізатты өңдеуге байланысты көптеген елеулі мәселелер реттелмеген болып қалады.
Минералдық шикізатты өңдеуді реттейтін нормативтік-құқықтық актіні қабылдау минералды шикізатты тиімді пайдаланудың міндеттерін шешуге үлкен үлес қосатын еді.
Барлық жоғарыда аталғандар осындай нормативтік-құқықтық актіге өткір қажеттіліктер сезіліп отырғандықтан минералдық шикізатты өңдеуге байланысты мәселедерді реттеуі мүмкін нормативтік-құқықтық актілерге қажеттілікті растайды. Ол қарқынды дамудың жалпы халықтық мүдделері үшін Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына маңыз береді. Алайда оны әзірлеу басқа да нормативтік-құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып және минералдық шикізатты өңдеумен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің және бақылаушы мемлекеттік органдардың мүдделері теңгерімін сақтай отырып жүргізілуге тиіс.
Мұндай құжат Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі әзірлейтін «Индустриялық саясат туралы» Заңы бола алады.
3.5. Қазақстан Республикасының жағдайына бейімделуге болатын осы мәселені шешу бойынша шетелдік оң тәжірибеге шолу
Қазіргі өндірістік қызметте тәжірибе көрсеткендей «қуып жетуші» стратегияға бейімделу тек уақытша шара болып табылады. Экономикалық субъектілер ұзақ уақыт бәсекелестік артықшылықты сақтау үшін нақты ғана емес келешектегі қажеттіліктерді де қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтер жасау қажет.
Айырбастайтын нарық жағдайында озық тәжірибені зерттеу негізінде қажеттілікті болжауға және бәсекеге қабілетті өнім жасауға мүмкіндік беретін бенчмаркинг тиімділігі дәлелденді.
Қара металлургия.
Металлургиясы экономикалық жағынан дамыған елдер - Жапония, Германия Федеративті Республикасы, АҚШ жабдықтар мен технологияларды ұдайы жаңғыртуға көп көңіл бөледі. Елдердің үкіметтері мен фирмалардың өздері ҒЗТКЖ жүргізу және олардың нәтижелерін өндіріске енгізу үшін қаражат бөледі. Кенді терең өңдеу технологиясы, домналық, болат балқытатын және прокаттық бөлудің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін арттыру жете зерттелуде.
Субъективті факторларды болдырмау мақсатында өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру құралдары кеңінен қолданылады.
Нәтижесінде өз уақытында қабылданған қатаң табиғат қорғау шаралары 100% дерлік қатты және газ тәріздес шығарындыларды кәдеге жарату жүргізілуде.
Дамыған елдерде болаттың сапалы және сапасы жоғары (қоспалы) маркаларының үлесі 50-60 %-ға жетеді.
Активті қорлардың амортизация пайызы 20 %-дан аспайды, арттырғаны үшін кәсіпорынды тоқтатқанға дейін санкция енгізіледі.
Аса мол кенді селективті (іріктемелі) өндіруге рұқсат етілмейді. Кендер озық технологиялар мен жабдықтарды пайдалана отырып орташаландырылады және байытуға тартылады.
Жапония, Германия, АҚШ секілді мемлекеттер тәжірибесіне сүйеніп, Қазақстанның тау-кен металлургия саласында әлемде әзірленетін алдыңғы қатарлы технологиялар енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Мысалы, металл өнімдерін өндіретін — ұсақталған шойын немесе IRON NUGGETS деп аталатын технология бар, ол патенттелген KOBE Steel технологиясы бойынша дайындалады және әлемдік нарықта сапасы бойынша асып түсетін аналогы бар жаңа өнім болып табылады (мысалы, PUG IRON, ұсақталған шойынға барынша жақын өнім). Өнім одан әрі өңдеуді қажет етпейтін және болат қорытуда бірден пайдаланылатын болғандықтан тұтынушылары болат құю компаниялары болып табылады. Itmk3 патенттелген технологиясы (Ironvaking Technology Mark Three)— болат құю технологиясының үшінші буыны ол домналық өндіру технологиясы (бірінші буын) мен тікелей қалпына келтіру технологиясынан (екінші буын) кейін болады, металлургиялық темірден қождың тікелей бөлуді қамтамасыз етеді, нәтижесінде металлургтер жапондар «наггетс» деп атайтын шикізат алады. Бұл сапасы жоғары өнім - іс жүзінде таза темір мен көміртектен тұратын түйіршіктер. Қазақстанда осы технологияның шикізаты «Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы (Қостанай облысы, Рудный қаласы) сияқты және Лебедин кен байыту комбинаты немесе Михайловский кен байыту комбинаты (Ресей) сонымен бірге сапасы әжептәуір орташа және төмен - құрамында 56 %-дан және одан жоғары темірі бар темір кенінің концентраты бола алады (МIDRЕХ технологиясына кемінде 68% темірі бар концентрат қажет болады)
Түсті металлургия
Кен өндіру
Ресей, Бразилия, АҚШ секілді мемлекеттерде әртүрлі геотехнологиялар соңғы жылдары неғұрлым алға басқан және игерілген болып табылады:
пайдалы қазбаларды ұңғымалы гидроөндіру және гидротасымалдау;
металдарды ішінара тау-кен технологиясын сақтай отырып жерасты шаймалау.
Пайдалы қазбаларды шахтасыз өндіру тәсілдері жерасты жағдайында адамдардың болуын болдырмайды. Бұл жағдай технологияның сенімділігін едәуір арттырады, апаттық істен шығуларды болғызбайды және неғұрлым тиімді жүйе жасайды.
Металдарды жерасты ұңғымамен шаймалау кезінде оларды жұтаң кеннен алу және қандай да бір қалдықты жербетіне шығармауға мүмкіндік пайда болады.
Пайдалы қазбаларды өндірудің геотехнологиялық әдісін қолданудың экономикалық және әлеуметтік мәні бар, сондықтан кенді қазу мен ашуға кететін шығынды ең төменгі деңгейге түсіруге, тау массасын бұзу және тасымалдау операцияларын қысқартуға, адамдардың жердің астында болуын болдырмауға және еңбек өнімділігін арттыруға және өндірудің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді.
Түсті металл кендерін байыту
Шетелдің байыту фабрикаларында қолданылатын технологиялық сызбалар шексіз дара және әрбір нақты жағдайда өңделетін шикізаттың өзіндік ерекшелігін көрсетеді.
Ірі байыту фабрикаларының жобаларын шолу ірі көлемді жартылай өзі ұсақтайтын диірмендер мен шар тәрізді диірмендерді қолдану негізінде кен дайындаудың құрама сызбаларын басым пайдалану туралы тезисті растайды.
Шетел фабрикаларында флотацияның сызбаларын селективті (Скандинавия елдері, Канада) және ұжымдық-селективті (Жапония, Ресей) нұсқа ретінде қолданады.
Шетелдің байыту фабрикалары үшін әртүрлі ауқымдағы және қатты ерекшеленетін жағдайларда салынған жаңа буынның жобалық шешімінің мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады:
ірі уатылған кенді сақтау үшін толтырылған қоймаларды реттеу;
ірі масштабты жобалар үшін бір секцияда әртүрлі кендерді селективті өндіру және жүйелі өңдеу;
кенді өзі уату процесінен кен дайындау үшін стандартты ұсақтау мен уатудан және қолданудан бас тарту;
флотация үшін ірі ауқымды флотомашиналарды пневмомеханикалық және колонналық ретінде пайдалану;
Вертимилл диірменін жете ұсақтау циклдерінде қолдану;
концентраттарды үлкен қашықтыққа гидротранспортты пайдалану;
кеннің байытылымдығын тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғыда толық ауқымды сынау;
фабриканың құрастыруға қатысты ірі моносекциясын білдіреді;
фабриканы салу кезінде жекелеген аудандарда блокты-модульді әдіс қолданылады.
Металлургия өндірісі.
Мысты қайта бөлу.
Мыс концентраттарын шетелде өңдеу үшін австралияның «Аusmelt» фирмасы әзірлеген технология перспективалы бағыт алды.
«Аusmelt» технологиясының артықшылығы көлденең конверторларда дәстүрлі дүркін-дүркін айырбастаумен салыстырғанда конструқциясының қарапайымдылығы мен басқару процесінің жеңілдігі; мысты бастапқы мысты жоғары тікелей алу (90%-дан астам); күкіртті тиімді кәдеге жарату; жылудың ең аз ысырабы болып табылады, бұл төмен сұрыпты концентраттар мен техногендік қалдықтарды өңдеуге мүмкіндік береді. «Аusmelt» фирмасының технологиясы коксті қолданусыз жай көмірмен жұмыс істейді.
Ұқсас артықшылыққа Ресейде, Қазақстанда, Қытайда және басқа елдерде барынша кең таралған Ванюков пешінде мыс концентраттарын балқыту технологиясы ие.
Бүкіл әлемде мыс өндіруді дамытуда маңызды бағыт гидрометаллургия тәсілі болады:
- «сұйықтық экстракция - электроэкстракция» (solvent extraction - electrowinning SX-EW), яғни мысты күкірт қышқылының ерітіндісімен, кейіннен мыстың электролизімен шаймалау;
- биошаймалау, яғни мыс электролизімен бактериалды шаймалау әдісі.
Мырышты қайта бөлу
Төмен сұрыпты мырыш концентратынан, тотыққан кеннен, техногендік қалдықтардан және металлургия өндірісінің жартылай фабрикаттарынан алынған құрамында мырыш бар шикізатты автоклавты шаймалау. Технология экологиялық жағынан таза.
Қорғасын өндіру.
Нарықта қорғасын өндірудің экологиялық қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін қорғасын шикізатын балқытудың бірнеше осы заманғы процестері бәсекелеседі:
Кaldo (Швеция), QSL (Германия), Ausmelt/lsa sme (Австрия), SKS (Қытай). Бұл процестердің дәстүрлі технология алдында салыстырмалы енгізу ауқымы және жалпы артықшылығы болады:
сульфидтердің жану жылуын пайдалану есебінен қорғасынды қорытуға энергия шығынын едәуір сақтау;
процесті автоматтандырудың жоғары деңгейі;
металлургиялық коксты пайдалану қажеттігінің болмауы;
зиянды шығарындыларды экологиялық қауіпсіз нормаға дейін азайту.
Алюминий өндіру
«РУСАЛ» компаниясы инертті электродтармен электролиздер технологиясын өндірісте қолданды. Осы технологияда көмір катодтарын, газды және жанатын өнімдерді пайдалану болмайды. Анод ерекше аз ұсталатын материалдан дайындалады, оның алынатын металл анодты тұтас қалдыра отырып, оны жұмсамай-ақ ағызып түседі.
Өндіріс әлдеқайда аз алаңды алады, электр энергиясы мен жұмсалатын материалдар аз тұтынылады. Бұл технология металлургия тарихы әлі білмейтін алюминийді ең үнемді өндіру болуы мүмкін. Алюминий неғұрлым экологиялық металдың қатарына жатады. Оны өндіру басқа металдарды өндіруге қарағанда экологияға анағұрлым аз зиян келтіреді. Мысалы, никельді өндіру кезінде ластаушы заттардың шығарындылары алюминий саласының ұқсас көрсеткіштерінен 31-есе, ал күкірт ангидридінің меншікті шығарындылары шамамен 387 есе асып түседі.
Алюминий өңдеуге оңай түседі және екінші рет шектеусіз пайдаланылуы мүмкін. 1 килограмм алюминийді өңдеу 8 килограмм бокситті, 4 килограмм химикатты және 14 кВт/сағ электр энергиясын үнемдейді.
4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
4.1. Бағдарламаның мақсаты
Кейіннен қайта бөлуді машина жасау, құрылыс индустриясы және
өнеркәсіптің басқа салалары мен экспортты дамытуды қамтамасыз ететін
металлургия өндірістерін құру.
4.2. Нысаналы индикаторлар
Бағдарламаны іске асыру мыналарды қамтамасыз етеді:
1. Минералдық шикізатты өңдеуді күшейту және жаңа бөлістер жасау есебінен металлургия өнімдерінің жалпы қосылған құнын 107 %-ға өсіру.
2. Жоғары технологиялы бәсекеге қабілетті өнім өндірудің және экспорттың көлемін 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 2 есеге дейін өсіру.
6-кесте. Бағдарламаның іске асырылу этаптары
№ р/ с
|
Басты көрсеткіштер
|
2008
|
2009
|
Күтілетін нәтижелер
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
1
|
Жалпы қосылған құн, млн. теңге.
|
701345,1
|
763049,8
|
771479,6
|
841614,1
|
1122125,2
|
1262421,2
|
1451784,4
|
2
|
2008 жылмен салыстырғандағы жалпы қосылған құнның өсуі, %
|
100
|
108
|
110
|
120
|
160
|
180
|
207
|
3
|
2008 жылмен салыстырғандағы жоғарғы технологиялық бәсекеге қабілетті өнім өндіру көлемінің өсуі, %
|
100
|
-
|
105
|
115
|
160
|
180
|
200
|
4
|
2008 жылмен салыстырғандағы жоғарғы технологиялық бәсекеге қабілетті өнім экспорт көлемінің өсуі, %
|
100
|
56
|
102
|
115
|
160
|
180
|
200
|
Металлургия саласы өндіріс көлемінің динамикасын талдау қосылған құны жоғары шығарылатын өнімнің өте тар тізбесін көрсетеді. 2008 жылдың қорытындысы бойынша металлургияда жалпы қосылған құн 612,8 млрд. теңгені құрады, жоғары қайта бөлу өнімдерінің экспорты 3,4 млрд. теңгені құрады. Тау-кен-металлургия саласы өнімдерінің 80 % астамы негізінен экспортқа бағдарланғанын ескере отырып, осы бағдарламаның шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар жоғары технологиялы бәсекеге қабілетті өнім экспортының көлемін 2008 жылғы деңгейге дейін кемінде 2 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ іске асырылатын жобалардың щеңберінде қосылған құны жоғары жоспарланып отырған өнімнің бұрын Қазақстанда өндірілмегенін атап өту қажет.
Мұнай-газ сұрыптама құбырларын, рельстер шығаратын технологиялар мен жабдықтарды меңгере отырып, сондай-ақ сұрыптық, қалыпқа келтірілген және профильдік сапасы жоғары прокатты шығару көлемі артады. Тиісінше бұл қосылған құны жоғары өнімдерді арттыруға себепші болады. Тұтас, шығарылатын өнімнің сапасы мен санының ұсынылатын арақатынасы әлемде неғұрлым оңтайлы болып саналады. Бұл ретте шығарылатын және сатылатын болаттың құрылымы қосылған құны жоғары өнімнің үлесін арттыру жағына өзгереді.
4.3. Бағдарламаның міндеттері:
1. Шағын және орта бизнесті тарта отырып, бәсекеге қабілетті өндірістер құру, қосылған құны жоғары терең қайта өңдеу өнімдердің үлесін ұлғайту және номенклатурасын кеңейту.
2. Ресурстық және энергия қажетсінуді төмендету мақсатында саланың жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу.
3. Шикізатты алу, және кешенді қайта өңдеу, өнімнің жаңа түрлерін әзірлеу бойынша инновацияларды дамыту және саланың ғылыми-технологиялық әлеуетін белсенді түрде инновациялық үдерістерге тарту.
4. Салалық жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.
5. Минералдық шикізат базасын ұлғайту және оларды молықтыруды қамтамасыз ету.
6. Саланы білікті еңбек ресурстарымен, оның ішінде орта техникалық буынмен қамтамасыз ету.
7. Ішкі нарыққа шикізатты және металлургия өнімдерін жылжытуға жәрдемдесу.
8. Сала кәсіпорындарының қоршаған ортаға зиянды ықпалын төмендету.
4.4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2015 жылға Бағдарламаның негізгі нысаналы индикаторларына қол жеткізу күтіледі:
7-кесте. Қара металлургия өнімдерін шығару құрылымы мен көлемін
болжау (мың тонна):
Атауы
|
2008 ж
|
Болжам
|
2008 ж. деңгейін е %
|
2010 ж
|
2011 ж
|
2012 ж
|
2013 ж
|
2014 ж
|
Қайта бөлінетін шойын темірді тікелей қалпына келтіру арқылы алынған
|
3 195
|
3 195
|
3 195
|
3 195
|
3 195
|
6400
|
200
|
Болаттан жасалған жазық прокат
|
2 826
|
2900
|
2900
|
2900
|
2900
|
3100
|
110
|
Ақ қаңылтыр
|
174
|
174
|
174
|
174
|
174
|
300
|
172
|
Мырыш жалатылған темір
|
526
|
526
|
526
|
526
|
526
|
600
|
114
|
Полимер жабыны бар темір
|
58
|
58
|
58
|
58
|
58
|
80
|
138
|
Құбырлар
|
104
|
104
|
164
|
434
|
434
|
500
|
480
|
Ферроқорытпалар
|
1590
|
1620
|
1654
|
1654
|
1654
|
1700
|
107
|
Титан құйма кесектері
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
16
|
-
|
Кестенің деректерінен республиканың қара Металлургия кәсіпорындарының қосылған құны жоғары өнімнің көлемін орта есеппен 188,9 %-ға арттыру мүмкіндігін көруге болады.
2010-2014 жылдар кезеңінде бұған - метал прокат зауытын және Қостанай облысында «Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамында ыстық брикеттелген темір шығаратын зауыт салу және Ақтөбе облысында «SBS-Steel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ұсақталған шойын мен болат шығаратын зауыт салу, «Тараз металлургия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ферроқорытпа өндірісін кеңейту және жаңғырту, «Қазхром» Трансұлттық компаниясында жоғары көміртекті феррохром өндіруді арттыру, «Өскемен титан магний комбинаты» акционерлік қоғамында титан кесектері мен қорытпаларын өндіретін зауыт салу, «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында және «KSP-Steel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде құбыр штрипстерін шығаратын технологияларды меңгеру, сондай-ақ «KSP-Steel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қуаты 200 мың тонна рельс шығаруды ұйымдастыру, жіксіз құбыр (иір ойықты сұрыптама) және сұрыптық прокат шығара отырып металлургия прокатын өндірудің толық циклін аяқтау - жобаларды іске асыра отырып қол жеткізуге болады.
8-кесте. Түсті металлургияның өнім шығару құрылымы мен көлемін болжау:
Атауы
|
2008 ж
|
Болжам
|
2008 ж. деңгейге %
|
2010 ж
|
2011 ж
|
2012 ж
|
2013 ж
|
2014 ж
|
Бастапқы алюминий (мың тонна)
|
125
|
125
|
250
|
250
|
250
|
500
|
400
|
Катодты мыс (мың тонна)
|
398,4
|
398,4
|
433,4
|
473,4
|
475
|
500
|
126
|
Катодты алтын, кг
|
20825
|
20825
|
35825
|
35825
|
35825
|
48825
|
234
|
Өңделмеген мырыш (мың тонна)
|
365,6
|
365,6
|
365,6
|
365,6
|
370
|
370
|
101
|
Қорғасын (мың тонна)
|
105,8
|
105,8
|
105,8
|
205,8
|
205,8
|
205,8
|
195
|
Кестенің деректерінен республиканың түсті металлургия кәсіпорындарының қосылған құны жоғары өнімнің көлемін орта есеппен 150,8 %-ға арттыру мүмкіндігін көруге болады.
Қазақстан электролиз зауытында жылына 250 мың тоннаға дейін біріншілік алюминий өндірілетін болады, сонымен бірге Павлодар облысында қуаттылығы жылына 250 мың тонна бастапқы алюминий өндіретін қосымша зауыт құрылысы жоспарлануда. Келешекте Павлодар өңірінде Қазақстан электролиз зауыты өндіретін отандық алғашқы алюминийден жоғары қайта бөлу кәсіпорындарын дамыту қарастырылған «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Васильков кен орнында алтын шығаратын зауытты пайдалануға қоса отырып катодты алтын өндіруді 15 мың кг көлемінде өсіруді қамтамасыз етеді, бұдан басқа Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының аумағында мыс балқыту зауытының құрылысы аяқталған соң катодты мыс пен қара қорғасын өндіруді арттыру 2014 жылы тиісінше 18 және 94 % құрайды.
«Қазақмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бозшакөл кен орнын игере отырып концентраттың жылдық шығарылымын 500 мың тоннаға өсіруді жоспарлап отыр.
Мыс балқыту зауыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі байыту фабрикасын сала отырып Ақтоғай мыс кенорнын игеруді жоспарлап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |